Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 48

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
2. Иман кітабыكِتَابُ الْإِيمَانِ
бап
35. Дінін күмәнді нәрселерден қорғаған адамның артықшылығы туралыبَابُ فَضْلِ مَنِ اِسْتَبْرَأَ لِدِينِهِ
Нөмірі
№ 48 (Мухтасар реті) · Сахих: № 52
48
Бұхари, № 48 · Сахих: 52Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир (р.а.)

عَنِ النُّعْمَانِ بْنِ بَشِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «الْحَلَالُ بَيِّنٌ، وَالْحَرَامُ بَيِّنٌ، وَبَيْنَهُمَا مُشَبَّهَاتٌ لَا يَعْلَمُهَا كَثِيرٌ مِنَ النَّاسِ، فَمَنِ اتَّقَى الْمُشَبَّهَاتِ اِسْتَبْرَأَ لِدِينِهِ وَعِرْضِهِ، وَمَنْ وَقَعَ فِي الشُّبُهَاتِ: كَرَاعٍ يَرْعَى حَوْلَ الْحِمَى، يُوشِكُ أَنْ يُوَاقِعَهُ، أَلَا وَإِنَّ لِكُلِّ مَلِكٍ حِمًى، أَلَا إِنَّ حِمَى اللَّهِ فِي أَرْضِهِ مَحَارِمُهُ، أَلَا وَإِنَّ فِي الْجَسَدِ مُضْغَةً: إِذَا صَلَحَتْ صَلَحَ الْجَسَدُ كُلُّهُ، وَإِذَا فَسَدَتْ فَسَدَ الْجَسَدُ كُلُّهُ، أَلَا وَهِيَ الْقَلْبُ».

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәшир (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Халал анық, харам да анық. Ал осы екеуінің арасында көптеген адам біле бермейтін күмәнді нәрселер бар. Кім күмәнді нәрселерден сақтанса, діні мен абыройын қорғайды. Ал кім күмәнді нәрселерге ұрынса, қорықтың маңында мал жайып, малының оған кіріп кетуіне шақ қалған бақташы секілді болады. Біліп қойыңдар, әрбір патшаның өз қорығы бар. Алланың жер бетіндегі қорығы – Оның тыйым салған нәрселері. Біліп қойыңдар, денеде бір кесек ет бар. Ол түзелсе, бүкіл дене түзеледі, ал ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Біліп қойыңдар, ол – жүрек”, – дегенін естідім», – деген.