Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 430

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
10. Азан кітабыكِتَابُ الْأَذَانِ
бап
49. Тәкбірден кейін не айтылатыны туралыبَابُ مَا يَقُولُ بَعْدَ التَّكْبِيرِ
Нөмірі
№ 430 (Мухтасар реті) · Сахих: № 744
430
Бұхари, № 430 · Сахих: 744Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَسْكُتُ بَيْنَ التَّكْبِيرِ وَبَيْنَ الْقِرَاءَةِ إِسْكَاتَةً. فَقُلْتُ: «بِأَبِي وَأُمِّي، يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِسْكَاتُكَ بَيْنَ التَّكْبِيرِ وَالْقِرَاءَةِ مَا تَقُولُ؟» قَالَ: «أَقُولُ: “اللَّهُمَّ بَاعِدْ بَيْنِي وَبَيْنَ خَطَايَايَ، كَمَا بَاعَدْتَ بَيْنَ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ، اللَّهُمَّ نَقِّنِي مِنَ الْخَطَايَا كَمَا يُنَقَّى الثَّوْبُ الْأَبْيَضُ مِنَ الدَّنَسِ، اللَّهُمَّ اِغْسِلْ خَطَايَايَ بِالْمَاءِ وَالثَّلْجِ وَالْبَرَدِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) тәкбір мен қырағаттың арасында аз уақыт үнсіз қалатын. Мен: “Әке-шешем сізге құрбан болсын, уа, Расулалла! Тәкбір мен қырағаттың арасында үнсіз қалған кезде не айтасыз?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Былай деймін: ‘Уа, Алла! Шығыс пен батысты бір-бірінен алыстатқаныңдай, мені де күнәларымнан алыстата гөр. Уа, Алла! Ақ киім кірден тазартылғандай, мені де күнәларымнан тазарта гөр. Уа, Алла! Күнәларымды сумен, қармен және бұршақпен жуып-шайып тазарта гөр’”, – деді».