Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 28

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
2. Иман кітабыكِتَابُ الْإِيمَانِ
бап
18. Күнәлардың жаһилия істерінен екені және Аллаға серік қосудан өзге күнәларды жасаған адамның кәпір саналмайтыны туралыبَابُ الْمَعَاصِي مِنْ أَمْرِ الْجَاهِلِيَّةِ، وَلَا يُكَفَّرُ صَاحِبُهَا بِارْتِكَابِهَا إِلَّا بِالشِّرْكِ
Нөмірі
№ 28 (Мухтасар реті) · Сахих: № 30
28
Бұхари, № 28 · Сахих: 30Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: إِنِّي سَابَبْتُ رَجُلًا فَعَيَّرْتُهُ بِأُمِّهِ، فَقَالَ لِي النَّبِيُّ ﷺ: «يَا أَبَا ذَرٍّ، أَعَيَّرْتَهُ بِأُمِّهِ؟ إِنَّكَ امْرُؤٌ فِيكَ جَاهِلِيَّةٌ، إِخْوَانُكُمْ خَوَلُكُمْ، جَعَلَهُمُ اللَّهُ تَحْتَ أَيْدِيكُمْ، فَمَنْ كَانَ أَخُوهُ تَحْتَ يَدِهِ، فَلْيُطْعِمْهُ مِمَّا يَأْكُلُ، وَلْيُلْبِسْهُ مِمَّا يَلْبَسُ، وَلَا تُكَلِّفُوهُمْ مَا يَغْلِبُهُمْ، فَإِنْ كَلَّفْتُمُوهُمْ فَأَعِينُوهُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деген: «Бір адаммен сөзге келіп қалып, оны анасына бола кемсіткен едім. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) маған: “Уа, Әбу Зәрр! Оны анасына бола кемсіттің бе? Расында, сенің бойыңда жаһилиядан қалған мінез бар. Қол астарыңдағы қызметшілерің – сендердің бауырларың. Алла оларды сендердің қол астарыңа берді. Кімнің бауыры қол астында болса, оған өзі жейтін тамақтан берсін әрі өзі киетін киімнен кигізсін. Оларға шамасы жетпейтін жұмысты жүктемеңдер. Егер сондай жұмыс жүктесеңдер, оларға көмектесіңдер”, – деді».