Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 453

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
10. Азан кітабыكِتَابُ الْأَذَانِ
бап
66. Рукуғ кезінде тәкбірді толық айту туралыبَابُ إِتْمَامِ التَّكْبِيرِ فِي الرُّكُوعِ
Нөмірі
№ 453 (Мухтасар реті) · Сахих: № 784
453
Бұхари, № 453 · Сахих: 784Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн (р.а.)

عَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ صَلَّى مَعَ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بِالْبَصْرَةِ فَقَالَ: «ذَكَّرَنَا هَذَا الرَّجُلُ صَلَاةً كُنَّا نُصَلِّيهَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ». فَذَكَرَ أَنَّهُ كَانَ يُكَبِّرُ كُلَّمَا رَفَعَ وَكُلَّمَا وَضَعَ.

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хусайн (р.а.) Басрада Әлимен (р.а.) бірге намаз оқып: «Мына кісі бізге Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге оқыған намазымызды есімізге салды», – деген. Содан кейін ол Әлидің әр еңкейгенінде және әр көтерілгенінде тәкбір айтқанын жеткізген.