Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 24

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
2. Иман кітабыكِتَابُ الْإِيمَانِ
бап
14. Алла Тағаланың: «Егер тәубеге келіп, хақ дінді мойындап, намаз оқыса һәм зекет берсе, оларды жөніне жіберіңдер» («Тәубе» сүресі, 5-аят) деген сөзі туралыبَابُ ﴿فَإِنْ تَابُوا وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ وَآتَوُا الزَّكَاةَ فَخَلُّوا سَبِيلَهُمْ﴾ [التَّوْبَةِ: 5]
Нөмірі
№ 24 (Мухтасар реті) · Сахих: № 25
24
Бұхари, № 24 · Сахих: 25Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «أُمِرْتُ أَنْ أُقَاتِلَ النَّاسَ حَتَّى يَشْهَدُوا أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، وَيُقِيمُوا الصَّلَاةَ، وَيُؤْتُوا الزَّكَاةَ، فَإِذَا فَعَلُوا ذَلِكَ عَصَمُوا مِنِّي دِمَاءَهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ إِلَّا بِحَقِّ الْإِسْلَامِ، وَحِسَابُهُمْ عَلَى اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Маған адамдар “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ әрі Мұхаммед – Алланың Елшісі” деп куәлік етіп, намазды толық орындап, зекет бергенге дейін олармен соғысу бұйырылды. Егер олар осыны орындаса, Исламның хақы талап еткен жағдайларды қоспағанда, жандары мен мал-мүліктері менен аман болады. Ал олардың есебі Аллаға тән», – дегенін жеткізген.