Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1123

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
46. Зұлымдық туралы кітапكِتَابُ الْمَظَالِمِ
бап
2. Алла Тағаланың: «Біліңдер! Залымдарға Алланың лағынеті болсын!» («Һуд», 18) деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿أَلَا لَعْنَةُ اللَّهِ عَلَى الظَّالِمِينَ﴾ [هُودٍ: 18]
Нөмірі
№ 1123 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2441
1123
Бұхари, № 1123 · Сахих: 2441Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ اللَّهَ يُدْنِي الْمُؤْمِنَ، فَيَضَعُ عَلَيْهِ كَنَفَهُ وَيَسْتُرُهُ، فَيَقُولُ: “أَتَعْرِفُ ذَنْبَ كَذَا؟ أَتَعْرِفُ ذَنْبَ كَذَا؟” فَيَقُولُ: “نَعَمْ، أَيْ رَبِّ”، حَتَّى إِذَا قَرَّرَهُ بِذُنُوبِهِ وَرَأَى فِي نَفْسِهِ أَنَّهُ هَلَكَ قَالَ: “سَتَرْتُهَا عَلَيْكَ فِي الدُّنْيَا، وَأَنَا أَغْفِرُهَا لَكَ الْيَوْمَ”، فَيُعْطَى كِتَابَ حَسَنَاتِهِ.

وَأَمَّا الْكَافِرُ وَالْمُنَافِقُونَ فَيَقُولُ الْأَشْهَادُ: ﴿هَؤُلَاءِ الَّذِينَ كَذَبُوا عَلَى رَبِّهِمْ أَلَا لَعْنَةُ اللَّهِ عَلَى الظَّالِمِينَ﴾».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естідім: “Расында, Алла мүмінді Өзіне жақындатып, Өзінің қорғауы мен рақымына алып, жұрт көзінен жасырады да: ‘Пәлен күнәңді білесің бе? Түген күнәңді білесің бе?’ – деп сұрайды. Ол: ‘Иә, уа, Раббым!’ – деп жауап береді. Осылайша, Алла оған барлық күнәсін мойындатады. Ол өзін құрдымға кеттім деп ойлаған сәтте, Алла: ‘Мен бұл күнәларыңды дүниеде жасырдым, ал бүгін оларды саған кешіремін’, – дейді. Содан кейін оған ізгі амалдарының кітабы беріледі.

Ал кәпірлер мен мұнафықтарға қатысты куәгерлер: ‘Міне, Раббыларына өтірік таңғандар осылар! Біліңдер! Залымдарға Алланың лағынеті болсын!’, – дейді”».