عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَارِزًا يَوْمًا لِلنَّاسِ، فَأَتَاهُ رَجُلٌ فَقَالَ: «مَا الْإِيمَانُ؟» قَالَ: «الْإِيمَانُ أَنْ تُؤْمِنَ بِاللَّهِ وَمَلَائِكَتِهِ، وَبِلِقَائِهِ، وَرُسُلِهِ وَتُؤْمِنَ بِالْبَعْثِ». قَالَ: «مَا الْإِسْلَامُ؟» قَالَ: «الْإِسْلَامُ: أَنْ تَعْبُدَ اللَّهَ، وَلَا تُشْرِكَ بِهِ شَيْئًا، وَتُقِيمَ الصَّلَاةَ، وَتُؤَدِّيَ الزَّكَاةَ الْمَفْرُوضَةَ، وَتَصُومَ رَمَضَانَ». قَالَ: «مَا الْإِحْسَانُ؟» قَالَ: «أَنْ تَعْبُدَ اللَّهَ كَأَنَّكَ تَرَاهُ، فَإِنْ لَمْ تَكُنْ تَرَاهُ فَإِنَّهُ يَرَاكَ». قَالَ: «مَتَى السَّاعَةُ؟» قَالَ: «مَا الْمَسْؤُولُ عَنْهَا بِأَعْلَمَ مِنَ السَّائِلِ، وَسَأُخْبِرُكَ عَنْ أَشْرَاطِهَا: إِذَا وَلَدَتِ الْأَمَةُ رَبَّهَا، وَإِذَا تَطَاوَلَ رُعَاةُ الْإِبِلِ الْبُهْمُ فِي الْبُنْيَانِ، فِي خَمْسٍ لَا يَعْلَمُهُنَّ إِلَّا اللَّهُ». ثُمَّ تَلَا النَّبِيُّ ﷺ: ﴿إِنَّ اللَّهَ عِنْدَهُ عِلْمُ السَّاعَةِ﴾ [لُقْمَانَ: 34] الْآيَةَ، ثُمَّ أَدْبَرَ فَقَالَ: «رُدُّوهُ». فَلَمْ يَرَوْا شَيْئًا، فَقَالَ: «هَذَا جِبْرِيلُ جَاءَ يُعَلِّمُ النَّاسَ دِينَهُمْ».
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.): «Бір күні Алла Елшісі (с.а.с.) адамдардың алдында отырған еді. Сол кезде оған бір кісі келіп: “Иман деген не?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Иман – Аллаға, Оның періштелеріне, Онымен жолығуға, елшілеріне және қайта тірілуге сенуің”, – деді.
Ол: “Ислам деген не?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Ислам – Аллаға құлшылық етіп, Оған еш нәрсені серік қоспауың, намазды толық орындауың, парыз етілген зекетті беруің және Рамазан айында ораза ұстауың”, – деді.
Ол: “Ихсан деген не?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Ихсан – Аллаға Оны көріп тұрғандай құлшылық етуің. Сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұрады”, – деді.
Ол: “Қиямет қашан болады?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Бұл жайында сұралған адам сұраушыдан артық білмейді. Алайда оның белгілерін айтып берейін: күң өзінің қожайынын дүниеге әкелгенде және кедей түйе бақташылары биік ғимараттар салуда бір-бірімен жарысқанда. Қияметтің қашан болатыны – Алладан басқа ешкім білмейтін бес нәрсенің бірі”, – деді.
Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) “Расында, қиямет жайлы нақты ілім бір Алланың құзырында!” («Лұқман» сүресі, 34-аят) деген аятты соңына дейін оқыды. Әлгі кісі бұрылып кетіп қалды. Пайғамбар (с.а.с.): “Оны қайтарыңдар”, – деді. Алайда адамдар ешкімді көрмеді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Бұл – адамдарға діндерін үйрету үшін келген Жәбірейіл”, – деді», – деген.