Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 921

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
30. Мәдинаның артықшылықтары туралы кітапفَضَائِلُ الْمَدِينَةِ
бап
8. Дәжжалдың Мәдинаға кірмейтіні туралыبَابُ لَا يَدْخُلُ الدَّجَّالُ الْمَدِينَةَ
Нөмірі
№ 921 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1881
921
Бұхари, № 921 · Сахих: 1881Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ مِنْ بَلَدٍ إِلَّا سَيَطَؤُهُ الدَّجَّالُ، إِلَّا مَكَّةَ وَالْمَدِينَةَ، لَيْسَ لَهُ مِنْ نِقَابِهَا نَقْبٌ إِلَّا عَلَيْهِ الْمَلَائِكَةُ صَافِّينَ يَحْرُسُونَهَا، ثُمَّ تَرْجُفُ الْمَدِينَةُ بِأَهْلِهَا ثَلَاثَ رَجَفَاتٍ، فَيُخْرِجُ اللَّهُ كُلَّ كَافِرٍ وَمُنَافِقٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Дәжжал аяқ баспайтын бірде-бір қала болмайды. Тек Мекке мен Мәдинаға ғана кіре алмайды. Мәдинаның әрбір кіреберісінде сап түзеп тұрған періштелер оны күзетеді. Содан кейін Мәдина тұрғындарымен бірге үш рет қатты сілкінеді. Сонда Алла Мәдинадан әрбір кәпір мен мұнафықты шығарып жібереді», – дегенін жеткізген.