عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ أَبَاهُ تَصَدَّقَ بِمَالٍ لَهُ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَكَانَ يُقَالُ لَهُ ثَمْغٌ، وَكَانَ نَخْلًا، فَقَالَ عُمَرُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي اِسْتَفَدْتُ مَالًا وَهُوَ عِنْدِي نَفِيسٌ، فَأَرَدْتُ أَنْ أَتَصَدَّقَ بِهِ»، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «تَصَدَّقْ بِأَصْلِهِ، لَا يُبَاعُ وَلَا يُوهَبُ وَلَا يُورَثُ، وَلَكِنْ يُنْفَقُ ثَمَرُهُ».
فَتَصَدَّقَ بِهِ عُمَرُ، فَصَدَقَتُهُ تِلْكَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَفِي الرِّقَابِ وَالْمَسَاكِينِ وَالضَّيْفِ وَابْنِ السَّبِيلِ وَلِذِي الْقُرْبَى، وَلَا جُنَاحَ عَلَى مَنْ وَلِيَهُ أَنْ يَأْكُلَ مِنْهُ بِالْمَعْرُوفِ أَوْ يُؤْكِلَ صَدِيقَهُ غَيْرَ مُتَمَوِّلٍ بِهِ.
Ибн Омар (р.а.): «Омар (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында өзіне тиесілі бір мал-мүлкін садақа етті. Ол “Сәмғ” деп аталатын құрма бағы еді. Омар (р.а.): “Уа, Расулалла! Мен өзім үшін аса бағалы бір мал-мүлікке ие болдым. Соны садақа еткім келеді”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Оның өзін садақа ет. Ол сатылмасын, сыйға берілмесін әрі мұраға қалдырылмасын. Бірақ оның жемісі жұмсалсын”, – деді.
Содан кейін Омар оны садақа етті. Оның бұл садақасы Алла жолына, құлдарды азат етуге, міскіндерге, қонаққа, жолаушыға және жақын туыстарға арналды. Оны басқарушы адамның одан байлық жинауды көздеместен, қалыпты мөлшерде өзінің жеуіне немесе досына жегізуіне күнә жоқ», – деп жеткізді.