Хадис
كِتَابُ الْمَظَالِمِ

Зұлымдық туралы кітап

Сахих әл-Бұхари, 46-кітап · 18 хадис · № 1122–1139

Мазмұны: 17 бап
  1. 1Жасалған зұлымдықтар үшін өзара ақы өтесу туралы
  2. 2Алла Тағаланың: «Біліңдер! Залымдарға Алланың лағынеті болсын!» («Һуд», 18) деген сөзі туралы
  3. 3Мұсылманның мұсылманға зұлымдық жасамауы және оны қорғансыз қалдырмауы туралы
  4. 4Бауырың залым болса да, зұлымдық көрген болса да, оған көмектесу туралы
  5. 5Зұлымдықтың қиямет күні қараңғылықтарға айналатыны туралы
  6. 6Ақысын кешірген адам өзіне жасалған қиянатты түсіндіріп айтуы керек пе?
  7. 7Жердің бір бөлігін әділетсіз иемденген адамның күнәсі туралы
  8. 8Біреуге берілген рұқсаттың жарамдылығы туралы
  9. 9Алла Тағаланың: «Ол – дауда аса қасарысатын адам» («Бақара», 204) деген сөзі туралы
  10. 10Бір істің жалған екенін біле тұра, сол үшін дауласқан адамның күнәсі туралы
  11. 11Зұлымдық көрген адамның залымның мал-мүлкін тапқан жағдайда өз ақысын өндіріп алуы туралы
  12. 12Көршінің өз қабырғасына көршісінің арқалық ағашын орнатуына кедергі жасамауы туралы
  13. 13Үйлердің алдындағы ашық алаңдарда және жол бойында отыру туралы
  14. 14Жұрт жүретін жолдың еніне қатысты дау туралы
  15. 15Тонаушылыққа және денені кескілеп қорлауға тыйым салу туралы
  16. 16Мал-мүлкін қорғау жолында шайқасқан адам туралы
  17. 17Біреудің табағын немесе басқа бір затын сындырған адам туралы
بَابُ قِصَاصِ الْمَظَالِمِ

1-бапЖасалған зұлымдықтар үшін өзара ақы өтесу туралы

1122
Бұхари, № 1122 · Сахих: 2440Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا خَلَصَ الْمُؤْمِنُونَ مِنَ النَّارِ حُبِسُوا بِقَنْطَرَةٍ بَيْنَ الْجَنَّةِ وَالنَّارِ، فَيَتَقَاصُّونَ مَظَالِمَ كَانَتْ بَيْنَهُمْ فِي الدُّنْيَا، حَتَّى إِذَا نُقُّوا وَهُذِّبُوا أُذِنَ لَهُمْ بِدُخُولِ الْجَنَّةِ، فَوَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ، لَأَحَدُهُمْ بِمَسْكَنِهِ فِي الْجَنَّةِ أَدَلُّ بِمَنْزِلِهِ كَانَ فِي الدُّنْيَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Мүміндер тозақтан құтылғаннан кейін, жәннат пен тозақтың арасындағы бір көпірдің үстінде тоқтатылады. Олар дүниеде бір-біріне жасаған зұлымдықтары үшін өзара ақы өтеседі. Ақырында ақыларын өтесіп, әбден тазарған соң, оларға жәннатқа кіруге рұқсат беріледі. Мұхаммедтің жаны қолында болған Алланың атымен ант етемін! Олардың әрқайсысы жәннаттағы өз мекенін дүниедегі үйінен де жақсырақ танитын болады», – деген.

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿أَلَا لَعْنَةُ اللَّهِ عَلَى الظَّالِمِينَ﴾ [هُودٍ: 18]

2-бапАлла Тағаланың: «Біліңдер! Залымдарға Алланың лағынеті болсын!» («Һуд», 18) деген сөзі туралы

1123
Бұхари, № 1123 · Сахих: 2441Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ اللَّهَ يُدْنِي الْمُؤْمِنَ، فَيَضَعُ عَلَيْهِ كَنَفَهُ وَيَسْتُرُهُ، فَيَقُولُ: “أَتَعْرِفُ ذَنْبَ كَذَا؟ أَتَعْرِفُ ذَنْبَ كَذَا؟” فَيَقُولُ: “نَعَمْ، أَيْ رَبِّ”، حَتَّى إِذَا قَرَّرَهُ بِذُنُوبِهِ وَرَأَى فِي نَفْسِهِ أَنَّهُ هَلَكَ قَالَ: “سَتَرْتُهَا عَلَيْكَ فِي الدُّنْيَا، وَأَنَا أَغْفِرُهَا لَكَ الْيَوْمَ”، فَيُعْطَى كِتَابَ حَسَنَاتِهِ.

وَأَمَّا الْكَافِرُ وَالْمُنَافِقُونَ فَيَقُولُ الْأَشْهَادُ: ﴿هَؤُلَاءِ الَّذِينَ كَذَبُوا عَلَى رَبِّهِمْ أَلَا لَعْنَةُ اللَّهِ عَلَى الظَّالِمِينَ﴾».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естідім: “Расында, Алла мүмінді Өзіне жақындатып, Өзінің қорғауы мен рақымына алып, жұрт көзінен жасырады да: ‘Пәлен күнәңді білесің бе? Түген күнәңді білесің бе?’ – деп сұрайды. Ол: ‘Иә, уа, Раббым!’ – деп жауап береді. Осылайша, Алла оған барлық күнәсін мойындатады. Ол өзін құрдымға кеттім деп ойлаған сәтте, Алла: ‘Мен бұл күнәларыңды дүниеде жасырдым, ал бүгін оларды саған кешіремін’, – дейді. Содан кейін оған ізгі амалдарының кітабы беріледі.

Ал кәпірлер мен мұнафықтарға қатысты куәгерлер: ‘Міне, Раббыларына өтірік таңғандар осылар! Біліңдер! Залымдарға Алланың лағынеті болсын!’, – дейді”».

بَابُ لَا يَظْلِمُ الْمُسْلِمُ الْمُسْلِمَ وَلَا يُسْلِمُهُ

3-бапМұсылманның мұсылманға зұлымдық жасамауы және оны қорғансыз қалдырмауы туралы

1124
Бұхари, № 1124 · Сахих: 2442Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الْمُسْلِمُ أَخُو الْمُسْلِمِ. لَا يَظْلِمُهُ وَلَا يُسْلِمُهُ، وَمَنْ كَانَ فِي حَاجَةِ أَخِيهِ كَانَ اللَّهُ فِي حَاجَتِهِ، وَمَنْ فَرَّجَ عَنْ مُسْلِمٍ كُرْبَةً فَرَّجَ اللَّهُ عَنْهُ كُرْبَةً مِنْ كُرُبَاتِ يَوْمِ الْقِيَامَةِ، وَمَنْ سَتَرَ مُسْلِمًا سَتَرَهُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Ол оған зұлымдық жасамайды әрі оны қорғансыз қалдырмайды. Кім бауырының қажетін өтеуге атсалысса, Алла да оның қажетін өтейді. Кім бір мұсылманның қиыншылығын сейілтсе, Алла оның қиямет күніндегі қиыншылықтарының бірін сейілтеді. Кім бір мұсылманның айыбын жасырса, Алла қиямет күні оның айыбын жасырады».

بَابُ أَعِنْ أَخَاكَ ظَالِمًا أَوْ مَظْلُومًا

4-бапБауырың залым болса да, зұлымдық көрген болса да, оған көмектесу туралы

1125
Бұхари, № 1125 · Сахих: 2444Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اُنْصُرْ أَخَاكَ ظَالِمًا أَوْ مَظْلُومًا». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذَا نَنْصُرُهُ مَظْلُومًا، فَكَيْفَ نَنْصُرُهُ ظَالِمًا؟» قَالَ: «تَأْخُذُ فَوْقَ يَدَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Бауырың залым болса да, зұлымдық көрген болса да, оған көмектес”, – деді. Олар: “Уа, Расулалла! Зұлымдық көрген болса, оған көмектесеміз. Ал залым болса, оған қалай көмектесеміз?” – деп сұрады. Ол: “Оны зұлымдық жасаудан тыясыңдар”, – деді».

بَابُ الظُّلْمُ ظُلُمَاتٌ يَوْمَ الْقِيَامَةِ

5-бапЗұлымдықтың қиямет күні қараңғылықтарға айналатыны туралы

1126
Бұхари, № 1126 · Сахих: 2447Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «الظُّلْمُ ظُلُمَاتٌ يَوْمَ الْقِيَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Зұлымдық қиямет күні қараңғылықтарға айналады», – деген.

بَابُ مَنْ كَانَتْ لَهُ مَظْلَمَةٌ عِنْدَ الرَّجُلِ فَحَلَّلَهَا لَهُ هَلْ يُبَيِّنُ مَظْلَمَتَهُ؟

6-бапАқысын кешірген адам өзіне жасалған қиянатты түсіндіріп айтуы керек пе?

1127
Бұхари, № 1127 · Сахих: 2449Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ كَانَتْ لَهُ مَظْلَمَةٌ لِأَحَدٍ مِنْ عِرْضِهِ أَوْ شَيْءٍ فَلْيَتَحَلَّلْهُ مِنْهُ الْيَوْمَ، قَبْلَ أَنْ لَا يَكُونَ دِينَارٌ وَلَا دِرْهَمٌ؛ إِنْ كَانَ لَهُ عَمَلٌ صَالِحٌ أُخِذَ مِنْهُ بِقَدْرِ مَظْلَمَتِهِ، وَإِنْ لَمْ تَكُنْ لَهُ حَسَنَاتٌ أُخِذَ مِنْ سَيِّئَاتِ صَاحِبِهِ فَحُمِلَ عَلَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Кім біреудің ар-намысына немесе өзге бір нәрсесіне қиянат жасаған болса, динар да, дирхам да болмайтын күн келмей тұрып, бүгін-ақ одан кешірім сұрап, ақысын кешуін өтінсін. Егер оның ізгі амалдары болса, жасаған қиянатының мөлшеріне қарай сол ізгі амалдарынан алынады. Ал ізгі амалдары болмаса, жәбір көрген адамның күнәларынан алынып, қиянат жасаушыға жүктеледі».

بَابُ إِثْمِ مَنْ ظَلَمَ شَيْئًا مِنَ الْأَرْضِ

7-бапЖердің бір бөлігін әділетсіз иемденген адамның күнәсі туралы

1128
Бұхари, № 1128 · Сахих: 2452Риуаят етуші: Сағид ибн Зәйд (р.а.)

عَنْ سَعِيدِ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ ظَلَمَ مِنَ الْأَرْضِ شَيْئًا طُوِّقَهُ مِنْ سَبْعِ أَرَضِينَ».

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Зәйд (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Кім жердің бір бөлігін әділетсіз иемденсе, жеті қабат жер оның мойнына оралады”, – дегенін естідім», – деген.

1129
Бұхари, № 1129 · Сахих: 2454Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَنْ أَخَذَ مِنَ الْأَرْضِ شَيْئًا بِغَيْرِ حَقِّهِ خُسِفَ بِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِلَى سَبْعِ أَرَضِينَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.): “Кім жердің бір бөлігін хақысыз иемденсе, қиямет күні сол жермен бірге жеті қабат жердің түбіне дейін жұтылып кетеді”, – деді», – деген.

بَابُ إِذَا أَذِنَ إِنْسَانٌ لِآخَرَ شَيْئًا جَازَ

8-бапБіреуге берілген рұқсаттың жарамдылығы туралы

1130
Бұхари, № 1130 · Сахих: 2455Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ مَرَّ بِقَوْمٍ يَأْكُلُونَ تَمْرًا، فَقَالَ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنِ الْإِقْرَانِ إِلَّا أَنْ يَسْتَأْذِنَ الرَّجُلُ مِنْكُمْ أَخَاهُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, ол құрма жеп отырған бір топ адамның жанынан өтіп бара жатып: «Алла Елшісі (с.а.с.) сендердің бірің қасындағы бауырынан рұқсат сұрамайынша, екі құрманы қосып жеуге тыйым салған», – деді.

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿وَهُوَ أَلَدُّ الْخِصَامِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 204]

9-бапАлла Тағаланың: «Ол – дауда аса қасарысатын адам» («Бақара», 204) деген сөзі туралы

1131
Бұхари, № 1131 · Сахих: 2457Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ أَبْغَضَ الرِّجَالِ إِلَى اللَّهِ الْأَلَدُّ الْخَصِمُ».

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, Аллаға ең жек көрінішті адам – дауда аса қасарысатын адам», – деген.

بَابُ إِثْمِ مَنْ خَاصَمَ فِي بَاطِلٍ وَهُوَ يَعْلَمُهُ

10-бапБір істің жалған екенін біле тұра, сол үшін дауласқан адамның күнәсі туралы

1132
Бұхари, № 1132 · Сахих: 2458Риуаят етуші: Үммі Сәләма (р.а.)

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ سَمِعَ خُصُومَةً بِبَابِ حُجْرَتِهِ، فَخَرَجَ إِلَيْهِمْ فَقَالَ: «إِنَّمَا أَنَا بَشَرٌ، وَإِنَّهُ يَأْتِينِي الْخَصْمُ، فَلَعَلَّ بَعْضَكُمْ أَنْ يَكُونَ أَبْلَغَ مِنْ بَعْضٍ، فَأَحْسِبُ أَنَّهُ صَدَقَ، فَأَقْضِي لَهُ بِذَلِكَ، فَمَنْ قَضَيْتُ لَهُ بِحَقِّ مُسْلِمٍ فَإِنَّمَا هِيَ قِطْعَةٌ مِنَ النَّارِ؛ فَلْيَأْخُذْهَا أَوْ فَلْيَتْرُكْهَا».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Үммі Сәләмәнің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) бөлмесінің есігі алдында адамдардың өзара дауласып жатқанын естіп, олардың алдына шықты да: «Мен де адаммын. Маған дауласушы тараптар келеді. Сендердің бірің екіншісінен өз уәжін шешенірек жеткізуі мүмкін. Сонда мен оны шын айтып тұр деп ойлап, соның пайдасына үкім шығаруым ықтимал. Ендеше, кімнің пайдасына бір мұсылманның ақысын беруге үкім шығарсам, оған бергенім – тозақ отының бір бөлігі ғана. Қаласа, оны алсын, қаласа, тастасын», – деді.

بَابُ قِصَاصِ الْمَظْلُومِ إِذَا وَجَدَ مَالَ ظَالِمِهِ

11-бапЗұлымдық көрген адамның залымның мал-мүлкін тапқан жағдайда өз ақысын өндіріп алуы туралы

1133
Бұхари, № 1133 · Сахих: 2461Риуаят етуші: Уқба ибн Амир (р.а.)

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قُلْنَا لِلنَّبِيِّ ﷺ: «إِنَّكَ تَبْعَثُنَا فَنَنْزِلُ بِقَوْمٍ لَا يَقْرُونَا، فَمَا تَرَى فِيهِ؟» فَقَالَ لَنَا: «إِنْ نَزَلْتُمْ بِقَوْمٍ، فَأُمِرَ لَكُمْ بِمَا يَنْبَغِي لِلضَّيْفِ فَاقْبَلُوا، فَإِنْ لَمْ يَفْعَلُوا فَخُذُوا مِنْهُمْ حَقَّ الضَّيْفِ».

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.): «Біз Пайғамбардан (с.а.с.): “Сіз бізді түрлі жерлерге жібересіз. Біз кейбір қауымдарға тоқтаймыз, бірақ олар бізге қонақасы бермейді. Бұған қатысты не дейсіз?” – деп сұрадық. Ол бізге: “Егер бір қауымға тоқтағандарыңда, сендерге қонаққа лайықты сый-сияпат көрсетілсе, оны қабыл алыңдар. Ал егер бұлай істемесе, олардан қонақтың тиесілі ақысын алыңдар”, – деді», – деп жеткізді.

بَابُ لَا يَمْنَعُ جَارٌ جَارَهُ أَنْ يَغْرِزَ خَشَبَهُ فِي جِدَارِهِ

12-бапКөршінің өз қабырғасына көршісінің арқалық ағашын орнатуына кедергі жасамауы туралы

1134
Бұхари, № 1134 · Сахих: 2463Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَمْنَعُ جَارٌ جَارَهُ أَنْ يَغْرِزَ خَشَبَهُ فِي جِدَارِهِ». ثُمَّ يَقُولُ أَبُو هُرَيْرَةَ: «مَا لِي أَرَاكُمْ عَنْهَا مُعْرِضِينَ؟ وَاللَّهِ، لَأَرْمِيَنَّ بِهَا بَيْنَ أَكْتَافِكُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Көрші өз қабырғасына көршісінің арқалық ағашын орнатуына кедергі жасамасын», – деген. Содан кейін Әбу Һурайра (р.а.): «Сендерге не болған? Бұл сөзден теріс айналып жүргендеріңді көріп тұрмын. Алланың атымен ант етемін! Бұл үкімді сендердің мойындарыңа міндет етіп жүктеймін», – дейтін.

بَابُ أَفْنِيَةِ الدُّورِ وَالْجُلُوسِ فِيهَا وَالْجُلُوسِ عَلَى الصُّعُدَاتِ

13-бапҮйлердің алдындағы ашық алаңдарда және жол бойында отыру туралы

1135
Бұхари, № 1135 · Сахих: 2465Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِيَّاكُمْ وَالْجُلُوسَ عَلَى الطُّرُقَاتِ»، فَقَالُوا: «مَا لَنَا بُدٌّ، إِنَّمَا هِيَ مَجَالِسُنَا نَتَحَدَّثُ فِيهَا». قَالَ: «فَإِذَا أَبَيْتُمْ إِلَّا الْمَجَالِسَ فَأَعْطُوا الطَّرِيقَ حَقَّهَا»، قَالُوا: «وَمَا حَقُّ الطَّرِيقِ؟» قَالَ: «غَضُّ الْبَصَرِ، وَكَفُّ الْأَذَى، وَرَدُّ السَّلَامِ، وَأَمْرٌ بِالْمَعْرُوفِ، وَنَهْيٌ عَنِ الْمُنْكَرِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Жол бойында отырудан сақ болыңдар», – дегенін жеткізген. Олар: «Одан бас тарта алмаймыз. Өйткені бұл – отырып әңгімелесетін орындарымыз», – деді. Сонда ол: «Егер отырудан бас тартпасаңдар, жолдың ақысын беріңдер», – деді. Олар: «Жолдың ақысы қандай?» – деп сұрады. Ол: «Көзді төмен салу, өзгеге зиян келтірмеу, сәлемге жауап беру, жақсылыққа бұйыру және жамандықтан тыю», – деді.

بَابُ إِذَا اخْتَلَفُوا فِي الطَّرِيقِ الْمِيتَاءِ

14-бапЖұрт жүретін жолдың еніне қатысты дау туралы

1136
Бұхари, № 1136 · Сахих: 2473Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَضَى النَّبِيُّ ﷺ إِذَا تَشَاجَرُوا فِي الطَّرِيقِ الْمِيتَاءِ بِسَبْعَةِ أَذْرُعٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Жолға қатысты дау туындаған кезде, Пайғамбар (с.а.с.) оның енін жеті шынтақ етіп қалдыруға үкім шығарған», – деген.

بَابُ النَّهْيِ عَنِ النُّهْبَى وَالْمُثْلَةِ

15-бапТонаушылыққа және денені кескілеп қорлауға тыйым салу туралы

1137
Бұхари, № 1137 · Сахих: 2474

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ يَزِيدَ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَهَى النَّبِيُّ ﷺ عَنِ النُّهْبَى وَالْمُثْلَةِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Язид әл-Ансари (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) тонаушылық жасауға және денені кескілеп қорлауға тыйым салды».

بَابُ مَنْ قَاتَلَ دُونَ مَالِهِ

16-бапМал-мүлкін қорғау жолында шайқасқан адам туралы

1138
Бұхари, № 1138 · Сахих: 2480Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ قُتِلَ دُونَ مَالِهِ فَهُوَ شَهِيدٌ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Кім мал-мүлкін қорғау жолында өлтірілсе, ол – шәһид”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ إِذَا كَسَرَ قَصْعَةً أَوْ شَيْئًا لِغَيْرِهِ

17-бапБіреудің табағын немесе басқа бір затын сындырған адам туралы

1139
Бұхари, № 1139 · Сахих: 2481Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ عِنْدَ بَعْضِ نِسَائِهِ، فَأَرْسَلَتْ إِحْدَى أُمَّهَاتِ الْمُؤْمِنِينَ مَعَ خَادِمٍ بِقَصْعَةٍ فِيهَا طَعَامٌ، فَضَرَبَتْ بِيَدِهَا فَكَسَرَتِ الْقَصْعَةَ، فَضَمَّهَا وَجَعَلَ فِيهَا الطَّعَامَ، وَقَالَ: «كُلُوا». وَحَبَسَ الرَّسُولَ وَالْقَصْعَةَ حَتَّى فَرَغُوا، فَدَفَعَ الْقَصْعَةَ الصَّحِيحَةَ، وَحَبَسَ الْمَكْسُورَةَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) жұбайларының бірінің үйінде болған кезде, мүміндердің аналарының бірі қызметшісі арқылы ішінде тағамы бар табақ жіберді. Сонда Пайғамбардың (с.а.с.) қасында отырған жұбайы қолымен ұрып, табақты сындырып жіберді. Пайғамбар (с.а.с.) табақтың сынықтарын бір-біріне келтіріп, тағамды соған жинады да: “Жеңдер”, – деді. Олар тамақтанып болғанша қызметшіні де, табақты да жібермей ұстады. Содан кейін қызметшіге бүтін табақты беріп, сынған табақты өзінде алып қалды».