Хадис

Қонаққа сый-құрмет көрсету жайлы

Об оказании почестей гостю

Риядус-салихин, 94-тақырып · 2 хадис · № 707–708

Хадистер

707
Риядус-салихин, № 707Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَاليَوْمِ الْآخِرِ فَلْيُكْرِمْ ضَيْفَهُ، وَمَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ، فَلْيَصِلْ رَحِمَهُ، وَمَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ، فَلْيَقُلْ خَيْرًا أَوْ لِيَصْمُتْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, қонағына сый-құрмет көрсетсін. Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, туыстарымен қарым-қатынасын үзбесін. Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін», – деген (Бұхари: 6138; Муслим: 173; Ахмад: 7626).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Кто верует в Аллаха и в Последний день, пусть оказывает почести своему гостю. Кто верует в Аллаха и в Последний день, пусть поддерживает родственные связи. Кто верует в Аллаха и в Последний день, пусть говорит благое либо молчит» (Аль-Бухари: 6138; Муслим: 173; Ахмад: 7626).

708
Риядус-салихин, № 708

عَنْ أَبِى شُرَيْح خُوَيْلِدِ بْنِ عَمرو الْخُزَاعِيِّ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَاليَوْمِ الْآخِرِ فَلْيُكْرِمْ ضَيْفَهُ جَائِزَتَهُ» قَالُوا: وَمَا جَائِزَتُهُ؟ يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «يَوْمُهُ وَلَيْلَتُهُ، وَالضِّيَافَةُ ثَلَاثَةُ أَيَّامٍ، فَمَا كَانَ وَرَاءَ ذَلِكَ فَهُوَ صَدَقَةٌ عَلَيْهِ»

وَفِى رِوَايَة لِمسلمٍ: «لَا يَحِلُّ لِمُسْلِمٍ أَنْ يُقِيمَ عِنْدَ أخِيهِ حَتَّى يُؤْثِمَهُ» قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَكيْفَ يُؤْثِمُهُ؟ قَالَ: «يُقِيمُ عِنْدَهُ وَلَا شَيْءَ لَهُ يُقْرِيه بِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Шурайх Хуайлид ибн Амр әл-Хузағи (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісінің ﷺ: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, қонағына сый-құрмет көрсетсін», – дегенін естідім. Сонда сахабалар: «Уа, Расулалла! Қонақтың сыйы қандай болады?» – деп сұрағанда, Расулалла: «Бір күн және бір түн. Ал жалпы қонақжайлық үш күн болады, одан арғысы оған садақа болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6019; Муслим: 4513; Ахмад: 16370).

Аталмыш хадистің имам Муслим жеткізген нұсқасында: «Алла елшісі: «Мұсылманға бауырының үйінде, оны күнәға қалдыратындай ұзақ қалуына болмайды», – дегенде, сахабалар: «Уа, Расулалла! Оны қалай күнәға қалдырады?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі: «Үй иесінің оған сый ретінде беретін еш нәрсе таппай қалғанынша қалуы», – деп жауап берді», – делінген (Муслим: 4514).

Орысша аудармасы

Абу Шурайх Хувайлид ибн Амр аль-Хузаи (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Пусть тот, кто верует в Аллаха и Последний день, оказывает особый почёт своему гостю”. Сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! В чём заключается особое чествование гостя?” Он ответил: “Оно длится один день и одну ночь. Гостеприимство же в целом оказывается в течение трёх дней, а всё, что сверх этого, будет садакой для гостя”» (Аль-Бухари: 6019; Муслим: 4513; Ахмад: 16370).

В версии этого хадиса, переданной имамом Муслимом, говорится: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Мусульманину не дозволено оставаться в доме своего брата так долго, чтобы тем самым ввести его в грех”. Сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Как же он может ввести его в грех?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Оставаясь у него до тех пор, пока хозяину уже нечем будет его угостить”» (Муслим: 4514).