Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 941

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
31. Ораза кітабыكِتَابُ الصَّوْمِ
бап
13. Алла Тағаланың: «Әрі таңның ақ жібін түннің қара жібінен ажыратқанға дейін жеп-ішіңдер» («Бақара», 187) деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿وَكُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّى يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الْأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الْأَسْوَدِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 187]
Нөмірі
№ 941 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1916
941
Бұхари, № 941 · Сахих: 1916Риуаят етуші: Ади ибн Хатим (р.а.)

عَنْ عَدِيِّ بْنِ حَاتِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَمَّا نَزَلَتْ: ﴿حَتَّى يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الْأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الْأَسْوَدِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 187]، عَمَدْتُ إِلَى عِقَالٍ أَسْوَدَ وَإِلَى عِقَالٍ أَبْيَضَ، فَجَعَلْتُهُمَا تَحْتَ وِسَادَتِي، فَجَعَلْتُ أَنْظُرُ فِي اللَّيْلِ، فَلَا يَسْتَبِينُ لِي، فَغَدَوْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَذَكَرْتُ لَهُ ذَلِكَ، فَقَالَ: “إِنَّمَا ذَلِكَ سَوَادُ اللَّيْلِ وَبَيَاضُ النَّهَارِ”».

Қазақша аудармасы

Ади ибн Хатим (р.а.) былай деген: «“Таңның ақ жібін түннің қара жібінен ажыратқанға дейін” (“Бақара”, 187) деген аят түскен кезде, бір қара бау мен бір ақ бау алып, екеуін жастығымның астына қойдым. Түнде оларға қарай бердім, бірақ екеуін бір-бірінен ажырата алмадым. Таңертең Алла Елшісіне (с.а.с.) барып, бұл жайды айттым. Сонда ол: “Мұнда айтылғаны – түннің қараңғылығы мен күндіздің жарығы”, – деді», – деп жеткізді.