عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ دَخَلَ عَلَيْهَا وَعِنْدَهَا امْرَأَةٌ، قَالَ: «مَنْ هَذِهِ؟» قَالَتْ: «فُلَانَةُ»، تَذْكُرُ مِنْ صَلَاتِهَا. قَالَ: «مَهْ، عَلَيْكُمْ بِمَا تُطِيقُونَ، فَوَاللَّهِ لَا يَمَلُّ اللَّهُ حَتَّى تَمَلُّوا». وَكَانَ أَحَبَّ الدِّينِ إِلَيْهِ مَا دَاوَمَ عَلَيْهِ صَاحِبُهُ.
Айша (р.а.) былай жеткізген: «Бірде Пайғамбар (с.а.с.) менің үйіме кіргенде, қасымда бір әйел отыр еді. Пайғамбар (с.а.с.): “Бұл кім?” – деп сұрады. Мен: “Бұл – пәленше әйел”, – деп, оның көп намаз оқитынын айта бастадым. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Қой! Шамаларың жететін амалдарды ғана орындаңдар. Алланың атымен ант етемін, сендер жалықпайынша, Алла жалықпайды”, – деді. Аллаға ең сүйікті діни амал – адамның үзбей атқарған амалы еді».