Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 940

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
31. Ораза кітабыكِتَابُ الصَّوْمِ
бап
12. Ұлық Алланың: «Сендерге ораза ұстаған түні әйелдеріңмен төсек қатынасына түсу адал етілді. Олар сендер үшін киім, сендер де олар үшін дәл сондай киімсіңдер» («Бақара», 187) деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِ اللَّهِ جَلَّ ذِكْرُهُ: ﴿أُحِلَّ لَكُمْ لَيْلَةَ الصِّيَامِ الرَّفَثُ إِلَى نِسَائِكُمْ هُنَّ لِبَاسٌ لَكُمْ وَأَنْتُمْ لِبَاسٌ لَهُنَّ﴾ [الْبَقَرَةِ: 187]
Нөмірі
№ 940 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1915
940
Бұхари, № 940 · Сахих: 1915Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ أَصْحَابُ مُحَمَّدٍ ﷺ إِذَا كَانَ الرَّجُلُ صَائِمًا فَحَضَرَ الْإِفْطَارُ فَنَامَ قَبْلَ أَنْ يُفْطِرَ لَمْ يَأْكُلْ لَيْلَتَهُ وَلَا يَوْمَهُ حَتَّى يُمْسِيَ.

وَإِنَّ قَيْسَ بْنَ صِرْمَةَ الْأَنْصَارِيَّ كَانَ صَائِمًا، فَلَمَّا حَضَرَ الْإِفْطَارُ أَتَى امْرَأَتَهُ فَقَالَ لَهَا: «أَعِنْدَكِ طَعَامٌ؟» قَالَتْ: «لَا، وَلَكِنْ أَنْطَلِقُ فَأَطْلُبُ لَكَ»، وَكَانَ يَوْمَهُ يَعْمَلُ، فَغَلَبَتْهُ عَيْنَاهُ، فَجَاءَتْهُ امْرَأَتُهُ، فَلَمَّا رَأَتْهُ قَالَتْ: «خَيْبَةً لَكَ»، فَلَمَّا انْتَصَفَ النَّهَارُ غُشِيَ عَلَيْهِ.

فَذُكِرَ ذَلِكَ لِلنَّبِيِّ ﷺ فَنَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿أُحِلَّ لَكُمْ لَيْلَةَ الصِّيَامِ الرَّفَثُ إِلَى نِسَائِكُمْ﴾ [الْبَقَرَةِ: 187]، فَفَرِحُوا بِهَا فَرَحًا شَدِيدًا، وَنَزَلَتْ: ﴿وَكُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّى يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الْأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الْأَسْوَدِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 187].

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.) былай деген: «Мұхаммедтің (с.а.с.) сахабаларының бірі ораза ұстап, ауызашар уақыты келгенде аузын ашпай ұйықтап қалса, келесі күннің кешіне дейін сол түні де, күндіз де тамақ жемейтін.

Қайс ибн Сирма әл-Ансари ораза ұстаған еді. Ауызашар уақыты келгенде, әйеліне келіп: “Тамағың бар ма?” – деп сұрады. Әйелі: “Жоқ, бірақ барып, саған тамақ іздеп келейін”, – деді. Ол күні бойы еңбек еткендіктен, көзі ілініп, ұйықтап қалды. Әйелі қайтып келіп, оның ұйықтап жатқанын көргенде: “Сор болған екенсің!” – деді. Келесі күні тал түсте ол есінен танып қалды.

Бұл жағдай Пайғамбарға (с.а.с.) айтылғанда, “Сендерге ораза ұстаған түні әйелдеріңмен төсек қатынасына түсу адал етілді” (“Бақара”, 187) деген аят түсті. Сахабалар бұған қатты қуанды. Сондай-ақ: “Әрі таңның ақ жібін түннің қара жібінен ажыратқанға дейін жеп-ішіңдер” (“Бақара”, 187) деген аят түсті».