عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: إِنَّ وَفْدَ عَبْدِ الْقَيْسِ لَمَّا أَتَوُا النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنِ الْقَوْمُ؟» أَوْ: «مَنِ الْوَفْدُ؟» قَالُوا: «رَبِيعَةُ». قَالَ: «مَرْحَبًا بِالْقَوْمِ، أَوْ بِالْوَفْدِ، غَيْرَ خَزَايَا وَلَا نَدَامَى»، فَقَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ إِنَّا لَا نَسْتَطِيعُ أَنْ نَأْتِيكَ إِلَّا فِي الشَّهْرِ الْحَرَامِ، وَبَيْنَنَا وَبَيْنَكَ هَذَا الْحَيُّ مِنْ كُفَّارِ مُضَرَ، فَمُرْنَا بِأَمْرٍ فَصْلٍ، نُخْبِرْ بِهِ مَنْ وَرَاءَنَا، وَنَدْخُلْ بِهِ الْجَنَّةَ»، وَسَأَلُوهُ عَنِ الْأَشْرِبَةِ: فَأَمَرَهُمْ بِأَرْبَعٍ، وَنَهَاهُمْ عَنْ أَرْبَعٍ، أَمَرَهُمْ: بِالْإِيمَانِ بِاللَّهِ وَحْدَهُ. قَالَ: «أَتَدْرُونَ مَا الْإِيمَانُ بِاللَّهِ وَحْدَهُ؟» قَالُوا: «اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ». قَالَ: «شَهَادَةُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، وَإِقَامُ الصَّلَاةِ، وَإِيتَاءُ الزَّكَاةِ، وَصِيَامُ رَمَضَانَ، وَأَنْ تُعْطُوا مِنَ الْمَغْنَمِ الْخُمُسَ». وَنَهَاهُمْ عَنْ أَرْبَعٍ: «عَنِ الْحَنْتَمِ وَالدُّبَّاءِ وَالنَّقِيرِ وَالْمُزَفَّتِ»، وَرُبَّمَا قَالَ: «الْمُقَيَّرِ». وَقَالَ: «احْفَظُوهُنَّ وَأَخْبِرُوا بِهِنَّ مَنْ وَرَاءَكُمْ».
Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Абдулқайс елшілері Пайғамбарға (с.а.с.) келгенде, ол: “Қай қауымсыңдар?” – немесе: “Қай қауымның елшілерісіңдер?” – деп сұрады. Олар: “Рабиға тайпасынанбыз”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Қош келдіңдер! Сендер қор болмайсыңдар да, өкінішке қалмайсыңдар”, – деді. Олар: “Уа, Расулалла! Біз сізге қасиетті айларда ғана келе аламыз. Өйткені біз бен сіздің араңызда Мудар мүшріктерінің мына бір тайпасы тұрады. Бізге анық әрі кесімді бір істі бұйырыңыз. Оны артымызда қалғандарға жеткізейік әрі соның арқасында Жәннатқа кірейік”, – деді.
Олар одан сусындар жайында да сұрады. Пайғамбар (с.а.с.) оларға төрт нәрсені бұйырып, төрт нәрсеге тыйым салды. Ол жалғыз Аллаға иман келтіруді бұйырып: “Жалғыз Аллаға иман келтірудің не екенін білесіңдер ме?” – деп сұрады. Олар: “Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі”, – деді. Ол (с.а.с.): “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ әрі Мұхаммед – Алланың Елшісі екеніне куәлік ету, намазды толық орындау, зекет беру, Рамазан айында ораза ұстау және олжаның бестен бірін тапсыру”, – деді.
Сондай-ақ оларға төрт түрлі ыдыста – хантам деп аталатын қыш құмырада, асқабақтан жасалған ыдыста, іші ойылған құрма діңінен жасалған ыдыста және шайыр жағылған ыдыста – сусын тұндыруға тыйым салды. Кейде соңғысын “муқайяр” деп атаған. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.): “Осы айтқандарымды жаттап алып, арттарыңда қалғандарға жеткізіңдер”, – деді».