Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 729

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
24. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
12. Садақа беруге ынталандыру және оны беруге дәнекер болу туралыبَابُ التَّحْرِيضِ عَلَى الصَّدَقَةِ وَالشَّفَاعَةِ فِيهَا
Нөмірі
№ 729 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1432
729
Бұхари, № 729 · Сахих: 1432Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا جَاءَهُ السَّائِلُ أَوْ طُلِبَتْ إِلَيْهِ حَاجَةٌ قَالَ: «اِشْفَعُوا تُؤْجَرُوا، وَيَقْضِي اللَّهُ عَلَى لِسَانِ نَبِيِّهِ ﷺ مَا شَاءَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деген: «Алла Елшісіне (с.а.с.) бір қайыр сұраушы келсе немесе одан біреудің қажетін өтеп беру сұралса, ол (с.а.с.): “Мұқтаж жанның өтінішіне дәнекер болыңдар, сауап аласыңдар. Алла Өз Пайғамбарының (с.а.с.) тілі арқылы қалаған үкімін жүзеге асырады”, – дейтін».