Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 44

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
2. Иман кітабыكِتَابُ الْإِيمَانِ
бап
32. Жаназаға ерудің иманнан екені туралыبَابُ اتِّبَاعِ الْجَنَائِزِ مِنَ الْإِيمَانِ
Нөмірі
№ 44 (Мухтасар реті) · Сахих: № 47
44
Бұхари, № 44 · Сахих: 47Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنِ اتَّبَعَ جَنَازَةَ مُسْلِمٍ، إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا، وَكَانَ مَعَهُ حَتَّى يُصَلَّى عَلَيْهَا وَيَفْرُغَ مِنْ دَفْنِهَا، فَإِنَّهُ يَرْجِعُ مِنَ الْأَجْرِ بِقِيرَاطَيْنِ، كُلُّ قِيرَاطٍ مِثْلُ أُحُدٍ، وَمَنْ صَلَّى عَلَيْهَا ثُمَّ رَجَعَ قَبْلَ أَنْ تُدْفَنَ، فَإِنَّهُ يَرْجِعُ بِقِيرَاطٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Кім бір мұсылманның жаназасына иманмен әрі сауабын Алладан үміт етіп қатысып, жаназа намазы оқылып, мәйітті жерлеу аяқталғанға дейін бірге болса, екі қират сауап алып қайтады. Әрбір қират – Ұхұд тауындай. Ал кім жаназа намазын оқып, мәйіт жерленбей тұрып қайтса, бір қират сауап алып қайтады», – дегенін жеткізген.