عَنْ سُفْيَانَ بْنِ أَبِي زُهَيْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «تُفْتَحُ الْيَمَنُ، فَيَأْتِي قَوْمٌ يُبِسُّونَ، فَيَتَحَمَّلُونَ بِأَهْلِيهِمْ وَمَنْ أَطَاعَهُمْ، وَالْمَدِينَةُ خَيْرٌ لَهُمْ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ.
وَتُفْتَحُ الشَّأْمُ، فَيَأْتِي قَوْمٌ يُبِسُّونَ، فَيَتَحَمَّلُونَ بِأَهْلِيهِمْ وَمَنْ أَطَاعَهُمْ، وَالْمَدِينَةُ خَيْرٌ لَهُمْ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ.
وَتُفْتَحُ الْعِرَاقُ، فَيَأْتِي قَوْمٌ يُبِسُّونَ، فَيَتَحَمَّلُونَ بِأَهْلِيهِمْ وَمَنْ أَطَاعَهُمْ، وَالْمَدِينَةُ خَيْرٌ لَهُمْ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ».
Суфиян ибн Әбу Зуһайр (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естідім: “Йемен азат етіледі. Сонда бір топ адам көшуге ұмтылып, отбасыларын және өздеріне ерген адамдарды алып кетеді. Егер олар білгенде, Мәдина өздері үшін әлдеқайда қайырлы болар еді.
Шам азат етіледі. Сонда бір топ адам көшуге ұмтылып, отбасыларын және өздеріне ерген адамдарды алып кетеді. Егер олар білгенде, Мәдина өздері үшін әлдеқайда қайырлы болар еді.
Ирак азат етіледі. Сонда бір топ адам көшуге ұмтылып, отбасыларын және өздеріне ерген адамдарды алып кетеді. Егер олар білгенде, Мәдина өздері үшін әлдеқайда қайырлы болар еді”, – деген».