Хадис
كِتَابُ الْأَذَانِ

Азан кітабы

Сахих әл-Бұхари, 10-кітап · 123 хадис · № 371–493

Мазмұны: 93 бап
  1. 1Азанның басталуы туралы
  2. 2Азан айтудың артықшылығы туралы
  3. 3Азан айтқанда дауысты көтеру туралы
  4. 4Азанның қан төгілуіне тосқауыл болуы туралы
  5. 5Азаншының дауысын естіген кезде не айту керектігі туралы
  6. 6Азан айтылған кезде дұға ету туралы
  7. 7Азан айту үшін жеребе тарту туралы
  8. 8Таң атқанын хабарлап тұратын адамы болса, зағип адамның азан айтуы туралы
  9. 9Таң атқаннан кейін азан айту туралы
  10. 10Таң атпай тұрып азан айту туралы
  11. 11Әрбір азан мен қаматтың арасында қалаған адам үшін намаз бар екені туралы
  12. 12Сапарда бір ғана азаншы азан айтсын дегендер туралы
  13. 13Жолаушылар топ болып жүргенде азан мен қамат айту туралы
  14. 14Адамның: «Намаздан қалып қойдық», – деуі туралы
  15. 15Қамат айтылғанда адамдардың имамды көріп, орындарынан қашан тұратыны туралы
  16. 16Қамат айтылғаннан кейін имамның бір шаруасы шығып қалуы туралы
  17. 17Жамағатпен намаз оқудың міндеттілігі туралы
  18. 18Жамағатпен оқылған намаздың артықшылығы туралы
  19. 19Таң намазын жамағатпен оқудың артықшылығы туралы
  20. 20Бесін намазына ерте барудың артықшылығы туралы
  21. 21Басқан қадамдарының сауабын үміт ету туралы
  22. 22Құптан намазын жамағатпен оқудың артықшылығы туралы
  23. 23Мешітте намазды күтіп отырған адам және мешіттердің артықшылығы туралы
  24. 24Таңертең және кешке мешітке барған адамның артықшылығы туралы
  25. 25Намазға қамат айтылғаннан кейін парыз намаздан өзге намаз оқылмайтыны туралы
  26. 26Науқастың жамағат намазына қатысу шамасы туралы
  27. 27Имамның келген адамдарға намаз оқытуы және жаңбырлы күні жұма құтбасын оқуы туралы
  28. 28Ас әзір тұрғанда намазға қамат айтылуы туралы
  29. 29Отбасының шаруасымен айналысып жүргенде қамат айтылса, намазға шығу туралы
  30. 30Адамдарға Пайғамбардың (с.а.с.) намазы мен сүннетін үйрету мақсатымен имам болып намаз оқыту туралы
  31. 31Білімді әрі ізгі адамдардың имам болуға көбірек лайық екені туралы
  32. 32Біреу адамдарға имам болуға кіріскенде алғашқы имамның келуі туралы
  33. 33Имамның оған ұю үшін тағайындалғаны туралы
  34. 34Имамның артындағылардың қашан сәжде жасайтыны туралы
  35. 35Имамнан бұрын басын көтерген адамның күнәсі туралы
  36. 36Құл мен азат етілген құлдың имам болуы туралы
  37. 37Имам намазды толық орындамай, оған ұйығандардың толық орындауы туралы
  38. 38Екеу ғана болғанда имамның оң жағына, онымен қатар тұру туралы
  39. 39Имам намазды ұзақ оқығанда, бір адамның қажетіне байланысты жамағаттан шығып, намазын жеке оқуы туралы
  40. 40Имамның қиямды жеңілдетіп, рукуғ пен сәждені толық орындауы туралы
  41. 41Намазды қысқа әрі толық оқу туралы
  42. 42Сәбидің жылағанын естігенде намазды жеңілдеткен адам туралы
  43. 43Қамат айтылған кезде саптарды түзеу туралы
  44. 44Саптарды түзеген кезде имамның адамдарға жүзін бұруы туралы
  45. 45Имам мен жамағаттың арасында қабырға немесе бөгет болуы туралы
  46. 46Түнгі намаз туралы
  47. 47Намазды бастағанда екі қолды алғашқы тәкбірмен бір мезгілде көтеру туралы
  48. 48Намазда оң қолды сол қолдың үстіне қою туралы
  49. 49Тәкбірден кейін не айтылатыны туралы
  50. 50Намазда имамға қарау туралы
  51. 51Намаз кезінде көзді аспанға көтеру туралы
  52. 52Намаз кезінде жан-жағына бұрылу туралы
  53. 53Барлық намазда имам мен оған ұйыған адамның қырағат етуінің міндеттілігі туралы
  54. 54Бесін намазында Құран оқу туралы
  55. 55Ақшам намазында Құран оқу туралы
  56. 56Ақшам намазында дауыстап оқу туралы
  57. 57Құптан намазында сәжде аяты бар сүрені оқу туралы
  58. 58Құптан намазында Құран оқу туралы
  59. 59Таң намазында қырағат ету туралы
  60. 60Таң намазында Құранды дауыстап оқу туралы
  61. 61Бір рәкәғатта екі сүрені қосып оқу, сүрелердің соңғы аяттарын оқу, бір сүрені екіншісінен бұрын оқу және сүренің алғашқы бөлігін оқу туралы
  62. 62Соңғы екі рәкәғатта «Фатиха» сүресін оқу туралы
  63. 63Имамның «Әмин» сөзін дауыстап айтуы туралы
  64. 64«Әмин» деудің артықшылығы туралы
  65. 65Сапқа жетпей тұрып рукуғ жасау туралы
  66. 66Рукуғ кезінде тәкбірді толық айту туралы
  67. 67Сәждеден көтерілген кезде тәкбір айту туралы
  68. 68Рукуғ кезінде алақандарды тізелердің үстіне қою туралы
  69. 69Рукуғта арқаны түзу ұстап, денені толық орнықтыру туралы
  70. 70Рукуғта дұға ету туралы
  71. 71«Аллаһуммә Раббәнә ләкәл-хамд» деудің артықшылығы туралы
  72. 72Рукуғтан басын көтергенде денені толық орнықтыру туралы
  73. 73Сәждеге түсер кезде тәкбір айту туралы
  74. 74Сәжденің артықшылығы туралы
  75. 75Жеті сүйекпен сәжде жасау туралы
  76. 76Екі сәжденің арасында кідіру туралы
  77. 77Сәжде кезінде білектерді жерге төсемеу туралы
  78. 78Намаздың тақ рәкәғатынан кейін отырып, содан соң орнынан тұру туралы
  79. 79Екі сәждеден кейін орнынан тұрарда тәкбір айту туралы
  80. 80Тәшәһһуд кезінде отыру сүннеті туралы
  81. 81Алғашқы тәшәһһудты міндетті деп санамағандар туралы
  82. 82Соңғы отырыстағы тәшәһһуд туралы
  83. 83Сәлем беруден бұрын дұға ету туралы
  84. 84Тәшәһһудтан кейін қалаған дұғаны таңдап оқу туралы
  85. 85Сәлем беру туралы
  86. 86Имам сәлем берген кезде сәлем беру туралы
  87. 87Намаздан кейін зікір айту туралы
  88. 88Имамның сәлем бергеннен кейін адамдарға жүзін бұруы туралы
  89. 89Адамдарға намаз оқытып болғаннан кейін бір қажеті есіне түсіп, олардың үстінен аттап өткен адам туралы
  90. 90Намаздан кейін оңға немесе солға бұрылу туралы
  91. 91Шикі сарымсақ, пияз және порей пиязы жайында келген риуаяттар туралы
  92. 92Балалардың дәрет алуы туралы
  93. 93Әйелдердің түнде және таң қараңғылығында мешіттерге шығуы туралы
بَابُ بَدْءِ الْأَذَانِ

1-бапАзанның басталуы туралы

371
Бұхари, № 371 · Сахих: 604Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ الْمُسْلِمُونَ حِينَ قَدِمُوا الْمَدِينَةَ يَجْتَمِعُونَ فَيَتَحَيَّنُونَ الصَّلَاةَ لَيْسَ يُنَادَى لَهَا، فَتَكَلَّمُوا يَوْمًا فِي ذَلِكَ، فَقَالَ بَعْضُهُمْ: «اِتَّخِذُوا نَاقُوسًا مِثْلَ نَاقُوسِ النَّصَارَى»، وَقَالَ بَعْضُهُمْ: «بَلْ بُوقًا مِثْلَ قَرْنِ الْيَهُودِ»، فَقَالَ عُمَرُ: «أَوَلَا تَبْعَثُونَ رَجُلًا يُنَادِي بِالصَّلَاةِ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا بِلَالُ، قُمْ فَنَادِ بِالصَّلَاةِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Мұсылмандар Мәдинаға келген кезде намаз уақытын күтіп, жиналатын еді. Алайда оларды намазға шақыратын ешқандай үндеу болмайтын. Бір күні олар осы мәселені талқылады. Кейбіреулері: “Христиандардың қоңырауы секілді қоңырау жасаңдар”, – десе, енді біреулері: “Жоқ, яһудилердің мүйізі секілді керней болсын”, – деді. Сонда Омар (р.а.): “Намазға шақырып жар салатын бір адамды жіберсеңдер қайтеді?” – деді. Осыдан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, Біләл! Тұр да, намазға шақыр”, – деді».

372
Бұхари, № 372 · Сахих: 605Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أُمِرَ بِلَالٌ أَنْ يَشْفَعَ الْأَذَانَ، وَأَنْ يُوتِرَ الْإِقَامَةَ، إِلَّا الْإِقَامَةَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Біләлға азан сөздерін екі-екіден, ал қамат сөздерін бір-бірден айту бұйырылды. Тек “Қад қаматис-салаһ” сөздері екі рет айтылады».

بَابُ فَضْلِ التَّأْذِينِ

2-бапАзан айтудың артықшылығы туралы

373
Бұхари, № 373 · Сахих: 608Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا نُودِيَ لِلصَّلَاةِ أَدْبَرَ الشَّيْطَانُ، وَلَهُ ضُرَاطٌ، حَتَّى لَا يَسْمَعَ التَّأْذِينَ، فَإِذَا قَضَى النِّدَاءَ أَقْبَلَ، حَتَّى إِذَا ثُوِّبَ بِالصَّلَاةِ أَدْبَرَ، حَتَّى إِذَا قَضَى التَّثْوِيبَ أَقْبَلَ، حَتَّى يَخْطِرَ بَيْنَ الْمَرْءِ وَنَفْسِهِ، يَقُولُ: “اُذْكُرْ كَذَا، اُذْكُرْ كَذَا”، لِمَا لَمْ يَكُنْ يَذْكُرُ، حَتَّى يَظَلَّ الرَّجُلُ لَا يَدْرِي كَمْ صَلَّى».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Намазға азан айтылған кезде, шайтан оны естімеу үшін жел шығарып, теріс айнала қашады. Азан аяқталған соң қайта келеді. Намазға қамат айтылған кезде тағы да теріс айнала қашады. Қамат аяқталған соң қайта келіп, адам мен оның көңілінің арасына кіріп: “Мынаны есіңе түсір, ананы есіңе түсір”, – деп, бұрын ойында болмаған нәрселерді есіне сала береді. Ақырында адам қанша рәкәғат намаз оқығанын білмей қалады».

بَابُ رَفْعِ الصَّوْتِ بِالنِّدَاءِ

3-бапАзан айтқанда дауысты көтеру туралы

374
Бұхари, № 374 · Сахих: 609Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّهُ لَا يَسْمَعُ مَدَى صَوْتِ الْمُؤَذِّنِ جِنٌّ وَلَا إِنْسٌ وَلَا شَيْءٌ إِلَّا شَهِدَ لَهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Азаншының дауысы жеткен жердегі жын да, адам да, өзге ешбір нәрсе де қиямет күні оның пайдасына куәлік етеді”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ مَا يُحْقَنُ بِالْأَذَانِ مِنَ الدِّمَاءِ

4-бапАзанның қан төгілуіне тосқауыл болуы туралы

375
Бұхари, № 375 · Сахих: 610Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ إِذَا غَزَا بِنَا قَوْمًا لَمْ يَكُنْ يَغْزُو بِنَا حَتَّى يُصْبِحَ وَيَنْظُرَ، فَإِنْ سَمِعَ أَذَانًا كَفَّ عَنْهُمْ، وَإِنْ لَمْ يَسْمَعْ أَذَانًا أَغَارَ عَلَيْهِمْ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) бізбен бірге бір қауымға жорыққа аттанғанда, таң атып, жағдайды байқамайынша шабуыл жасамайтын. Егер азан дауысын естісе, оларға шабуыл жасаудан бас тартатын, ал азан естімесе, шабуыл жасайтын».

بَابُ مَا يَقُولُ إِذَا سَمِعَ الْمُنَادِي

5-бапАзаншының дауысын естіген кезде не айту керектігі туралы

376
Бұхари, № 376 · Сахих: 611Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا سَمِعْتُمُ النِّدَاءَ، فَقُولُوا مِثْلَ مَا يَقُولُ الْمُؤَذِّنُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Азанды естіген кезде, азаншы не айтса, сендер де соны айтыңдар», – деген.

377
Бұхари, № 377 · Сахих: 612Риуаят етуші: Мұғауия (р.а.)

عَنْ مُعَاوِيَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ مِثْلَهُ، إِلَى قَوْلِهِ: «وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ». وَلَمَّا قَالَ: «حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ» قَالَ: «لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ»، وَقَالَ: «هَكَذَا سَمِعْنَا نَبِيَّكُمْ ﷺ يَقُولُ».

Қазақша аудармасы

Мұғауиядан (р.а.) осыған ұқсас риуаят жеткен: ол азаншының айтқанын «Уә әшһәду әннә Мұхаммәдән расулуллаһ» деген сөзге дейін қайталаған. Азаншы «Хайя ғалас-салаһ» дегенде: «Лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ», – деген. Содан кейін: «Пайғамбарларыңның (с.а.с.) осылай айтқанын естідік», – деген.

بَابُ الدُّعَاءِ عِنْدَ النِّدَاءِ

6-бапАзан айтылған кезде дұға ету туралы

378
Бұхари, № 378 · Сахих: 614Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ قَالَ حِينَ يَسْمَعُ النِّدَاءَ: “اللَّهُمَّ رَبَّ هَذِهِ الدَّعْوَةِ التَّامَّةِ، وَالصَّلَاةِ الْقَائِمَةِ، آتِ مُحَمَّدًا الْوَسِيلَةَ وَالْفَضِيلَةَ، وَابْعَثْهُ مَقَامًا مَحْمُودًا الَّذِي وَعَدْتَهُ”، حَلَّتْ لَهُ شَفَاعَتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулланың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Кім азанды естіген кезде: “Уа, осы кемел шақыру мен орындалғалы тұрған намаздың Раббысы Алла! Мұхаммедке уәсилә дәрежесі мен артықшылық нәсіп етіп, оны Өзің уәде еткен мақтаулы дәрежеге жеткізе гөр!” – десе, қиямет күні ол менің шапағатыма ие болады».

بَابُ الِاسْتِهَامِ فِي الْأَذَانِ

7-бапАзан айту үшін жеребе тарту туралы

379
Бұхари, № 379 · Сахих: 615Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَوْ يَعْلَمُ النَّاسُ مَا فِي النِّدَاءِ وَالصَّفِّ الْأَوَّلِ، ثُمَّ لَمْ يَجِدُوا إِلَّا أَنْ يَسْتَهِمُوا عَلَيْهِ لَاسْتَهَمُوا، وَلَوْ يَعْلَمُونَ مَا فِي التَّهْجِيرِ لَاسْتَبَقُوا إِلَيْهِ، وَلَوْ يَعْلَمُونَ مَا فِي الْعَتَمَةِ وَالصُّبْحِ، لَأَتَوْهُمَا وَلَوْ حَبْوًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Адамдар азан айту мен бірінші сапта тұрудың қаншалықты артық екенін біліп, сол артықшылыққа жету үшін жеребе тартудан басқа амал таппаса, міндетті түрде жеребе тартар еді. Намазға ерте барудың артықшылығын білгенде, оған бір-бірімен жарыса ұмтылар еді. Ал құптан мен таң намаздарының артықшылығын білгенде, оларға еңбектеп болса да келер еді».

بَابُ أَذَانِ الْأَعْمَى إِذَا كَانَ لَهُ مَنْ يُخْبِرُهُ

8-бапТаң атқанын хабарлап тұратын адамы болса, зағип адамның азан айтуы туралы

380
Бұхари, № 380 · Сахих: 617Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ بِلَالًا يُؤَذِّنُ بِلَيْلٍ، فَكُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّى يُنَادِيَ ابْنُ أُمِّ مَكْتُومٍ»، قَالَ: وَكَانَ رَجُلًا أَعْمَى، لَا يُنَادِي حَتَّى يُقَالَ لَهُ: «أَصْبَحْتَ، أَصْبَحْتَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Біләл түнде азан айтады. Сондықтан Ибн Үммі Мәктум азан айтқанға дейін ішіп-жеңдер», – деген. Риуаятта: «Ибн Үммі Мәктум зағип кісі еді. Оған: “Таң атты! Таң атты!” – деп айтылмайынша, азан айтпайтын», – деп берілген.

بَابُ الْأَذَانِ بَعْدَ الْفَجْرِ

9-бапТаң атқаннан кейін азан айту туралы

381
Бұхари, № 381 · Сахих: 618Риуаят етуші: Хафса (р.а.)

عَنْ حَفْصَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا اِعْتَكَفَ وَأَذَّنَ الْمُؤَذِّنُ لِلصُّبْحِ وَبَدَا الصُّبْحُ، صَلَّى رَكْعَتَيْنِ خَفِيفَتَيْنِ قَبْلَ أَنْ تُقَامَ الصَّلَاةُ.

Қазақша аудармасы

Хафсаның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) иғтикафта болғанда, азаншы таң намазына азан айтып, таң рауандаған кезде, қамат айтылмай тұрып екі рәкәғат намазды қысқа оқитын.

بَابُ الْأَذَانِ قَبْلَ الْفَجْرِ

10-бапТаң атпай тұрып азан айту туралы

382
Бұхари, № 382 · Сахих: 621Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يَمْنَعَنَّ أَحَدَكُمْ أَذَانُ بِلَالٍ مِنْ سَحُورِهِ، فَإِنَّهُ يُؤَذِّنُ بِلَيْلٍ لِيَرْجِعَ قَائِمَكُمْ وَلِيُنَبِّهَ نَائِمَكُمْ، وَلَيْسَ أَنْ يَقُولَ الْفَجْرُ أَوِ الصُّبْحُ». وَقَالَ بِأَصَابِعِهِ وَرَفَعَهَا إِلَى فَوْقُ وَطَأْطَأَ إِلَى أَسْفَلُ حَتَّى يَقُولَ هَكَذَا. يُشِيرُ بِسَبَّابَتَيْهِ إِحْدَاهُمَا فَوْقَ الْأُخْرَى، ثُمَّ مَدَّهُمَا عَنْ يَمِينِهِ وَشِمَالِهِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Біләлдің азаны ешқайсыңды сәресі ішуден тыймасын. Өйткені ол түнгі намаз оқып тұрғандарың тынығып алуы және ұйықтап жатқандарың оянуы үшін түнде азан айтады. Таңның атуы немесе таңғы шапақтың білінуі бұлай болмайды». Осыны айтқанда, ол саусақтарын жоғары көтеріп, кейін төмен түсірді. Содан соң таңның қалай ататынын ишарамен көрсетті: екі сұқ саусағының бірін екіншісінің үстіне қойып, содан кейін екеуін оңға және солға қарай созды.

بَابُ بَيْنَ كُلِّ أَذَانَيْنِ صَلَاةٌ لِمَنْ شَاءَ

11-бапӘрбір азан мен қаматтың арасында қалаған адам үшін намаз бар екені туралы

383
Бұхари, № 383 · Сахих: 627

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مُغَفَّلٍ الْمُزَنِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بَيْنَ كُلِّ أَذَانَيْنِ صَلَاةٌ، بَيْنَ كُلِّ أَذَانَيْنِ صَلَاةٌ لِمَنْ شَاءَ». وَفِي رِوَايَةٍ: «بَيْنَ كُلِّ أَذَانَيْنِ صَلَاةٌ، بَيْنَ كُلِّ أَذَانَيْنِ صَلَاةٌ». ثُمَّ قَالَ فِي الثَّالِثَةِ: «لِمَنْ شَاءَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мұғаффәл әл-Музанидің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Әрбір азан мен қаматтың арасында намаз бар. Әрбір азан мен қаматтың арасында қалаған адам үшін намаз бар», – деген. Басқа бір риуаятта: «Әрбір азан мен қаматтың арасында намаз бар. Әрбір азан мен қаматтың арасында намаз бар», – деп, үшінші рет: «Қалаған адам үшін», – деген.

بَابُ مَنْ قَالَ: لِيُؤَذِّنْ فِي السَّفَرِ مُؤَذِّنٌ وَاحِدٌ

12-бапСапарда бір ғана азаншы азан айтсын дегендер туралы

384
Бұхари, № 384 · Сахих: 628Риуаят етуші: Мәлик ибн әл-Хуәйрис (р.а.)

عَنْ مَالِكِ بْنِ الْحُوَيْرِثِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ فِي نَفَرٍ مِنْ قَوْمِي، فَأَقَمْنَا عِنْدَهُ عِشْرِينَ لَيْلَةً، وَكَانَ رَحِيمًا رَفِيقًا، فَلَمَّا رَأَى شَوْقَنَا إِلَى أَهَالِينَا قَالَ: «اِرْجِعُوا فَكُونُوا فِيهِمْ، وَعَلِّمُوهُمْ، وَصَلُّوا، فَإِذَا حَضَرَتِ الصَّلَاةُ فَلْيُؤَذِّنْ لَكُمْ أَحَدُكُمْ، وَلْيَؤُمَّكُمْ أَكْبَرُكُمْ».

Қазақша аудармасы

Мәлик ибн әл-Хуәйрис (р.а.) былай деген: «Мен қауымымнан бір топ адаммен бірге Пайғамбарға (с.а.с.) келдім. Біз оның жанында жиырма түн болдық. Ол (с.а.с.) өте мейірімді әрі жұмсақ мінезді еді. Отбасымызды сағынғанымызды байқаған кезде: “Отбасыларыңа қайтыңдар, араларында болыңдар әрі оларға үйретіңдер. Намаз оқыңдар. Намаз уақыты келгенде, араларыңнан біреуің азан айтсын, ал жасы ең үлкендерің сендерге имам болсын”, – деді».

385
Бұхари, № 385 · Сахих: 630Риуаят етуші: Мәлик ибн әл-Хуәйрис (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي رِوَايَةٍ: أَتَى رَجُلَانِ النَّبِيَّ ﷺ يُرِيدَانِ السَّفَرَ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِذَا أَنْتُمَا خَرَجْتُمَا، فَأَذِّنَا، ثُمَّ أَقِيمَا، ثُمَّ لِيَؤُمَّكُمَا أَكْبَرُكُمَا».

Қазақша аудармасы

Мәлик ибн әл-Хуәйрис (р.а.) былай деген: «Сапарға шықпақ болған екі адам Пайғамбарға (с.а.с.) келді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оларға: “Сапарға шыққан кездеріңде азан айтып, содан кейін қамат түсіріңдер. Одан соң жасы үлкендерің екеуіңе имам болсын”, – деді».

بَابُ الْأَذَانِ وَالْإِقَامَةِ لِلْمُسَافِرِ إِذَا كَانُوا جَمَاعَةً

13-бапЖолаушылар топ болып жүргенде азан мен қамат айту туралы

386
Бұхари, № 386 · Сахих: 632Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَأْمُرُ مُؤَذِّنًا يُؤَذِّنُ، ثُمَّ يَقُولُ عَلَى إِثْرِهِ: «أَلَا صَلُّوا فِي الرِّحَالِ» فِي اللَّيْلَةِ الْبَارِدَةِ، أَوِ الْمَطِيرَةِ فِي السَّفَرِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) сапарда суық немесе жаңбырлы түнде азаншыға азан айтуды бұйырып, азаннан кейін: «Біліп қойыңдар! Намазды тұрақтарыңда оқыңдар», – дейтін.

بَابُ قَوْلِ الرَّجُلِ: «فَاتَتْنَا الصَّلَاةُ»

14-бапАдамның: «Намаздан қалып қойдық», – деуі туралы

387
Бұхари, № 387 · Сахих: 635Риуаят етуші: Әбу Қатада (р.а.)

عَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَيْنَمَا نَحْنُ نُصَلِّي مَعَ النَّبِيِّ ﷺ إِذْ سَمِعَ جَلَبَةَ رِجَالٍ، فَلَمَّا صَلَّى قَالَ: «مَا شَأْنُكُمْ؟» قَالُوا: «اِسْتَعْجَلْنَا إِلَى الصَّلَاةِ». قَالَ: «فَلَا تَفْعَلُوا. إِذَا أَتَيْتُمُ الصَّلَاةَ فَعَلَيْكُمْ بِالسَّكِينَةِ، فَمَا أَدْرَكْتُمْ فَصَلُّوا وَمَا فَاتَكُمْ فَأَتِمُّوا».

Қазақша аудармасы

Әбу Қатада (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге намаз оқып жатқанда, ол бір топ адамның дабырлағанын естіді. Намазын аяқтаған соң: “Сендерге не болды?” – деп сұрады. Олар: “Намазға үлгеру үшін асықтық”, – деді. Сонда ол: “Бұлай істемеңдер. Намазға келгенде байсалдылық сақтаңдар. Үлгерген бөліктеріңді оқыңдар, ал қалып қойған бөліктеріңді толықтырыңдар”, – деді».

بَابُ مَتَى يَقُومُ النَّاسُ إِذَا رَأَوُا الْإِمَامَ عِنْدَ الْإِقَامَةِ؟

15-бапҚамат айтылғанда адамдардың имамды көріп, орындарынан қашан тұратыны туралы

388
Бұхари, № 388 · Сахих: 637Риуаят етуші: Әбу Қатада (р.а.)

عَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا أُقِيمَتِ الصَّلَاةُ، فَلَا تَقُومُوا حَتَّى تَرَوْنِي، وَعَلَيْكُمْ بِالسَّكِينَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Қатаданың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Намазға қамат айтылған кезде, мені көрмейінше орындарыңнан тұрмаңдар. Байсалдылық сақтаңдар».

بَابُ الْإِمَامِ تَعْرِضُ لَهُ الْحَاجَةُ بَعْدَ الْإِقَامَةِ

16-бапҚамат айтылғаннан кейін имамның бір шаруасы шығып қалуы туралы

389
Бұхари, № 389 · Сахих: 642Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أُقِيمَتِ الصَّلَاةُ وَالنَّبِيُّ ﷺ يُنَاجِي رَجُلًا فِي جَانِبِ الْمَسْجِدِ، فَمَا قَامَ إِلَى الصَّلَاةِ حَتَّى نَامَ الْقَوْمُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Намазға қамат айтылды. Ал Пайғамбар (с.а.с.) мешіттің бір шетінде бір адаммен оңаша сөйлесіп тұрған еді. Ол (с.а.с.) намазға тұрғанша, жамағат ұйықтап қалды».

بَابُ وُجُوبِ صَلَاةِ الْجَمَاعَةِ

17-бапЖамағатпен намаз оқудың міндеттілігі туралы

390
Бұхари, № 390 · Сахих: 644Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَقَدْ هَمَمْتُ أَنْ آمُرَ بِحَطَبٍ، فَيُحْطَبَ، ثُمَّ آمُرَ بِالصَّلَاةِ، فَيُؤَذَّنَ لَهَا، ثُمَّ آمُرَ رَجُلًا فَيَؤُمَّ النَّاسَ، ثُمَّ أُخَالِفَ إِلَى رِجَالٍ، فَأُحَرِّقَ عَلَيْهِمْ بُيُوتَهُمْ، وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَوْ يَعْلَمُ أَحَدُهُمْ أَنَّهُ يَجِدُ عَرْقًا سَمِينًا، أَوْ مِرْمَاتَيْنِ حَسَنَتَيْنِ، لَشَهِدَ الْعِشَاءَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жаным қолында болған Аллаға ант етемін! Отын жинауды бұйырып, отын жиналғаннан кейін намазға азан айтуды бұйырып, содан соң бір адамды жамағатқа имам етіп қойып, намазға келмеген адамдардың үйлеріне барып, үйлерін өздерімен бірге өртеп жіберуді ойладым. Жаным қолында болған Аллаға ант етемін! Егер олардың бірі мешітке келгенде майлы жілік немесе қойдың бақайларының арасындағы еттің екі жақсы кесегі табатынын білсе, құптан намазына міндетті түрде келер еді».

بَابُ فَضْلِ صَلَاةِ الْجَمَاعَةِ

18-бапЖамағатпен оқылған намаздың артықшылығы туралы

391
Бұхари, № 391 · Сахих: 645Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «صَلَاةُ الْجَمَاعَةِ تَفْضُلُ صَلَاةَ الْفَذِّ بِسَبْعٍ وَعِشْرِينَ دَرَجَةً».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Жамағатпен оқылған намаз жеке оқылған намаздан жиырма жеті дәреже артық», – деген.

بَابُ فَضْلِ صَلَاةِ الْفَجْرِ فِي جَمَاعَةٍ

19-бапТаң намазын жамағатпен оқудың артықшылығы туралы

392
Бұхари, № 392 · Сахих: 648Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «تَفْضُلُ صَلَاةُ الْجَمِيعِ صَلَاةَ أَحَدِكُمْ وَحْدَهُ، بِخَمْسٍ وَعِشْرِينَ جُزْءًا، وَتَجْتَمِعُ مَلَائِكَةُ اللَّيْلِ وَمَلَائِكَةُ النَّهَارِ فِي صَلَاةِ الْفَجْرِ». ثُمَّ يَقُولُ أَبُو هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «فَاقْرَؤُوا إِنْ شِئْتُمْ: ﴿إِنَّ قُرْآنَ الْفَجْرِ كَانَ مَشْهُودًا﴾» [الْإِسْرَاءِ: 78].

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Жамағатпен оқылған намаз сендердің біріңнің жеке оқыған намазынан жиырма бес есе артық. Түнгі періштелер мен күндізгі періштелер таң намазында бас қосады”, – дегенін естідім», – деген. Содан кейін Әбу Һурайра (р.а.): «Қаласаңдар, мына аятты оқыңдар: “Расында, таң намазына періштелер куә болады” (“Исра”, 78)», – деген.

393
Бұхари, № 393 · Сахих: 651Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَعْظَمُ النَّاسِ أَجْرًا فِي الصَّلَاةِ أَبْعَدُهُمْ، فَأَبْعَدُهُمْ مَمْشًى، وَالَّذِي يَنْتَظِرُ الصَّلَاةَ حَتَّى يُصَلِّيَهَا مَعَ الْإِمَامِ أَعْظَمُ أَجْرًا مِنَ الَّذِي يُصَلِّي، ثُمَّ يَنَامُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұсаның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Намаз үшін ең мол сауап алатындар – мешітке ең алыс жерден жаяу келетіндер. Жүрген жолы алыстаған сайын, алатын сауабы да арта түседі. Намазды имаммен бірге оқу үшін күткен адам намазын оқып алып, кейін ұйықтаған адамнан көбірек сауап алады».

بَابُ فَضْلِ التَّهْجِيرِ إِلَى الظُّهْرِ

20-бапБесін намазына ерте барудың артықшылығы туралы

394
Бұхари, № 394 · Сахих: 652Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بَيْنَمَا رَجُلٌ يَمْشِي بِطَرِيقٍ وَجَدَ غُصْنَ شَوْكٍ عَلَى الطَّرِيقِ فَأَخَّرَهُ، فَشَكَرَ اللَّهُ لَهُ فَغَفَرَ لَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Бір адам жолмен келе жатып, жол үстінде жатқан тікенді бұтақты көріп, оны алып тастады. Алла оның бұл ісіне разы болып, оны кешірді».

395
Бұхари, № 395 · Сахих: 653

ثُمَّ قَالَ: «الشُّهَدَاءُ خَمْسَةٌ: الْمَطْعُونُ، وَالْمَبْطُونُ، وَالْغَرِيقُ، وَصَاحِبُ الْهَدْمِ، وَالشَّهِيدُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): «Шәһидтер бес түрлі: обадан қайтыс болған адам, іш ауруынан қайтыс болған адам, суға батып қайтыс болған адам, үйінді астында қалып қайтыс болған адам және Алла жолында қаза тапқан адам», – деді.

بَابُ اِحْتِسَابِ الْآثَارِ

21-бапБасқан қадамдарының сауабын үміт ету туралы

396
Бұхари, № 396 · Сахих: 656Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ بَنِي سَلَمَةَ أَرَادُوا أَنْ يَتَحَوَّلُوا عَنْ مَنَازِلِهِمْ فَيَنْزِلُوا قَرِيبًا مِنَ النَّبِيِّ ﷺ. قَالَ: فَكَرِهَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ يُعْرُوا الْمَدِينَةَ، فَقَالَ: «أَلَا تَحْتَسِبُونَ آثَارَكُمْ؟»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Бәну Сәләмә өз мекендерінен көшіп, Пайғамбарға (с.а.с.) жақынырақ жерге қоныстануды қалады. Алайда Алла Елшісі (с.а.с.) олардың көшіп кетіп, Мәдинаның сол бөлігін иен қалдыруын ұнатпады. Сондықтан: “Басқан қадамдарың үшін сауаптан үміт етпейсіңдер ме?” – деді».

بَابُ فَضْلِ الْعِشَاءِ فِي الْجَمَاعَةِ

22-бапҚұптан намазын жамағатпен оқудың артықшылығы туралы

397
Бұхари, № 397 · Сахих: 657Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَيْسَ صَلَاةٌ أَثْقَلَ عَلَى الْمُنَافِقِينَ مِنَ الْفَجْرِ وَالْعِشَاءِ، وَلَوْ يَعْلَمُونَ مَا فِيهِمَا لَأَتَوْهُمَا وَلَوْ حَبْوًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Мұнафықтарға таң намазы мен құптан намазынан ауыр намаз жоқ. Егер олар бұл екі намазда қандай сауап бар екенін білгенде, сол екі намазға еңбектеп болса да келер еді».

بَابُ مَنْ جَلَسَ فِي الْمَسْجِدِ يَنْتَظِرُ الصَّلَاةَ وَفَضْلِ الْمَسَاجِدِ

23-бапМешітте намазды күтіп отырған адам және мешіттердің артықшылығы туралы

398
Бұхари, № 398 · Сахих: 660Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «سَبْعَةٌ يُظِلُّهُمُ اللَّهُ فِي ظِلِّهِ، يَوْمَ لَا ظِلَّ إِلَّا ظِلُّهُ: الْإِمَامُ الْعَادِلُ، وَشَابٌّ نَشَأَ فِي عِبَادَةِ رَبِّهِ، وَرَجُلٌ قَلْبُهُ مُعَلَّقٌ فِي الْمَسَاجِدِ، وَرَجُلَانِ تَحَابَّا فِي اللَّهِ اِجْتَمَعَا عَلَيْهِ وَتَفَرَّقَا عَلَيْهِ، وَرَجُلٌ طَلَبَتْهُ امْرَأَةٌ ذَاتُ مَنْصِبٍ وَجَمَالٍ، فَقَالَ: “إِنِّي أَخَافُ اللَّهَ”، وَرَجُلٌ تَصَدَّقَ، أَخْفَى حَتَّى لَا تَعْلَمَ شِمَالُهُ مَا تُنْفِقُ يَمِينُهُ، وَرَجُلٌ ذَكَرَ اللَّهَ خَالِيًا فَفَاضَتْ عَيْنَاهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Алла Өзінің көлеңкесінен басқа ешбір көлеңке болмайтын күні жеті түрлі адамды Өз көлеңкесіне паналатады: әділ басшы; Раббысына құлшылық етіп өскен жас; жүрегі мешіттерге байланып тұрған адам; Алла разылығы үшін бір-бірін жақсы көріп, сол сүйіспеншілікпен бас қосып, сол сүйіспеншілікпен айырылған екі адам; мәртебелі әрі сұлу әйел өзін шақырғанда: “Мен Алладан қорқамын”, – деген адам; оң қолымен бергенін сол қолы білмейтіндей етіп жасырын садақа берген адам және оңашада Алланы еске алып, көзінен жас төгілген адам».

بَابُ فَضْلِ مَنْ غَدَا إِلَى الْمَسْجِدِ وَمَنْ رَاحَ

24-бапТаңертең және кешке мешітке барған адамның артықшылығы туралы

399
Бұхари, № 399 · Сахих: 662Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَنْ غَدَا إِلَى الْمَسْجِدِ وَرَاحَ، أَعَدَّ اللَّهُ لَهُ نُزُلَهُ مِنَ الْجَنَّةِ كُلَّمَا غَدَا أَوْ رَاحَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Кім таңертең немесе кешке мешітке барса, әр барған сайын Алла оған жәннатта арнайы сыбаға әзірлейді».

بَابُ إِذَا أُقِيمَتِ الصَّلَاةُ فَلَا صَلَاةَ إِلَّا الْمَكْتُوبَةَ

25-бапНамазға қамат айтылғаннан кейін парыз намаздан өзге намаз оқылмайтыны туралы

400
Бұхари, № 400 · Сахих: 663

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَالِكٍ ابْنِ بُحَيْنَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ رَجُلٍ مِنَ الْأَزْدِ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رَأَى رَجُلًا وَقَدْ أُقِيمَتِ الصَّلَاةُ يُصَلِّي رَكْعَتَيْنِ، فَلَمَّا انْصَرَفَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَاثَ بِهِ النَّاسُ، وَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الصُّبْحَ أَرْبَعًا؟ الصُّبْحَ أَرْبَعًا؟»

Қазақша аудармасы

Әзд тайпасынан шыққан, Ибн Бухайна атымен белгілі Абдулла ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Намазға қамат айтылған кезде Алла Елшісі (с.а.с.) екі рәкәғат намаз оқып тұрған бір адамды көрді. Алла Елшісі (с.а.с.) намазын аяқтаған соң, адамдар әлгі адамның айналасына жиналды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) оған: “Таң намазын төрт рәкәғат етіп оқымақсың ба? Таң намазын төрт рәкәғат етіп оқымақсың ба?” – деді».

بَابُ حَدُّ الْمَرِيضِ أَنْ يَشْهَدَ الْجَمَاعَةَ

26-бапНауқастың жамағат намазына қатысу шамасы туралы

401
Бұхари, № 401 · Сахих: 664Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: لَمَّا مَرِضَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَرَضَهُ الَّذِي مَاتَ فِيهِ، فَحَضَرَتِ الصَّلَاةُ، فَأُذِّنَ، فَقَالَ: «مُرُوا أَبَا بَكْرٍ فَلْيُصَلِّ بِالنَّاسِ». فَقِيلَ لَهُ: «إِنَّ أَبَا بَكْرٍ رَجُلٌ أَسِيفٌ، إِذَا قَامَ فِي مَقَامِكَ لَمْ يَسْتَطِعْ أَنْ يُصَلِّيَ بِالنَّاسِ»، وَأَعَادَ فَأَعَادُوا لَهُ، فَأَعَادَ الثَّالِثَةَ، فَقَالَ: «إِنَّكُنَّ صَوَاحِبُ يُوسُفَ، مُرُوا أَبَا بَكْرٍ فَلْيُصَلِّ بِالنَّاسِ». فَخَرَجَ أَبُو بَكْرٍ فَصَلَّى، فَوَجَدَ النَّبِيُّ ﷺ مِنْ نَفْسِهِ خِفَّةً، فَخَرَجَ يُهَادَى بَيْنَ رَجُلَيْنِ، كَأَنِّي أَنْظُرُ رِجْلَيْهِ تَخُطَّانِ مِنَ الْوَجَعِ، فَأَرَادَ أَبُو بَكْرٍ أَنْ يَتَأَخَّرَ، فَأَوْمَأَ إِلَيْهِ النَّبِيُّ ﷺ أَنْ «مَكَانَكَ»، ثُمَّ أُتِيَ بِهِ حَتَّى جَلَسَ إِلَى جَنْبِهِ، وَكَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُصَلِّي وَأَبُو بَكْرٍ يُصَلِّي بِصَلَاتِهِ، وَالنَّاسُ يُصَلُّونَ بِصَلَاةِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ.

وَفِي رِوَايَةٍ: «جَلَسَ عَنْ يَسَارِ أَبِي بَكْرٍ، فَكَانَ أَبُو بَكْرٍ يُصَلِّي قَائِمًا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) қайтыс болар алдындағы науқастығына шалдыққан кезде, намаз уақыты кіріп, азан айтылды. Ол: “Әбу Бәкірге айтыңдар, адамдарға намаз оқытсын”, – деді. Оған: “Әбу Бәкір – жүрегі жұмсақ, көңілі бос адам. Сіздің орныңызға тұрса, адамдарға намаз оқыта алмайды”, – делінді. Пайғамбар (с.а.с.) сөзін қайталады, олар да әлгі сөздерін тағы айтты. Ол үшінші рет: “Сендер Жүсіптің қасындағы әйелдер секілдісіңдер! Әбу Бәкірге айтыңдар, адамдарға намаз оқытсын”, – деді. Әбу Бәкір шығып, адамдарға намаз оқыта бастады. Осы кезде Пайғамбар (с.а.с.) бойынан аздап жеңілдік сезіп, екі адамның сүйемелдеуімен шықты. Ауырғандықтан оның аяқтары жерге сүйретіліп бара жатқаны әлі күнге көз алдымда. Әбу Бәкір кейін шегінбек болғанда, Пайғамбар (с.а.с.) оған орнында қалсын деген ишара жасады. Содан кейін Пайғамбарды (с.а.с.) алып келіп, Әбу Бәкірдің жанына отырғызды. Пайғамбар (с.а.с.) намаз оқыды, Әбу Бәкір оған ұйып, ал адамдар Әбу Бәкірге ұйып оқыды».

Басқа бір риуаятта: «Ол Әбу Бәкірдің сол жағына отырды, ал Әбу Бәкір намазын түрегеп тұрып оқыды», – деп берілген.

402
Бұхари, № 402 · Сахих: 665Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا فِي رِوَايَةٍ قَالَتْ: لَمَّا ثَقُلَ النَّبِيُّ ﷺ وَاشْتَدَّ وَجَعُهُ، اِسْتَأْذَنَ أَزْوَاجَهُ أَنْ يُمَرَّضَ فِي بَيْتِي، فَأَذِنَّ لَهُ، وَبَاقِي الْحَدِيثِ تَقَدَّمَ آنِفًا.

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) жеткен басқа бір риуаятта ол: «Пайғамбардың (с.а.с.) науқасы асқынып, хәлі ауырлаған кезде, жұбайларынан менің үйімде күтім көруге рұқсат сұрады. Олар оған рұқсат берді», – деген. Хадистің қалған бөлігі осыдан сәл бұрын баяндалған.

بَابُ هَلْ يُصَلِّي الْإِمَامُ بِمَنْ حَضَرَ؟ وَهَلْ يَخْطُبُ يَوْمَ الْجُمُعَةِ فِي الْمَطَرِ؟

27-бапИмамның келген адамдарға намаз оқытуы және жаңбырлы күні жұма құтбасын оқуы туралы

403
Бұхари, № 403 · Сахих: 668Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ خَطَبَ النَّاسَ فِي يَوْمٍ ذِي رَدْغٍ، فَأَمَرَ الْمُؤَذِّنَ لَمَّا بَلَغَ «حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ» قَالَ: «قُلْ: “الصَّلَاةُ فِي الرِّحَالِ”»، فَنَظَرَ بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْضٍ، فَكَأَنَّهُمْ أَنْكَرُوا، فَقَالَ: «كَأَنَّكُمْ أَنْكَرْتُمْ هَذَا، إِنَّ هَذَا فَعَلَهُ مَنْ هُوَ خَيْرٌ مِنِّي» – يَعْنِي النَّبِيَّ ﷺ – «إِنَّهَا عَزْمَةٌ، وَإِنِّي كَرِهْتُ أَنْ أُحْرِجَكُمْ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жер лайсаң болған бір күні адамдарға құтба оқыды. Азаншы «Хайя ғалас-салаһ» деген жерге жеткенде, оған: «Намазды тұрған орындарыңда оқыңдар», – деп айтуды бұйырды. Сонда адамдар бір-біріне қарап, мұны құптамағандай болды. Ибн Аббас: «Сендер мұны құптамаған секілдісіңдер. Мұны менен де абзал адам, яғни Пайғамбар (с.а.с.) жасаған. Расында, жұма намазы – міндетті ғибадат. Ал мен сендерді қиындыққа салғым келмеді», – деді.

404
Бұхари, № 404 · Сахих: 670Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ: «إِنِّي لَا أَسْتَطِيعُ الصَّلَاةَ مَعَكَ»، وَكَانَ رَجُلًا ضَخْمًا، فَصَنَعَ لِلنَّبِيِّ ﷺ طَعَامًا، فَدَعَاهُ إِلَى مَنْزِلِهِ، فَبَسَطَ لَهُ حَصِيرًا، وَنَضَحَ طَرَفَ الْحَصِيرِ، صَلَّى عَلَيْهِ رَكْعَتَيْنِ، فَقَالَ رَجُلٌ مِنْ آلِ الْجَارُودِ لِأَنَسٍ: «أَكَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُصَلِّي الضُّحَى؟» قَالَ: «مَا رَأَيْتُهُ صَلَّاهَا إِلَّا يَوْمَئِذٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Ансарлардың бір адамы: “Мен сізбен бірге намаз оқуға шамам келмейді”, – деді. Ол денелі адам еді. Содан кейін Пайғамбарға (с.а.с.) арнап тамақ дайындап, оны үйіне шақырды. Оған бойра төсеп, оның бір шетіне су септі. Пайғамбар (с.а.с.) оның үстінде екі рәкәғат намаз оқыды». Әнәстен: «Пайғамбар (с.а.с.) духа намазын оқитын ба еді?» – деп сұралды. Ол: «Оның бұл намазды сол күннен басқа кезде оқығанын көрген емеспін», – деп жауап берді.

بَابُ إِذَا حَضَرَ الطَّعَامُ وَأُقِيمَتِ الصَّلَاةُ

28-бапАс әзір тұрғанда намазға қамат айтылуы туралы

405
Бұхари, № 405 · Сахих: 672Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا قُدِّمَ الْعَشَاءُ، فَابْدَؤُوا بِهِ قَبْلَ أَنْ تُصَلُّوا صَلَاةَ الْمَغْرِبِ، وَلَا تَعْجَلُوا عَنْ عَشَائِكُمْ».

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Кешкі ас ұсынылса, ақшам намазын оқымай тұрып алдымен астан бастаңдар. Кешкі астарыңды асығыс ішпеңдер», – деген.

بَابُ مَنْ كَانَ فِي حَاجَةِ أَهْلِهِ فَأُقِيمَتِ الصَّلَاةُ فَخَرَجَ

29-бапОтбасының шаруасымен айналысып жүргенде қамат айтылса, намазға шығу туралы

406
Бұхари, № 406 · Сахих: 676Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا سُئِلَتْ: «مَا كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَصْنَعُ فِي بَيْتِهِ؟» قَالَتْ: «كَانَ يَكُونُ فِي مِهْنَةِ أَهْلِهِ» – تَعْنِي خِدْمَةَ أَهْلِهِ – «فَإِذَا حَضَرَتِ الصَّلَاةُ خَرَجَ إِلَى الصَّلَاةِ».

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) үйінде не істейтін?» – деп сұралды. Ол: «Отбасының шаруасына көмектесіп, оларға қызмет ететін. Ал намаз уақыты келгенде, намазға шығатын», – деді.

بَابُ مَنْ صَلَّى بِالنَّاسِ وَهُوَ لَا يُرِيدُ إِلَّا أَنْ يُعَلِّمَهُمْ صَلَاةَ النَّبِيِّ ﷺ وَسُنَّتَهُ

30-бапАдамдарға Пайғамбардың (с.а.с.) намазы мен сүннетін үйрету мақсатымен имам болып намаз оқыту туралы

407
Бұхари, № 407 · Сахих: 677Риуаят етуші: Мәлик ибн әл-Хуәйрис (р.а.)

عَنْ مَالِكِ بْنِ الْحُوَيْرِثِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «إِنِّي لَأُصَلِّي بِكُمْ وَمَا أُرِيدُ الصَّلَاةَ، أُصَلِّي كَيْفَ رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ يُصَلِّي».

Қазақша аудармасы

Мәлик ибн әл-Хуәйрис (р.а.) былай деген: «Мен сендерге намаз оқытып тұрмын. Мұндағы мақсатым – жай ғана намаз оқу емес, Пайғамбардың (с.а.с.) намазды қалай оқығанын көрсету».

بَابُ أَهْلُ الْعِلْمِ وَالْفَضْلِ أَحَقُّ بِالْإِمَامَةِ

31-бапБілімді әрі ізгі адамдардың имам болуға көбірек лайық екені туралы

408
Бұхари, № 408 · Сахих: 679Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا حَدِيثُ «مُرُوا أَبَا بَكْرٍ يُصَلِّي بِالنَّاسِ» تَقَدَّمَ، وَفِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ قَالَتْ: قُلْتُ: «إِنَّ أَبَا بَكْرٍ إِذَا قَامَ فِي مَقَامِكَ لَمْ يُسْمِعِ النَّاسَ مِنَ الْبُكَاءِ، فَمُرْ عُمَرَ فَلْيُصَلِّ لِلنَّاسِ»، فَقَالَتْ عَائِشَةُ: فَقُلْتُ لِحَفْصَةَ: «قُولِي لَهُ: “إِنَّ أَبَا بَكْرٍ إِذَا قَامَ فِي مَقَامِكَ لَمْ يُسْمِعِ النَّاسَ مِنَ الْبُكَاءِ، فَمُرْ عُمَرَ فَلْيُصَلِّ لِلنَّاسِ”»، فَفَعَلَتْ حَفْصَةُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَهْ، إِنَّكُنَّ لَأَنْتُنَّ صَوَاحِبُ يُوسُفَ، مُرُوا أَبَا بَكْرٍ فَلْيُصَلِّ لِلنَّاسِ». فَقَالَتْ حَفْصَةُ لِعَائِشَةَ: «مَا كُنْتُ لِأُصِيبَ مِنْكِ خَيْرًا».

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) жеткен «Әбу Бәкірге айтыңдар, адамдарға намаз оқытсын» деген хадис бұрын баяндалды. Осы риуаятта Айша былай деген: «Мен: “Әбу Бәкір сіздің орныңызға тұрса, жылағаннан даусын адамдарға естірте алмайды. Сондықтан Омарға бұйырыңыз, адамдарға намазды сол оқытсын”, – дедім. Содан кейін Хафсаға: “Оған: ‘Әбу Бәкір сіздің орныңызға тұрса, жылағаннан даусын адамдарға естірте алмайды. Сондықтан Омарға бұйырыңыз, адамдарға намазды сол оқытсын’, – деп айт”, – дедім. Хафса солай айтты. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Қойыңдар! Сендер Жүсіптің қасындағы әйелдер секілдісіңдер! Әбу Бәкірге айтыңдар, адамдарға намаз оқытсын”, – деді».

Сонда Хафса Айшаға: «Сенен маған қайбір жақсылық болсын!» – деді.

409
Бұхари, № 409 · Сахих: 680Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ أَبَا بَكْرٍ كَانَ يُصَلِّي لَهُمْ فِي وَجَعِ النَّبِيِّ ﷺ الَّذِي تُوُفِّيَ فِيهِ، حَتَّى إِذَا كَانَ يَوْمُ الِاثْنَيْنِ وَهُمْ صُفُوفٌ فِي الصَّلَاةِ، فَكَشَفَ النَّبِيُّ ﷺ سِتْرَ الْحُجْرَةِ يَنْظُرُ إِلَيْنَا وَهُوَ قَائِمٌ كَأَنَّ وَجْهَهُ وَرَقَةُ مُصْحَفٍ، ثُمَّ تَبَسَّمَ يَضْحَكُ، فَهَمَمْنَا أَنْ نَفْتَتِنَ مِنَ الْفَرَحِ بِرُؤْيَةِ النَّبِيِّ ﷺ، فَنَكَصَ أَبُو بَكْرٍ عَلَى عَقِبَيْهِ لِيَصِلَ الصَّفَّ، وَظَنَّ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ خَارِجٌ إِلَى الصَّلَاةِ، فَأَشَارَ إِلَيْنَا النَّبِيُّ ﷺ أَنْ «أَتِمُّوا صَلَاتَكُمْ»، وَأَرْخَى السِّتْرَ، فَتُوُفِّيَ مِنْ يَوْمِهِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) қайтыс болар алдындағы сырқаты кезінде Әбу Бәкір адамдарға намаз оқытып жүрді. Дүйсенбі күні біз намаз үшін сап түзеп тұрғанымызда, Пайғамбар (с.а.с.) бөлменің пердесін ашып, түрегеп тұрған күйі бізге қарады. Оның жүзі Құран парағындай ажарлы еді. Содан кейін күлімсірей күлді. Пайғамбарды (с.а.с.) көргендегі қуанышымыздан намазымыздан жаңылып кете жаздадық. Әбу Бәкір Пайғамбар (с.а.с.) намазға шығатын шығар деп ойлап, сапқа қосылу үшін өкшесімен кейін қарай шегінді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) бізге намазымызды толық аяқтауды қолымен ишара етті де, пердені түсірді. Ол (с.а.с.) сол күні қайтыс болды».

بَابُ مَنْ دَخَلَ لِيَؤُمَّ النَّاسَ فَجَاءَ الْإِمَامُ الْأَوَّلُ

32-бапБіреу адамдарға имам болуға кіріскенде алғашқы имамның келуі туралы

410
Бұхари, № 410 · Сахих: 684Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ ذَهَبَ إِلَى بَنِي عَمْرِو بْنِ عَوْفٍ لِيُصْلِحَ بَيْنَهُمْ، فَحَانَتِ الصَّلَاةُ، فَجَاءَ الْمُؤَذِّنُ إِلَى أَبِي بَكْرٍ، فَقَالَ: «أَتُصَلِّي لِلنَّاسِ فَأُقِيمَ؟» قَالَ: «نَعَمْ». فَصَلَّى أَبُو بَكْرٍ، فَجَاءَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَالنَّاسُ فِي الصَّلَاةِ، فَتَخَلَّصَ حَتَّى وَقَفَ فِي الصَّفِّ، فَصَفَّقَ النَّاسُ، وَكَانَ أَبُو بَكْرٍ لَا يَلْتَفِتُ فِي صَلَاتِهِ، فَلَمَّا أَكْثَرَ النَّاسُ التَّصْفِيقَ اِلْتَفَتَ، فَرَأَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَأَشَارَ إِلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنِ «اُمْكُثْ مَكَانَكَ».

فَرَفَعَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَدَيْهِ، فَحَمِدَ اللَّهَ عَلَى مَا أَمَرَهُ بِهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ ذَلِكَ، ثُمَّ اِسْتَأْخَرَ أَبُو بَكْرٍ حَتَّى اِسْتَوَى فِي الصَّفِّ، وَتَقَدَّمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَصَلَّى.

فَلَمَّا انْصَرَفَ قَالَ: «يَا أَبَا بَكْرٍ، مَا مَنَعَكَ أَنْ تَثْبُتَ إِذْ أَمَرْتُكَ؟» فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: «مَا كَانَ لِابْنِ أَبِي قُحَافَةَ أَنْ يُصَلِّيَ بَيْنَ يَدَيْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ»، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا لِي رَأَيْتُكُمْ أَكْثَرْتُمُ التَّصْفِيقَ؟ مَنْ رَابَهُ شَيْءٌ فِي صَلَاتِهِ، فَلْيُسَبِّحْ؛ فَإِنَّهُ إِذَا سَبَّحَ اُلْتُفِتَ إِلَيْهِ، وَإِنَّمَا التَّصْفِيقُ لِلنِّسَاءِ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд әс-Сағидидің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) Амр ибн Ауф ұрпақтарының арасын татуластыру үшін соларға барды. Намаз уақыты кіргенде, азаншы Әбу Бәкірге келіп: «Адамдарға намаз оқытасыз ба? Қамат айтайын ба?» – деп сұрады. Әбу Бәкір: «Иә», – деді де, адамдарға намаз оқыта бастады. Адамдар намаз оқып жатқан кезде Алла Елшісі (с.а.с.) келіп, олардың арасынан өтіп, сапқа барып тұрды. Сонда адамдар қол соға бастады. Әбу Бәкір намаз үстінде артына бұрылып қарамайтын еді. Адамдар қол соғуды көбейткен кезде, ол артына бұрылып, Алла Елшісін (с.а.с.) көрді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Орныңда қала бер», – деп ишара жасады.

Сонда Әбу Бәкір (р.а.) қолдарын көтеріп, Алла Елшісінің (с.а.с.) өзіне орнында қалуды бұйырғаны үшін Аллаға мадақ айтты. Содан кейін саппен теңескенше кейін шегінді. Алла Елшісі (с.а.с.) алға шығып, адамдарға намаз оқытты.

Намаз аяқталғаннан кейін ол (с.а.с.): «Уа, Әбу Бәкір! Мен саған орныңда қалуды бұйырғанда, неге сол жерде қалмадың?» – деп сұрады. Әбу Бәкір: «Әбу Құхафаның ұлына Алла Елшісінің (с.а.с.) алдында тұрып, адамдарға намаз оқыту лайық емес», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Неліктен сонша көп қол соқтыңдар? Намаз үстінде біреуге әлдене күмән туғызса, “Субханаллаһ” десін. Ол “Субханаллаһ” деген кезде, оған назар аударылады. Ал қол соғу әйелдерге арналған», – деді.

بَابُ إِنَّمَا جُعِلَ الْإِمَامُ لِيُؤْتَمَّ بِهِ

33-бапИмамның оған ұю үшін тағайындалғаны туралы

411
Бұхари, № 411 · Сахих: 687Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: لَمَّا ثَقُلَ النَّبِيُّ ﷺ فَقَالَ: «أَصَلَّى النَّاسُ؟» قُلْنَا: «لَا، يَا رَسُولَ اللَّهِ، هُمْ يَنْتَظِرُونَكَ». قَالَ: «ضَعُوا لِي مَاءً فِي الْمِخْضَبِ». قَالَتْ: فَفَعَلْنَا، فَاغْتَسَلَ، فَذَهَبَ لِيَنُوءَ فَأُغْمِيَ عَلَيْهِ، ثُمَّ أَفَاقَ، فَقَالَ ﷺ: «أَصَلَّى النَّاسُ؟» قُلْنَا: «لَا، هُمْ يَنْتَظِرُونَكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «ضَعُوا لِي مَاءً فِي الْمِخْضَبِ». قَالَتْ: فَقَعَدَ فَاغْتَسَلَ، ثُمَّ ذَهَبَ لِيَنُوءَ فَأُغْمِيَ عَلَيْهِ، ثُمَّ أَفَاقَ، فَقَالَ: «أَصَلَّى النَّاسُ؟» قُلْنَا: «لَا، هُمْ يَنْتَظِرُونَكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ»، فَقَالَ: «ضَعُوا لِي مَاءً فِي الْمِخْضَبِ»، فَقَعَدَ، فَاغْتَسَلَ، ثُمَّ ذَهَبَ لِيَنُوءَ فَأُغْمِيَ عَلَيْهِ، ثُمَّ أَفَاقَ فَقَالَ: «أَصَلَّى النَّاسُ؟» فَقُلْنَا: «لَا، هُمْ يَنْتَظِرُونَكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ».

وَالنَّاسُ عُكُوفٌ فِي الْمَسْجِدِ، يَنْتَظِرُونَ النَّبِيَّ ﷺ لِصَلَاةِ الْعِشَاءِ الْآخِرَةِ، فَأَرْسَلَ النَّبِيُّ ﷺ إِلَى أَبِي بَكْرٍ بِأَنْ يُصَلِّيَ بِالنَّاسِ، فَأَتَاهُ الرَّسُولُ فَقَالَ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَأْمُرُكَ أَنْ تُصَلِّيَ بِالنَّاسِ»، فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ – وَكَانَ رَجُلًا رَقِيقًا –: «يَا عُمَرُ، صَلِّ بِالنَّاسِ»، فَقَالَ لَهُ عُمَرُ: «أَنْتَ أَحَقُّ بِذَلِكَ»، فَصَلَّى أَبُو بَكْرٍ تِلْكَ الْأَيَّامَ، وَبَاقِي الْحَدِيثِ تَقَدَّمَ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) дерті күшейген кезде, ол: “Адамдар намаз оқыды ма?” – деп сұрады. Біз: “Жоқ, уа, Расулалла! Олар сізді күтіп отыр”, – дедік. Ол: “Маған легенге су құйыңдар”, – деді. Біз солай істедік. Ол ғұсыл алды да, орнынан тұрмақ болғанда есінен танып қалды. Кейін есін жиып: “Адамдар намаз оқыды ма?” – деп сұрады. Біз: “Жоқ, уа, Расулалла! Олар сізді күтіп отыр”, – дедік. Ол: “Маған легенге су құйыңдар”, – деді. Содан кейін отырып ғұсыл алды да, орнынан тұрмақ болғанда қайтадан есінен танып қалды. Кейін есін жиып: “Адамдар намаз оқыды ма?” – деп сұрады. Біз: “Жоқ, уа, Расулалла! Олар сізді күтіп отыр”, – дедік. Ол тағы да: “Маған легенге су құйыңдар”, – деді. Содан кейін отырып ғұсыл алды да, орнынан тұрмақ болғанда тағы да есінен танып қалды. Кейін есін жиып: “Адамдар намаз оқыды ма?” – деп сұрады. Біз: “Жоқ, уа, Расулалла! Олар сізді күтіп отыр”, – дедік.

Адамдар мешітте отырып, Пайғамбардың (с.а.с.) құптан намазына шығуын күтіп отырған еді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) Әбу Бәкірге кісі жіберіп, адамдарға намаз оқытуды бұйырды. Әлгі елші Әбу Бәкірге келіп: “Алла Елшісі (с.а.с.) сізге адамдарға намаз оқытуды бұйырды”, – деді. Жүрегі жұмсақ адам болған Әбу Бәкір: “Уа, Омар! Адамдарға сен намаз оқыт”, – деді. Омар оған: “Бұған сен лайықтырақсың”, – деп жауап берді. Сөйтіп, сол күндері Әбу Бәкір адамдарға намаз оқытты». Хадистің қалған бөлігі бұрын баяндалды.

412
Бұхари, № 412 · Сахих: 688Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا حَدِيثُ صَلَاةِ النَّبِيِّ ﷺ فِي بَيْتِهِ وَهُوَ شَاكٍ تَقَدَّمَ، وَفِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ قَالَ: «وَإِذَا صَلَّى جَالِسًا فَصَلُّوا جُلُوسًا».

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) жеткен, Пайғамбардың (с.а.с.) науқас кезінде үйінде намаз оқығаны туралы хадис бұрын баяндалды. Осы риуаятта ол (с.а.с.): «Имам отырып намаз оқыса, сендер де отырып оқыңдар», – деген.

بَابُ مَتَى يَسْجُدُ مَنْ خَلْفَ الْإِمَامِ؟

34-бапИмамның артындағылардың қашан сәжде жасайтыны туралы

413
Бұхари, № 413 · Сахих: 690Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا قَالَ: «سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ»، لَمْ يَحْنِ أَحَدٌ مِنَّا ظَهْرَهُ، حَتَّى يَقَعَ النَّبِيُّ ﷺ سَاجِدًا، ثُمَّ نَقَعُ سُجُودًا بَعْدَهُ.

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Алла Өзін мадақтағанды естіді”, – дегенде, ол (с.а.с.) сәждеге толық түспейінше, ешқайсымыз арқамызды имейтінбіз. Содан кейін ғана оның артынан сәждеге түсетінбіз».

بَابُ إِثْمِ مَنْ رَفَعَ رَأْسَهُ قَبْلَ الْإِمَامِ

35-бапИмамнан бұрын басын көтерген адамның күнәсі туралы

414
Бұхари, № 414 · Сахих: 691Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «أَمَا يَخْشَى أَحَدُكُمْ – أَوْ لَا يَخْشَى أَحَدُكُمْ – إِذَا رَفَعَ رَأْسَهُ قَبْلَ الْإِمَامِ، أَنْ يَجْعَلَ اللَّهُ رَأْسَهُ رَأْسَ حِمَارٍ، أَوْ يَجْعَلَ اللَّهُ صُورَتَهُ صُورَةَ حِمَارٍ؟»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Сендердің бірің имамнан бұрын басын көтергенде, Алла оның басын есектің басына немесе бейнесін есектің бейнесіне айналдырып жібереді деп қорықпай ма?» – дегенін жеткізген.

بَابُ إِمَامَةِ الْعَبْدِ وَالْمَوْلَى

36-бапҚұл мен азат етілген құлдың имам болуы туралы

415
Бұхари, № 415 · Сахих: 693Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «اِسْمَعُوا وَأَطِيعُوا وَإِنِ اُسْتُعْمِلَ حَبَشِيٌّ كَأَنَّ رَأْسَهُ زَبِيبَةٌ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Басы мейізге ұқсаған хабаш сендерге басшы болып тағайындалса да, оны тыңдап, оған бағыныңдар», – дегенін жеткізген.

بَابُ إِذَا لَمْ يُتِمَّ الْإِمَامُ وَأَتَمَّ مَنْ خَلْفَهُ

37-бапИмам намазды толық орындамай, оған ұйығандардың толық орындауы туралы

416
Бұхари, № 416 · Сахих: 694Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يُصَلُّونَ لَكُمْ، فَإِنْ أَصَابُوا فَلَكُمْ، وَإِنْ أَخْطَؤُوا فَلَكُمْ وَعَلَيْهِمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Олар сендерге намаз оқытады. Егер дұрыс оқытса, оның сауабы сендерге де тиесілі. Ал қателессе, сендерге сауап жазылады, ал қателіктің күнәсі солардың мойнында қалады».

بَابُ يَقُومُ عَنْ يَمِينِ الْإِمَامِ بِحِذَائِهِ سَوَاءً إِذَا كَانَا اِثْنَيْنِ

38-бапЕкеу ғана болғанда имамның оң жағына, онымен қатар тұру туралы

417
Бұхари, № 417 · Сахих: 698Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا حَدِيثُ مَبِيتِهِ فِي بَيْتِ خَالَتِهِ تَقَدَّمَ، وَفِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ قَالَ: «ثُمَّ نَامَ حَتَّى نَفَخَ – وَكَانَ إِذَا نَامَ نَفَخَ – ثُمَّ أَتَاهُ الْمُؤَذِّنُ، فَخَرَجَ فَصَلَّى وَلَمْ يَتَوَضَّأْ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) нағашы әпкесінің үйінде түнегені туралы хадис бұрын баяндалды. Осы риуаятта ол: «Содан кейін ұйықтап, қорылдай бастады. Ол ұйықтағанда қорылдайтын еді. Кейін оған азаншы келді. Ол сыртқа шығып, дәрет алмастан намаз оқыды», – деген.

بَابُ إِذَا طَوَّلَ الْإِمَامُ وَكَانَ لِلرَّجُلِ حَاجَةٌ فَخَرَجَ فَصَلَّى

39-бапИмам намазды ұзақ оқығанда, бір адамның қажетіне байланысты жамағаттан шығып, намазын жеке оқуы туралы

418
Бұхари, № 418 · Сахих: 701Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ مُعَاذُ بْنُ جَبَلٍ يُصَلِّي مَعَ النَّبِيِّ ﷺ، ثُمَّ يَرْجِعُ، فَيَؤُمُّ قَوْمَهُ، فَصَلَّى الْعِشَاءَ، فَقَرَأَ بِالْبَقَرَةِ، فَانْصَرَفَ رَجُلٌ، فَكَأَنَّ مُعَاذًا تَنَاوَلَ مِنْهُ، فَبَلَغَ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: «فَتَّانٌ، فَتَّانٌ، فَتَّانٌ»، ثَلَاثَ مِرَارٍ، وَأَمَرَهُ بِسُورَتَيْنِ مِنْ أَوْسَطِ الْمُفَصَّلِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Мұғаз ибн Жәбәл Пайғамбармен (с.а.с.) бірге намаз оқитын. Содан кейін қайтып барып, өз қауымына имам болып намаз оқытатын. Бірде ол құптан намазын оқытып, “Бақара” сүресін оқи бастады. Сонда бір адам намаздан шығып кетті. Мұғаз ол туралы айыптай сөйлегендей болды. Бұл хабар Пайғамбарға (с.а.с.) жеткенде, ол: “Сен адамдарды қиындыққа салушысың!” – деген сөзін үш рет қайталады. Содан кейін оған “Муфассал” сүрелерінің орта тұсындағы екі сүрені оқуды бұйырды».

بَابُ تَخْفِيفِ الْإِمَامِ فِي الْقِيَامِ وَإِتْمَامِ الرُّكُوعِ وَالسُّجُودِ

40-бапИмамның қиямды жеңілдетіп, рукуғ пен сәждені толық орындауы туралы

419
Бұхари, № 419 · Сахих: 702Риуаят етуші: Әбу Масғуд (р.а.)

عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَجُلًا قَالَ: «وَاللَّهِ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي لَأَتَأَخَّرُ عَنْ صَلَاةِ الْغَدَاةِ مِنْ أَجْلِ فُلَانٍ مِمَّا يُطِيلُ بِنَا»، فَمَا رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِي مَوْعِظَةٍ أَشَدَّ غَضَبًا مِنْهُ يَوْمَئِذٍ، ثُمَّ قَالَ: «إِنَّ مِنْكُمْ مُنَفِّرِينَ، فَأَيُّكُمْ مَا صَلَّى بِالنَّاسِ فَلْيَتَجَوَّزْ، فَإِنَّ فِيهِمُ الضَّعِيفَ وَالْكَبِيرَ وَذَا الْحَاجَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мәсғуд (р.а.) былай деген: «Бір адам: “Уа, Расулалла! Алланың атымен ант етемін, пәленше бізге намазды тым ұзақ оқытатындықтан, таң намазына кешігіп барамын”, – деді. Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) насихат айтқан кезінде дәл сол күнгідей қатты ашуланғанын көрмедім. Содан кейін ол (с.а.с.): “Араларыңда адамдарды үркітіп, намаздан алыстататындар бар. Кім адамдарға имам болып намаз оқытса, намазды жеңілдетсін. Өйткені олардың арасында әлсізі де, жасы үлкені де, шаруасы бар адам да болады”, – деді».

420
Бұхари, № 420 · Сахих: 705Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِيهِ حَدِيثُ مُعَاذٍ، وَأَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ لَهُ: «فَلَوْلَا صَلَّيْتَ بِـ“سَبِّحِ اسْمَ رَبِّكَ”، وَ“الشَّمْسِ وَضُحَاهَا”، وَ“اللَّيْلِ إِذَا يَغْشَى”».

Қазақша аудармасы

Жәбирден (р.а.) жеткен осы риуаятта Мұғаз туралы хадис баяндалып, Пайғамбардың (с.а.с.) оған: «“Ағла”, “Шәмс” және “Ләйл” сүрелерін оқып, намаз оқытсаң болмас па еді?» – дегені келтірілген.

بَابُ الْإِيجَازِ فِي الصَّلَاةِ وَإِكْمَالِهَا

41-бапНамазды қысқа әрі толық оқу туралы

421
Бұхари, № 421 · Сахих: 706Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُوجِزُ الصَّلَاةَ وَيُكْمِلُهَا».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) намазды қысқа оқытатын әрі оны толық орындайтын».

بَابُ مَنْ أَخَفَّ الصَّلَاةَ عِنْدَ بُكَاءِ الصَّبِيِّ

42-бапСәбидің жылағанын естігенде намазды жеңілдеткен адам туралы

422
Бұхари, № 422 · Сахих: 707Риуаят етуші: Әбу Қатада (р.а.)

عَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنِّي لَأَقُومُ فِي الصَّلَاةِ أُرِيدُ أَنْ أُطَوِّلَ فِيهَا، فَأَسْمَعُ بُكَاءَ الصَّبِيِّ، فَأَتَجَوَّزُ فِي صَلَاتِي كَرَاهِيَةَ أَنْ أَشُقَّ عَلَى أُمِّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Қатаданың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Кейде намазға тұрып, оны ұзақ оқығым келеді. Алайда сәбидің жылағанын естігенде, анасына ауырлық түсіруді қаламай, намазымды қысқартамын».

بَابُ تَسْوِيَةِ الصُّفُوفِ عِنْدَ الْإِقَامَةِ

43-бапҚамат айтылған кезде саптарды түзеу туралы

423
Бұхари, № 423 · Сахих: 717Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир (р.а.)

عَنِ النُّعْمَانِ بْنِ بَشِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَتُسَوُّنَّ صُفُوفَكُمْ، أَوْ لَيُخَالِفَنَّ اللَّهُ بَيْنَ وُجُوهِكُمْ».

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәшир (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Саптарыңды міндетті түрде түзеңдер! Әйтпесе Алла жүздеріңді бір-біріне қайшы етеді», – дегенін жеткізген.

بَابُ إِقْبَالِ الْإِمَامِ عَلَى النَّاسِ عِنْدَ تَسْوِيَةِ الصُّفُوفِ

44-бапСаптарды түзеген кезде имамның адамдарға жүзін бұруы туралы

424
Бұхари, № 424 · Сахих: 719Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «أَقِيمُوا صُفُوفَكُمْ، وَتَرَاصُّوا، فَإِنِّي أَرَاكُمْ مِنْ وَرَاءِ ظَهْرِي».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Саптарыңды түзеңдер әрі бір-біріңе тығыз тұрыңдар. Өйткені мен сендерді ту сыртымнан да көремін», – дегенін жеткізген.

بَابُ إِذَا كَانَ بَيْنَ الْإِمَامِ وَبَيْنَ الْقَوْمِ حَائِطٌ أَوْ سِتْرٌ

45-бапИмам мен жамағаттың арасында қабырға немесе бөгет болуы туралы

425
Бұхари, № 425 · Сахих: 729Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُصَلِّي مِنَ اللَّيْلِ فِي حُجْرَتِهِ، وَجِدَارُ الْحُجْرَةِ قَصِيرٌ، فَرَأَى النَّاسُ شَخْصَ النَّبِيِّ ﷺ، فَقَامَ أُنَاسٌ يُصَلُّونَ بِصَلَاتِهِ، فَأَصْبَحُوا فَتَحَدَّثُوا بِذَلِكَ، فَقَامَ اللَّيْلَةَ الثَّانِيَةَ، فَقَامَ مَعَهُ أُنَاسٌ يُصَلُّونَ بِصَلَاتِهِ، صَنَعُوا ذَلِكَ لَيْلَتَيْنِ – أَوْ ثَلَاثَةً – حَتَّى إِذَا كَانَ بَعْدَ ذَلِكَ، جَلَسَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَلَمْ يَخْرُجْ، فَلَمَّا أَصْبَحَ ذَكَرَ ذَلِكَ النَّاسُ، فَقَالَ: «إِنِّي خَشِيتُ أَنْ تُكْتَبَ عَلَيْكُمْ صَلَاةُ اللَّيْلِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) түнде өз бөлмесінде намаз оқитын. Бөлменің қабырғасы аласа болғандықтан, адамдар Пайғамбардың (с.а.с.) сұлбасын көрді. Сонда бірнеше адам тұрып, оған ұйып намаз оқыды. Таң атқан соң, олар бұл жайында жұртқа айтып берді. Екінші түні ол (с.а.с.) қайтадан намазға тұрғанда, бірнеше адам онымен бірге тұрып, оған ұйып намаз оқыды. Олар мұны екі немесе үш түн қайталады. Кейін Алла Елшісі (с.а.с.) үйінде қалып, сыртқа шықпады. Таң атқан соң, адамдар бұл жағдайды сөз етті. Сонда ол (с.а.с.): “Түнгі намаз сендерге парыз болып қала ма деп қорықтым”, – деді».

بَابُ صَلَاةِ اللَّيْلِ

46-бапТүнгі намаз туралы

426
Бұхари, № 426 · Сахих: 731

وَفِي هَذَا الْحَدِيثِ مِنْ رِوَايَةِ زَيْدِ بْنِ ثَابِتٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ ﷺ قَالَ: «قَدْ عَرَفْتُ الَّذِي رَأَيْتُ مِنْ صَنِيعِكُمْ، فَصَلُّوا، أَيُّهَا النَّاسُ، فِي بُيُوتِكُمْ، فَإِنَّ أَفْضَلَ الصَّلَاةِ صَلَاةُ الْمَرْءِ فِي بَيْتِهِ إِلَّا الْمَكْتُوبَةَ».

Қазақша аудармасы

Осы хадистің Зәйд ибн Сәбиттен (р.а.) жеткен нұсқасында Пайғамбар (с.а.с.): «Сендердің не істеп жүргендеріңді көрдім әрі түсіндім. Уа, адамдар! Намаздарыңды үйлеріңде оқыңдар. Өйткені парыз намаздан өзге намаздардың ішіндегі ең абзалы – адамның өз үйінде оқыған намазы», – деген.

بَابُ رَفْعِ الْيَدَيْنِ فِي التَّكْبِيرَةِ الْأُولَى مَعَ الِافْتِتَاحِ سَوَاءً

47-бапНамазды бастағанда екі қолды алғашқы тәкбірмен бір мезгілде көтеру туралы

427
Бұхари, № 427 · Сахих: 735Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَرْفَعُ يَدَيْهِ حَذْوَ مَنْكِبَيْهِ إِذَا اِفْتَتَحَ الصَّلَاةَ، وَإِذَا كَبَّرَ لِلرُّكُوعِ، وَإِذَا رَفَعَ رَأْسَهُ مِنَ الرُّكُوعِ، رَفَعَهُمَا كَذَلِكَ أَيْضًا، وَقَالَ: «سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ، رَبَّنَا وَلَكَ الْحَمْدُ»، وَكَانَ لَا يَفْعَلُ ذَلِكَ فِي السُّجُودِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) намазды бастаған кезде екі қолын иығының деңгейіне дейін көтеретін. Рукуғқа бару үшін тәкбір айтқанда және рукуғтан басын көтергенде де екі қолын дәл солай көтеріп: “Сәмиғаллаһу лимән хамидаһ. Раббәнә уә ләкәл-хамд”, – дейтін. Ал сәжде кезінде бұлай істемейтін».

بَابُ وَضْعِ الْيُمْنَى عَلَى الْيُسْرَى فِي الصَّلَاةِ

48-бапНамазда оң қолды сол қолдың үстіне қою туралы

428
Бұхари, № 428 · Сахих: 740Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ النَّاسُ يُؤْمَرُونَ أَنْ يَضَعَ الرَّجُلُ الْيَدَ الْيُمْنَى عَلَى ذِرَاعِهِ الْيُسْرَى فِي الصَّلَاةِ.

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) былай деген: «Адамдарға намазда оң қолды сол білектің үстіне қою бұйырылатын».

بَابُ مَا يَقُولُ بَعْدَ التَّكْبِيرِ

49-бапТәкбірден кейін не айтылатыны туралы

429
Бұхари, № 429 · Сахих: 743Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ وَأَبَا بَكْرٍ وَعُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا كَانُوا يَفْتَتِحُونَ الصَّلَاةَ بِـ﴿الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ﴾ [الْفَاتِحَةِ: 2].

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.), Әбу Бәкір және Омар (р.а.) намазды «Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән» («Фатиха», 2) деп бастайтын.

430
Бұхари, № 430 · Сахих: 744Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَسْكُتُ بَيْنَ التَّكْبِيرِ وَبَيْنَ الْقِرَاءَةِ إِسْكَاتَةً. فَقُلْتُ: «بِأَبِي وَأُمِّي، يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِسْكَاتُكَ بَيْنَ التَّكْبِيرِ وَالْقِرَاءَةِ مَا تَقُولُ؟» قَالَ: «أَقُولُ: “اللَّهُمَّ بَاعِدْ بَيْنِي وَبَيْنَ خَطَايَايَ، كَمَا بَاعَدْتَ بَيْنَ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ، اللَّهُمَّ نَقِّنِي مِنَ الْخَطَايَا كَمَا يُنَقَّى الثَّوْبُ الْأَبْيَضُ مِنَ الدَّنَسِ، اللَّهُمَّ اِغْسِلْ خَطَايَايَ بِالْمَاءِ وَالثَّلْجِ وَالْبَرَدِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) тәкбір мен қырағаттың арасында аз уақыт үнсіз қалатын. Мен: “Әке-шешем сізге құрбан болсын, уа, Расулалла! Тәкбір мен қырағаттың арасында үнсіз қалған кезде не айтасыз?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Былай деймін: ‘Уа, Алла! Шығыс пен батысты бір-бірінен алыстатқаныңдай, мені де күнәларымнан алыстата гөр. Уа, Алла! Ақ киім кірден тазартылғандай, мені де күнәларымнан тазарта гөр. Уа, Алла! Күнәларымды сумен, қармен және бұршақпен жуып-шайып тазарта гөр’”, – деді».

431
Бұхари, № 431 · Сахих: 745Риуаят етуші: Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.)

عَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا حَدِيثُ الْكُسُوفِ وَقَدْ تَقَدَّمَ، وَفِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ قَالَتْ: قَالَ: «قَدْ دَنَتْ مِنِّي الْجَنَّةُ حَتَّى لَوِ اِجْتَرَأْتُ عَلَيْهَا لَجِئْتُكُمْ بِقِطَافٍ مِنْ قِطَافِهَا، وَدَنَتْ مِنِّي النَّارُ حَتَّى قُلْتُ: “أَيْ رَبِّ، وَأَنَا مَعَهُمْ؟” فَإِذَا امْرَأَةٌ – حَسِبْتُ أَنَّهُ قَالَ – تَخْدِشُهَا هِرَّةٌ، قُلْتُ: “مَا شَأْنُ هَذِهِ؟” قَالُوا: “حَبَسَتْهَا حَتَّى مَاتَتْ جُوعًا، لَا أَطْعَمَتْهَا وَلَا أَرْسَلَتْهَا تَأْكُلُ مِنْ خَشِيشٍ أَوْ خَشَاشِ الْأَرْضِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкірдің қызы Әсмадан (р.а.) жеткен күн тұтылуы туралы хадис бұрын баяндалды. Осы риуаятта ол Пайғамбардың (с.а.с.): «Жәннат маған соншалық жақындатылды, тіпті оған қол созуға батылым жеткенде, сендерге оның жеміс шоқтарының бірін алып келер едім. Тозақ та маған соншалық жақындатылды. Сонда мен: “Уа, Раббым! Мен де солардың арасындамын ба?” – дедім. Бір кезде бір әйелді көрдім», – дегенін жеткізген.

Риуаятшы: «Меніңше, ол: “Әлгі әйелді бір мысық тырнап жатты”, – деді», – деген.

Пайғамбар (с.а.с.) сөзін жалғап: «Мен: “Бұл әйелге не болған?” – деп сұрадым. Олар: “Ол мысықты аштан өлгенше қамап ұстаған. Оған тамақ та бермеген, жердегі ұсақ жәндіктерді жеуі үшін босатып та жібермеген”, – деді», – деген.

بَابُ رَفْعِ الْبَصَرِ إِلَى الْإِمَامِ فِي الصَّلَاةِ

50-бапНамазда имамға қарау туралы

432
Бұхари, № 432 · Сахих: 746Риуаят етуші: Хаббаб (р.а.)

عَنْ خَبَّابٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قِيلَ لَهُ: «أَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقْرَأُ فِي الظُّهْرِ وَالْعَصْرِ؟» قَالَ: «نَعَمْ». قِيلَ لَهُ: «بِمَ كُنْتُمْ تَعْرِفُونَ ذَاكَ؟» قَالَ: «بِاضْطِرَابِ لِحْيَتِهِ».

Қазақша аудармасы

Хаббабтан (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) бесін мен екінті намаздарында Құран оқитын ба еді?» – деп сұралды. Ол: «Иә», – деді. Одан: «Оның Құран оқып тұрғанын қалай білетін едіңдер?» – деп сұралды. Ол: «Сақалының қимылынан білетінбіз», – деді.

بَابُ رَفْعِ الْبَصَرِ إِلَى السَّمَاءِ فِي الصَّلَاةِ

51-бапНамаз кезінде көзді аспанға көтеру туралы

433
Бұхари, № 433 · Сахих: 750Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَا بَالُ أَقْوَامٍ يَرْفَعُونَ أَبْصَارَهُمْ إِلَى السَّمَاءِ فِي صَلَاتِهِمْ؟» فَاشْتَدَّ قَوْلُهُ فِي ذَلِكَ، حَتَّى قَالَ: «لَيَنْتَهُنَّ عَنْ ذَلِكَ أَوْ لَتُخْطَفَنَّ أَبْصَارُهُمْ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Намаз кезінде көздерін аспанға көтеретін адамдарға не болған?” – деді. Ол (с.а.с.) бұл жөнінде қатаң ескертіп, ақырында: “Олар бұл әрекеттерін міндетті түрде доғарсын! Әйтпесе көздерінің нұры тартып алынады”, – деді».

بَابُ الِالْتِفَاتِ فِي الصَّلَاةِ

52-бапНамаз кезінде жан-жағына бұрылу туралы

434
Бұхари, № 434 · Сахих: 751Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: سَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنِ الِالْتِفَاتِ فِي الصَّلَاةِ، فَقَالَ: «هُوَ اِخْتِلَاسٌ يَخْتَلِسُهُ الشَّيْطَانُ مِنْ صَلَاةِ الْعَبْدِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісінен (с.а.с.) намаз кезінде жан-жағына бұрылу туралы сұрадым. Сонда ол (с.а.с.): “Бұл – шайтанның құл оқыған намаздан ұрлап әкететін үлесі”, – деді».

بَابُ وُجُوبِ الْقِرَاءَةِ لِلْإِمَامِ وَالْمَأْمُومِ فِي الصَّلَوَاتِ كُلِّهَا

53-бапБарлық намазда имам мен оған ұйыған адамның қырағат етуінің міндеттілігі туралы

435
Бұхари, № 435 · Сахих: 755Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: شَكَا أَهْلُ الْكُوفَةِ سَعْدًا إِلَى عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَعَزَلَهُ، وَاسْتَعْمَلَ عَلَيْهِمْ عَمَّارًا، فَشَكَوْا حَتَّى ذَكَرُوا أَنَّهُ لَا يُحْسِنُ يُصَلِّي، فَأَرْسَلَ إِلَيْهِ، فَقَالَ: «يَا أَبَا إِسْحَاقَ، إِنَّ هَؤُلَاءِ يَزْعُمُونَ أَنَّكَ لَا تُحْسِنُ تُصَلِّي»، قَالَ أَبُو إِسْحَاقَ: «أَمَّا أَنَا وَاللَّهِ، فَإِنِّي كُنْتُ أُصَلِّي بِهِمْ صَلَاةَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مَا أَخْرِمُ عَنْهَا، أُصَلِّي صَلَاةَ الْعِشَاءِ، فَأَرْكُدُ فِي الْأُولَيَيْنِ وَأُخِفُّ فِي الْأُخْرَيَيْنِ». قَالَ: «ذَاكَ الظَّنُّ بِكَ، يَا أَبَا إِسْحَاقَ».

فَأَرْسَلَ مَعَهُ رَجُلًا أَوْ رِجَالًا إِلَى الْكُوفَةِ، فَسَأَلَ عَنْهُ أَهْلَ الْكُوفَةِ وَلَمْ يَدَعْ مَسْجِدًا إِلَّا سَأَلَ عَنْهُ، وَيُثْنُونَ مَعْرُوفًا، حَتَّى دَخَلَ مَسْجِدًا لِبَنِي عَبْسٍ، فَقَامَ رَجُلٌ مِنْهُمْ يُقَالُ لَهُ أُسَامَةُ بْنُ قَتَادَةَ يُكْنَى أَبَا سَعْدَةَ، قَالَ: «أَمَّا إِذْ نَشَدْتَنَا فَإِنَّ سَعْدًا كَانَ لَا يَسِيرُ بِالسَّرِيَّةِ، وَلَا يَقْسِمُ بِالسَّوِيَّةِ، وَلَا يَعْدِلُ فِي الْقَضِيَّةِ».

قَالَ سَعْدٌ: «أَمَا وَاللَّهِ، لَأَدْعُوَنَّ بِثَلَاثٍ: اللَّهُمَّ إِنْ كَانَ عَبْدُكَ هَذَا كَاذِبًا، قَامَ رِيَاءً وَسُمْعَةً، فَأَطِلْ عُمْرَهُ، وَأَطِلْ فَقْرَهُ، وَعَرِّضْهُ بِالْفِتَنِ»، وَكَانَ بَعْدُ إِذَا سُئِلَ يَقُولُ: «شَيْخٌ كَبِيرٌ مَفْتُونٌ؛ أَصَابَتْنِي دَعْوَةُ سَعْدٍ».

قَالَ الرَّاوِي عَنْ جَابِرٍ: «فَأَنَا رَأَيْتُهُ بَعْدُ، قَدْ سَقَطَ حَاجِبَاهُ عَلَى عَيْنَيْهِ مِنَ الْكِبَرِ، وَإِنَّهُ لَيَتَعَرَّضُ لِلْجَوَارِي فِي الطُّرُقِ يَغْمِزُهُنَّ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Самура (р.а.) былай деген: «Куфа тұрғындары Омарға (р.а.) Сағдтың үстінен шағымданды. Омар оны қызметінен босатып, орнына Аммарды басшы етіп тағайындады. Олар Сағдқа қатысты шағымдарын жалғастырып, тіпті оның намазды дұрыс оқыта алмайтынын да айтты. Сонда Омар оны шақыртып алып: “Уа, Әбу Исхақ! Мына адамдар сені намазды дұрыс оқыта алмайды деп жүр”, – деді. Әбу Исхақ: “Алланың атымен ант етемін, мен оларға Алла Елшісінің (с.а.с.) намазындай намаз оқытатынмын әрі одан еш нәрсені кемітпейтінмін. Құптан намазын оқытқанда, алғашқы екі рәкәғатта ұзақтау оқып, соңғы екі рәкәғатты жеңілдететінмін”, – деді. Омар (р.а.): “Уа, Әбу Исхақ! Біз де сен туралы дәл осылай ойлаймыз”, – деді.

Содан кейін онымен бірге бір немесе бірнеше адамды Куфаға жіберді. Олар Куфа тұрғындарынан Сағд туралы сұрастырып, бірде-бір мешітті қалдырмай аралады. Жұрттың бәрі ол туралы жақсы пікір білдірді. Ақыры Абс ұлдарының мешітіне кіргенде, олардың арасынан Әбу Сағда атанған Усама ибн Қатада есімді адам орнынан тұрып: “Сіздер бізден Алланың атымен сұраған екенсіздер, Сағд жорыққа аттанған жасақпен бірге шықпайтын, олжаны тең бөлмейтін және үкім шығарғанда әділдік етпейтін”, – деді.

Сонда Сағд: “Алланың атымен ант етемін, мен үш нәрсе тілеп дұға етемін: Уа, Алла! Егер мына құлың өтірік айтып, елге көріну әрі атақ шығару үшін орнынан тұрған болса, оның өмірін ұзақ ет, кедейлігін соза түс және оны түрлі сынаққа ұшырат”, – деді. Кейін әлгі адамнан жағдайы сұралғанда, ол: “Мен – сынаққа душар болған қартпын. Маған Сағдтың дұғасы тиді”, – дейтін болды».

Жәбирден риуаят етуші: «Мен оны кейін көрдім. Қартайғандықтан қастары көздерінің үстіне салбырап түсіп кеткен еді. Ол көшелерде күңдерге тиісіп, оларды шымшылайтын», – деген.

436
Бұхари, № 436 · Сахих: 756Риуаят етуші: Убада ибн әс-Самит (р.а.)

عَنْ عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا صَلَاةَ لِمَنْ لَمْ يَقْرَأْ بِفَاتِحَةِ الْكِتَابِ».

Қазақша аудармасы

Убада ибн әс-Самиттің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім “Фатиха” сүресін оқымаса, оның намазы жоқ», – деген.

437
Бұхари, № 437 · Сахих: 757Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ دَخَلَ الْمَسْجِدَ فَدَخَلَ رَجُلٌ، فَصَلَّى، فَسَلَّمَ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَرَدَّ وَقَالَ: «اِرْجِعْ فَصَلِّ، فَإِنَّكَ لَمْ تُصَلِّ»، فَرَجَعَ يُصَلِّي كَمَا صَلَّى، ثُمَّ جَاءَ، فَسَلَّمَ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: «اِرْجِعْ فَصَلِّ، فَإِنَّكَ لَمْ تُصَلِّ» ثَلَاثًا، فَقَالَ: «وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ، مَا أُحْسِنُ غَيْرَهُ، فَعَلِّمْنِي»، فَقَالَ: «إِذَا قُمْتَ إِلَى الصَّلَاةِ فَكَبِّرْ، ثُمَّ اِقْرَأْ مَا تَيَسَّرَ مَعَكَ مِنَ الْقُرْآنِ، ثُمَّ اِرْكَعْ حَتَّى تَطْمَئِنَّ رَاكِعًا، ثُمَّ اِرْفَعْ حَتَّى تَعْتَدِلَ قَائِمًا، ثُمَّ اُسْجُدْ حَتَّى تَطْمَئِنَّ سَاجِدًا، ثُمَّ اِرْفَعْ حَتَّى تَطْمَئِنَّ جَالِسًا، وَافْعَلْ ذَلِكَ فِي صَلَاتِكَ كُلِّهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) мешітке кірді. Артынша бір адам кіріп, намаз оқыды да, Пайғамбарға (с.а.с.) сәлем берді. Пайғамбар (с.а.с.) оның сәлемін алып: “Қайта бар да, намазыңды оқы. Өйткені сен намаз оқымадың”, – деді. Әлгі адам қайта барып, бұрынғыдай намаз оқыды. Содан кейін келіп, Пайғамбарға (с.а.с.) сәлем берді. Ол тағы да: “Қайта бар да, намазыңды оқы. Өйткені сен намаз оқымадың”, – деді. Осы жағдай үш рет қайталанды. Сонда әлгі адам: “Сізді ақиқатпен жіберген Алланың атымен ант етемін, мен бұдан басқаша намаз оқуды білмеймін. Маған үйретіңіз”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Намазға тұрған кезде тәкбір айт. Содан кейін Құраннан өзіңе жеңіл келгенін оқы. Одан соң рукуғқа барып, денең толық орныққанша рукуғта тұр. Кейін басыңды көтеріп, толық тік тұрғанша түзел. Содан соң сәждеге барып, денең толық орныққанша сәждеде тұр. Одан кейін басыңды көтеріп, денең толық орныққанша отыр. Бүкіл намазыңда осылай істе”, – деді».

بَابُ الْقِرَاءَةِ فِي الظُّهْرِ

54-бапБесін намазында Құран оқу туралы

438
Бұхари, № 438 · Сахих: 759Риуаят етуші: Әбу Қатада (р.а.)

عَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَقْرَأُ فِي الرَّكْعَتَيْنِ الْأُولَيَيْنِ مِنْ صَلَاةِ الظُّهْرِ بِفَاتِحَةِ الْكِتَابِ، وَسُورَتَيْنِ، يُطَوِّلُ فِي الْأُولَى، وَيُقَصِّرُ فِي الثَّانِيَةِ، وَيُسْمِعُنَا الْآيَةَ أَحْيَانًا، وَكَانَ يَقْرَأُ فِي الْعَصْرِ بِفَاتِحَةِ الْكِتَابِ وَسُورَتَيْنِ، وَكَانَ يُطَوِّلُ فِي الْأُولَى، وَكَانَ يُطَوِّلُ فِي الرَّكْعَةِ الْأُولَى مِنْ صَلَاةِ الصُّبْحِ، وَيُقَصِّرُ فِي الثَّانِيَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Қатада (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) бесін намазының алғашқы екі рәкәғатында “Фатиха” сүресін және оған қоса бір-бір сүре оқитын. Бірінші рәкәғатты ұзағырақ, ал екіншісін қысқалау оқитын әрі кейде бізге бір аятты естіртетін. Екінті намазында да “Фатиха” сүресі мен екі сүре оқитын. Оның бірінші рәкәғатын ұзағырақ оқитын. Таң намазының да бірінші рәкәғатын ұзағырақ, ал екінші рәкәғатын қысқалау оқитын».

بَابُ الْقِرَاءَةِ فِي الْمَغْرِبِ

55-бапАқшам намазында Құран оқу туралы

439
Бұхари, № 439 · Сахих: 763Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ أُمَّ الْفَضْلِ سَمِعَتْهُ وَهُوَ يَقْرَأُ: ﴿وَالْمُرْسَلَاتِ عُرْفًا﴾ [الْمُرْسَلَاتِ: 1]، فَقَالَتْ: «يَا بُنَيَّ، وَاللَّهِ لَقَدْ ذَكَّرْتَنِي بِقِرَاءَتِكَ هَذِهِ السُّورَةَ، إِنَّهَا لَآخِرُ مَا سَمِعْتُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَقْرَأُ بِهَا فِي الْمَغْرِبِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) «Бірінен кейін бірі жіберілген желдерге серт!» («Мурсәләт», 1) деп оқып тұрғанын Үммі әл-Фадл естіп: «Уа, балам! Алланың атымен ант етемін, осы сүрені оқығаның маған бір нәрсені есіме түсірді. Алла Елшісінің (с.а.с.) ақшам намазында оқығанын естіген ең соңғы сүре осы еді», – деді.

440
Бұхари, № 440 · Сахих: 764Риуаят етуші: Зәйд ибн Сәбит (р.а.)

عَنْ زَيْدِ بْنِ ثَابِتٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقْرَأُ فِي الْمَغْرِبِ بِطُولَى الطُّولَيَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Сәбит (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.) ақшам намазында екі ұзын сүренің ұзағырағын оқығанын естідім», – деген.

بَابُ الْجَهْرِ فِي الْمَغْرِبِ

56-бапАқшам намазында дауыстап оқу туралы

441
Бұхари, № 441 · Сахих: 765Риуаят етуші: Жубәйр ибн Мутғим (р.а.)

عَنْ جُبَيْرِ بْنِ مُطْعِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَرَأَ فِي الْمَغْرِبِ بِالطُّورِ».

Қазақша аудармасы

Жубәйр ибн Мұтғим (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) ақшам намазында “Тур” сүресін оқығанын естідім», – деген.

بَابُ الْقِرَاءَةِ فِي الْعِشَاءِ بِالسَّجْدَةِ

57-бапҚұптан намазында сәжде аяты бар сүрені оқу туралы

442
Бұхари, № 442 · Сахих: 768Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «صَلَّيْتُ خَلْفَ أَبِي الْقَاسِمِ ﷺ الْعَتَمَةَ، فَقَرَأَ: ﴿إِذَا السَّمَاءُ اِنْشَقَّتْ﴾ [الِانْشِقَاقِ: 1]، فَسَجَدَ، فَلَا أَزَالُ أَسْجُدُ بِهَا حَتَّى أَلْقَاهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Мен Әбул-Қасымның (с.а.с.) артында құптан намазын оқыдым. Ол “Аспан жарылған кезде” (“Иншиқақ”, 1) деп басталатын сүрені оқып, сәжде жасады. Сондықтан онымен қауышқанға дейін осы сүрені оқыған сайын сәжде жасай беремін».

بَابُ الْقِرَاءَةِ فِي الْعِشَاءِ

58-бапҚұптан намазында Құран оқу туралы

443
Бұхари, № 443 · Сахих: 767Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ فِي سَفَرٍ فَقَرَأَ فِي الْعِشَاءِ فِي إِحْدَى الرَّكْعَتَيْنِ بِالتِّينِ وَالزَّيْتُونِ.

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) сапарда жүргенде, құптан намазының екі рәкәғатының бірінде “Інжірге және зәйтүнге серт!” (“Тин”, 1) деп басталатын сүрені оқыды».

444
Бұхари, № 444 · Сахих: 769

وَفِي رِوَايَةٍ أُخْرَى قَالَ: «وَمَا سَمِعْتُ أَحَدًا أَحْسَنَ صَوْتًا مِنْهُ أَوْ قِرَاءَةً».

Қазақша аудармасы

Басқа бір риуаятта Бәра: «Мен одан да көркем дауыспен немесе одан да көркем қырағатпен оқыған ешкімді естіген емеспін», – деген.

بَابُ الْقِرَاءَةِ فِي الْفَجْرِ

59-бапТаң намазында қырағат ету туралы

445
Бұхари, № 445 · Сахих: 772Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «فِي كُلِّ صَلَاةٍ يُقْرَأُ، فَمَا أَسْمَعَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَسْمَعْنَاكُمْ، وَمَا أَخْفَى عَنَّا أَخْفَيْنَا عَنْكُمْ، وَإِنْ لَمْ تَزِدْ عَلَى أُمِّ الْقُرْآنِ أَجْزَأَتْ، وَإِنْ زِدْتَ فَهُوَ خَيْرٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Әрбір намазда Құран оқылады. Алла Елшісі (с.а.с.) бізге дауыстап оқып естірткен намаздарда, біз де сендерге дауыстап оқимыз. Ал ішінен оқып, бізге естіртпеген намаздарда, біз де ішімізден оқимыз. Егер “Фатиха” сүресінен өзге ештеңе оқымасаң да, ол жеткілікті. Ал оған қосып тағы оқысаң, бұл одан да қайырлы», – деген.

بَابُ الْجَهْرِ بِقِرَاءَةِ صَلَاةِ الصُّبْحِ

60-бапТаң намазында Құранды дауыстап оқу туралы

446
Бұхари, № 446 · Сахих: 773Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: اِنْطَلَقَ النَّبِيُّ ﷺ فِي طَائِفَةٍ مِنْ أَصْحَابِهِ عَامِدِينَ إِلَى سُوقِ عُكَاظٍ، وَقَدْ حِيلَ بَيْنَ الشَّيَاطِينِ وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ، وَأُرْسِلَتْ عَلَيْهِمُ الشُّهُبُ، فَرَجَعَتِ الشَّيَاطِينُ إِلَى قَوْمِهِمْ، فَقَالُوا: «مَا لَكُمْ؟» فَقَالُوا: «حِيلَ بَيْنَنَا وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ، وَأُرْسِلَتْ عَلَيْنَا الشُّهُبُ»، قَالُوا: «مَا حَالَ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ إِلَّا شَيْءٌ حَدَثَ، فَاضْرِبُوا مَشَارِقَ الْأَرْضِ وَمَغَارِبَهَا، فَانْظُرُوا مَا هَذَا الَّذِي حَالَ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ».

فَانْصَرَفَ أُولَئِكَ الَّذِينَ تَوَجَّهُوا نَحْوَ تِهَامَةَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ وَهُوَ بِنَخْلَةَ عَامِدِينَ إِلَى سُوقِ عُكَاظٍ، وَهُوَ يُصَلِّي بِأَصْحَابِهِ صَلَاةَ الْفَجْرِ، فَلَمَّا سَمِعُوا الْقُرْآنَ اِسْتَمَعُوا لَهُ، فَقَالُوا: «هَذَا وَاللَّهِ الَّذِي حَالَ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ».

فَهُنَالِكَ حِينَ رَجَعُوا إِلَى قَوْمِهِمْ، وَقَالُوا: «يَا قَوْمَنَا، ﴿إِنَّا سَمِعْنَا قُرْآنًا عَجَبًا يَهْدِي إِلَى الرُّشْدِ فَآمَنَّا بِهِ وَلَنْ نُشْرِكَ بِرَبِّنَا أَحَدًا﴾» [الْجِنِّ: 1، 2]، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَلَى نَبِيِّهِ ﷺ: ﴿قُلْ أُوحِيَ إِلَيَّ﴾ [الْجِنِّ: 1]، وَإِنَّمَا أُوحِيَ إِلَيْهِ قَوْلُ الْجِنِّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) бір топ сахабасымен бірге Ұқаз базарына қарай жолға шықты. Сол кезде шайтандардың аспаннан хабар алуына тосқауыл қойылып, оларға аққан жұлдыздар атылатын болды. Шайтандар өз қауымына қайтып оралғанда, олар: “Сендерге не болды?” – деп сұрады. Олар: “Біздің аспаннан хабар алуымызға тосқауыл қойылып, бізге аққан жұлдыздар атылды”, – деді. Қауымы: “Сендер мен аспан хабарларының арасына тосқауыл болған нәрсе – жаңадан болған бір оқиға. Жердің шығысы мен батысын аралап, аспан хабарларын алуға сендерге не кедергі болғанын анықтаңдар”, – деді.

Олардың Тиһамаға қарай бет алған бір тобы Ұқаз базарына бара жатқан Пайғамбарға (с.а.с.) Нахлада кезікті. Ол (с.а.с.) сол кезде сахабаларына таң намазын оқытып тұрған еді. Олар Құранды естігенде, оған құлақ салып: “Алланың атымен ант етеміз, сендер мен аспан хабарларының арасына тосқауыл болған – осы”, – десті.

Содан кейін өз қауымына қайтып барып: “Уа, қауымымыз! Расында, біз таңғажайып Құран тыңдадық! Ол тура жолға бастайды, біз оған иман келтірдік! Біз ендігәрі Раббымызға ешкімді серік етіп қоспаймыз!” (“Жын”, 1–2), – деді. Сонда Алла Өз Пайғамбарына (с.а.с.): “Былай де: ‘Маған бір топ жынның Құран тыңдағаны уахи етілді’” (“Жын”, 1) деген аятты түсірді. Оған (с.а.с.) жындардың айтқан сөздері ғана уахи етілген еді».

447
Бұхари, № 447 · Сахих: 774Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَرَأَ النَّبِيُّ ﷺ فِيمَا أُمِرَ وَسَكَتَ فِيمَا أُمِرَ، ﴿وَمَا كَانَ رَبُّكَ نَسِيًّا﴾ [مَرْيَمَ: 64]، ﴿لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ﴾ [الْأَحْزَابِ: 21].

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) дауыстап оқу бұйырылған жерде дауыстап, ал ішінен оқу бұйырылған жерде ішінен оқыды. “Әрі сенің Раббың ұмытшақ емес” (“Мәриям”, 64). “Шүбәсіз, Алла Елшісінде сендер үшін көркем үлгі бар” (“Ахзаб”, 21)».

وَالْقِرَاءَةِ بِالْخَوَاتِيمِ وَبِسُورَةٍ قَبْلَ سُورَةٍ وَبِأَوَّلِ سُورَةٍ

61-бапБір рәкәғатта екі сүрені қосып оқу, сүрелердің соңғы аяттарын оқу, бір сүрені екіншісінен бұрын оқу және сүренің алғашқы бөлігін оқу туралы

448
Бұхари, № 448 · Сахих: 775

بَابُ الْجَمْعِ بَيْنَ السُّورَتَيْنِ فِي رَكْعَةٍ

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ جَاءَهُ رَجُلٌ فَقَالَ: «قَرَأْتُ الْمُفَصَّلَ اللَّيْلَةَ فِي رَكْعَةٍ». فَقَالَ: «هَذًّا كَهَذِّ الشِّعْرِ؟ لَقَدْ عَرَفْتُ النَّظَائِرَ الَّتِي كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَقْرُنُ بَيْنَهُنَّ»، فَذَكَرَ عِشْرِينَ سُورَةً مِنَ الْمُفَصَّلِ، سُورَتَيْنِ فِي كُلِّ رَكْعَةٍ.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғудқа (р.а.) бір адам келіп: «Мен осы түні “Муфассал” сүрелерінің бәрін бір рәкәғатта оқып шықтым», – деді. Сонда ол: «Өлең оқығандай асығыс оқыдың ба? Мен Пайғамбардың (с.а.с.) өзара жұптап оқитын ұқсас сүрелерін жақсы білемін», – деді. Содан кейін «Муфассал» сүрелерінен жиырма сүрені атап, әрбір рәкәғатта екі сүре оқылатынын айтты.

بَابُ يَقْرَأُ فِي الْأُخْرَيَيْنِ بِفَاتِحَةِ الْكِتَابِ

62-бапСоңғы екі рәкәғатта «Фатиха» сүресін оқу туралы

449
Бұхари, № 449 · Сахих: 776Риуаят етуші: Әбу Қатада (р.а.)

عَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَقْرَأُ فِي الظُّهْرِ فِي الْأُولَيَيْنِ بِأُمِّ الْكِتَابِ، وَسُورَتَيْنِ، وَفِي الرَّكْعَتَيْنِ الْأُخْرَيَيْنِ بِأُمِّ الْكِتَابِ، وَيُسْمِعُنَا الْآيَةَ، وَيُطَوِّلُ فِي الرَّكْعَةِ الْأُولَى مَا لَا يُطَوِّلُ فِي الرَّكْعَةِ الثَّانِيَةِ، وَهَكَذَا فِي الْعَصْرِ وَهَكَذَا فِي الصُّبْحِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Қатаданың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) бесін намазының алғашқы екі рәкәғатында «Фатиха» сүресін және оған қоса бір-бір сүре, ал соңғы екі рәкәғатында «Фатиха» сүресін оқитын. Бізге бір аятты естіртіп оқитын. Бірінші рәкәғатты екінші рәкәғаттан ұзағырақ оқитын. Екінті намазында да осылай оқитын. Таң намазының да бірінші рәкәғатын екіншісінен ұзағырақ оқитын.

بَابُ جَهْرِ الْإِمَامِ بِالتَّأْمِينِ

63-бапИмамның «Әмин» сөзін дауыстап айтуы туралы

450
Бұхари, № 450 · Сахих: 780Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِذَا أَمَّنَ الْإِمَامُ، فَأَمِّنُوا، فَإِنَّهُ مَنْ وَافَقَ تَأْمِينُهُ تَأْمِينَ الْمَلَائِكَةِ غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Имам “Әмин” деген кезде, сендер де “Әмин” деңдер. Өйткені кімнің “Әмин” деуі періштелердің “Әмин” деуімен тұспа-тұс келсе, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі».

بَابُ فَضْلِ التَّأْمِينِ

64-бап«Әмин» деудің артықшылығы туралы

451
Бұхари, № 451 · Сахих: 781Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا قَالَ أَحَدُكُمْ: “آمِينَ”، وَقَالَتِ الْمَلَائِكَةُ فِي السَّمَاءِ: “آمِينَ”، فَوَافَقَتْ إِحْدَاهُمَا الْأُخْرَى غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Сендердің бірің “Әмин” дегенде, көктегі періштелер де “Әмин” десе әрі оның “Әмин” деуі періштелердің “Әмин” деуімен сәйкес келсе, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі».

بَابُ إِذَا رَكَعَ دُونَ الصَّفِّ

65-бапСапқа жетпей тұрып рукуғ жасау туралы

452
Бұхари, № 452 · Сахих: 783Риуаят етуші: Әбу Бәкра (р.а.)

عَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ اِنْتَهَى إِلَى النَّبِيِّ ﷺ وَهُوَ رَاكِعٌ، فَرَكَعَ قَبْلَ أَنْ يَصِلَ إِلَى الصَّفِّ، فَذَكَرَ ذَلِكَ لِلنَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: «زَادَكَ اللَّهُ حِرْصًا وَلَا تَعُدْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкра (р.а.) Пайғамбар (с.а.с.) рукуғта тұрған кезде намазға келіп жетіп, сапқа қосылмастан бұрын рукуғ жасаған. Кейін бұл жайында Пайғамбарға (с.а.с.) айтқан. Сонда ол (с.а.с.): «Алла сенің ынтаңды арттырсын, бірақ енді бұлай істеме», – деген.

بَابُ إِتْمَامِ التَّكْبِيرِ فِي الرُّكُوعِ

66-бапРукуғ кезінде тәкбірді толық айту туралы

453
Бұхари, № 453 · Сахих: 784Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн (р.а.)

عَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ صَلَّى مَعَ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بِالْبَصْرَةِ فَقَالَ: «ذَكَّرَنَا هَذَا الرَّجُلُ صَلَاةً كُنَّا نُصَلِّيهَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ». فَذَكَرَ أَنَّهُ كَانَ يُكَبِّرُ كُلَّمَا رَفَعَ وَكُلَّمَا وَضَعَ.

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хусайн (р.а.) Басрада Әлимен (р.а.) бірге намаз оқып: «Мына кісі бізге Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге оқыған намазымызды есімізге салды», – деген. Содан кейін ол Әлидің әр еңкейгенінде және әр көтерілгенінде тәкбір айтқанын жеткізген.

بَابُ التَّكْبِيرِ إِذَا قَامَ مِنَ السُّجُودِ

67-бапСәждеден көтерілген кезде тәкбір айту туралы

454
Бұхари, № 454 · Сахих: 789Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا قَامَ لِلصَّلَاةِ يُكَبِّرُ حِينَ يَقُومُ، ثُمَّ يُكَبِّرُ حِينَ يَرْكَعُ، ثُمَّ يَقُولُ: «سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ»، حِينَ يَرْفَعُ صُلْبَهُ مِنَ الرَّكْعَةِ، ثُمَّ يَقُولُ وَهُوَ قَائِمٌ: «رَبَّنَا لَكَ الْحَمْدُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) намазға тұрғанда тәкбір айтатын. Содан кейін рукуғқа барарда тәкбір айтатын. Рукуғтан бойын көтерген кезде: “Сәмиғаллаһу лимән хамидаһ”, – дейтін. Одан соң тік тұрған күйінде: “Раббәнә ләкәл-хамд”, – дейтін».

بَابُ وَضْعِ الْأَكُفِّ عَلَى الرُّكَبِ فِي الرُّكُوعِ

68-бапРукуғ кезінде алақандарды тізелердің үстіне қою туралы

455
Бұхари, № 455 · Сахих: 790

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ صَلَّى إِلَى جَنْبِهِ ابْنُهُ مُصْعَبٌ، قَالَ: فَطَبَّقْتُ بَيْنَ كَفَّيَّ، ثُمَّ وَضَعْتُهُمَا بَيْنَ فَخِذَيَّ، فَنَهَانِي أَبِي وَقَالَ: «كُنَّا نَفْعَلُهُ، فَنُهِينَا عَنْهُ، وَأُمِرْنَا أَنْ نَضَعَ أَيْدِيَنَا عَلَى الرُّكَبِ».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққастың (р.а.) айтуынша, ұлы Мусғаб оның жанында намаз оқыған. Мусғаб былай деген: «Рукуғ кезінде екі алақанымды біріктіріп, сандарымның арасына қойдым. Әкем маған бұлай істеуге тыйым салып: “Біз бұрын осылай істейтінбіз. Кейін бізге бұлай істеуге тыйым салынып, қолдарымызды тізелеріміздің үстіне қою бұйырылды”, – деді».

بَابُ اِسْتِوَاءِ الظَّهْرِ فِي الرُّكُوعِ وَالِاطْمِئْنَانِ فِيهِ

69-бапРукуғта арқаны түзу ұстап, денені толық орнықтыру туралы

456
Бұхари, № 456 · Сахих: 792Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رُكُوعُ النَّبِيِّ ﷺ وَسُجُودُهُ وَبَيْنَ السَّجْدَتَيْنِ وَإِذَا رَفَعَ رَأْسَهُ مِنَ الرُّكُوعِ – مَا خَلَا الْقِيَامَ وَالْقُعُودَ – قَرِيبًا مِنَ السَّوَاءِ».

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) рукуғы мен сәждесі, екі сәжденің арасындағы отырысы және рукуғтан басын көтергеннен кейінгі тұрысы – қиям мен ташаһһудтағы отырысты қоспағанда – ұзақтығы жағынан бір-біріне шамалас еді».

بَابُ الدُّعَاءِ فِي الرُّكُوعِ

70-бапРукуғта дұға ету туралы

457
Бұхари, № 457 · Сахих: 794Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَقُولُ فِي رُكُوعِهِ وَسُجُودِهِ: «سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ رَبَّنَا وَبِحَمْدِكَ، اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِي».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) рукуғ пен сәждеде: “Уа, Алла, Раббымыз! Сен барлық кемшіліктен пәксің әрі бар мадақ Саған тән. Уа, Алла! Мені кешіре гөр”, – дейтін».

458
Бұхари, № 458 · Сахих: 817

وَفِي رِوَايَةٍ أُخْرَى: يَتَأَوَّلُ الْقُرْآنَ.

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) жеткен басқа бір риуаятта: «Ол Құрандағы бұйрықты осылай орындайтын», – делінген.

بَابُ فَضْلِ «اللَّهُمَّ رَبَّنَا لَكَ الْحَمْدُ»

71-бап«Аллаһуммә Раббәнә ләкәл-хамд» деудің артықшылығы туралы

459
Бұхари, № 459 · Сахих: 796Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا قَالَ الْإِمَامُ: “سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ”، فَقُولُوا: “اللَّهُمَّ رَبَّنَا لَكَ الْحَمْدُ”، فَإِنَّهُ مَنْ وَافَقَ قَوْلُهُ قَوْلَ الْمَلَائِكَةِ، غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Имам: “Сәмиғаллаһу лимән хамидаһ”, – дегенде, сендер: “Аллаһуммә Раббәнә ләкәл-хамд”, – деңдер. Өйткені кімнің сөзі періштелердің сөзімен сәйкес келсе, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі».

460
Бұхари, № 460 · Сахих: 797Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَأُقَرِّبَنَّ صَلَاةَ النَّبِيِّ ﷺ». فَكَانَ أَبُو هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقْنُتُ فِي الرَّكْعَةِ الْآخِرَةِ مِنْ صَلَاةِ الظُّهْرِ، وَصَلَاةِ الْعِشَاءِ، وَصَلَاةِ الصُّبْحِ، بَعْدَ مَا يَقُولُ: «سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ»، فَيَدْعُو لِلْمُؤْمِنِينَ وَيَلْعَنُ الْكُفَّارَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Мен сендерге Пайғамбардың (с.а.с.) намазына барынша ұқсас намаз оқытып көрсетемін», – деген. Әбу Һурайра (р.а.) бесін, құптан және таң намаздарының соңғы рәкәғаттарында «Сәмиғаллаһу лимән хамидаһ» дегеннен кейін құныт дұғасын оқып, мүміндер үшін дұға етіп, кәпірлерге лағынет айтатын.

461
Бұхари, № 461 · Сахих: 798Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ الْقُنُوتُ فِي الْمَغْرِبِ وَالْفَجْرِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Құныт дұғасы ақшам және таң намаздарында оқылатын», – деген.

462
Бұхари, № 462 · Сахих: 799Риуаят етуші: Рифаға ибн Рафиғ әз-Зурақи (р.а.)

عَنْ رِفَاعَةَ بْنِ رَافِعٍ الزُّرَقِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا يَوْمًا نُصَلِّي وَرَاءَ النَّبِيِّ ﷺ، فَلَمَّا رَفَعَ رَأْسَهُ مِنَ الرَّكْعَةِ قَالَ: «سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ». قَالَ رَجُلٌ وَرَاءَهُ: «رَبَّنَا وَلَكَ الْحَمْدُ، حَمْدًا كَثِيرًا طَيِّبًا مُبَارَكًا فِيهِ». فَلَمَّا اِنْصَرَفَ قَالَ: «مَنِ الْمُتَكَلِّمُ؟» قَالَ: «أَنَا». قَالَ: «رَأَيْتُ بِضْعَةً وَثَلَاثِينَ مَلَكًا يَبْتَدِرُونَهَا أَيُّهُمْ يَكْتُبُهَا أَوَّلُ».

Қазақша аудармасы

Рифаға ибн Рафиғ әз-Зурақи (р.а.) былай деген: «Бір күні біз Пайғамбардың (с.а.с.) артында намаз оқып тұрдық. Ол рукуғтан басын көтерген кезде: “Сәмиғаллаһу лимән хамидаһ”, – деді. Артында тұрған бір адам: “Раббәнә уә ләкәл-хамд, хамдән кәсиран таййибән мүбәракән фиһ”, – деді. Намаз аяқталғаннан кейін Пайғамбар (с.а.с.): “Бұл сөзді кім айтты?” – деп сұрады. Әлгі адам: “Мен”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Отыздан астам періштенің бұл сөзді бірінші болып жазуға асыққанын көрдім”, – деді».

بَابُ الطُّمَأْنِينَةِ حِينَ يَرْفَعُ رَأْسَهُ مِنَ الرُّكُوعِ

72-бапРукуғтан басын көтергенде денені толық орнықтыру туралы

463
Бұхари, № 463 · Сахих: 800Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ كَانَ يَنْعَتُ لَنَا صَلَاةَ النَّبِيِّ ﷺ، فَكَانَ يُصَلِّي وَإِذَا رَفَعَ رَأْسَهُ مِنَ الرُّكُوعِ قَامَ حَتَّى نَقُولَ: «قَدْ نَسِيَ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) бізге Пайғамбардың (с.а.с.) намазын сипаттап беретін. Әнәс намаз оқығанда, рукуғтан басын көтергеннен кейін ұзақ тұратыны сонша, біз: «Ұмытып кетті-ау», – деп ойлайтынбыз.

بَابُ يَهْوِي بِالتَّكْبِيرِ حِينَ يَسْجُدُ

73-бапСәждеге түсер кезде тәкбір айту туралы

464
Бұхари, № 464 · Сахих: 804Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِينَ يَرْفَعُ رَأْسَهُ يَقُولُ: «سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ، رَبَّنَا وَلَكَ الْحَمْدُ». يَدْعُو لِرِجَالٍ فَيُسَمِّيهِمْ بِأَسْمَائِهِمْ، فَيَقُولُ: «اللَّهُمَّ أَنْجِ الْوَلِيدَ بْنَ الْوَلِيدِ، وَسَلَمَةَ بْنَ هِشَامٍ، وَعَيَّاشَ بْنَ أَبِي رَبِيعَةَ، وَالْمُسْتَضْعَفِينَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ، اللَّهُمَّ اُشْدُدْ وَطْأَتَكَ عَلَى مُضَرَ، وَاجْعَلْهَا عَلَيْهِمْ سِنِينَ كَسِنِي يُوسُفَ»، وَأَهْلُ الْمَشْرِقِ يَوْمَئِذٍ مِنْ مُضَرَ مُخَالِفُونَ لَهُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) рукуғтан басын көтерген кезде: “Сәмиғаллаһу лимән хамидаһ. Раббәнә уә ләкәл-хамд”, – дейтін. Содан кейін кейбір адамдарды аттарымен атап, олар үшін дұға етіп: “Уа, Алла! Уәлид ибн Уәлидті, Сәләмә ибн Һишамды, Айяш ибн Әбу Рабиғаны және мүміндердің әлсіз қалғандарын құтқара гөр! Уа, Алла! Мұдарға түсірер жазаңды күшейте гөр әрі олардың басына Жүсіптің заманындағыдай ашаршылық жылдарын түсіре гөр!” – дейтін». Сол кезде шығыс өлкелеріндегі Мұдар тайпасының адамдары оған қарсы еді.

بَابُ فَضْلِ السُّجُودِ

74-бапСәжденің артықшылығы туралы

465
Бұхари, № 465 · Сахих: 806Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّاسَ قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَلْ نَرَى رَبَّنَا يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟» قَالَ: «هَلْ تُمَارُونَ فِي الْقَمَرِ لَيْلَةَ الْبَدْرِ لَيْسَ دُونَهُ سَحَابٌ؟» قَالُوا: «لَا، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «فَهَلْ تُمَارُونَ فِي الشَّمْسِ لَيْسَ دُونَهَا سَحَابٌ؟» قَالُوا: «لَا». قَالَ: «فَإِنَّكُمْ تَرَوْنَهُ كَذَلِكَ.

يُحْشَرُ النَّاسُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، فَيَقُولُ: “مَنْ كَانَ يَعْبُدُ شَيْئًا فَلْيَتَّبِعْ”، فَمِنْهُمْ مَنْ يَتَّبِعُ الشَّمْسَ، وَمِنْهُمْ مَنْ يَتَّبِعُ الْقَمَرَ، وَمِنْهُمْ مَنْ يَتَّبِعُ الطَّوَاغِيتَ، وَتَبْقَى هَذِهِ الْأُمَّةُ فِيهَا مُنَافِقُوهَا، فَيَأْتِيهِمُ اللَّهُ فَيَقُولُ: “أَنَا رَبُّكُمْ”، فَيَقُولُونَ: “هَذَا مَكَانُنَا حَتَّى يَأْتِيَنَا رَبُّنَا، فَإِذَا جَاءَ رَبُّنَا عَرَفْنَاهُ”، فَيَأْتِيهِمُ اللَّهُ فَيَقُولُ: “أَنَا رَبُّكُمْ”، فَيَقُولُونَ: “أَنْتَ رَبُّنَا”.

فَيُضْرَبُ الصِّرَاطُ بَيْنَ ظَهْرَانَيْ جَهَنَّمَ، فَأَكُونُ أَوَّلَ مَنْ يَجُوزُ مِنَ الرُّسُلِ بِأُمَّتِهِ، وَلَا يَتَكَلَّمُ يَوْمَئِذٍ أَحَدٌ إِلَّا الرُّسُلُ، وَكَلَامُ الرُّسُلِ يَوْمَئِذٍ: “اللَّهُمَّ سَلِّمْ، سَلِّمْ”، وَفِي جَهَنَّمَ كَلَالِيبُ مِثْلُ شَوْكِ السَّعْدَانِ، هَلْ رَأَيْتُمْ شَوْكَ السَّعْدَانِ؟» قَالُوا: «نَعَمْ».

قَالَ: «فَإِنَّهَا مِثْلُ شَوْكِ السَّعْدَانِ غَيْرَ أَنَّهُ لَا يَعْلَمُ قَدْرَ عِظَمِهَا إِلَّا اللَّهُ، تَخْطَفُ النَّاسَ بِأَعْمَالِهِمْ، فَمِنْهُمْ مَنْ يُوبَقُ بِعَمَلِهِ، وَمِنْهُمْ مَنْ يُخَرْدَلُ ثُمَّ يَنْجُو،

حَتَّى إِذَا أَرَادَ اللَّهُ رَحْمَةَ مَنْ أَرَادَ مِنْ أَهْلِ النَّارِ، أَمَرَ اللَّهُ الْمَلَائِكَةَ أَنْ يُخْرِجُوا مَنْ كَانَ يَعْبُدُ اللَّهَ، فَيُخْرِجُونَهُمْ وَيَعْرِفُونَهُمْ بِآثَارِ السُّجُودِ، وَحَرَّمَ اللَّهُ عَلَى النَّارِ أَنْ تَأْكُلَ أَثَرَ السُّجُودِ، فَيَخْرُجُونَ مِنَ النَّارِ، فَكُلُّ ابْنِ آدَمَ تَأْكُلُهُ النَّارُ إِلَّا أَثَرَ السُّجُودِ، فَيَخْرُجُونَ مِنَ النَّارِ، قَدْ اِمْتَحَشُوا، فَيُصَبُّ عَلَيْهِمْ مَاءُ الْحَيَاةِ، فَيَنْبُتُونَ كَمَا تَنْبُتُ الْحِبَّةُ فِي حَمِيلِ السَّيْلِ.

ثُمَّ يَفْرُغُ اللَّهُ مِنَ الْقَضَاءِ بَيْنَ الْعِبَادِ وَيَبْقَى رَجُلٌ بَيْنَ الْجَنَّةِ وَالنَّارِ وَهُوَ آخِرُ أَهْلِ النَّارِ دُخُولًا الْجَنَّةَ مُقْبِلٌ بِوَجْهِهِ قِبَلَ النَّارِ، فَيَقُولُ: “يَا رَبِّ، اِصْرِفْ وَجْهِي عَنِ النَّارِ، قَدْ قَشَبَنِي رِيحُهَا وَأَحْرَقَنِي ذَكَاؤُهَا”، فَيَقُولُ: “هَلْ عَسَيْتَ إِنْ فُعِلَ ذَلِكَ بِكَ أَنْ تَسْأَلَ غَيْرَ ذَلِكَ؟” فَيَقُولُ: “لَا وَعِزَّتِكَ”، فَيُعْطِي اللَّهَ مَا يَشَاءُ مِنْ عَهْدٍ وَمِيثَاقٍ، فَيَصْرِفُ اللَّهُ وَجْهَهُ عَنِ النَّارِ.

فَإِذَا أَقْبَلَ بِهِ عَلَى الْجَنَّةِ، رَأَى بَهْجَتَهَا سَكَتَ مَا شَاءَ اللَّهُ أَنْ يَسْكُتَ، ثُمَّ قَالَ: “يَا رَبِّ، قَدِّمْنِي عِنْدَ بَابِ الْجَنَّةِ”، فَيَقُولُ اللَّهُ لَهُ: “أَلَيْسَ قَدْ أَعْطَيْتَ الْعُهُودَ وَالْمِيثَاقَ أَنْ لَا تَسْأَلَ غَيْرَ الَّذِي كُنْتَ سَأَلْتَ؟” فَيَقُولُ: “يَا رَبِّ، لَا أَكُونُ أَشْقَى خَلْقِكَ”، فَيَقُولُ: “فَمَا عَسَيْتَ إِنْ أُعْطِيتَ ذَلِكَ أَنْ لَا تَسْأَلَ غَيْرَهُ؟” فَيَقُولُ: “لَا وَعِزَّتِكَ، لَا أَسْأَلُ غَيْرَ ذَلِكَ”، فَيُعْطِي رَبَّهُ مَا شَاءَ مِنْ عَهْدٍ وَمِيثَاقٍ، فَيُقَدِّمُهُ إِلَى بَابِ الْجَنَّةِ.

فَإِذَا بَلَغَ بَابَهَا، فَرَأَى زَهْرَتَهَا، وَمَا فِيهَا مِنَ النَّضْرَةِ وَالسُّرُورِ، فَيَسْكُتُ مَا شَاءَ اللَّهُ أَنْ يَسْكُتَ، فَيَقُولُ: “يَا رَبِّ، أَدْخِلْنِي الْجَنَّةَ”، فَيَقُولُ اللَّهُ: “وَيْحَكَ، يَا ابْنَ آدَمَ، مَا أَغْدَرَكَ! أَلَيْسَ قَدْ أَعْطَيْتَ الْعُهُودَ وَالْمِيثَاقَ أَنْ لَا تَسْأَلَ غَيْرَ الَّذِي أُعْطِيتَ؟” فَيَقُولُ: “يَا رَبِّ، لَا تَجْعَلْنِي أَشْقَى خَلْقِكَ”، فَيَضْحَكُ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ مِنْهُ، ثُمَّ يَأْذَنُ لَهُ فِي دُخُولِ الْجَنَّةِ، فَيَقُولُ: “تَمَنَّ”، فَيَتَمَنَّى حَتَّى إِذَا اِنْقَطَعَتْ أُمْنِيَّتُهُ، قَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: “زِدْ مِنْ كَذَا وَكَذَا”، أَقْبَلَ يُذَكِّرُهُ رَبُّهُ، حَتَّى إِذَا اِنْتَهَتْ بِهِ الْأَمَانِيُّ، قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: “لَكَ ذَلِكَ وَمِثْلُهُ مَعَهُ”».

قَالَ أَبُو سَعِيدٍ الْخُدْرِيُّ لِأَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «قَالَ اللَّهُ: “لَكَ ذَلِكَ وَعَشَرَةُ أَمْثَالِهِ”»، قَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: لَمْ أَحْفَظْ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِلَّا قَوْلَهُ: «لَكَ ذَلِكَ وَمِثْلُهُ مَعَهُ». قَالَ أَبُو سَعِيدٍ: إِنِّي سَمِعْتُهُ يَقُولُ: «ذَلِكَ لَكَ وَعَشَرَةُ أَمْثَالِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, адамдар: «Уа, Расулалла! Қиямет күні Раббымызды көреміз бе?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Бұлтсыз түнде толған айды көргендеріңе күмәнданасыңдар ма?» – деді. Олар: «Жоқ, уа, Расулалла», – деді. Ол (с.а.с.): «Ал аспанда бұлт жоқта күнді көргендеріңе күмәнданасыңдар ма?» – деп сұрады. Олар: «Жоқ», – деді. Сонда ол (с.а.с.): «Сендер Оны да дәл солай көресіңдер. Қиямет күні адамдар жиналады. Сонда: “Кім бір нәрсеге құлшылық еткен болса, соның соңынан ерсін”, – делінеді. Олардың кейбірі күннің соңынан, кейбірі айдың соңынан, енді біреулері тағуттардың соңынан ереді. Ал ішінде мұнафықтары да бар осы үмбет қалады. Алла оларға келіп: “Мен сендердің Раббыларыңмын”, – дейді. Олар: “Раббымыз бізге келгенге дейін осы жерде тұрамыз. Раббымыз келгенде, Оны танимыз”, – дейді. Содан кейін Алла оларға келіп: “Мен сендердің Раббыларыңмын”, – дейді. Олар: “Сен біздің Раббымызсың”, – дейді.

Содан кейін жаһаннамның үстіне Сырат көпірі құрылады. Мен үмбетіммен бірге одан алғаш өтетін елші боламын. Сол күні елшілерден басқа ешкім сөйлемейді. Елшілердің сол күнгі сөзі: “Уа, Алла! Аман сақтай гөр! Аман сақтай гөр!” – болады. Жаһаннамда сағдан тікеніне ұқсайтын ілгектер бар. Сендер сағдан тікенін көрдіңдер ме?» – деп сұрады. Олар: «Иә», – деді.

Ол (с.а.с.): «Олар сағдан тікеніне ұқсайды. Алайда олардың қаншалықты үлкен екенін Алладан басқа ешкім білмейді. Олар адамдарды амалдарына қарай іліп әкетеді. Кейбірі амалдарының кесірінен опат болады, ал кейбірінің денесі тілініп-жараланғанымен, кейін құтылады.

Алла тозақ тұрғындарының ішінен қалағанына рақым етуді ұйғарғанда, періштелерге Аллаға құлшылық еткендерді шығаруды бұйырады. Періштелер оларды сәжде іздерінен танып, шығарып алады. Алла тозақ отына сәжде іздерін жалмауды харам еткен. Сөйтіп, олар тозақтан шығарылады. От адам баласының сәжде іздерінен басқа бүкіл денесін жалмайды. Олар тозақтан күйіп, қарайып шыққан кезде, үстілеріне тіршілік суы құйылады. Сонда сел шайып әкелген топырақта тұқым қалай өніп шықса, олар да солай қайта өсіп шығады.

Содан кейін Алла құлдарының арасындағы үкімін аяқтайды. Жұмақ пен тозақтың арасында бір адам қалады. Ол – тозақ тұрғындарының ішінен жұмаққа ең соңғы болып кіретін адам. Оның жүзі тозаққа қарап тұрады.

Ол: “Уа, Раббым! Жүзімді тозақтан басқа жаққа бұра гөр. Оның иісі мені қинады, жалыны мені күйдіріп барады”, – дейді. Алла: “Саған осылай жасалса, тағы басқа нәрсе сұрап жүрмейсің бе?” – дейді. Ол: “Ұлылығыңмен ант етемін, сұрамаймын”, – дейді де, Аллаға, Оның қалағанынша, уәде беріп, серт етеді. Сонда Алла оның жүзін тозақтан басқа жаққа бұрады.

Жүзі жұмаққа қарай бұрылғанда, ол жұмақтың көркін көреді де, Алла қалаған уақытқа дейін үнсіз қалады. Кейін: “Уа, Раббым! Мені жұмақтың қақпасына жақындата гөр”, – дейді. Алла оған: “Сен бұрын сұрағаныңнан өзге еш нәрсе сұрамаймын деп уәде беріп, серт етпеп пе едің?” – дейді. Ол: “Уа, Раббым! Жаратқандарыңның ең бақытсызы болып қалмайын”, – дейді. Алла: “Егер саған осы берілсе, одан басқа еш нәрсе сұрамайсың ба?” – дейді. Ол: “Ұлылығыңмен ант етемін, бұдан басқа еш нәрсе сұрамаймын”, – деп, Раббысына, Оның қалағанынша, уәде беріп, серт етеді. Сонда Алла оны жұмақтың қақпасына жақындатады.

Ол жұмақтың қақпасына жетіп, оның әсемдігін, ішіндегі көркемдік пен қуанышты көргенде, Алла қалаған уақытқа дейін үнсіз қалады. Содан кейін: “Уа, Раббым! Мені жұмаққа кіргізе гөр”, – дейді. Сонда Алла: “Сорлы-ай, адам баласы! Сен уәдеңді неткен көп бұзасың! Саған берілгеннен өзге еш нәрсе сұрамаймын деп уәде беріп, серт етпеп пе едің?” – дейді. Ол: “Уа, Раббым! Мені жаратқандарыңның ең бақытсызы ете көрме”, – дейді. Алла Тағала оған күледі де, жұмаққа кіруіне рұқсат береді. Содан кейін: “Тіле”, – дейді. Ол тілектерін айтады. Тілеп болған кезде, Алла Тағала: “Мынаны да, мынаны да тіле”, – деп, оның есіне түрлі тілектерді салады. Ақырында оның тілектері түгел аяқталған кезде, Алла Тағала: “Саған солардың бәрі және тағы соншасы беріледі”, – дейді».

Әбу Сағид әл-Худри Әбу Һурайраға (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Алланың: “Саған солардың бәрі және оның он есесі беріледі”, – дегенін жеткізген», – деді. Әбу Һурайра (р.а.): «Мен Алла Елшісінен (с.а.с.): “Саған солардың бәрі және тағы соншасы беріледі”, – деген сөзін ғана жаттап қалдым», – деді. Әбу Сағид: «Мен оның (с.а.с.): “Саған солардың бәрі және оның он есесі беріледі”, – дегенін естідім», – деді.

بَابُ السُّجُودِ عَلَى سَبْعَةِ أَعْظُمٍ

75-бапЖеті сүйекпен сәжде жасау туралы

466
Бұхари, № 466 · Сахих: 812Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي رِوَايَةٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أُمِرْتُ أَنْ أَسْجُدَ عَلَى سَبْعَةِ أَعْظُمٍ: عَلَى الْجَبْهَةِ – وَأَشَارَ بِيَدِهِ عَلَى أَنْفِهِ – وَالْيَدَيْنِ، وَالرُّكْبَتَيْنِ، وَأَطْرَافِ الْقَدَمَيْنِ، وَلَا نَكْفِتَ الثِّيَابَ وَالشَّعَرَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) басқа бір риуаятта Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Маған жеті сүйекпен: маңдаймен (осы кезде ол қолымен мұрнын көрсетті), екі қолмен, екі тіземен және екі аяқ саусақтарының ұшымен сәжде жасауға, сондай-ақ киім мен шашты жиып, түйіп алмауға бұйырылды».

بَابُ الْمُكْثِ بَيْنَ السَّجْدَتَيْنِ

76-бапЕкі сәжденің арасында кідіру туралы

467
Бұхари, № 467 · Сахих: 821Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «إِنِّي لَا آلُو أَنْ أُصَلِّيَ بِكُمْ كَمَا رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ». وَبَاقِي الْحَدِيثِ تَقَدَّمَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Мен сендерге Пайғамбардың (с.а.с.) қалай намаз оқығанын көргенімдей, еш кемітпей намаз оқытып беремін», – деген. Хадистің қалған бөлігі бұрын баяндалған.

بَابُ لَا يَفْتَرِشُ ذِرَاعَيْهِ فِي السُّجُودِ

77-бапСәжде кезінде білектерді жерге төсемеу туралы

468
Бұхари, № 468 · Сахих: 822Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «اِعْتَدِلُوا فِي السُّجُودِ، وَلَا يَبْسُطْ أَحَدُكُمْ ذِرَاعَيْهِ اِنْبِسَاطَ الْكَلْبِ».

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Сәждеде денелеріңді дұрыс ұстаңдар. Ешбірің ит секілді білектерін жерге төсеп жібермесін», – деген.

بَابُ مَنِ اِسْتَوَى قَاعِدًا فِي وِتْرٍ مِنْ صَلَاتِهِ ثُمَّ نَهَضَ

78-бапНамаздың тақ рәкәғатынан кейін отырып, содан соң орнынан тұру туралы

469
Бұхари, № 469 · Сахих: 823Риуаят етуші: Мәлик ибн әл-Хуәйрис (р.а.)

عَنْ مَالِكِ بْنِ الْحُوَيْرِثِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ رَأَى النَّبِيَّ ﷺ يُصَلِّي، فَإِذَا كَانَ فِي وِتْرٍ مِنْ صَلَاتِهِ لَمْ يَنْهَضْ حَتَّى يَسْتَوِيَ قَاعِدًا.

Қазақша аудармасы

Мәлик ибн әл-Хуәйристің (р.а.) айтуынша, ол Пайғамбардың (с.а.с.) намаз оқығанын көрген. Пайғамбар (с.а.с.) намазының тақ рәкәғатын аяқтағанда толық отырып алмайынша орнынан тұрмайтын.

بَابُ يُكَبِّرُ وَهُوَ يَنْهَضُ مِنَ السَّجْدَتَيْنِ

79-бапЕкі сәждеден кейін орнынан тұрарда тәкбір айту туралы

470
Бұхари, № 470 · Сахих: 825Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ صَلَّى فَجَهَرَ بِالتَّكْبِيرِ حِينَ رَفَعَ رَأْسَهُ مِنَ السُّجُودِ، وَحِينَ سَجَدَ، وَحِينَ رَفَعَ، وَحِينَ قَامَ مِنَ الرَّكْعَتَيْنِ، وَقَالَ: «هَكَذَا رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) намаз оқып, сәждеден басын көтергенде, сәждеге түскенде, одан қайта басын көтергенде және екі рәкәғаттан кейін орнынан тұрғанда дауыстап тәкбір айтқан. Содан кейін: «Мен Пайғамбардың (с.а.с.) дәл осылай істегенін көрдім», – деген.

بَابُ سُنَّةِ الْجُلُوسِ فِي التَّشَهُّدِ

80-бапТәшәһһуд кезінде отыру сүннеті туралы

471
Бұхари, № 471 · Сахих: 827Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ كَانَ يَتَرَبَّعُ فِي الصَّلَاةِ إِذَا جَلَسَ، وَأَنَّهُ رَأَى وَلَدَهُ فَعَلَ ذَلِكَ فَنَهَاهُ، وَقَالَ: «إِنَّمَا سُنَّةُ الصَّلَاةِ أَنْ تَنْصِبَ رِجْلَكَ الْيُمْنَى وَتَثْنِيَ الْيُسْرَى». فَقَالَ لَهُ: «إِنَّكَ تَفْعَلُ ذَلِكَ»، فَقَالَ: «إِنَّ رِجْلَيَّ لَا تَحْمِلَانِي».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) намазда отырған кезде малдас құрып отыратын. Ұлының да солай отырғанын көргенде, оған бұлай істеуге тыйым салып: «Намазда отыру сүннеті – оң аяғыңды тік ұстап, сол аяғыңды бүгіп отыру», – деген. Ұлы: «Бірақ өзіңіз осылай отырасыз ғой», – дегенде, ол: «Екі аяғым мені көтере алмайды», – деп жауап берген.

472
Бұхари, № 472 · Сахих: 828

عَنْ أَبِي حُمَيْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَنَا كُنْتُ أَحْفَظَكُمْ لِصَلَاةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، رَأَيْتُهُ إِذَا كَبَّرَ جَعَلَ يَدَيْهِ حِذَاءَ مَنْكِبَيْهِ، وَإِذَا رَكَعَ أَمْكَنَ يَدَيْهِ مِنْ رُكْبَتَيْهِ، ثُمَّ هَصَرَ ظَهْرَهُ، فَإِذَا رَفَعَ رَأْسَهُ اِسْتَوَى حَتَّى يَعُودَ كُلُّ فَقَارٍ مَكَانَهُ، فَإِذَا سَجَدَ وَضَعَ يَدَيْهِ غَيْرَ مُفْتَرِشٍ وَلَا قَابِضِهِمَا، وَاسْتَقْبَلَ بِأَطْرَافِ أَصَابِعِ رِجْلَيْهِ الْقِبْلَةَ، فَإِذَا جَلَسَ فِي الرَّكْعَتَيْنِ جَلَسَ عَلَى رِجْلِهِ الْيُسْرَى، وَنَصَبَ الْيُمْنَى، وَإِذَا جَلَسَ فِي الرَّكْعَةِ الْآخِرَةِ قَدَّمَ رِجْلَهُ الْيُسْرَى، وَنَصَبَ الْأُخْرَى وَقَعَدَ عَلَى مَقْعَدَتِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Хумайд әс-Сағиди (р.а.) былай деген: «Сендердің араларыңда Алла Елшісінің (с.а.с.) намазын ең жақсы білетін менмін. Мен оның тәкбір айтқан кезде екі қолын иықтарының деңгейіне дейін көтергенін көрдім. Рукуғқа барған кезде екі қолын тізелеріне нық қойып, арқасын түзу ұстап иілетін. Рукуғтан басын көтерген кезде әрбір омыртқасы өз орнына келгенше тік тұратын. Сәждеге барған кезде екі қолын жерге қоятын, бірақ білектерін жерге төсемейтін әрі қолдарын денесіне қысып ұстамайтын. Аяқ саусақтарының ұштарын құбылаға қарататын. Екі рәкәғаттан кейін отырғанда сол аяғының үстіне отырып, оң аяғын тік ұстайтын. Ал соңғы рәкәғатта отырғанда сол аяғын алға шығарып, оң аяғын тік ұстап, бөксесімен жерге отыратын».

بَابُ مَنْ لَمْ يَرَ التَّشَهُّدَ الْأَوَّلَ وَاجِبًا

81-бапАлғашқы тәшәһһудты міндетті деп санамағандар туралы

473
Бұхари, № 473 · Сахих: 829

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ بُحَيْنَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ – وَهُوَ مِنْ أَزْدِ شَنُوءَةَ، وَهُوَ حَلِيفٌ لِبَنِي عَبْدِ مَنَافٍ وَكَانَ مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ – أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ صَلَّى بِهِمُ الظَّهْرَ، فَقَامَ فِي الرَّكْعَتَيْنِ الْأُولَيَيْنِ لَمْ يَجْلِسْ، فَقَامَ النَّاسُ مَعَهُ حَتَّى إِذَا قَضَى الصَّلَاةَ وَانْتَظَرَ النَّاسُ تَسْلِيمَهُ كَبَّرَ وَهُوَ جَالِسٌ، فَسَجَدَ سَجْدَتَيْنِ قَبْلَ أَنْ يُسَلِّمَ، ثُمَّ سَلَّمَ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Бухайна (р.а.) Әзд Шәнуа тайпасынан еді, Абд Манаф ұрпақтарының одақтасы әрі Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының бірі болатын. Оның айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) оларға бесін намазын оқытып, алғашқы екі рәкәғаттан кейін отырмастан орнынан тұрып кетті. Адамдар да онымен бірге орындарынан тұрды. Намазын аяқтап, адамдар оның сәлем беруін күтіп отырғанда, ол (с.а.с.) отырған күйінде тәкбір айтып, сәлем берместен бұрын екі рет сәжде жасады. Содан кейін сәлем берді.

بَابُ التَّشَهُّدِ فِي الْآخِرَةِ

82-бапСоңғы отырыстағы тәшәһһуд туралы

474
Бұхари, № 474 · Сахих: 831Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا إِذَا صَلَّيْنَا خَلْفَ النَّبِيِّ ﷺ، قُلْنَا: «السَّلَامُ عَلَى جِبْرِيلَ وَمِيكَائِيلَ، السَّلَامُ عَلَى فُلَانٍ وَفُلَانٍ»، فَالْتَفَتَ إِلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «إِنَّ اللَّهَ هُوَ السَّلَامُ، فَإِذَا صَلَّى أَحَدُكُمْ، فَلْيَقُلْ: “التَّحِيَّاتُ لِلَّهِ وَالصَّلَوَاتُ وَالطَّيِّبَاتُ، السَّلَامُ عَلَيْكَ أَيُّهَا النَّبِيُّ وَرَحْمَةُ اللَّهِ وَبَرَكَاتُهُ، السَّلَامُ عَلَيْنَا وَعَلَى عِبَادِ اللَّهِ الصَّالِحِينَ”، فَإِنَّكُمْ إِذَا قُلْتُمُوهَا أَصَابَتْ كُلَّ عَبْدٍ لِلَّهِ صَالِحٍ فِي السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ، “أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбардың (с.а.с.) артында намаз оқыған кезде: “Жәбірейіл мен Микаилға сәлем болсын. Пәленшеге және пәленшеге сәлем болсын”, – дейтінбіз. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) бізге бұрылып: “Расында, Алла – әс-Сәләм. Сендердің бірің намаз оқыған кезде: ‘Әт-тахийяту лилләһи уәс-салауату уәт-таййибат. Әс-сәләму ғаләйкә әйюһән-нәбийю уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһ. Әс-сәләму ғаләйнә уә ғала ғибадиллаһис-салихин’, – десін. Сендер осы сөздерді айтсаңдар, бұл сәлем аспан мен жердегі Алланың әрбір ізгі құлына тиеді. Одан кейін: ‘Әшһәду әллә иләһә иллаллаһу уә әшһәду әннә Мұхаммәдән ғабдуһу уә расулуһ’, – десін”, – деді».

بَابُ الدُّعَاءِ قَبْلَ السَّلَامِ

83-бапСәлем беруден бұрын дұға ету туралы

475
Бұхари, № 475 · Сахих: 832Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَدْعُو فِي الصَّلَاةِ: «اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ الْمَسِيحِ الدَّجَّالِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ الْمَحْيَا وَفِتْنَةِ الْمَمَاتِ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْمَأْثَمِ وَالْمَغْرَمِ». فَقَالَ لَهُ قَائِلٌ: «مَا أَكْثَرَ مَا تَسْتَعِيذُ مِنَ الْمَغْرَمِ؟» فَقَالَ: «إِنَّ الرَّجُلَ إِذَا غَرِمَ، حَدَّثَ فَكَذَبَ، وَوَعَدَ فَأَخْلَفَ».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) намазда: “Уа, Алла! Қабір азабынан Өзіңе сиынамын. Мәсих Дажжалдың бүлігінен Өзіңе сиынамын. Өмірдің сынағынан және өлімнің сынағынан Өзіңе сиынамын. Уа, Алла! Күнәдан және қарыздан Өзіңе сиынамын”, – деп дұға ететін. Бір адам оған: “Сіз қарыздан соншалық көп пана тілейсіз ғой!” – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Адам қарызданған кезде сөйлесе, өтірік айтады, ал уәде берсе, уәдесін бұзады”, – деді».

476
Бұхари, № 476 · Сахих: 834Риуаят етуші: Әбу Бәкір (р.а.)

عَنْ أَبِي بَكْرٍ الصِّدِّيقِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ: «عَلِّمْنِي دُعَاءً أَدْعُو بِهِ فِي صَلَاتِي». قَالَ: «قُلْ: “اللَّهُمَّ إِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي ظُلْمًا كَثِيرًا، وَلَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ، فَاغْفِرْ لِي مَغْفِرَةً مِنْ عِنْدِكَ، وَارْحَمْنِي، إِنَّكَ أَنْتَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісіне (с.а.с.): “Маған намазымда айтатын бір дұға үйретіңіз”, – дедім. Сонда ол (с.а.с.): “‘Уа, Алла! Расында, мен өзіме көп зұлымдық жасадым. Күнәларды Сенен басқа ешкім кешірмейді. Мені Өз тарапыңнан кешірімге бөлеп, рақым ете гөр. Расында, Сен – аса Кешірімді, ерекше Мейірімдісің’, – деп айт”, – деді».

بَابُ مَا يُتَخَيَّرُ مِنَ الدُّعَاءِ بَعْدَ التَّشَهُّدِ

84-бапТәшәһһудтан кейін қалаған дұғаны таңдап оқу туралы

477
Бұхари, № 477 · Сахих: 835

حَدِيثُ ابْنِ مَسْعُودٍ فِي التَّشَهُّدِ تَقَدَّمَ قَرِيبًا، وَقَالَ فِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ بَعْدَ قَوْلِهِ: «وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ»: «ثُمَّ يَتَخَيَّرُ مِنَ الدُّعَاءِ أَعْجَبَهُ إِلَيْهِ فَيَدْعُو».

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғудтың тәшәһһуд туралы хадисі осыдан сәл бұрын баяндалған. Осы риуаятта «Уә әшһәду әннә Мұхаммәдән ғабдуһу уә расулуһ» деген сөзінен кейін: «Содан кейін өзіне ұнаған дұғаны таңдап, дұға етсін», – делінген.

بَابُ التَّسْلِيمِ

85-бапСәлем беру туралы

478
Бұхари, № 478 · Сахих: 837Риуаят етуші: Үммі Сәләма (р.а.)

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا سَلَّمَ قَامَ النِّسَاءُ حِينَ يَقْضِي تَسْلِيمَهُ، وَمَكَثَ يَسِيرًا قَبْلَ أَنْ يَقُومَ».

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмәнің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) сәлем беріп, намазын аяқтаған кезде әйелдер орындарынан тұратын, ал ол (с.а.с.) орнынан тұрмай, біраз уақыт отыратын.

بَابُ يُسَلِّمُ حِينَ يُسَلِّمُ الْإِمَامُ

86-бапИмам сәлем берген кезде сәлем беру туралы

479
Бұхари, № 479 · Сахих: 838Риуаят етуші: Итбан ибн Мәлик (р.а.)

عَنْ عِتْبَانَ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «صَلَّيْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فَسَلَّمْنَا حِينَ سَلَّمَ».

Қазақша аудармасы

Итбан ибн Мәлик (р.а.): «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге намаз оқыдық. Ол сәлем бергенде, біз де сәлем бердік», – деген.

بَابُ الذِّكْرِ بَعْدَ الصَّلَاةِ

87-бапНамаздан кейін зікір айту туралы

480
Бұхари, № 480 · Сахих: 841Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَفْعَ الصَّوْتِ بِالذِّكْرِ حِينَ يَنْصَرِفُ النَّاسُ مِنَ الْمَكْتُوبَةِ كَانَ عَلَى عَهْدِ النَّبِيِّ ﷺ. وَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: «كُنْتُ أَعْلَمُ إِذَا انْصَرَفُوا بِذَلِكَ إِذَا سَمِعْتُهُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Парыз намаз аяқталғаннан кейін дауыстап зікір айту Пайғамбардың (с.а.с.) дәуірінде бар еді. Мен зікір дауысын естігенде, олардың намазды аяқтағанын білетінмін».

481
Бұхари, № 481 · Сахих: 843Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ الْفُقَرَاءُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالُوا: «ذَهَبَ أَهْلُ الدُّثُورِ مِنَ الْأَمْوَالِ بِالدَّرَجَاتِ الْعُلَا وَالنَّعِيمِ الْمُقِيمِ؛ يُصَلُّونَ كَمَا نُصَلِّي، وَيَصُومُونَ كَمَا نَصُومُ، وَلَهُمْ فَضْلٌ مِنْ أَمْوَالٍ يَحُجُّونَ بِهَا، وَيَعْتَمِرُونَ، وَيُجَاهِدُونَ، وَيَتَصَدَّقُونَ». قَالَ: «أَلَا أُحَدِّثُكُمْ بِأَمْرٍ إِنْ أَخَذْتُمْ بِهِ أَدْرَكْتُمْ مَنْ سَبَقَكُمْ، وَلَمْ يُدْرِكْكُمْ أَحَدٌ بَعْدَكُمْ، وَكُنْتُمْ خَيْرَ مَنْ أَنْتُمْ بَيْنَ ظَهْرَانَيْهِ إِلَّا مَنْ عَمِلَ مِثْلَهُ؟ تُسَبِّحُونَ وَتَحْمَدُونَ وَتُكَبِّرُونَ خَلْفَ كُلِّ صَلَاةٍ ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ».

قَالَ الرَّاوِي: فَاخْتَلَفْنَا بَيْنَنَا، فَقَالَ بَعْضُنَا: «نُسَبِّحُ ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ، وَنَحْمَدُ ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ، وَنُكَبِّرُ أَرْبَعًا وَثَلَاثِينَ»، فَرَجَعْتُ إِلَيْهِ، فَقَالَ: «تَقُولُ: “سُبْحَانَ اللَّهِ وَالْحَمْدُ لِلَّهِ وَاللَّهُ أَكْبَرُ”، حَتَّى يَكُونَ مِنْهُنَّ كُلِّهِنَّ ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Кедейлер Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Дәулетті адамдар жоғары дәрежелер мен мәңгілік нығметтерге ие болып кетті. Олар біз секілді намаз оқиды, біз секілді ораза ұстайды. Оның үстіне, артық мал-мүліктері бар: сол арқылы қажылық пен ұмра жасайды, жиһадқа қатысады және садақа береді”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Сендерге бір амал үйретейін бе? Оны орындасаңдар, сендерден озып кеткендерге жетесіңдер, ал сендерден кейінгілердің ешқайсысы сендерге жете алмайды. Сондай-ақ осы амалды дәл сендердей орындаған адамнан басқа, айналаларыңдағы жұрттың ең қайырлысы боласыңдар. Әрбір намаздан кейін отыз үш рет тәсбих, тахмид және тәкбір айтыңдар”, – деді».

Риуаятшы былай деген: «Кейін мұны қалай орындау керектігі жөнінде арамызда пікір қайшылығы туды. Кейбіріміз: “Отыз үш рет ‘Субханаллаһ’, отыз үш рет ‘Әлхамдулиллаһ’ және отыз төрт рет ‘Аллаһу әкбар’ дейміз”, – деді. Мен мұны жеткізген кісіге қайта барып сұрадым. Ол “Субханаллаһ”, “Әлхамдулиллаһ” және “Аллаһу әкбар” деп, әрқайсысын отыз үш реттен айту керектігін түсіндірді».

482
Бұхари, № 482 · Сахих: 844Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба (р.а.)

عَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَقُولُ فِي دُبُرِ كُلِّ صَلَاةٍ مَكْتُوبَةٍ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ، وَلَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، اللَّهُمَّ لَا مَانِعَ لِمَا أَعْطَيْتَ، وَلَا مُعْطِيَ لِمَا مَنَعْتَ، وَلَا يَنْفَعُ ذَا الْجَدِّ مِنْكَ الْجَدُّ».

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шуғбаның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) әрбір парыз намаздан кейін: «Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһ. Ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуа ғала күлли шәйин қадир. Аллаһуммә лә маниға лимә ағтайта, уә лә мұғтия лимә манағта, уә лә янфағу зәл-жәдди минкәл-жәдд», – дейтін.

Бұл сөздердің мағынасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Ол – Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Оған тән, барлық мадақ Оған лайық. Оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді. Уа, Алла! Сен берген нәрсеге ешкім бөгет бола алмайды, ал Сен бермеген нәрсені ешкім бере алмайды. Байлық пен мәртебе иесіне Сенің алдыңда оның байлығы да, мәртебесі де пайда бермейді».

بَابُ يَسْتَقْبِلُ الْإِمَامُ النَّاسَ إِذَا سَلَّمَ

88-бапИмамның сәлем бергеннен кейін адамдарға жүзін бұруы туралы

483
Бұхари, № 483 · Сахих: 845Риуаят етуші: Сәмура ибн Жундуб (р.а.)

عَنْ سَمُرَةَ بْنِ جُنْدُبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا صَلَّى صَلَاةً أَقْبَلَ عَلَيْنَا بِوَجْهِهِ».

Қазақша аудармасы

Самура ибн Жундуб (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) намазын аяқтағаннан кейін бізге жүзін бұратын».

484
Бұхари, № 484 · Сахих: 846Риуаят етуші: Зәйд ибн Халид әл-Жуһани (р.а.)

عَنْ زَيْدِ بْنِ خَالِدٍ الْجُهَنِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ: صَلَّى لَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ صَلَاةَ الصُّبْحِ بِالْحُدَيْبِيَةِ عَلَى إِثْرِ سَمَاءٍ كَانَتْ مِنَ اللَّيْلَةِ، فَلَمَّا اِنْصَرَفَ أَقْبَلَ عَلَى النَّاسِ، فَقَالَ: «هَلْ تَدْرُونَ مَاذَا قَالَ رَبُّكُمْ؟» قَالُوا: «اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ». قَالَ: «أَصْبَحَ مِنْ عِبَادِي مُؤْمِنٌ بِي وَكَافِرٌ، فَأَمَّا مَنْ قَالَ: “مُطِرْنَا بِفَضْلِ اللَّهِ وَرَحْمَتِهِ”، فَذَلِكَ مُؤْمِنٌ بِي وَكَافِرٌ بِالْكَوْكَبِ، وَأَمَّا مَنْ قَالَ: “بِنَوْءِ كَذَا وَكَذَا”، فَذَلِكَ كَافِرٌ بِي وَمُؤْمِنٌ بِالْكَوْكَبِ».

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Халид әл-Жуһани (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Худайбияда түнде жауған жаңбырдан кейін бізге таң намазын оқытты. Намазын аяқтаған соң, адамдарға жүзін бұрып: “Раббыларыңның не дегенін білесіңдер ме?” – деп сұрады. Олар: “Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі”, – деді. Сонда ол (с.а.с.) Алланың мына сөзін жеткізді: “Құлдарымның кейбірі Маған иман келтірген күйде, ал кейбірі күпірлік еткен күйде таңды қарсы алды. ‘Алланың кеңшілігі мен рақымының арқасында жаңбырға бөлендік’ деген адам Маған иман келтіріп, жұлдызға күпірлік етті. Ал ‘Пәлен жұлдыздың тууына байланысты жаңбыр жауды’ деген адам Маған күпірлік етіп, жұлдызға иман келтірді”».

بَابُ مَنْ صَلَّى بِالنَّاسِ فَذَكَرَ حَاجَةً فَتَخَطَّاهُمْ

89-бапАдамдарға намаз оқытып болғаннан кейін бір қажеті есіне түсіп, олардың үстінен аттап өткен адам туралы

485
Бұхари, № 485 · Сахих: 851

عَنْ عُقْبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: صَلَّيْتُ وَرَاءَ النَّبِيِّ ﷺ بِالْمَدِينَةِ الْعَصْرَ، فَسَلَّمَ، ثُمَّ قَامَ مُسْرِعًا، فَتَخَطَّى رِقَابَ النَّاسِ إِلَى بَعْضِ حُجَرِ نِسَائِهِ، فَفَزِعَ النَّاسُ مِنْ سُرْعَتِهِ، فَخَرَجَ عَلَيْهِمْ، فَرَأَى أَنَّهُمْ عَجِبُوا مِنْ سُرْعَتِهِ، فَقَالَ: «ذَكَرْتُ شَيْئًا مِنْ تِبْرٍ عِنْدَنَا، فَكَرِهْتُ أَنْ يَحْبِسَنِي، فَأَمَرْتُ بِقِسْمَتِهِ».

Қазақша аудармасы

Ұқба (р.а.) былай деген: «Мен Мәдинада Пайғамбардың (с.а.с.) артында екінті намазын оқыдым. Ол (с.а.с.) сәлем бергеннен кейін асығыс орнынан тұрып, адамдардың үстінен аттап өтіп, жұбайларының бірінің бөлмесіне кірді. Адамдар оның асыққанына абдырап қалды. Ол (с.а.с.) қайта шығып, олардың бұл асығыстығына таңырқап тұрғанын көргенде: “Үйімізде аздаған алтын бар екені есіме түсті. Соның мені бөгеп қалуын қаламадым, сондықтан оны үлестіріп беруді бұйырдым”, – деді».

بَابُ الِانْصِرَافِ عَنِ الْيَمِينِ وَالشِّمَالِ

90-бапНамаздан кейін оңға немесе солға бұрылу туралы

486
Бұхари, № 486 · Сахих: 852Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَا يَجْعَلْ أَحَدُكُمْ لِلشَّيْطَانِ شَيْئًا مِنْ صَلَاتِهِ يَرَى أَنَّ حَقًّا عَلَيْهِ أَنْ لَا يَنْصَرِفَ إِلَّا عَنْ يَمِينِهِ؛ لَقَدْ رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ كَثِيرًا يَنْصَرِفُ عَنْ يَسَارِهِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) былай деген: «Ешқайсың шайтанға намазынан үлес беріп, намаздан кейін тек оң жағына бұрылуды өзіне міндет санамасын. Мен Пайғамбардың (с.а.с.) жиі сол жағына бұрылғанын көрдім».

بَابُ مَا جَاءَ فِي الثُّومِ النِّيِّ وَالْبَصَلِ وَالْكُرَّاثِ

91-бапШикі сарымсақ, пияз және порей пиязы жайында келген риуаяттар туралы

487
Бұхари, № 487 · Сахих: 854Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَنْ أَكَلَ مِنْ هَذِهِ الشَّجَرَةِ – يُرِيدُ الثُّومَ – فَلَا يَغْشَانَا فِي مَسَاجِدِنَا». قَالَ الرَّاوِي: قُلْتُ لِجَابِرٍ: «مَا يَعْنِي بِهِ؟» فَقَالَ: «مَا أُرَاهُ يَعْنِي إِلَّا نِيَّهُ». وَقِيلَ: «إِلَّا نَتْنَهُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулланың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Кім мына өсімдіктен, яғни сарымсақтан жесе, мешіттерімізге келіп, бізге жақындамасын», – деген. Риуаятшы: «Мен Жәбирден: “Ол мұнымен нені меңзеді?” – деп сұрадым. Ол: “Меніңше, ол тек шикі сарымсақты меңзеген”, – деді», – деген. Басқа бір нұсқада: «Оның жағымсыз иісін ғана меңзеген», – делінген.

488
Бұхари, № 488 · Сахих: 855Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ أَكَلَ ثُومًا أَوْ بَصَلًا، فَلْيَعْتَزِلْنَا – أَوْ قَالَ: فَلْيَعْتَزِلْ مَسْجِدَنَا – وَلْيَقْعُدْ فِي بَيْتِهِ». وَأَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أُتِيَ بِقِدْرٍ فِيهِ خَضِرَاتٌ مِنْ بُقُولٍ، فَوَجَدَ لَهَا رِيحًا، فَسَأَلَ فَأُخْبِرَ بِمَا فِيهَا مِنَ الْبُقُولِ، فَقَالَ: «قَرِّبُوهَا» إِلَى بَعْضِ أَصْحَابِهِ كَانَ مَعَهُ، فَلَمَّا رَآهُ كَرِهَ أَكْلَهَا، قَالَ: «كُلْ؛ فَإِنِّي أُنَاجِي مَنْ لَا تُنَاجِي».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулланың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Кім сарымсақ немесе пияз жесе, бізден аулақ болсын», – деген немесе: «Мешітімізден аулақ болып, үйінде отырсын», – деген. Бірде Пайғамбарға (с.а.с.) ішінде әртүрлі көкөністер бар қазан әкелінді. Ол одан иіс сезіп, ішінде не бар екенін сұрады. Оған қазандағы көкөністер жайында айтылды. Сонда ол (с.а.с.) оны қасындағы сахабаларының біріне ұсынуды бұйырды. Сахабасының жеуге құлықсызданғанын көргенде, Пайғамбар (с.а.с.): «Жей бер. Өйткені мен сен тілдеспейтінмен тілдесемін», – деді.

489
Бұхари, № 489 · Сахих: 7359

وَفِي رِوَايَةٍ: أُتِيَ بِبَدْرٍ، يَعْنِي طَبَقًا فِيهِ خَضِرَاتٌ.

Қазақша аудармасы

Басқа бір риуаятта: «Оған бәдр, яғни ішінде көкөністер бар табақ әкелінді», – делінген.

بَابُ وُضُوءِ الصِّبْيَانِ

92-бапБалалардың дәрет алуы туралы

490
Бұхари, № 490 · Сахих: 857Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ مَرَّ عَلَى قَبْرٍ مَنْبُوذٍ، فَأَمَّهُمْ وَصَلَّوْا عَلَيْهِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) қараусыз қалған бір қабірдің жанынан өтіп, адамдарға имам болды. Олар сол марқұмның жаназа намазын оқыды.

491
Бұхари, № 491 · Сахих: 858Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «الْغُسْلُ يَوْمَ الْجُمُعَةِ وَاجِبٌ عَلَى كُلِّ مُحْتَلِمٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Жұма күні ғұсыл құйыну балиғатқа жеткен әрбір адамға міндетті».

492
Бұхари, № 492 · Сахих: 863Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا وَقَدْ قَالَ لَهُ رَجُلٌ: «شَهِدْتَ الْخُرُوجَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ؟» قَالَ: «نَعَمْ، وَلَوْلَا مَكَانِي مِنْهُ مَا شَهِدْتُهُ – يَعْنِي مِنْ صِغَرِهِ – أَتَى الْعَلَمَ الَّذِي عِنْدَ دَارِ كَثِيرِ بْنِ الصَّلْتِ، ثُمَّ خَطَبَ، ثُمَّ أَتَى النِّسَاءَ فَوَعَظَهُنَّ وَذَكَّرَهُنَّ، وَأَمَرَهُنَّ أَنْ يَتَصَدَّقْنَ، فَجَعَلَتِ الْمَرْأَةُ تَهْوِي بِيَدِهَا إِلَى حَلْقِهَا تُلْقِي فِي ثَوْبِ بِلَالٍ، ثُمَّ أَتَى هُوَ وَبِلَالٌ الْبَيْتَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.) бір адам: «Алла Елшісі (с.а.с.) сыртқа шыққан кезде, сіз де бірге болдыңыз ба?» – деп сұрады. Ол: «Иә. Ол кезде жас болмағанымда, оған қатыса алмас едім. Ол Кәсир ибн әс-Салттың үйінің жанындағы белгі тұрған жерге келіп, құтба айтты. Содан кейін әйелдердің жанына барып, оларға насихат айтып, еске салды әрі садақа беруді бұйырды. Сонда әйелдер қолдарын мойындарына созып, әшекейлерін Біләлдің жайып ұстаған матасына тастай бастады. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) Біләлмен бірге үйіне қайтты», – деді.

بَابُ خُرُوجِ النِّسَاءِ إِلَى الْمَسَاجِدِ بِاللَّيْلِ وَالْغَلَسِ

93-бапӘйелдердің түнде және таң қараңғылығында мешіттерге шығуы туралы

493
Бұхари, № 493 · Сахих: 865Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِذَا اِسْتَأْذَنَكُمْ نِسَاؤُكُمْ بِاللَّيْلِ إِلَى الْمَسْجِدِ، فَأْذَنُوا لَهُنَّ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Егер әйелдерің түнде мешітке баруға сұранса, рұқсат беріңдер», – деді.