عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «اِجْتَنِبُوا السَّبْعَ الْمُوبِقَاتِ». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَمَا هُنَّ؟» قَالَ: «الشِّرْكُ بِاللَّهِ، وَالسِّحْرُ، وَقَتْلُ النَّفْسِ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ، وَأَكْلُ الرِّبَا، وَأَكْلُ مَالِ الْيَتِيمِ، وَالتَّوَلِّي يَوْمَ الزَّحْفِ، وَقَذْفُ الْمُحْصَنَاتِ الْمُؤْمِنَاتِ الْغَافِلَاتِ».
Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Адамды құрдымға ұшырататын жеті күнәдан сақтаныңдар», – деді. Сахабалар: «Уа, Расулалла! Олар қандай күнәлар?» – деп сұрады. Ол: «Аллаға серік қосу, сиқыр жасау, Алла өлтіруге тыйым салған жанды нақақтан-нақақ өлтіру, өсім жеу, жетімнің мал-мүлкін жеу, шайқас кезінде жаудан қашу және ар-намысын сақтаған, иманды, күнәдан бейхабар әйелдерге зина жасады деп жала жабу», – деді.