Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 29

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
2. Иман кітабыكِتَابُ الْإِيمَانِ
бап
19. «Егер мүміндерден екі топ бір-бірімен соғысса, бірден араларын жарастырыңдар» («Хужурат» сүресі, 9-аят) деген аят туралы. Алла оларды мүміндер деп атадыبَابُ ﴿وَإِنْ طَائِفَتَانِ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ اقْتَتَلُوا فَأَصْلِحُوا بَيْنَهُمَا﴾ [الْحُجُرَاتِ: 9] فَسَمَّاهُمُ الْمُؤْمِنِينَ
Нөмірі
№ 29 (Мухтасар реті) · Сахих: № 31
29
Бұхари, № 29 · Сахих: 31Риуаят етуші: Әбу Бәкра (р.а.)

عَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِذَا التَقَى الْمُسْلِمَانِ بِسَيْفَيْهِمَا فَالْقَاتِلُ وَالْمَقْتُولُ فِي النَّارِ»، فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذَا الْقَاتِلُ، فَمَا بَالُ الْمَقْتُولِ؟» قَالَ: «إِنَّهُ كَانَ حَرِيصًا عَلَى قَتْلِ صَاحِبِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкра (р.а.): «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Екі мұсылман бір-біріне қылыш көтеріп, бетпе-бет келсе, өлтіргені де, өлтірілгені де Тозақта болады”, – дегенін естідім. Мен: “Уа, Расулалла! Өлтірген адамның жайы түсінікті, ал өлтірілген адам неліктен Тозақта болады?” – деп сұрадым. Ол: “Өйткені ол да қарсыласын өлтіруге ұмтылған еді”, – деді», – деген.