Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 466

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
10. Азан кітабыكِتَابُ الْأَذَانِ
бап
75. Жеті сүйекпен сәжде жасау туралыبَابُ السُّجُودِ عَلَى سَبْعَةِ أَعْظُمٍ
Нөмірі
№ 466 (Мухтасар реті) · Сахих: № 812
466
Бұхари, № 466 · Сахих: 812Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي رِوَايَةٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أُمِرْتُ أَنْ أَسْجُدَ عَلَى سَبْعَةِ أَعْظُمٍ: عَلَى الْجَبْهَةِ – وَأَشَارَ بِيَدِهِ عَلَى أَنْفِهِ – وَالْيَدَيْنِ، وَالرُّكْبَتَيْنِ، وَأَطْرَافِ الْقَدَمَيْنِ، وَلَا نَكْفِتَ الثِّيَابَ وَالشَّعَرَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) басқа бір риуаятта Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Маған жеті сүйекпен: маңдаймен (осы кезде ол қолымен мұрнын көрсетті), екі қолмен, екі тіземен және екі аяқ саусақтарының ұшымен сәжде жасауға, сондай-ақ киім мен шашты жиып, түйіп алмауға бұйырылды».