Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 74

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
3. Ілім кітабыكِتَابُ الْعِلْمِ
бап
13. Мініс малының үстінде не өзге жерде аялдап тұрып пәтуа беру туралыبَابُ الْفُتْيَا وَهُوَ وَاقِفٌ عَلَى الدَّابَّةِ وَغَيْرِهَا
Нөмірі
№ 74 (Мухтасар реті) · Сахих: № 83
74
Бұхари, № 74 · Сахих: 83Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ وَقَفَ فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ بِمِنًى لِلنَّاسِ يَسْأَلُونَهُ، فَجَاءَهُ رَجُلٌ فَقَالَ: «لَمْ أَشْعُرْ فَحَلَقْتُ قَبْلَ أَنْ أَذْبَحَ» فَقَالَ: «اِذْبَحْ وَلَا حَرَجَ». فَجَاءَ آخَرُ فَقَالَ: «لَمْ أَشْعُرْ فَنَحَرْتُ قَبْلَ أَنْ أَرْمِيَ» قَالَ: «اِرْمِ وَلَا حَرَجَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) былай жеткізген: «Пайғамбар (с.а.с.) Қоштасу қажылығы кезінде Минада адамдардың сұрақтарына жауап беру үшін тоқтады. Бір кісі келіп: “Білместікпен құрбандық шалмай тұрып шашымды алдырып қойдым”, – деді. Ол (с.а.с.): “Құрбандығыңды шала бер, еш айып жоқ”, – деді. Тағы бір кісі келіп: “Білместікпен тас атпай тұрып құрбандығымды шалып қойдым”, – деді. Ол (с.а.с.): “Тас ата бер, еш айып жоқ”, – деді».