Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 27

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
2. Иман кітабыكِتَابُ الْإِيمَانِ
бап
17. Күйеуінің жақсылығын мойындамау және күпірліктен төмен дәрежедегі күпірлік туралыبَابُ كُفْرَانِ الْعَشِيرِ وَكُفْرٍ دُونَ كُفْرٍ
Нөмірі
№ 27 (Мухтасар реті) · Сахих: № 29
27
Бұхари, № 27 · Сахих: 29Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أُرِيتُ النَّارَ فَإِذَا أَكْثَرُ أَهْلِهَا النِّسَاءُ، يَكْفُرْنَ». قِيلَ: «أَيَكْفُرْنَ بِاللَّهِ؟» قَالَ: «يَكْفُرْنَ الْعَشِيرَ، وَيَكْفُرْنَ الْإِحْسَانَ، لَوْ أَحْسَنْتَ إِلَى إِحْدَاهُنَّ الدَّهْرَ، ثُمَّ رَأَتْ مِنْكَ شَيْئًا قَالَتْ: “مَا رَأَيْتُ مِنْكَ خَيْرًا قَطُّ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Маған Тозақ көрсетілді. Қарасам, оның тұрғындарының басым көпшілігі – әйелдер. Олар күпірлік етеді”, – деді. Одан: “Олар Аллаға күпірлік ете ме?” – деп сұралғанда, ол (с.а.с.): “Олар күйеулерінің жақсылығын мойындамайды әрі өздеріне жасалған игілікті жоққа шығарады. Егер олардың біріне өмір бойы жақсылық жасасаң да, кейін ол сенен көңіліне жақпаған бір нәрсе көре қалса: ‘Мен сенен ешқашан жақсылық көрген емеспін’, – дейді”, – деп жауап берді».