حَدِيث زيد بْنِ أرقم الَّذِى سبق فِى بَابِ إِكرام أَهْلِ بَيْتِ رَسُول اللَّهِ ﷺ قَالَ: قَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِينَا خَطِيبًا، فَحَمِدَ اللَّه، وَأثْنَى عَلَيْهِ، وَوَعَظَ وَذَكَّرَ، ثُمَّ قَالَ: «أَمَّا بَعْدُ، أَلَا أيُّهَا النَّاسُ، إِنَّمَا أَنَا بَشَرٌ يُوشِكُ أَنْ يَأْتِيَ رَسُولُ رَبِّى فَأُجِيبَ، وَأَنَا تَارِكٌ فِيكُمْ ثَقَلَيْنِ، أَوَّلَهُمَا: كِتَابُ اللَّهِ، فِيهِ الْهُدَى وَالنُّورُ، فَخُذُوا بِكِتَابِ اللَّهِ وَاسْتَمْسِكُوا بِهِ»، فَحَثَّ عَلَى كِتَابِ اللَّهِ، وَرَغَّبَ فِيهِ، ثُمَّ قَالَ: «وَأَهْلُ بَيْتِى، أذَكِّرُكُمُ اللَّهَ فِى أَهْلِ بَيْتِى»
Зәйд ибн әл-Әрқам (р.а.): «Бір күні Расулалла ﷺ орнынан тұрып, бізге құтба оқыды. Құтбасында алдымен Аллаға мадақ пен шүкіршілік айтып, содан кейін бізге біраз уағыз-насихат айтып, кейбір мәселелерді есімізге салды. Соңынан бізге: «Уа, жарандар! Мен де адаммын. Көп ұзамай бір күні маған да Раббымның елшісі (Әзірейіл періште) келгенде, сендерге екі құндылықты қалдырамын да, оған мойынсұнып, араларыңнан кетемін. Алғашқысы: іші һидаят пен нұрға толы Алланың кітабы – қасиетті Құран. Құранның айтқанымен жүріп, айтқанымен тұрыңдар», – деп, бізді Алланың кітабын мықтап ұстануға шақырды. Содан кейін: «Екіншісі – менің отбасым. Отбасыма сый-құрмет көрсету жайлы Алланың әмірін естеріңнен шығармаңдар», – деп ескертті», – деген (Муслим: 6225, Ахмад: 19625).
Зайд ибн Аркам (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ поднялся и обратился к нам с проповедью. Вначале он воздал Аллаху хвалу и благодарность, затем дал нам наставления и напомнил о некоторых важных вещах. В завершение он сказал нам: “О люди! Я тоже человек. Скоро ко мне явится посланец моего Господа (ангел Азраиль), и я, покорившись ему, покину вас, оставив вам две драгоценности. Первая – Книга Аллаха, Священный Коран, исполненный наставления и света. Живите по Корану и неуклонно следуйте его велениям”. Тем самым он призвал нас крепко держаться за Книгу Аллаха. Затем он напомнил: “Вторая – моя семья. Не забывайте веления Аллаха о почтительном отношении к моей семье”» (Муслим: 6225; Ахмад: 19625).