Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 403

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
10. Азан кітабыكِتَابُ الْأَذَانِ
бап
27. Имамның келген адамдарға намаз оқытуы және жаңбырлы күні жұма құтбасын оқуы туралыبَابُ هَلْ يُصَلِّي الْإِمَامُ بِمَنْ حَضَرَ؟ وَهَلْ يَخْطُبُ يَوْمَ الْجُمُعَةِ فِي الْمَطَرِ؟
Нөмірі
№ 403 (Мухтасар реті) · Сахих: № 668
403
Бұхари, № 403 · Сахих: 668Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ خَطَبَ النَّاسَ فِي يَوْمٍ ذِي رَدْغٍ، فَأَمَرَ الْمُؤَذِّنَ لَمَّا بَلَغَ «حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ» قَالَ: «قُلْ: “الصَّلَاةُ فِي الرِّحَالِ”»، فَنَظَرَ بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْضٍ، فَكَأَنَّهُمْ أَنْكَرُوا، فَقَالَ: «كَأَنَّكُمْ أَنْكَرْتُمْ هَذَا، إِنَّ هَذَا فَعَلَهُ مَنْ هُوَ خَيْرٌ مِنِّي» – يَعْنِي النَّبِيَّ ﷺ – «إِنَّهَا عَزْمَةٌ، وَإِنِّي كَرِهْتُ أَنْ أُحْرِجَكُمْ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жер лайсаң болған бір күні адамдарға құтба оқыды. Азаншы «Хайя ғалас-салаһ» деген жерге жеткенде, оған: «Намазды тұрған орындарыңда оқыңдар», – деп айтуды бұйырды. Сонда адамдар бір-біріне қарап, мұны құптамағандай болды. Ибн Аббас: «Сендер мұны құптамаған секілдісіңдер. Мұны менен де абзал адам, яғни Пайғамбар (с.а.с.) жасаған. Расында, жұма намазы – міндетті ғибадат. Ал мен сендерді қиындыққа салғым келмеді», – деді.