Хадис

Игі іс істегендерді сүйіншілеу

О том, что совершивших благие дела следует радовать доброй вестью

Риядус-салихин, 95-тақырып · 4 хадис · № 709–712

Хадистер

«فَبَشَّرْ عبادِ الذينَ يَسْتَمِعُونَ الْقَوْلَ فيتَّبِعُونَ أَحْسَنهُ» «Ендеше, пенделерімді сүйіншіле: Олар – сөзге құлақ асатын һәм сөздің ең жақсысын жадына түйіп, соны басшылыққа алатын жандар» («Зүмар», 17-18-аяттар).

«يُبَشِّرُهُمْ رَبُّهُمْ بِرَحْمَةٍ مِنْهُ وَرِضْوانٍ وَجَنَّاتٍ لَهُمْ فِيهَا نَعِيمٌ مُقِيمٌ» «Раббылары оларды шексіз рақымымен, оларға разы болып, оларды да Өзінен разы ететіндігімен және жаннат бақшаларымен сүйіншіледі» («Тәуба», 21-аят).

«وَأَبْشِرُوا بِالْجَنَّةِ الَّتِى كُنْتُم تُوعَدُونَ» «...Өздеріңе уәде етілген жаннатқа қуана беріңдер!» («Фуссилат», 30аят).

«فَبَشَّرْنَاهُ بِغُلَامٍ حَلِيمٍ» «Біз оны мейірбан перзентпен сүйіншіледік» («Саффат», 101-аят).

«وَلَقدْ جَاءَتْ رُسُلُنَا إِبْراهِيمَ بِالبُشْرَى» «Бірде елшілеріміз Ибраһимге қуанышты хабармен келген еді» («Һуд», 69аят).

«فَنَادَتْهُ الْمَلَائِكَةُ وَهُوَ قَائِمٌ يُصَلِّى فِى الْمِحْرَابِ أَنَّ اللَّهَ يُبَشِّرُكَ بِيَحْيَى» «Бір күні Зәкәрия михрабта намаз оқып тұрғанда, періштелер оған былай деп үн қатты: «Алла сені Яхиямен сүйіншілеуде...!» («Әли Имран», 39-аят).

«إِذْ قَالَتِ الْمَلَائِكَةُ يَا مَرْيَمُ إِنَّ اللَّهَ يُبَشِّرُكِ بِكَلِمَةٍ مِنْهُ اسْمُهُ الْمسِيحُ» «Бірде періштелер: «Уа, Мәриям! Шүбәсіз, Алла сені Өз тарапынан келетін бір Сөзбен сүйіншілейді. Аты – Мәсіх Мәриямұлы Иса...!» – деді. («Әли Имран», 45-аят).

«Так обрадуй же рабов Моих! Они те, кто прислушиваются к словам и следуют за лучшими из слов» (сура «Зумар», 39:17⁠–⁠18).

«Их Господь обрадует их тем, что объемлет их Своим безграничным милосердием, будет доволен ими и их сделает довольными Им, а также райскими садами, полными неиссякаемой и вечной благодати» (сура «Тауба», 9:21).

«Радуйтесь Раю, который был обещан вам!» (сура «Фуссилат», 41:30).

«И Мы обрадовали его смиренным мальчиком» (сура «Саффат», 37:101).

«И Наши посланцы пришли к Ибрахиму с радостной вестью» (сура «Худ», 11:69).

«И молвили ангелы Закарие, когда он стоял, совершая намаз в молельне: “Аллах радует тебя вестью о Яхье”» (сура «Али Имран», 3:39).

«Некогда сказали ангелы: “О Марьям! Поистине, Аллах радует тебя вестью о Слове от Него, имя коему – Мессия Иса, сын Марьям”» (сура «Али Имран», 3:45).

709
Риядус-салихин, № 709

عَنْ أَبِى إِبراهيم، ويقَالَ: أَبُو محمد، ويقَالَ: أَبُو معاوية عبد اللَّهِ بْنِ أَبِى أوفى أنّ رَسُول اللَّهِ ﷺ بَشَّرَ خَدِيجَةَ ببَيْتٍ فِى الْجَنَّةِ مِنْ قَصَبٍ، لَا صَخَبَ فِيهِ، وَلَا نَصَبَ

Қазақша аудармасы

Әбу Ибраһим (Әбу Мұхаммед және Әбу Муғауия деп те аталады) Абдуллаһ ибн Әби Әуфа (р.а.) жеткізген хадисте, Алла елшісінің ﷺ Хадишаны (р.а.) жаннаттағы ішінде айқай-шу да, шаршап-шалдығу да болмайтын інжуден жасалған сараймен сүйіншілегені айтылады (Бұхари: 1791-1792; Муслим: 6274; Ахмад: 7156).

Орысша аудармасы

В хадисе, который передал Абу Ибрахим Абдуллах ибн Абу Ауфа (также известный как Абу Мухаммад и Абу Муавия; да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ обрадовал Хадиджу (да будет доволен ею Аллах) вестью о дворце из жемчуга в раю, где не будет ни шума, ни усталости. (Аль-Бухари: 1791–1792; Муслим: 6274; Ахмад: 7156).

710
Риядус-салихин, № 710Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى أَنَّهُ تَوَضَّأ فِى بَيْتِهِ، ثُمَّ خَرَجَ، فَقَالَ: لأَلْزَمَنَّ رَسُول اللَّهِ ﷺ، وَلأَكُونَنَّ مَعَهُ يَوْمِى هَذَا، فَجَاءَ الْمَسْجِدَ، فَسَأَلَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالُوا وجَّهَ هَاهُنَا، قَالَ: فَخَرَجْتُ عَلَى أثَرِهِ أسْألُ عَنْهُ، حَتَّى دَخَلَ بِئْرَ أرِيسٍ، فَجَلَسْتُ عِنْدَ الْبَابِ حتَّى قضى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حاجتهُ وتوضأ، فقمتُ إِليهِ، فإِذا هو قد جلسَ على بئرِ أرِيسٍ وتوَسَّطَ قُفَّهَا، وكشَفَ عَنْ ساقيهِ ودلاّهُمَا فِى الْبئرِ، فسلمتُ عَليهِ ثمَّ انصَرَفتُ، فجلستُ عِنْدَ الْبابِ، فَقُلْتُ: لأَكُونَنَّ بَوَّابَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ الْيَوْمَ، فَجَاءَ أَبُو بَكْرٍ فَدَفَعَ الْبَابَ، فَقُلْتُ: مَنْ هَذَا؟ فَقَالَ: أَبُو بَكْرٍ، فقُلتُ: عَلَى رِسْلِكَ، ثُمَّ ذَهبْتُ، فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذَا أَبُو بَكْرٍ يَستَأْذِنُ، فَقَالَ: «ائْذَنْ لَهُ وَبَشِّرْهُ بِالْجَنَّةِ» فَأقْبَلْتُ حَتَّى قُلْتُ لأَبِى بَكْرٍ: ادْخُلْ وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُبَشِّرُكَ بِالْجَنَّةِ، فَدَخَلَ أَبُو بَكرٍ حَتَّى جَلَسَ عَنْ يَمِينِ النَّبِيِّ ﷺ مَعَهُ فِى الْقُفِّ، وَدَلَّى رِجْلَيْهِ فِى الْبِئْرِ كَمَا صَنَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَكَشَفَ عَنْ سَاقَيْهِ، ثُمَّ رَجَعْتُ وَجَلَسْتُ، وَقَدْ تَرَكْتُ أخِى يَتَوَضَّأ وَيَلْحَقُنِى، فَقُلْتُ: إِنْ يُرِدِ اللَّه بِفُلَانٍ – يُرِيدُ أخَاهُ – خَيْرًا يَأْتِ بِهِ. فَإِذَا إِنْسَانٌ يُحَرِّكُ الْبَاب، فَقُلْتُ: مَنْ هَذَا؟ فَقَالَ: عُمَرُ بْنِ الْخَطّابِ، فَقُلْتُ: عَلَى رِسْلِكَ، ثُمَّ جِئْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَسَلَّمْتُ عَلَيْهِ وَقُلْتُ: هَذَا عُمَرُ يَسْتَأذِنُ؟ فَقَالَ: «ائْذَنْ لَهُ وَبَشِّرْهُ بالْجَنَّةِ» فَجِئْتُ عُمَرَ، فَقُلْتُ: أَذِنَ وَيُبَشِّرُكَ رَسُول اللَّهِ ﷺ بِالْجَنَّةِ، فَدَخَلَ فَجَلَسَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِى الْقُفِّ عَنْ يَسَارِهِ وَدَلَّى رِجْلَيْهِ فِى الْبِئرِ، ثُمَّ رَجَعْتُ فَجَلَسْتُ، فَقُلتُ: إِنْ يُرِدِ اللَّهُ بِفُلَانٍ خَيْرًا – يَعْنِى أخَاهُ – يَأْتِ بِهِ، فَجَاءَ إِنْسَانٌ فَحَرَّكَ الْبَابَ. فَقُلتُ: مَنْ هَذَا؟ فَقَالَ: عُثْمَانُ بْنِ عَفَّانَ. فَقُلْتُ: عَلَى رِسْلِكَ، وجِئْتُ النَّبِيَّ ﷺ فأخْبَرْتُهُ، فَقَالَ: «ائْذَنْ لَهُ وَبَشِّرْهُ بِالْجَنَّةِ مَعَ بَلْوَى تُصِيبُهُ» فَجِئْتُ، فَقُلْتُ: ادْخُلْ وَيُبَشِّرُكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِالْجَنَّةِ مَعَ بَلْوَى تُصيبُكَ، فَدَخَلَ فَوجَدَ الْقُفَّ قَدْ مُلِئَ، فجلس وِجَاهَهُمْ مِنَ الشِّقِّ الآخرِ. قَالَ سَعيدُ بْنُ الْمُسَيَّبِ: فَأَوَّلْتُهَا قُبُورَهُمْ. مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ

وزاد فِى رِوَايَة: وأمرنِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بحفظِ الْباب. وَفِيهَا: أَنَّ عُثْمانَ حِيْنَ بَشَّرَهُ حَمِدَ اللَّهَ تَعَالَى، ثُمَّ قَالَ: اللَّهُ الْمُسْتَعانُ

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): «Бір күні Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) үйінен дәрет алып шығып, өз-өзіне: «Бүгін Алла елшісінен ﷺ ажырамай осы күнді онымен бірге өткіземін», – деп сөз беріп, мешітке келді. Мешіттегілерден Пайғамбарымыздың қайда екенін сұрағанда, олар: «Ана жаққа қарай кетті», – деп бағыт көрсетті. Әбу Мұса: «Содан сұрастыра-сұрастыра Алла елшісінің ізімен жүріп отырып, оның Арис құдығы орналасқан бақшаға кіріп бара жатқанын көрдім. Алла елшісі қажетін өтеп, дәретін алып болғанша, бақшаның кіреберісінде күтіп отырдым. Сәлден кейін қасына барсам, құдықтың аузына айнала қаланған тастардың орта шенінде балағын тізесіне дейін түріп алып, аяқтарын құдықтың ішіне қарай түсіріп қойып отыр екен. Оған сәлем бердім де, кері қайтып, есіктің алдына қайта отырып ішімнен: «Бүгін Алла елшісінің есік алдын күзететін сақшысы боламын», – дедім. Біраз уақыт өткен соң, Әбу Бәкір (р.а.) келіп, бақшаның есігін ашпақ болып, бері итерді. Сонда мен: «Бұл кім екен?» – дедім. Ол: «Әбу Бәкірмін», – деді. Мен оған: «Сәл күте тұрыңыз», – деп, құдық жаққа барып: «Уа, Расулалла! Әбу Бәкір келіп тұр, кіруге рұқсат сұрайды», – дедім. Сонда ол: «Кіргіз, әрі оны жаннатпен сүйіншіле», – деді. Кері оралып, Әбу Бәкірге: «Кіріңіз, Алла елшісі сізді жаннатпен сүйіншіледі», – дедім. Ол ішке кіріп, Пайғамбарымыздың оң жағындағы тастың үстіне отырып, Алла елшісі сияқты аяқтарын төмен салбыратып қойып, етегін тізесіне дейін түріп алды. Мен қайтадан орныма келіп отырдым. Мен үйден шығарда бауырым дәрет алып жатқан еді. Ол да менімен бірге жүргісі келген еді. Соны ойлап отырып ішімнен: «Егер Алла Тағала бауырыма жақсылық қаласа, осы жерге әкелер», – дедім. Сөйтіп отырғанда, біреу есікті сілки бастады. Мен оған: «Бұл кім екен?» – дедім. Ол: «Хаттабұлы Омармын», – деді. Мен оған: «Сәл күте тұрыңыз», – деп, Алла елшісіне барып, сәлем берген соң: «Уа, Расулалла! Омар келіп тұр, кіруге рұқсат сұрайды», – дедім. Сонда ол: «Кіргіз, әрі оны жаннатпен сүйіншіле», – деді. Кері оралып, Омарға: «Кіріңіз, Алла елшісі сізді жаннатпен сүйіншілеп жатыр», – дедім. Ол да ішке кіріп, Алла елшісінің сол жағындағы тастың үстіне жайғасып, аяқтарын құдықтың ішіне қарай түсірді. Ал мен орныма қайтып келіп, ішімнен тағы: «Егер Алла Тағала бауырыма жақсылық қаласа, осы жерге әкелер», – дедім. Сөйтіп отырғанда, тағы біреу келіп есікті итерді. Мен оған: «Бұл кім екен?» – дедім. «Аффанұлы Османмын» – деді. Оған да: «Сәл күте тұрыңыз», – деп, Пайғамбарымызға барып, келген кісі жайлы хабар бердім. Сонда ол: «Кірсін, оны да жаннатпен сүйіншіле, бірақ келешекте бірқатар ауыртпалықтарға тап болады», – деді. Кері қайтып Османға: «Кіріңіз, Алла елшісі келешекте басыңызға бірқатар ауыртпалық түсетін болса да (түбі қайырлы болады деп), сізді жаннатпен сүйіншілеп жатыр», – дедім. Ол да ішке кіріп, құдықтың аузын айнала қоршаған тастың бір қапталында орын болмаған соң, үшеуіне қарама-қарсы тұрған жағына жайғасты», – деді.

Сағид ибн Мусәйиб (р.а.): «Олардың осылай құдық басында отыруын, дүниеден озғаннан кейін қатар қойылатын қабірлерінің орналасу реті деп тәпсірледім», – деген (Бұхари: 3674; Муслим: 6212; Ахмад: 19509).

Осы хадистің (имам Бұхари келтірген) нұсқасында (Әбу Мұса): «Алла елшісі маған қақпаны күзетуді бұйырды», – деген. Сондай-ақ онда, Османды (р.а.) жаннатпен сүйіншілегенде, ол Аллаға мадақ пен шүкіршілік айтып: «Қолдап жарылқаушы бір Алла ғана!» – дегені айтылған (Бұхари: 7262;).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я совершил у себя дома омовение, вышел и дал себе слово: “Сегодня я не расстанусь с Посланником Аллаха ﷺ и проведу с ним весь день”. Затем я пришёл в мечеть и спросил находившихся там людей, где Пророк ﷺ. Они указали мне направление, сказав: “Он ушёл туда”.

Расспрашивая о нём людей, я шёл по его следу, пока не увидел, как Посланник Аллаха ﷺ вошёл в сад, где находился колодец Арис. Я сел у входа в сад и ждал, пока Посланник Аллаха ﷺ не справит нужду и не совершит омовение. Через некоторое время я подошёл к нему и увидел, что он сидит на середине каменной кладки, окружавшей устье колодца, подняв одежду до колен и опустив ноги внутрь колодца. Я поприветствовал его, затем вернулся к воротам, сел там и сказал про себя: “Сегодня я буду привратником Посланника Аллаха ﷺ и стану охранять вход”.

Спустя некоторое время пришёл Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) и толкнул ворота, желая войти. Я спросил: “Кто там?” Он ответил: “Абу Бакр”. Я сказал: “Подожди немного”, – а сам подошёл к колодцу и сообщил: “О Посланник Аллаха! Пришёл Абу Бакр и просит разрешения войти”. Он сказал: “Впусти его и обрадуй вестью о рае”. Я вернулся к Абу Бакру и сказал: “Входи! Посланник Аллаха ﷺ обрадовал тебя вестью о рае”. Он вошёл, сел на каменную кладку справа от Пророка ﷺ, подобно ему опустил ноги внутрь колодца и поднял одежду до колен. После этого я вновь вернулся на своё место у ворот.

Когда я выходил из дома, мой брат совершал омовение и тоже хотел пойти вместе со мной. Вспомнив о нём, я подумал: “Если Аллах Всевышний желает моему брату блага, то приведёт его сюда”. В это время кто-то принялся трясти ворота. Я спросил: “Кто там?” Пришедший ответил: “Умар, сын аль-Хаттаба”. Я сказал: “Подожди немного”, – затем подошёл к Посланнику Аллаха ﷺ, поприветствовал его и сообщил: “О Посланник Аллаха! Пришёл Умар и просит разрешения войти”. Он сказал: “Впусти его и обрадуй вестью о рае”. Я вернулся к Умару и сказал: “Входи! Посланник Аллаха ﷺ радует тебя вестью о рае”. Умар (да будет доволен им Аллах) вошёл, сел на каменную кладку слева от Посланника Аллаха ﷺ и опустил ноги внутрь колодца.

Я снова вернулся на своё место и подумал: “Если Аллах Всевышний желает моему брату блага, то приведёт его сюда”. Через некоторое время пришёл ещё один человек и толкнул ворота. Я спросил: “Кто там?” Он ответил: “Усман, сын Аффана”. Я сказал ему: “Подожди немного”, – затем подошёл к Пророку ﷺ и сообщил о пришедшем. Он сказал: “Пусть войдёт. Обрадуй и его вестью о рае, однако в будущем ему предстоит пережить тяжёлые испытания”. Я вернулся к Усману и сказал: “Входи! Посланник Аллаха ﷺ радует тебя вестью о рае, несмотря на то что в будущем тебя постигнут тяжёлые испытания (исход которых будет благим)”. Усман (да будет доволен им Аллах) вошёл и, увидев, что рядом с ними на каменной кладке вокруг колодца уже не осталось места, сел напротив троих».

Саид ибн аль-Мусаййиб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я истолковал их расположение у колодца как указание на то, в каком порядке после смерти будут расположены их могилы» (Аль-Бухари: 3674; Муслим: 6212; Ахмад: 19509).

В версии этого хадиса, приведённой имамом аль-Бухари, Абу Муса сказал: «Посланник Аллаха ﷺ велел мне охранять ворота». В ней также сообщается, что, услышав радостную весть о рае, Усман воздал Аллаху хвалу и благодарность, а затем сказал: «Лишь Аллах – Тот, к Кому обращаются за помощью!» (Аль-Бухари: 7262).

711
Риядус-салихин, № 711Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: كُنَّا قُعُودًا حَوْلَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَمَعَنَا أَبُو بَكرٍ وَعُمَرُ فِى نَفَرٍ، فَقَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ بَيْنِ أظْهُرِنَا فَأبْطَأ عَلَيْنَا، وَخَشِينَا أَنْ يُقْتَطَعَ دُونَنَا وَفَزِعْنَا فَقُمْنَا، فَكُنْتُ أَوَّلَ مَنْ فَزِعَ، فَخَرَجْتُ أبْتَغِى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، حَتَّى أَتَيْتُ حَائِطًا للأنصَارِ لِبَنِى النَّجَارِ، فَدُرْتُ بِهِ هَلْ أجِدُ لَهُ بَابًا؟ فَلَمْ أجِدْ! فَإِذَا رَبيعٌ يَدْخُلُ فِى جَوْفِ حَائِطٍ مِنْ بِئْرٍ خَارِجَهُ – وَالرَّبِيعُ: الْجَدْوَلُ الصَّغِيرُ – فَاحْتَفَرْتُ، فَدَخَلْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «أَبُو هُرَيْرَةَ؟» فَقُلْتُ: نَعَمْ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «مَا شأنُكَ؟» قُلْتُ: كُنْتَ بَيْنَ أظْهُرِنَا فَقُمْتَ فَأبْطَأتَ عَلَيْنَا، فَخَشِينَا أَنْ تُقْتَطَعَ دُونَنَا، ففزعنا، فَكُنْتُ أوّلَ مَنْ فَزِعَ، فَأَتَيْتُ هَذَا الْحَائِطَ، فَاحْتَفَرْتُ كَمَا يَحْتَفِرُ الثَّعْلَبُ، وهَؤلَاءِ النَّاسُ وَرَائِى. فَقَالَ: «يَا أَبَا هُرَيرَةَ» وَأعْطَانِى نَعْلَيْهِ، فَقَالَ: «اذْهَبْ بِنَعْلَيَّ هَاتَيْنِ، فَمَنْ لَقِيتَ مِنْ وَرَاءِ هَذَا الْحَائِطِ يَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ مُسْتَيْقِنًَا بِهَا قَلْبُهُ، فَبَشِّرْهُ بِالْجَنَّةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісімен ﷺ бірге бір топ адам болып отырған едік, арамызда Әбу Бәкір мен Омар да (р.а.) бар еді. Кенеттен Алла елшісі орнынан тұрып, арамыздан кетіп қалды да, біраз уақытқа дейін қайтып келмеді. Содан оған біз жоқта қастандық жасалуы мүмкін ғой деп алаңдай бастадық. Сөйтіп ол үшін қатты қорыққан күйде орнымыздан атып тұрдық, қатты алаңдап, атып тұрғандардың алғашқысы мен едім. Содан мен Алла елшісін іздеген күйде жүре-жүре ансарлардың бір бағына келдім...», – деп хадисті түгелдей айтып, соңында Алла елшісінің өзіне былай дегенін жеткізген: «Бар да мына бақтың ішінде шын жүректен сенген күйде Алладан басқа құдай жоқ екеніне куәлік еткен әлдекімді кездестірсең, соны жаннатпен сүйіншіле!» – дегенін жеткізген (Муслим: 147).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды мы сидели вместе с Посланником Аллаха ﷺ небольшой группой; среди нас были также Абу Бакр и Умар (да будет доволен ими Аллах). Вдруг Посланник Аллаха ﷺ поднялся и покинул нас, а затем долго не возвращался. Мы стали тревожиться, как бы в наше отсутствие на него не было совершено нападение. Охваченные сильным страхом за него, мы вскочили со своих мест, и я был первым, кто поднялся. Я отправился на поиски Посланника Аллаха ﷺ и, долго разыскивая его, добрался до одного сада, принадлежавшего ансарам…» Далее он передал хадис полностью и в конце сообщил, что Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: «Ступай и, если встретишь за оградой этого сада кого-либо, кто, искренне веруя всем сердцем, свидетельствует, что нет иного бога, кроме Аллаха, обрадуй его вестью о рае!» (Муслим: 147).

712
Риядус-салихин, № 712

عَنِ ابْنِ شِمَاسَة، قَالَ: حَضَرْنَا عَمْرَو بنَ الْعَاصِ وَهُوَ فِى سِيَاقَةِ الْمَوْتِ، فَبَكَى طَوِيلًا، وَحَوَّلَ وَجْهَهُ إِلَى الْجِدَارِ، فَجَعَلَ ابْنُهُ، يَقُولُ: يَا أبَتَاهُ، أمَا بَشَّرَكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بكَذَا؟ أمَا بَشَّرَكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِكَذَا؟ فَأقْبَلَ بِوَجْهِهِ، فَقَالَ: إِنَّ أَفْضَلَ مَا نُعِدُّ شَهَادَةُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُول اللَّهِ، إِنِّى قَدْ كُنْتُ عَلَى أطْبَاقٍ ثَلَاثٍ: لَقَدْ رَأَيْتُنِى وَمَا أَحَدٌ أشَدُّ بُغضًا لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنِّى، وَلَا أحَبَّ إِليَّ مِنْ أَنْ أكُونَ قدِ اسْتَمكنتُ مِنْهُ فَقَتَلْتُه، فَلَوْ مُتُّ عَلَى تلكَ الْحَالِ لَكُنْتُ مِنْ أَهْلِ النَّارِ، فَلَمَّا جَعَلَ اللَّهُ الْإِسلَامَ فِى قَلْبِى أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ، فقُلْتُ: ابسُطْ يَمِينَكَ فَلأُبَايِعُك، فَبَسَطَ يَمِينَهُ فَقَبَضْتُ يَدِى، فَقَالَ: «مَا لَكَ يَا عَمْرُو؟» قُلْتُ: أردتُ أَنْ أشْتَرِطَ، قَالَ: «تَشْتَرِط مَاذا؟» قُلْتُ: أَنْ يُغْفَرَ لِى، قَالَ: «أمَا عَلِمْتَ أن الْإِسلَامَ يَهْدِمُ مَا كَانَ قَبْلَهُ، وَأن الْهِجْرَةَ تَهْدِمُ مَا كَانَ قَبلَهَا، وَأَنَّ الْحَجَّ يَهْدِمُ مَا كَانَ قَبْلَهُ؟» وَمَا كَانَ أَحَدٌ أحَبَّ إِليَّ مِنْ رَسُولِ اللَّه ﷺ، وَلَا أجَلَّ فِى عَينِى مِنْهُ وَمَا كُنْتُ أُطيقُ أن أملأ عَينِى مِنْهُ؛ إِجلالًا لَهُ، ولو سئلت أن أصفه مَا أطقت، لأنِى لَمْ أكن أملأ عينِى مِنْهُ، ولو مُتُّ عَلَى تِلْكَ الْحالِ لَرجَوْتُ أن أكُونَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ، ثُمَّ وَلِينَا أشْيَاءَ مَا أدْرِى مَا حَالِى فِيهَا؟ فَإِذَا أَنَا مُتُّ فَلَا تَصحَبَنِّى نَائِحَةٌ وَلَا نَارٌ، فَإِذَا دَفَنْتُمُونِى، فَشُنُّوا عَليَّ التُّرابَ شَنًّا، ثُمَّ أقِيمُوا حَوْلَ قَبْرِى قَدْرَ مَا تُنْحَرُ جَزورٌ، وَيُقْسَمُ لَحْمُهَا، حَتَّى أَسْتَأنِسَ بِكُمْ، وَأنْظُرَ مَا أُرَاجعُ بِهِ رسُلَ رَبّي

Қазақша аудармасы

Ибн Шумәса (р.а.): «Амр ибн әл-Ас (р.а.) хал үстінде жатқанда, қасында болған едік. Ол болса, жүзін керегеге қаратып алып ұзақ егілді. Сонда ұлы оған: «Уа, әкетай! Алла елшісі ﷺ сіз жайлы пәлен жүрекжарды хабарды айтып, сүйіншілемеп пе еді?» – деп, осы сөзін екі рет қайталап, жұбата бастады. Сол кезде Амр (р.а.) жүзін бері қаратып: «Ақырет үшін дайындаған ең абзал ісіміз – «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі» деп куәлік ету. Расында, өмірімде үш түрлі кезеңді басымнан өткіздім. Алғашында Алла елшісін менен артық жек көретін, әрі бір амалын тауып оны қолыма түсіріп, көзін жоюды менен артық қалайтын тірі жан жоқ еді. Егер сол кезеңде өліп кеткенде шүбәсіз, тозақтық болар едім. Кейін Алла Тағала жүрегіме иман нұрын ұялатқанда, Пайғамбарымызға келіп: «Оң қолыңызды беріңіз, алдыңызда ант қабылдайын», – дедім. Ол қолын созғанда, мен қолымды тартып, сәл-пәл іркіліп қалдым. Сонда ол: «Уа, Амр, саған не болды?» – деді. Мен: «Бір шартым бар», – дедім. Сонда ол: «Қандай шарт қоясың?» – дегенде: «Күнәларымның кешірілуін қалаймын» – дедім. Сол кезде Алла елшісі: «Сен Исламның бұрын-соңды істелген күнә атаулының бәрін жоятынын, һижреттің де бұрын-соңды істелген күнәларды түгел жоятынын, сондай-ақ қажылықтың да бұрын-соңды істелген күнәларды түгел жуып-шаятынын білмеуші ме едің?» – деді. Содан бері мен үшін Алла елшісінен артық сүйікті жан және одан ұлы тұлға болған емес. Сондай-ақ оны айрықша құрметтегенімнен, еш уақытта жүзіне көз тоқтатып, тіктеп қарай алмадым. Егер маған оны сипаттап бер деп, біреу-міреу қолқа салса, оның бұл тілегін орындай алмас едім, өйткені оның жүзіне тіктеп қараған емеспін. Егер сол шақта ажалым жетсе, жұмақтық боламын деген үкілеген үмітімді жалғап көз жұмар едім. Содан бері бізге небір жауапкершілігі ауыр міндеттер жүктелді. Мойнымызға артылған сол міндеттерді қаншалықты атқардық, оны да кесіп-пішіп айта алмаймын, сондықтан қазір қандай жағдайда екенімді білмеймін. Сендерге айтар өсиетім: мен қайтқаннан кейін, артымнан жоқтау айтылмасын, әрі от та жағылмасын. Мені жер қойнына қойғаннан кейін, үстіме азын-аулақ топырақ тастап, қабірімнің басында бір түйені сойып, етін бөлшектеп бітетіндей уақыт кідіріңдер, өйткені сендер барда қабір әлеміне аз да болса бойым үйреніп, әрі Раббымның елшілеріне не деп жауап қататынымды жақсылап ойланып алайын», – деді» – деген (Муслим: 321).

Орысша аудармасы

Ибн Шумаса (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Мы находились рядом с Амром ибн аль-Асом (да будет доволен им Аллах), когда тот лежал при смерти. Повернувшись лицом к стене, он долго и горько плакал. Тогда сын стал утешать его, дважды повторив: “О дорогой отец! Разве Посланник Аллаха ﷺ не возвещал тебе такую-то радостную весть?”

Амр повернулся к нам и сказал: “Лучшим деянием, которое мы приготовили для вечной жизни, является свидетельство о том, что нет божества, кроме Аллаха, и что Мухаммад – Его Посланник.

Поистине, за свою жизнь я прошёл через три разных этапа. Поначалу среди живых не было человека, который ненавидел бы Посланника Аллаха ﷺ сильнее меня и больше меня желал бы найти способ схватить и убить его. Если бы я умер в то время, то, несомненно, оказался бы среди обитателей ада.

Затем Аллах Всевышний озарил моё сердце светом веры. Я пришёл к Пророку ﷺ и сказал: ‘Протяни мне правую руку, чтобы я принёс тебе присягу’. Он протянул руку, но я отвёл свою и немного замешкался. Тогда он спросил: ‘Что с тобой, о Амр?’ Я ответил: ‘У меня есть одно условие’. Он спросил: ‘Какое условие?’ Я сказал: ‘Я хочу, чтобы мои грехи были прощены’. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: ‘Разве ты не знаешь, что ислам стирает все грехи, совершённые прежде, что хиджра также стирает все прежние грехи и что хадж смывает все грехи, совершённые до него?’

С тех пор я никого не любил сильнее Посланника Аллаха ﷺ и никого не почитал больше него. Благоговение перед ним было так велико, что я никогда не осмеливался пристально смотреть ему в лицо. Если бы кто-нибудь попросил меня описать его, я не смог бы исполнить эту просьбу, ибо никогда не всматривался в его лицо. Если бы смерть настигла меня тогда, я умер бы, лелея заветную надежду оказаться среди обитателей рая.

После этого на нас было возложено немало обязанностей, сопряжённых с огромной ответственностью. Насколько хорошо мы исполнили их, я не могу сказать с уверенностью, а потому не знаю, в каком положении нахожусь теперь.

Моё завещание вам таково: когда я умру, пусть вслед за мной не раздаются причитания и не разжигают огня. Похоронив меня, засыпайте землёй понемногу, а затем оставайтесь у моей могилы столько времени, сколько требуется, чтобы заколоть верблюда и разделать его мясо. Благодаря вашему присутствию я смогу хоть немного освоиться в мире могилы и хорошо обдумать, что отвечу посланцам моего Господа”» (Муслим: 321).