Хадис

Уағыз-насихат айтқанда ортан жолды ұстану керектігі жайында

О соблюдении умеренности в проповедях и наставлениях

Риядус-салихин, 91-тақырып · 4 хадис · № 699–703

Хадистер

«ادْعُ إِلَى سَبِيلِ رَبِّكَ بالحِكْمَةِ وَالْمَوْعِظَةِ الْحَسَنَةِ» «(Уа, Мұхаммед!) Раббыңның жолына даналықпен және жанға жағымды уағыз-насихат айту арқылы шақыр!». («Нахыл» сүресі, 125-аят).

«Призывай на путь своего Господа мудростью и добрым наставлением» (сура «Нахль», 16:125).

699
Риядус-салихин, № 699

عَنْ أَبِى وائلٍ شقيقِ بْنِ سَلَمَةَ، قَالَ: كَانَ ابنُ مَسْعُودٍ يُذَكِّرُنَا فِى كُلِّ خَمِيسٍ، فَقَالَ لَهُ رَجُلٌ: يَا أَبَا عَبْدِ الرَّحْمَانِ، لَوَدِدْتُ أَنَّكَ ذَكَّرْتَنَا كُلَّ يَوْمٍ، فَقَالَ: أمَا إِنَّهُ يَمْنَعُنِى مِنْ ذَلِكَ أَنَّى أكْرَهُ أَنْ أُمِلَّكُمْ، وَإِنِّى أتَخَوَّلُكُمْ بِالْمَوْعِظَةِ، كَمَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَتَخَوَّلُنَا بِهَا مَخَافَةَ السَّآمَةِ عَلَيْنَا

Қазақша аудармасы

Әбу Уәйл Шақиқ ибн Сәләма: «Ибн Масғуд (р.а.) бізге әр аптаның бейсенбі күні уағыз айтып тұратын. Бірде біреу: «Уа, Әбу Абдуррахман! Бізге күн сайын уағыз айтқаныңызды қалар едім», – деп өтініш білдірді. Сонда Ибн Масғуд бұл өтінішке: «Жиі-жиі уағыз айтсам, сендерді жалықтырып алам ба деп қорқамын? Сондықтан Алла елшісінің ﷺ бізді жалықтырмау үшін қолайлы сәттерді пайдаланып, анда-санда уағыз айтқанындай, мен де сендерге оқта-текте ғана уағыз айтамын», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 70; Муслим: 7127; Ахмад: 381).

Орысша аудармасы

Абу Ваиль Шакик ибн Салама сказал: «Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) наставлял нас каждый четверг. Однажды один человек обратился к нему: “О Абу Абдуррахман! Я бы хотел, чтобы вы наставляли нас каждый день”. Ибн Масуд ответил: “Я опасаюсь, что, наставляя вас слишком часто, могу наскучить вам. Поэтому и я наставляю вас лишь изредка, подобно тому как Посланник Аллаха ﷺ, чтобы не утомлять нас, выбирал для наставлений подходящие моменты и обращался к нам лишь время от времени”» (Аль-Бухари: 70; Муслим: 7127; Ахмад: 381).

701
Риядус-салихин, № 701

عَنْ أَبِى الْيقظان عمار بْنِ ياسر، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ طُولَ صَلَاةِ الرَّجُلِ، وَقِصَرَ خُطْبَتِهِ، مَئِنَّةٌ مِنْ فِقههِ، فأطِيلُوا الصَّلَاةَ وَأقْصِرُوا الْخُطْبَةَ»

Қазақша аудармасы

Әбул-Яқзан Аммар ибн Ясир (р.а.): «Бірде мен Алла елшісінің ﷺ: «Шынында, кісінің намазының ұзақтығы мен құтбасының қысқалығы – оның дінді терең түсінгендігінің белгісі. Ендеше, намазды ұзартып, құтбаны қысқартыңдар», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 2009; Ахмад: 18317).

Орысша аудармасы

Абу аль-Якзан Аммар ибн Ясир (да будет доволен ими обоими Аллах) рассказывал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, продолжительность намаза человека и краткость его проповеди служат признаком глубокого понимания им религии. Поэтому удлиняйте намаз и сокращайте проповедь”» (Муслим: 2009; Ахмад: 18317).

702
Риядус-салихин, № 702

عَنْ مُعاوِيَة بْنِ الْحكم السُّلَمي قَالَ: بَيْنَا أَنَا أُصَلّي مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِذْ عَطَسَ رَجُلٌ مِنَ الْقَوْمِ، فَقُلْتُ: يَرْحَمُكَ اللَّهُ، فَرَمَانِى الْقَوْمُ بِأبْصَارِهِمْ! فَقُلْتُ: وَاثُكْلَ أُمِّيَاهُ، مَا شَأنُكُمْ تَنْظُرُونَ إِلَيَّ؟! فَجَعَلُوا يَضْرِبُونَ بأيديهم عَلَى أفْخَاذِهِمْ! فَلَمَّا رَأَيْتُهُمْ يُصَمِّتُونَنِى لكِنّي سَكَتُّ، فَلَمَّا صَلّى رَسُول اللَّهِ ﷺ، فَبِأبِى هُوَ وَأُمِّى، مَا رَأَيْتُ مُعَلِّمًا قَبْلَهُ وَلَا بَعْدَهُ أَحْسَنَ تَعْلِيمًا مِنْهُ، فَوَاللَّهِ مَا كَهَرَني، وَلَا ضَرَبَنِى، وَلَا شَتَمَنِى. قَالَ: «إِنَّ هَذِهِ الصَّلَاةَ لَا يَصْلُحُ فِيهَا شَيْءٌ مِنْ كَلَامِ النَّاسِ، إِنَّمَا هِيَ التَّسْبِيحُ وَالتَّكْبِيرُ، وَقِراءةُ الْقُرْآنِ»، أَوْ كَمَا قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ. قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّى حَدِيثُ عَهْدٍ بِجَاهِلِيَّةٍ، وَقَدْ جَاءَ اللَّهُ بِالْإِسْلَامِ، وَإِنَّ مِنّا رِجَالًا يَأْتُونَ الْكُهّانَ؟ قَالَ: «فَلَا تَأتِهِمْ» قُلْتُ: وَمِنّا رِجَالٌ يَتَطَيَّرُونَ؟ قَالَ: «ذَاكَ شَيْء يَجِدُونَهُ فِى صُدُورِهِمْ فَلَا يَصُدَّنَّهُمْ»

Қазақша аудармасы

Мағауия ибн әл-Хакам әс-Сүләми (р.а.): «Бір күні Алла елшісіне ﷺ ұйып намаз оқып тұрған едім. Кенет намазда тұрғандардың бірі түшкіріп қалды. Мен оған: «Ярхамукаллаһу» (Алла сені мейіріміне бөлесін), – дегенімде, намазда тұрғандар маған жазғыра қарады. Сонда мен оларға: «Өл де маған! Неге сонша тесіле қарадыңдар?» – дедім ренжіп. Олар сандарын шапалақтай бастағанда, мені тыныштандырғылары келгенін көріп, одан арман ашуландым, бірақ өз-өзімді ұстап, үндемедім. Әке-шешем Алла елшісінің жолында садаға кетсін! Бұрын-соңды және кейін де одан асқан тәлімі мінсіз тәлімгер көрген емеспін. Алланың атымен ант етейін! Ол осы қылығым үшін маған зекіп, қабақ шытқан да жоқ, маған қол көтерген де, балағаттаған да жоқ. Намаз оқып болған соң, бар болғаны: «Намазда тұрғанда пендеге тән бірде-бір сөз айтуға болмайды. Расында, намаз дегеніміз – Алланы пәктеп, Оған мадақ айту, Оны ұлықтау және Құран оқу», – деді (немесе осыған ұқсас насихат айтты). Сонда мен: «Уа, Расулалла! Мен кеше ғана пұтқа табынып жүрген қараңғы адам едім. Бүгінгі таңда Алла бізді хақ дін Исламға бастады. Алайда біздің арамызда әлі де балгер-көріпкелдерге баратындар бар», – дедім. Ол: «Сен оларға барма», – деді. Мен тағы: «Сондай-ақ, ішімізде ырым-жоралғыға сенетіндер де бар», – дедім. Сонда ол: «Бұл олардың көкірегіндегі бос қиял ғана, сондықтан бұндай жалған ойлар оларға тосқауыл болып, алған бетінен қайтармасын»,1 – деп айтты», – деген (Муслим: 1199; Ахмад: 23762).

Орысша аудармасы

Муавия ибн аль-Хакам ас-Сулями (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я совершал намаз вслед за Посланником Аллаха ﷺ. Вдруг один из молившихся чихнул, и я сказал ему: “Ярхамукаллах” (Да помилует тебя Аллах). Тогда присутствующие стали бросать на меня осуждающие взгляды. Рассердившись, я воскликнул: “Горе мне! Почему вы так пристально смотрите на меня?” Они стали хлопать ладонями по бёдрам. Увидев, что таким образом они призывают меня замолчать, я разгневался ещё сильнее, однако сдержался и больше не произнёс ни слова.

Да станут мои отец и мать выкупом за Посланника Аллаха ﷺ! Ни прежде, ни после него я не видел наставника, который обучал бы столь безупречно. Клянусь Аллахом! За мой поступок он не отчитал меня, даже не нахмурился, не ударил и не оскорбил. Завершив намаз, он лишь сказал: “Во время намаза нельзя произносить ничего из обычной человеческой речи. Поистине, намаз – это прославление Аллаха, воздаяние Ему хвалы, возвеличивание Его и чтение Корана”, – или дал мне наставление, близкое по смыслу к этим словам.

Тогда я сказал: “О Посланник Аллаха! Ещё совсем недавно я был невежественным человеком, поклонявшимся идолам. Ныне же Аллах наставил нас на истинную религию – ислам. Однако среди нас всё ещё есть люди, которые ходят к прорицателям и предсказателям”. Он сказал: “Ты к ним не ходи”. Я продолжил: “Среди нас есть и те, кто верит в дурные приметы”. Тогда он сказал: “Это лишь пустые мысли, возникающие у них в душе. Пусть подобные ложные опасения не становятся для них преградой и не заставляют их отказываться от задуманного1”» (Муслим: 1199; Ахмад: 23762).

  1. 1Қандай да бір іске бел буғаннан кейін болмайтын ырым-жоралғыға сеніп, ниет еткен немесе бастаған ісін тастап кетпесін.
  1. 1Решившись на какое-либо дело, человек не должен оставлять намеченное или начатое из-за веры в пустые суеверия.
703
Риядус-салихин, № 703Риуаят етуші: Ирбад ибн Сария (р.а.)

عَنْ الْعِرباض بْنِ سارِية قَال وعظنا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ موعظة بليغة وجلت مِنْهَا الْقلوب، وذرفت مِنْهَا الْعيون، فقُلْنَا: يَا رَسُولُ اللهِ، كأنها موعظة مودع فأوصنا. قَالَ: أوصيكم بتقوى الله، والسمع والطاعة وإِن تأمر عليكم عبد حبشي، فإِنه من يعش منكم فسيرى اختلافًا كَثِيرًا، فعليكم بسنتي وسنة الْخلفاء الراشدِين الْمهديين، عضوا عليها بالنواجذ، وإِياكم ومحدثات الْأمور، فإِن كل بدعة ضلالة

Қазақша аудармасы

Ирбад ибн Сәрия (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ уағызы әдеттегіден өзгеше болды. Уағыздан әсерленгеніміз соншалық – жүрегіміз суылдап, көзіміз жасқа толды. Уағыздың соңында біз: «Уа, Расулалла! Бұл сөздеріңіз бақұлдасып тұрған кісінің соңғы насихатына ұқсайды. Бізге соңғы өсиетіңізді айтыңыз, құлағымыз сізде», – дедік. Сонда ол: «Сендерге айтарым, Алладан қорқып, тақуалық аясында өмір сүріңдер. Басшыларың эфиопиялық қара нәсілді құл болса да, айтқандарына құлақ асып, оған бойсұныңдар. Әлі де дәм-тұзы барлар (мұсылмандар арасындағы) талай алауыздық пен араздыққа куә болады. Сол кезде менің және әділ халифалардың жолын таңдап, сол жолды тастай қатып, берік ұстаныңдар. Сондай-ақ дінге кейін енгізілген жаңалықтардан сақ болыңдар. Расында, (дінге қатысты) әрбір жаңалық – адасушылық», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 4607; Тирмизи: 2676; Ахмад: 17142).

Орысша аудармасы

Ирбад ибн Сария (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ обратился к нам с наставлением, которое отличалось от прежних. Оно так сильно подействовало на нас, что сердца наши содрогнулись, а глаза наполнились слезами. В завершение мы сказали: “О Посланник Аллаха! Твои слова напоминают последнее наставление человека, который прощается с нами. Дай же нам своё последнее завещание – мы внимательно слушаем”.

Тогда он сказал: “Завещаю вам бояться Аллаха и жить в благочестии. Слушайте своего правителя и повинуйтесь ему, даже если им станет чернокожий раб-эфиоп. Те из вас, кому суждено прожить дольше, станут свидетелями множества разногласий и распрей (среди мусульман). Когда это произойдёт, следуйте моему пути и пути праведных халифов, неуклонно и крепко держась за него. Остерегайтесь нововведений, внесённых в религию. Поистине, всякое нововведение (в религии) является заблуждением”» (Абу Дауд: 4607; Ат-Тирмизи: 2676; Ахмад: 17142).