Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 728

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
24. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
11. Садақаны өз қажетінен артылған мал-мүліктен беру туралыبَابُ لَا صَدَقَةَ إِلَّا عَنْ ظَهْرِ غِنًى
Нөмірі
№ 728 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1429
728
Бұхари, № 728 · Сахих: 1429Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ – وَهُوَ عَلَى الْمِنْبَرِ، وَذَكَرَ الصَّدَقَةَ وَالتَّعَفُّفَ وَالْمَسْأَلَةَ –: «الْيَدُ الْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِ السُّفْلَى، فَالْيَدُ الْعُلْيَا هِيَ الْمُنْفِقَةُ، وَالسُّفْلَى هِيَ السَّائِلَةُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) мінберде тұрып, садақа беру, тіленуден сақтану және қайыр сұрау жайында айтып: “Жоғарғы қол төменгі қолдан қайырлы. Жоғарғы қол – малын жұмсаушы қол, ал төменгі қол – сұраушы қол”, – деді».