Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 20

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
2. Иман кітабыكِتَابُ الْإِيمَانِ
бап
11. Пайғамбардың (с.а.с.) «Мен араларыңда Алланы ең жақсы білетін адаммын» деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «أَنَا أَعْلَمُكُمْ بِاللَّهِ»
Нөмірі
№ 20 (Мухтасар реті) · Сахих: № 20
20
Бұхари, № 20 · Сахих: 20Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَمَرَهُمْ، أَمَرَهُمْ مِنَ الْأَعْمَالِ بِمَا يُطِيقُونَ، قَالُوا: «إِنَّا لَسْنَا كَهَيْئَتِكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ اللَّهَ قَدْ غَفَرَ لَكَ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِكَ وَمَا تَأَخَّرَ»، فَيَغْضَبُ حَتَّى يُعْرَفَ الْغَضَبُ فِي وَجْهِهِ، ثُمَّ يَقُولُ: «إِنَّ أَتْقَاكُمْ وَأَعْلَمَكُمْ بِاللَّهِ أَنَا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) сахабаларына бір істі бұйырғанда, олардың шамалары жететін амалдарды ғана бұйыратын. Олар: “Уа, Расулалла! Біздің жағдайымыз сіздікіндей емес қой. Алла сіздің бұрынғы әрі кейінгі күнәларыңызды кешірген”, – дейтін. Сонда ол ашуланып, ашуы жүзінен байқалатын. Содан кейін: “Расында, араларыңда Алладан ең қатты қорқатын да, Оны ең жақсы білетін де – менмін”, – дейтін», – деген.