Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 427

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
10. Азан кітабыكِتَابُ الْأَذَانِ
бап
47. Намазды бастағанда екі қолды алғашқы тәкбірмен бір мезгілде көтеру туралыبَابُ رَفْعِ الْيَدَيْنِ فِي التَّكْبِيرَةِ الْأُولَى مَعَ الِافْتِتَاحِ سَوَاءً
Нөмірі
№ 427 (Мухтасар реті) · Сахих: № 735
427
Бұхари, № 427 · Сахих: 735Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَرْفَعُ يَدَيْهِ حَذْوَ مَنْكِبَيْهِ إِذَا اِفْتَتَحَ الصَّلَاةَ، وَإِذَا كَبَّرَ لِلرُّكُوعِ، وَإِذَا رَفَعَ رَأْسَهُ مِنَ الرُّكُوعِ، رَفَعَهُمَا كَذَلِكَ أَيْضًا، وَقَالَ: «سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ، رَبَّنَا وَلَكَ الْحَمْدُ»، وَكَانَ لَا يَفْعَلُ ذَلِكَ فِي السُّجُودِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) намазды бастаған кезде екі қолын иығының деңгейіне дейін көтеретін. Рукуғқа бару үшін тәкбір айтқанда және рукуғтан басын көтергенде де екі қолын дәл солай көтеріп: “Сәмиғаллаһу лимән хамидаһ. Раббәнә уә ләкәл-хамд”, – дейтін. Ал сәжде кезінде бұлай істемейтін».