عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «يَتْرُكُونَ الْمَدِينَةَ عَلَى خَيْرِ مَا كَانَتْ، لَا يَغْشَاهَا إِلَّا الْعَوَافِ – يُرِيدُ عَوَافِيَ السِّبَاعِ وَالطَّيْرِ – وَآخِرُ مَنْ يُحْشَرُ رَاعِيَانِ مِنْ مُزَيْنَةَ، يُرِيدَانِ الْمَدِينَةَ، يَنْعِقَانِ بِغَنَمِهِمَا فَيَجِدَانِهَا وَحْشًا، حَتَّى إِذَا بَلَغَا ثَنِيَّةَ الْوَدَاعِ خَرَّا عَلَى وُجُوهِهِمَا».
Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Адамдар Мәдинаны ең көркейген қалпында тастап кетеді. Оған жыртқыш аңдар мен құстардан басқа ешкім келмейді. Ең соңында жиналатындар – Мүзәйна тайпасынан шыққан екі қойшы. Олар қойларын айдап, Мәдинаға бет алады да, оны қаңырап бос қалған күйде көреді. Ақыры Сәния әл-Уадағқа жеткен кезде, екеуі де етпетінен құлайды”, – дегенін естідім», – деп жеткізді.