Хадис

Риядус-салихин, № 717

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
96. Жол жүріп бара жатқан адаммен қоштасқанда оған өсиет, кеңес айтып, бата беру және одан игі дұға-тілек өтіну жайында
Нөмірі
№ 717 (қазақша басылым реті)
717
Риядус-салихин, № 717

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ يزيدَ الْخطْمِيِّ الصحابيِّ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَرَادَ أَنْ يُوَدِّعَ الْجَيشَ، قَالَ: «أسْتَوْدِعُ اللَّهَ دِينَكُمْ، وَأمَانَتَكُمْ، وَخَواتِيمَ أَعْمَالِكُمْ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Язид әл-Хатми (р.а.): «Алла елшісі ﷺ мұсылман қолын майданға аттандырарда: «Діндеріңді, аманаттарыңды және ақырғы істеріңнің қайырлы болуын бір Аллаға тапсырдым», – деп айтатын еді», – деген (Әбу Дәуд: 2601).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Язид аль-Хатми (да будет доволен им Аллах) сказал: «Отправляя мусульманское войско на поле битвы, Посланник Аллаха ﷺ говорил: “Вверяю одному Аллаху вашу религию, доверенное вам и благой исход ваших деяний”» (Абу Дауд: 2601).