عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: حَدَّثَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَدِيثًا طَوِيلًا عَنِ الدَّجَّالِ فَكَانَ فِيمَا حَدَّثَنَا بِهِ أَنْ قَالَ: «يَأْتِي الدَّجَّالُ – وَهُوَ مُحَرَّمٌ عَلَيْهِ أَنْ يَدْخُلَ نِقَابَ الْمَدِينَةِ – بَعْضَ السِّبَاخِ الَّتِي بِالْمَدِينَةِ، فَيَخْرُجُ إِلَيْهِ يَوْمَئِذٍ رَجُلٌ هُوَ خَيْرُ النَّاسِ – أَوْ مِنْ خَيْرِ النَّاسِ – فَيَقُولُ: “أَشْهَدُ أَنَّكَ الدَّجَّالُ الَّذِي حَدَّثَنَا عَنْكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَدِيثَهُ”،
فَيَقُولُ الدَّجَّالُ: “أَرَأَيْتَ إِنْ قَتَلْتُ هَذَا ثُمَّ أَحْيَيْتُهُ، هَلْ تَشُكُّونَ فِي الْأَمْرِ؟” فَيَقُولُونَ: “لَا”، فَيَقْتُلُهُ ثُمَّ يُحْيِيهِ، فَيَقُولُ حِينَ يُحْيِيهِ: “وَاللَّهِ، مَا كُنْتُ قَطُّ أَشَدَّ بَصِيرَةً مِنِّي الْيَوْمَ”، فَيَقُولُ الدَّجَّالُ: “أَقْتُلُهُ؟” فَلَا يُسَلَّطُ عَلَيْهِ».
Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) бізге Дәжжал туралы ұзақ хадис баяндады. Оның айтқандарының арасында мына сөздер де болды: “Дәжжал келеді. Оған Мәдинаның кіреберістеріне кіруге тыйым салынғандықтан, Мәдина маңындағы сортаң жерлердің біріне тоқтайды. Сол күні оған адамдардың ең қайырлысы немесе ең қайырлыларының бірі болған бір адам шығып: ‘Мен сенің Алла Елшісі (с.а.с.) бізге хабар берген Дәжжал екеніңе куәлік етемін’, – дейді.
Сонда Дәжжал адамдарға: ‘Айтыңдаршы, егер осы адамды өлтіріп, кейін қайта тірілтсем, менің ісіме күмәнданасыңдар ма?’ – деп сұрайды. Олар: ‘Жоқ’, – дейді. Содан кейін ол әлгі адамды өлтіріп, қайта тірілтеді. Әлгі адам қайта тірілгенде: ‘Алланың атымен ант етемін, сенің Дәжжал екеніңе бүгінгідей анық көзім ешқашан жеткен емес’, – дейді. Сонда Дәжжал: ‘Оны өлтірейін бе?’ – деп сұрайды. Алайда оған мұндай мүмкіндік берілмейді”, – деді».