وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِينَ أَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَأَنْذِرْ عَشِيرَتَكَ الْأَقْرَبِينَ﴾ [الشُّعَرَاءِ: 214] قَالَ:
«يَا مَعْشَرَ قُرَيْشٍ» – أَوْ كَلِمَةً نَحْوَهَا – «اِشْتَرُوا أَنْفُسَكُمْ. لَا أُغْنِي عَنْكُمْ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا. يَا بَنِي عَبْدِ مَنَافٍ، لَا أُغْنِي عَنْكُمْ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا. يَا عَبَّاسُ بْنَ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ، لَا أُغْنِي عَنْكَ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا. وَيَا صَفِيَّةُ عَمَّةَ رَسُولِ اللَّهِ، لَا أُغْنِي عَنْكِ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا. وَيَا فَاطِمَةُ بِنْتَ مُحَمَّدٍ، سَلِينِي مَا شِئْتِ مِنْ مَالِي؛ لَا أُغْنِي عَنْكِ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا».
Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Аса үстем әрі ұлы Алла: “Ең жақын туыстарыңа ескерт!” (“Шуғара”, 214) деген аятты түсірген кезде, Алла Елшісі (с.а.с.) орнынан тұрып: “Уа, Құрайыш қауымы!” – деді немесе осыған ұқсас бір сөз айтты.
Содан кейін: “Өздеріңді құтқарыңдар! Мен сендерді Алланың алдында ештеңеден құтқара алмаймын. Уа, Бәну Абд Манаф! Мен сендерді Алланың алдында ештеңеден құтқара алмаймын. Уа, Аббас ибн Абдулмутталиб! Мен сені Алланың алдында ештеңеден құтқара алмаймын. Уа, Алла Елшісінің (с.а.с.) әке жағынан апасы Сафия! Мен сені Алланың алдында ештеңеден құтқара алмаймын. Уа, Мұхаммедтің қызы Фатима! Менің мал-мүлкімнен қалағаныңды сұра, бірақ мен сені Алланың алдында ештеңеден құтқара алмаймын”, – деді».