Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1122

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
46. Зұлымдық туралы кітапكِتَابُ الْمَظَالِمِ
бап
1. Жасалған зұлымдықтар үшін өзара ақы өтесу туралыبَابُ قِصَاصِ الْمَظَالِمِ
Нөмірі
№ 1122 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2440
1122
Бұхари, № 1122 · Сахих: 2440Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا خَلَصَ الْمُؤْمِنُونَ مِنَ النَّارِ حُبِسُوا بِقَنْطَرَةٍ بَيْنَ الْجَنَّةِ وَالنَّارِ، فَيَتَقَاصُّونَ مَظَالِمَ كَانَتْ بَيْنَهُمْ فِي الدُّنْيَا، حَتَّى إِذَا نُقُّوا وَهُذِّبُوا أُذِنَ لَهُمْ بِدُخُولِ الْجَنَّةِ، فَوَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ، لَأَحَدُهُمْ بِمَسْكَنِهِ فِي الْجَنَّةِ أَدَلُّ بِمَنْزِلِهِ كَانَ فِي الدُّنْيَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Мүміндер тозақтан құтылғаннан кейін, жәннат пен тозақтың арасындағы бір көпірдің үстінде тоқтатылады. Олар дүниеде бір-біріне жасаған зұлымдықтары үшін өзара ақы өтеседі. Ақырында ақыларын өтесіп, әбден тазарған соң, оларға жәннатқа кіруге рұқсат беріледі. Мұхаммедтің жаны қолында болған Алланың атымен ант етемін! Олардың әрқайсысы жәннаттағы өз мекенін дүниедегі үйінен де жақсырақ танитын болады», – деген.