Хадис

Құлшылықта байсалды, байыпты болу жайында

О том, что во время поклонения следует сохранять спокойствие и степенность

Риядус-салихин, 93-тақырып · 2 хадис · № 705–706

Хадистер

705
Риядус-салихин, № 705Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِذَا أُقِيمَتِ الصَّلَاةُ، فَلَا تَأتُوهَا وَأنْتُمْ تَسْعَونَ، وَأتُوهَا وَأنْتُمْ تَمْشُونَ، وَعَلَيْكُمُ السَّكِينَةُ، فَمَا أدْرَكْتُم فَصَلُّوا، وَمَا فَاتكُمْ فَأَتِمُّوا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Қамат түсірілген соң, намазға (үлгермей қаламыз деп) жүгірмеңдер, керісінше, (байыптылықпен) асықпай жүріп барыңдар. Жамағатқа үлгерген рәкаттан қосылып, өткізіп алған рәкаттарды өздерің толықтырыңдар», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 908; Муслим: 1359; Ахмад: 7662).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “После того как прозвучит икамат, не бегите на молитву (из опасения, что не успеете), а идите к ней неторопливо (сохраняя спокойствие). Присоединяйтесь к общине с того ракаата, который успели застать, а пропущенные ракааты затем восполните сами”» (Аль-Бухари: 908; Муслим: 1359; Ахмад: 7662).

706
Риядус-салихин, № 706Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس أَنَّهُ دَفَعَ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ يَوْمَ عَرَفَةَ فَسَمِعَ النَّبِيُّ ﷺ وَرَاءهُ زَجْرًا شَديدًا وَضَرْبًا وَصَوْتًا لِلْإِبْلِ، فَأشَارَ بِسَوْطِهِ إِلَيْهِمْ، وَقَالَ: «يَا أيُّهَا النَّاسُ، عَلَيْكُمْ بالسَّكِينَةِ، فَإِنَّ الْبِرَّ لَيْسَ بالإِيضَاعِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте, оның арапа күні Пайғамбарымызбен ﷺ бірге қайтқаны баяндалады. Сонда Пайғамбарымыз (жолда) арқа жағынан қатты айқай-шу мен соққы даусын және түйенің өкіргенін естиді. Содан оларға қамшысымен белгі беріп: «Уа, халайық! Сабыр етіп, тынышталыңыздар! Шынында ізгілік (құлшылық), асығып-аптығумен болмайды», – деген екен (Бұхари: 1671; Муслим: 3089; Ахмад: 2264).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Ибн Аббаса (да будет доволен ими обоими Аллах), что в день Арафата он возвращался вместе с Пророком ﷺ. По дороге Пророк ﷺ услышал позади себя громкие крики и шум, звуки ударов и рёв верблюда. Тогда он подал людям знак своей плетью и сказал: «О люди! Проявляйте терпение и сохраняйте спокойствие! Поистине, благочестие (в поклонении) заключается не в суете и поспешности» (Аль-Бухари: 1671; Муслим: 3089; Ахмад: 2264).