Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1086

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
41. Мұзараға кітабыكِتَابُ الْمُزَارَعَةِ
бап
5. «Құрма ағаштарының күтімін мойныңа ал», – деген жағдай туралыبَابُ إِذَا قَالَ: اِكْفِنِي مَؤُونَةَ النَّخْلِ
Нөмірі
№ 1086 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2325
1086
Бұхари, № 1086 · Сахих: 2325Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَتِ الْأَنْصَارُ لِلنَّبِيِّ ﷺ: «اِقْسِمْ بَيْنَنَا وَبَيْنَ إِخْوَانِنَا النَّخِيلَ». قَالَ: «لَا». فَقَالُوا: «تَكْفُونَا الْمَؤُونَةَ، وَنُشْرِكُكُمْ فِي الثَّمَرَةِ». قَالُوا: «سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Ансарлар Пайғамбарға (с.а.с.): “Құрма ағаштарын біз бен бауырларымыздың арасында бөліп беріңіз”, – деді. Ол: “Жоқ”, – деді. Сонда олар: “Сендер бізді олардың күтім машақатынан босатыңдар, ал біз сендерді жемісіне ортақ етейік”, – деді. Мұһажирлер: “Естідік әрі бойсұндық”, – деді».