Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1211

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
55. Өсиеттер туралы кітапكِتَابُ الْوَصَايَا
бап
6. Уақыпты басқарушының шығыны туралыبَابُ نَفَقَةِ الْقَيِّمِ لِلْوَقْفِ
Нөмірі
№ 1211 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2776
1211
Бұхари, № 1211 · Сахих: 2776Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَقْتَسِمُ وَرَثَتِي دِينَارًا وَلَا دِرْهَمًا. مَا تَرَكْتُ بَعْدَ نَفَقَةِ نِسَائِي وَمَؤُونَةِ عَامِلِي فَهُوَ صَدَقَةٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Менің мұрагерлерім менен кейін қалған бір динарды да, бір дирхамды да бөліспейді. Жұбайларымның нәпақасы мен қызметкерімнің қажетіне жұмсалғаннан артылғанының бәрі – садақа», – деген.