Хадис

Риядус-салихин, № 702

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
91. Уағыз-насихат айтқанда ортан жолды ұстану керектігі жайында
Нөмірі
№ 702 (қазақша басылым реті)
702
Риядус-салихин, № 702

عَنْ مُعاوِيَة بْنِ الْحكم السُّلَمي قَالَ: بَيْنَا أَنَا أُصَلّي مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِذْ عَطَسَ رَجُلٌ مِنَ الْقَوْمِ، فَقُلْتُ: يَرْحَمُكَ اللَّهُ، فَرَمَانِى الْقَوْمُ بِأبْصَارِهِمْ! فَقُلْتُ: وَاثُكْلَ أُمِّيَاهُ، مَا شَأنُكُمْ تَنْظُرُونَ إِلَيَّ؟! فَجَعَلُوا يَضْرِبُونَ بأيديهم عَلَى أفْخَاذِهِمْ! فَلَمَّا رَأَيْتُهُمْ يُصَمِّتُونَنِى لكِنّي سَكَتُّ، فَلَمَّا صَلّى رَسُول اللَّهِ ﷺ، فَبِأبِى هُوَ وَأُمِّى، مَا رَأَيْتُ مُعَلِّمًا قَبْلَهُ وَلَا بَعْدَهُ أَحْسَنَ تَعْلِيمًا مِنْهُ، فَوَاللَّهِ مَا كَهَرَني، وَلَا ضَرَبَنِى، وَلَا شَتَمَنِى. قَالَ: «إِنَّ هَذِهِ الصَّلَاةَ لَا يَصْلُحُ فِيهَا شَيْءٌ مِنْ كَلَامِ النَّاسِ، إِنَّمَا هِيَ التَّسْبِيحُ وَالتَّكْبِيرُ، وَقِراءةُ الْقُرْآنِ»، أَوْ كَمَا قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ. قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّى حَدِيثُ عَهْدٍ بِجَاهِلِيَّةٍ، وَقَدْ جَاءَ اللَّهُ بِالْإِسْلَامِ، وَإِنَّ مِنّا رِجَالًا يَأْتُونَ الْكُهّانَ؟ قَالَ: «فَلَا تَأتِهِمْ» قُلْتُ: وَمِنّا رِجَالٌ يَتَطَيَّرُونَ؟ قَالَ: «ذَاكَ شَيْء يَجِدُونَهُ فِى صُدُورِهِمْ فَلَا يَصُدَّنَّهُمْ»

Қазақша аудармасы

Мағауия ибн әл-Хакам әс-Сүләми (р.а.): «Бір күні Алла елшісіне ﷺ ұйып намаз оқып тұрған едім. Кенет намазда тұрғандардың бірі түшкіріп қалды. Мен оған: «Ярхамукаллаһу» (Алла сені мейіріміне бөлесін), – дегенімде, намазда тұрғандар маған жазғыра қарады. Сонда мен оларға: «Өл де маған! Неге сонша тесіле қарадыңдар?» – дедім ренжіп. Олар сандарын шапалақтай бастағанда, мені тыныштандырғылары келгенін көріп, одан арман ашуландым, бірақ өз-өзімді ұстап, үндемедім. Әке-шешем Алла елшісінің жолында садаға кетсін! Бұрын-соңды және кейін де одан асқан тәлімі мінсіз тәлімгер көрген емеспін. Алланың атымен ант етейін! Ол осы қылығым үшін маған зекіп, қабақ шытқан да жоқ, маған қол көтерген де, балағаттаған да жоқ. Намаз оқып болған соң, бар болғаны: «Намазда тұрғанда пендеге тән бірде-бір сөз айтуға болмайды. Расында, намаз дегеніміз – Алланы пәктеп, Оған мадақ айту, Оны ұлықтау және Құран оқу», – деді (немесе осыған ұқсас насихат айтты). Сонда мен: «Уа, Расулалла! Мен кеше ғана пұтқа табынып жүрген қараңғы адам едім. Бүгінгі таңда Алла бізді хақ дін Исламға бастады. Алайда біздің арамызда әлі де балгер-көріпкелдерге баратындар бар», – дедім. Ол: «Сен оларға барма», – деді. Мен тағы: «Сондай-ақ, ішімізде ырым-жоралғыға сенетіндер де бар», – дедім. Сонда ол: «Бұл олардың көкірегіндегі бос қиял ғана, сондықтан бұндай жалған ойлар оларға тосқауыл болып, алған бетінен қайтармасын»,1 – деп айтты», – деген (Муслим: 1199; Ахмад: 23762).

Орысша аудармасы

Муавия ибн аль-Хакам ас-Сулями (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я совершал намаз вслед за Посланником Аллаха ﷺ. Вдруг один из молившихся чихнул, и я сказал ему: “Ярхамукаллах” (Да помилует тебя Аллах). Тогда присутствующие стали бросать на меня осуждающие взгляды. Рассердившись, я воскликнул: “Горе мне! Почему вы так пристально смотрите на меня?” Они стали хлопать ладонями по бёдрам. Увидев, что таким образом они призывают меня замолчать, я разгневался ещё сильнее, однако сдержался и больше не произнёс ни слова.

Да станут мои отец и мать выкупом за Посланника Аллаха ﷺ! Ни прежде, ни после него я не видел наставника, который обучал бы столь безупречно. Клянусь Аллахом! За мой поступок он не отчитал меня, даже не нахмурился, не ударил и не оскорбил. Завершив намаз, он лишь сказал: “Во время намаза нельзя произносить ничего из обычной человеческой речи. Поистине, намаз – это прославление Аллаха, воздаяние Ему хвалы, возвеличивание Его и чтение Корана”, – или дал мне наставление, близкое по смыслу к этим словам.

Тогда я сказал: “О Посланник Аллаха! Ещё совсем недавно я был невежественным человеком, поклонявшимся идолам. Ныне же Аллах наставил нас на истинную религию – ислам. Однако среди нас всё ещё есть люди, которые ходят к прорицателям и предсказателям”. Он сказал: “Ты к ним не ходи”. Я продолжил: “Среди нас есть и те, кто верит в дурные приметы”. Тогда он сказал: “Это лишь пустые мысли, возникающие у них в душе. Пусть подобные ложные опасения не становятся для них преградой и не заставляют их отказываться от задуманного1”» (Муслим: 1199; Ахмад: 23762).

  1. 1Қандай да бір іске бел буғаннан кейін болмайтын ырым-жоралғыға сеніп, ниет еткен немесе бастаған ісін тастап кетпесін.
  1. 1Решившись на какое-либо дело, человек не должен оставлять намеченное или начатое из-за веры в пустые суеверия.