Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 73

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
3. Ілім кітабыكِتَابُ الْعِلْمِ
бап
12. Ілімнің артықшылығы туралыبَابُ فَضْلِ الْعِلْمِ
Нөмірі
№ 73 (Мухтасар реті) · Сахих: № 82
73
Бұхари, № 73 · Сахих: 82Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «بَيْنَا أَنَا نَائِمٌ أُتِيتُ بِقَدَحِ لَبَنٍ فَشَرِبْتُ حَتَّى إِنِّي لَأَرَى الرِّيَّ يَخْرُجُ فِي أَظْفَارِي ثُمَّ أَعْطَيْتُ فَضْلِي عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ». قَالُوا: «فَمَا أَوَّلْتَهُ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «الْعِلْمَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Ұйықтап жатқанымда маған бір тостаған сүт әкелінді. Мен сүтке әбден қанғаным сонша, оның нәрі тырнақтарымнан шығып жатқандай көрінді. Содан кейін қалғанын Омар ибн әл-Хаттабқа бердім”, – дегенін естідім. Сонда адамдар: “Уа, Расулалла! Мұны не деп жорыдыңыз?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Ілімге”, – деп жауап берді».