Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1087

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
41. Мұзараға кітабыكِتَابُ الْمُزَارَعَةِ
бап
6. Жерді жалға беру туралыبَابُ كِرَاءِ الْأَرْضِ
Нөмірі
№ 1087 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2327
1087
Бұхари, № 1087 · Сахих: 2327Риуаят етуші: Рафиғ ибн Хадиж (р.а.)

عَنْ رَافِعِ بْنِ خَدِيجٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنَّا أَكْثَرَ أَهْلِ الْمَدِينَةِ مُزْدَرَعًا. كُنَّا نُكْرِي الْأَرْضَ بِالنَّاحِيَةِ مِنْهَا مُسَمًّى لِسَيِّدِ الْأَرْضِ»، قَالَ: «فَمِمَّا يُصَابُ ذَلِكَ وَتَسْلَمُ الْأَرْضُ، وَمِمَّا يُصَابُ الْأَرْضُ وَيَسْلَمُ ذَلِكَ، فَنُهِينَا. وَأَمَّا الذَّهَبُ وَالْوَرِقُ فَلَمْ يَكُنْ يَوْمَئِذٍ».

Қазақша аудармасы

Рафиғ ибн Хадиж (р.а.) былай деген: «Біз Мәдина тұрғындарының ішінде егіндік жері ең көп адамдар едік. Жерді жалға бергенде, оның белгілі бір бөлігінен алынатын өнімді жер иесіне тиесілі ететінбіз. Кейде сол бөлікке апат тиіп, қалған жер аман қалатын, ал кейде қалған жерге апат тиіп, сол бөлік аман қалатын. Сондықтан бізге бұлай істеуге тыйым салынды. Ал ол кезде жерді алтын мен күміске жалға беру болмаған еді».