Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1230

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
11. Соғыс пен шайқастан кейін ғұсыл құйыну туралыبَابُ الْغُسْلِ بَعْدَ الْحَرْبِ وَالْقِتَالِ
Нөмірі
№ 1230 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2813
1230
Бұхари, № 1230 · Сахих: 2813Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَمَّا رَجَعَ يَوْمَ الْخَنْدَقِ وَوَضَعَ السِّلَاحَ وَاغْتَسَلَ، فَأَتَاهُ جِبْرِيلُ وَقَدْ عَصَبَ رَأْسَهُ الْغُبَارُ، فَقَالَ: «وَضَعْتَ السِّلَاحَ؟ فَوَاللَّهِ مَا وَضَعْتُهُ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «فَأَيْنَ؟» قَالَ: «هَاهُنَا»، وَأَوْمَأَ إِلَى بَنِي قُرَيْظَةَ. قَالَتْ: فَخَرَجَ إِلَيْهِمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Хандақ шайқасынан оралып, қаруын қойып, ғұсыл құйынған кезде, басын шаң басқан Жәбірейіл келіп: “Қаруыңызды қойдыңыз ба? Алланың атымен ант етемін, мен қаруымды әлі қойған жоқпын”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Ендеше, қай жаққа?” – деп сұрады. Ол: “Ана жаққа”, – деді де, Бәну Құрайзаны нұсқады. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) оларға қарай аттанды».