Хадис
كِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ

Жиһад және әскери жорықтар кітабы

Сахих әл-Бұхари, 56-кітап · 135 хадис · № 1214–1348

Мазмұны: 98 бап
  1. 1Жиһад пен әскери жорықтардың артықшылығы туралы
  2. 2Адамдардың ең абзалы – Алла жолында жанымен де, мал-мүлкімен де жиһад ететін мүмін екені туралы
  3. 3Алла жолындағы мүжәһидтердің дәрежелері туралы
  4. 4Алла жолында таңертең немесе кешке аттанудың әрі жәннаттағы бір садақ бойындай орынның артықшылығы туралы
  5. 5Хор қыздары және олардың сипаттары туралы
  6. 6Алла жолында жарақат алған немесе найза тиген адам туралы
  7. 7Алла Тағаланың: «Мүміндердің арасында Аллаға берген сертінде тұрған нағыз ерлер бар. Олардың кейбірі уәдесінде тұрып, жанын пида қылды. Енді біреуі күтуде. Олар серттерінен әсте тайған да, әуелгі қалыптарынан еш айныған да емес» («Ахзаб», 23) деген сөзі туралы
  8. 8Шайқас алдында ізгі амал жасау туралы
  9. 9Қайдан ұшып келгені белгісіз жебе тиіп қаза тапқан адам туралы
  10. 10Алланың сөзі үстем болуы үшін соғысқан адам туралы
  11. 11Соғыс пен шайқастан кейін ғұсыл құйыну туралы
  12. 12Мұсылманды өлтірген кәпірдің кейін исламды қабылдап, дұрыс амал жасап, ақырында өзінің де өлтірілуі туралы
  13. 13Оразадан гөрі жорыққа шығуды таңдаған адам туралы
  14. 14Өлтірілуден өзге шәһидтіктің жеті түрі туралы
  15. 15Алла Тағаланың: «Үзірі жоқ бола тұра жорыққа шықпай отырған мүміндер ... тең емес» («Ниса», 95) деген сөзі туралы
  16. 16Шайқасқа жігерлендіру туралы
  17. 17Ор қазу туралы
  18. 18Жорыққа шығуына үзірі кедергі болған адам туралы
  19. 19Алла жолында ораза ұстаудың артықшылығы туралы
  20. 20Жорыққа аттанушыны жабдықтаған немесе оның артында қалған отбасына қамқор болған адамның артықшылығы туралы
  21. 21Шайқас кезінде ханут жағу туралы
  22. 22Алғы шолғыншының артықшылығы туралы
  23. 23Жиһадтың ізгі кісімен де, күнәһар кісімен де жалғаса беретіні туралы
  24. 24Алла Тағаланың: «Әрі соғысқа бапталған аттарды» («Әнфал», 60) деген сөзіне орай жылқы ұстаған адам туралы
  25. 25Жылқы мен есекке ат қою туралы
  26. 26Жылқыдағы жамандық нышаны туралы
  27. 27Жылқыға бөлінетін үлес туралы
  28. 28Соғыста басқа біреудің мініс жануарын жетектеген адам туралы
  29. 29Пайғамбардың (с.а.с.) түйесі туралы
  30. 30Әйелдердің жорық кезінде адамдарға су торсықтарын тасуы туралы
  31. 31Әйелдердің жорық кезінде жаралыларды емдеуі туралы
  32. 32Алла жолындағы жорықта күзетте тұру туралы
  33. 33Жорықта қызмет етудің артықшылығы туралы
  34. 34Алла жолында бір күн шекара күзетудің артықшылығы туралы
  35. 35Соғыста әлсіздер мен ізгі адамдардың жәрдеміне сүйенген адам туралы
  36. 36Садақ атуға ынталандыру туралы
  37. 37Қалқан және жолдасының қалқанын қалқа еткен адам туралы
  38. 38Қылыштарды әшекейлеу жайында айтылғандар
  39. 39Пайғамбардың (с.а.с.) сауыты мен соғыста киілетін жейде жайында айтылғандар туралы
  40. 40Соғыста жібек кию туралы
  41. 41Румдықтармен соғысу жайында айтылғандар
  42. 42Яһудилермен соғысу туралы
  43. 43Түріктермен соғысу туралы
  44. 44Мүшріктердің жеңіліске ұшырап, зәрелері ұшуын тілеп дұға ету туралы
  45. 45Мүшріктердің көңілін жібіту үшін оларға тура жол тілеу туралы
  46. 46Пайғамбардың (с.а.с.) исламға, өзінің пайғамбарлығын мойындауға және Алладан өзге бірін-бірі тәңір тұтпауға шақыруы туралы
  47. 47Бір жорықты көздегенде, басқа жорықты меңзеп, мақсатын бүркемелеу және бейсенбі күні жолға шығуды ұнату туралы
  48. 48Қоштасу туралы
  49. 49Басшыны тыңдап, оған бағыну туралы
  50. 50Имамның басшылығымен соғысу және онымен қорғану туралы
  51. 51Соғыста қашпауға серт беру туралы
  52. 52Имамның адамдарға шамалары жететін істі орындауды міндеттеуі туралы
  53. 53Пайғамбардың (с.а.с.) күннің алғашқы бөлігінде шайқаспаса, шайқасты күн төбеден ауғанға дейін кешіктіретіні туралы
  54. 54Жалдамалы жұмысшы туралы
  55. 55Пайғамбардың (с.а.с.) туы жайында айтылғандар туралы
  56. 56Пайғамбардың (с.а.с.): «Маған бір айлық жол қашықтығынан-ақ дұшпанның жүрегіне үрей салыну арқылы жеңіс берілді», – деген сөзі туралы
  57. 57Жорыққа жол азығын алып шығу және Аса үстем әрі ұлы Алланың: «Азық қамдап алыңдар. Расында, ең қайырлы азық – тақуалық» («Бақара», 197) деген сөзі туралы
  58. 58Есекке мінгесу туралы
  59. 59Құран нұсқаларын дұшпан жеріне алып барудың мәкруһтығы туралы
  60. 60Тәкбір айтқанда дауысты көтерудің мәкруһтығы туралы
  61. 61Аңғарға түскенде тәсбих айту туралы
  62. 62Сапардағы адамға тұрғылықты кезінде істеп жүрген амалдарының сауабы жазылуы туралы
  63. 63Жалғыз жол жүру туралы
  64. 64Ата-ананың рұқсатымен жиһадқа шығу туралы
  65. 65Түйелердің мойнына тағылатын қоңырау және соған ұқсас нәрселер жайында айтылғандар туралы
  66. 66Әскерге жазылған адамның әйелі қажылыққа аттанса немесе оның өзге бір үзірі болса, жорықтан қалуына рұқсат беріле ме?
  67. 67Шынжырға байланған тұтқындар туралы
  68. 68Қоныс тұрғындарына түнде шабуыл жасалғанда балалардың зардап шегуі туралы
  69. 69Соғыста балаларды өлтіру туралы
  70. 70Алланың азабымен азаптауға болмайтыны туралы
  71. 71
  72. 72Үйлер мен құрма ағаштарын өртеу туралы
  73. 73Соғыстың айла екені туралы
  74. 74Соғыста тартысып, алауыздыққа түсудің құпталмауы және басшысына қарсы келген адамның жазасы туралы
  75. 75Дұшпанды көрген адамның жұрт естісін деп: «Жау шапты!» – деп бар даусымен жар салуы туралы
  76. 76Тұтқынды азат ету туралы
  77. 77Мүшрік тұтқындарды құнмен босату туралы
  78. 78Мұсылман еліне қауіпсіздік кепілдігінсіз кірген дұшпан туралы
  79. 79Келген елшіліктерге сый-сияпат беру туралы
  80. 80Зиммилерден араша сұрауға бола ма? Олармен қарым-қатынас жасау туралы
  81. 81Балаға исламды қалай ұсыну туралы
  82. 82Имамның адамдарды тізімге алдыруы туралы
  83. 83Жауды жеңгеннен кейін олардың қонысында үш күн аялдау туралы
  84. 84Мүшріктер олжалап әкеткен малын мұсылманның кейін қайта табуы туралы
  85. 85Парсы және өзге тілдерде сөйлеу туралы. Алла Тағаланың: «Тілдерің мен реңдеріңнің әр алуан болуы» («Рум», 22) және «Біз әрбір елшіні өз қауымының тілінде ғана жібердік» («Ибраһим», 4) деген сөздері
  86. 86Олжадан жымқыру және Алла Тағаланың: «Кім олжадан жымқырса, қиямет күні жымқырғанын алып келеді» («Әли Имран», 161) деген сөзі туралы
  87. 87Олжадан аз мөлшерде болса да жымқыру туралы
  88. 88Жорықтан оралғандарды қарсы алу туралы
  89. 89Жорықтан оралғанда айтылатын сөздер туралы
  90. 90Сапардан оралғанда намаз оқу туралы
  91. 91Хумустың парыз етілуі туралы
  92. 92Пайғамбардың (с.а.с.) сауыты, таяғы, қылышы, тостағаны мен жүзігі және олардың мұра ретінде бөлінгені айтылмай, кейінгі халифалар пайдаланғандары; сондай-ақ ол дүниеден өткеннен кейін сахабалары мен өзгелер береке іздеген шашы, сандалы және ыдыстары туралы
  93. 93Алла Тағаланың: «Соның бестен бірі сөзсіз Аллаға тиесілі» («Әнфәл», 41-аят) деген сөзі туралы
  94. 94Пайғамбардың (с.а.с.): «Сендерге олжалар халал етілді» деген сөзі туралы
  95. 95
  96. 96Пайғамбардың (с.а.с.) жүректері исламға жібітілетін адамдарға және өзгелерге хумустан әрі басқа мал-мүліктен бергені туралы
  97. 97Өлтірілген жаудың жарақ-сайманынан хумус бөлмеу, оны өлтірген адамға сол жарақ-сайманның хумусы бөлінбестен тиесілі болуы және бұл жөніндегі имамның үкімі туралы
  98. 98Соғыс аумағында қолға түскен азық-түлікті жеу туралы
بَابُ فَضْلِ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ

1-бапЖиһад пен әскери жорықтардың артықшылығы туралы

1214
Бұхари, № 1214 · Сахих: 2785Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «دُلَّنِي عَلَى عَمَلٍ يَعْدِلُ الْجِهَادَ». قَالَ: «لَا أَجِدُهُ». قَالَ: «هَلْ تَسْتَطِيعُ إِذَا خَرَجَ الْمُجَاهِدُ أَنْ تَدْخُلَ مَسْجِدَكَ فَتَقُومَ وَلَا تَفْتُرَ، وَتَصُومَ وَلَا تُفْطِرَ؟» قَالَ: «وَمَنْ يَسْتَطِيعُ ذَلِكَ؟»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Бір кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Маған жиһадқа тең келетін бір амалды көрсетіңізші”, – деді. Ол (с.а.с.): “Ондай амал таба алмаймын”, – деді. Содан кейін: “Мүжәһид жорыққа аттанған кезде мешітіңе кіріп, бір сәт босаңсымастан намаз оқуға әрі ауыз ашпастан үздіксіз ораза ұстауға шамаң жете ме?” – деп сұрады. Әлгі кісі: “Мұны кім істей алады?” – деді».

بَابُ أَفْضَلُ النَّاسِ مُؤْمِنٌ مُجَاهِدٌ بِنَفْسِهِ وَمَالِهِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ

2-бапАдамдардың ең абзалы – Алла жолында жанымен де, мал-мүлкімен де жиһад ететін мүмін екені туралы

1215
Бұхари, № 1215 · Сахих: 2786Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ النَّاسِ أَفْضَلُ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مُؤْمِنٌ يُجَاهِدُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ بِنَفْسِهِ وَمَالِهِ». قَالُوا: «ثُمَّ مَنْ؟» قَالَ: «مُؤْمِنٌ فِي شِعْبٍ مِنَ الشِّعَابِ يَتَّقِي اللَّهَ وَيَدَعُ النَّاسَ مِنْ شَرِّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінен (с.а.с.): “Уа, Расулалла! Адамдардың ең абзалы кім?” – деп сұралды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Алла жолында жанымен де, мал-мүлкімен де жиһад ететін мүмін”, – деді. Олар: “Одан кейін кім?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Тау шатқалдарының біріне оңашаланып, Алладан қорқатын әрі адамдарды өз жамандығынан аман ұстайтын мүмін”, – деді».

1216
Бұхари, № 1216 · Сахих: 2787Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَثَلُ الْمُجَاهِدِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ – وَاللَّهُ أَعْلَمُ بِمَنْ يُجَاهِدُ فِي سَبِيلِهِ – كَمَثَلِ الصَّائِمِ الْقَائِمِ، وَتَوَكَّلَ اللَّهُ لِلْمُجَاهِدِ فِي سَبِيلِهِ بِأَنْ يَتَوَفَّاهُ أَنْ يُدْخِلَهُ الْجَنَّةَ أَوْ يَرْجِعَهُ سَالِمًا مَعَ أَجْرٍ أَوْ غَنِيمَةٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Алла жолында жиһад етушінің мысалы – ал Алла Өз жолында кімнің жиһад ететінін жақсы біледі – ораза ұстап, намазда тік тұратын адамның мысалындай. Алла Өз жолында жиһад етушінің жанын алса, оны жәннатқа кіргізуге, ал аман қайтарса, сауапқа немесе олжаға кенелтіп қайтаруға кепіл болды”, – дегенін естідім».

بَابُ دَرَجَاتِ الْمُجَاهِدِينَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ

3-бапАлла жолындағы мүжәһидтердің дәрежелері туралы

1217
Бұхари, № 1217 · Сахих: 2790Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ آمَنَ بِاللَّهِ وَبِرَسُولِهِ وَأَقَامَ الصَّلَاةَ وَصَامَ رَمَضَانَ، كَانَ حَقًّا عَلَى اللَّهِ أَنْ يُدْخِلَهُ الْجَنَّةَ، جَاهَدَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَوْ جَلَسَ فِي أَرْضِهِ الَّتِي وُلِدَ فِيهَا».

فَقَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَفَلَا نُبَشِّرُ النَّاسَ؟» قَالَ: «إِنَّ فِي الْجَنَّةِ مِائَةَ دَرَجَةٍ أَعَدَّهَا اللَّهُ لِلْمُجَاهِدِينَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، مَا بَيْنَ الدَّرَجَتَيْنِ كَمَا بَيْنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ، فَإِذَا سَأَلْتُمُ اللَّهَ فَاسْأَلُوهُ الْفِرْدَوْسَ، فَإِنَّهُ أَوْسَطُ الْجَنَّةِ وَأَعْلَى الْجَنَّةِ» – أُرَاهُ – «فَوْقَهُ عَرْشُ الرَّحْمَنِ، وَمِنْهُ تَفَجَّرُ أَنْهَارُ الْجَنَّةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Кім Аллаға және Оның Елшісіне иман келтіріп, намазын толық орындап, рамазан оразасын ұстаса, Алланың оны жәннатқа кіргізуі хақ болады. Ол Алла жолында жиһад етсе де, өзі туған жерінде отырса да солай».

Сонда адамдар: «Уа, Расулалла! Осыны жұртқа сүйіншілейміз бе?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Расында, Алла жәннатта Өз жолындағы мүжәһидтерге арнап жүз дәреже әзірлеген. Әр екі дәреженің арасы аспан мен жердің арасындай. Сондықтан Алладан сұраған кездеріңде, Одан Фирдаусты сұраңдар. Өйткені ол – жәннаттың орталығы әрі ең биік мекені», – деді. Меніңше, ол (с.а.с.): «Оның үстінде әр-Рахманның Аршысы бар. Жәннаттың өзендері содан бастау алып ағады», – деп те айтты.

بَابُ الْغَدْوَةِ وَالرَّوْحَةِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَقَابِ قَوْسِ أَحَدِكُمْ فِي الْجَنَّةِ

4-бапАлла жолында таңертең немесе кешке аттанудың әрі жәннаттағы бір садақ бойындай орынның артықшылығы туралы

1218
Бұхари, № 1218 · Сахих: 2792Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَغَدْوَةٌ فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَوْ رَوْحَةٌ خَيْرٌ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا فِيهَا».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Алла жолында таңертең бір рет немесе кешке бір рет аттану – дүние мен ондағының бәрінен қайырлы», – дегенін жеткізген.

1219
Бұхари, № 1219 · Сахих: 2793Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَقَابُ قَوْسٍ فِي الْجَنَّةِ خَيْرٌ مِمَّا تَطْلُعُ عَلَيْهِ الشَّمْسُ وَتَغْرُبُ». وَقَالَ: «لَغَدْوَةٌ أَوْ رَوْحَةٌ فِي سَبِيلِ اللَّهِ خَيْرٌ مِمَّا تَطْلُعُ عَلَيْهِ الشَّمْسُ وَتَغْرُبُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Жәннаттағы бір садақ бойындай орын күн шығып, бататын дүниедегі бар нәрседен қайырлы», – деді. Сондай-ақ: «Алла жолында таңертең бір рет немесе кешке бір рет аттану күн шығып, бататын дүниедегі бар нәрседен қайырлы», – деді.

بَابُ الْحُورِ الْعِينِ وَصِفَتِهِنَّ

5-бапХор қыздары және олардың сипаттары туралы

1220
Бұхари, № 1220 · Сахих: 2796Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَوْ أَنَّ امْرَأَةً مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ اطَّلَعَتْ إِلَى أَهْلِ الْأَرْضِ لَأَضَاءَتْ مَا بَيْنَهُمَا وَلَمَلَأَتْهُ رِيحًا، وَلَنَصِيفُهَا عَلَى رَأْسِهَا خَيْرٌ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا فِيهَا».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Егер жәннат әйелдерінің бірі жердегілерге бір көрінсе, аспан мен жердің арасын жарыққа бөлеп, бүкіл аралықты хош иіске толтырар еді. Тіпті оның басындағы жаулығының өзі дүние мен ондағының бәрінен қайырлы».

بَابُ مَنْ يُنْكَبُ أَوْ يُطْعَنُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ

6-бапАлла жолында жарақат алған немесе найза тиген адам туралы

1221
Бұхари, № 1221 · Сахих: 2801Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَعَثَ النَّبِيُّ ﷺ أَقْوَامًا مِنْ بَنِي سُلَيْمٍ إِلَى بَنِي عَامِرٍ فِي سَبْعِينَ، فَلَمَّا قَدِمُوا قَالَ لَهُمْ خَالِي: «أَتَقَدَّمُكُمْ، فَإِنْ آمَنُونِي حَتَّى أُبَلِّغَهُمْ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَإِلَّا كُنْتُمْ مِنِّي قَرِيبًا». فَتَقَدَّمَ فَآمَنُوهُ، فَبَيْنَمَا يُحَدِّثُهُمْ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ إِذْ أَوْمَؤُوا إِلَى رَجُلٍ مِنْهُمْ، فَطَعَنَهُ فَأَنْفَذَهُ، فَقَالَ: «اللَّهُ أَكْبَرُ، فُزْتُ وَرَبِّ الْكَعْبَةِ!» ثُمَّ مَالُوا عَلَى بَقِيَّةِ أَصْحَابِهِ فَقَتَلُوهُمْ، إِلَّا رَجُلًا أَعْرَجَ صَعِدَ الْجَبَلَ.

فَأَخْبَرَ جِبْرِيلُ عَلَيْهِ السَّلَامُ النَّبِيَّ ﷺ أَنَّهُمْ قَدْ لَقُوا رَبَّهُمْ، فَرَضِيَ عَنْهُمْ وَأَرْضَاهُمْ. فَكُنَّا نَقْرَأُ: «أَنْ بَلِّغُوا قَوْمَنَا أَنْ قَدْ لَقِينَا رَبَّنَا، فَرَضِيَ عَنَّا وَأَرْضَانَا»، ثُمَّ نُسِخَ بَعْدُ. فَدَعَا عَلَيْهِمْ أَرْبَعِينَ صَبَاحًا، عَلَى رِعْلٍ وَذَكْوَانَ وَبَنِي لِحْيَانَ وَبَنِي عُصَيَّةَ الَّذِينَ عَصَوُا اللَّهَ وَرَسُولَهُ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) Бәну Сүләймнен жетпіс кісіні Бәну Амирге аттандырды. Олар сонда жеткенде, менің нағашым серіктеріне: “Мен сендерден бұрын барайын. Егер олар маған Алла Елшісінің (с.а.с.) хабарын жеткізгенімше қауіпсіздік берсе, оны жеткіземін. Ал бермесе, сендер маған жақын жерде боласыңдар”, – деді. Сөйтіп, ол алға шықты. Олар оған қауіпсіздік берді. Ол Пайғамбардың (с.а.с.) хабарын жеткізіп тұрған кезде, олар өз адамдарының біріне ым қақты. Әлгі адам оны найзамен түйреп, найзаны денесінен өткізіп жіберді. Сонда ол: “Аллаһу әкбар! Қағбаның Раббысына ант етемін, мұратыма жеттім!” – деді. Бұдан соң олар оның қалған серіктеріне тап беріп, таудың басына шығып үлгерген бір ақсақ кісіден басқасының бәрін өлтірді».

Әнәс сөзін жалғап: «Жәбірейіл (а.с.) Пайғамбарға (с.а.с.) олардың Раббыларына қауышқанын, Алланың оларға разы болып, оларды да разы еткенін хабарлады. Біз: “Халқымызға Раббымызға қауышқанымызды, Оның бізге разы болып, бізді де разы еткенін жеткізіңдер”, – деп оқитынбыз. Кейін бұл сөздер нәсх етілді. Бұдан соң Пайғамбар (с.а.с.) Аллаға және Оның Елшісіне бойсұнбаған Риғл, Зәкуан, Бәну Лихиян және Бәну Ұсайя тайпаларының жазалануын тілеп, қырық таң бойы дұға етті».

1222
Бұхари, № 1222 · Сахих: 2802Риуаят етуші: Жундуб ибн Суфиян (р.а.)

عَنْ جُنْدَبِ بْنِ سُفْيَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ فِي بَعْضِ الْمَشَاهِدِ، وَقَدْ دَمِيَتْ إِصْبَعُهُ، فَقَالَ:

«هَلْ أَنْتِ إِلَّا إِصْبَعٌ دَمِيتِ؟

وَفِي سَبِيلِ اللَّهِ مَا لَقِيتِ».

Қазақша аудармасы

Жүндүб ибн Суфиян (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) бір шайқаста жүргенде, саусағы жараланып, қан ақты. Сонда ол (с.а.с.):

“Қанап қалған бір саусақ емессің бе?

Көргенің де – Алла жолында!”, – деді».

1223
Бұхари, № 1223 · Сахих: 2803Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَا يُكْلَمُ أَحَدٌ فِي سَبِيلِ اللَّهِ – وَاللَّهُ أَعْلَمُ بِمَنْ يُكْلَمُ فِي سَبِيلِهِ – إِلَّا جَاءَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَاللَّوْنُ لَوْنُ الدَّمِ، وَالرِّيحُ رِيحُ الْمِسْكِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін! Алла жолында жараланған әрбір адам – ал Алла Өз жолында кімнің жараланғанын жақсы біледі – қиямет күні жарасының түсі қан түстес, ал иісі миск иісіндей болып келеді», – деген.

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿مِنَ الْمُؤْمِنِينَ رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللَّهَ عَلَيْهِ فَمِنْهُمْ مَنْ قَضَىٰ نَحْبَهُ وَمِنْهُمْ مَنْ يَنْتَظِرُ وَمَا بَدَّلُوا تَبْدِيلًا﴾ [الْأَحْزَابِ: 23]

7-бапАлла Тағаланың: «Мүміндердің арасында Аллаға берген сертінде тұрған нағыз ерлер бар. Олардың кейбірі уәдесінде тұрып, жанын пида қылды. Енді біреуі күтуде. Олар серттерінен әсте тайған да, әуелгі қалыптарынан еш айныған да емес» («Ахзаб», 23) деген сөзі туралы

1224
Бұхари, № 1224 · Сахих: 2805Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: غَابَ عَمِّي أَنَسُ بْنُ النَّضْرِ عَنْ قِتَالِ بَدْرٍ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، غِبْتُ عَنْ أَوَّلِ قِتَالٍ قَاتَلْتَ الْمُشْرِكِينَ. لَئِنِ اللَّهُ أَشْهَدَنِي قِتَالَ الْمُشْرِكِينَ لَيَرَيَنَّ اللَّهُ مَا أَصْنَعُ».

فَلَمَّا كَانَ يَوْمُ أُحُدٍ وَانْكَشَفَ الْمُسْلِمُونَ قَالَ: «اللَّهُمَّ إِنِّي أَعْتَذِرُ إِلَيْكَ مِمَّا صَنَعَ هَؤُلَاءِ» – يَعْنِي أَصْحَابَهُ – «وَأَبْرَأُ إِلَيْكَ مِمَّا صَنَعَ هَؤُلَاءِ» – يَعْنِي الْمُشْرِكِينَ – ثُمَّ تَقَدَّمَ فَاسْتَقْبَلَهُ سَعْدُ بْنُ مُعَاذٍ، فَقَالَ: «يَا سَعْدُ بْنَ مُعَاذٍ، الْجَنَّةَ وَرَبِّ النَّضْرِ! إِنِّي أَجِدُ رِيحَهَا مِنْ دُونِ أُحُدٍ». قَالَ سَعْدٌ: «فَمَا اسْتَطَعْتُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا صَنَعَ».

قَالَ أَنَسٌ: فَوَجَدْنَا بِهِ بِضْعًا وَثَمَانِينَ ضَرْبَةً بِالسَّيْفِ، أَوْ طَعْنَةً بِرُمْحٍ، أَوْ رَمْيَةً بِسَهْمٍ، وَوَجَدْنَاهُ قَدْ قُتِلَ، وَقَدْ مَثَّلَ بِهِ الْمُشْرِكُونَ، فَمَا عَرَفَهُ أَحَدٌ إِلَّا أُخْتُهُ بِبَنَانِهِ.

قَالَ أَنَسٌ: كُنَّا نَرَى – أَوْ نَظُنُّ – أَنَّ هَذِهِ الْآيَةَ نَزَلَتْ فِيهِ وَفِي أَشْبَاهِهِ: ﴿مِنَ الْمُؤْمِنِينَ رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللَّهَ عَلَيْهِ﴾ [الْأَحْزَابِ: 23] إِلَى آخِرِ الْآيَةِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Көкем Әнәс ибн ән-Надр Бәдір шайқасына қатыса алмады. Сонда ол: “Уа, Расулалла! Мүшріктерге қарсы алғашқы шайқасыңызға қатыса алмадым. Егер Алла мені мүшріктермен болатын шайқасқа қатыстырса, менің не істейтінімді міндетті түрде көреді”, – деді.

Ұхұд күні мұсылмандар шегіне бастағанда, ол: “Уа, Алла! Мына адамдардың істегені үшін Сенен кешірім тілеймін”, – деді. Ол өз жолдастарын меңзеген еді. Содан кейін: “Ал ана адамдардың істегенінен Сенің алдыңда аулақ екенімді білдіремін”, – деді. Ол мүшріктерді меңзеген еді. Содан соң алға ұмтылды. Алдынан Сағд ибн Мұғаз кездесті. Әнәс ибн ән-Надр оған: “Уа, Сағд ибн Мұғаз! Жәннат! ән-Надрдың Раббысына ант етемін, мен оның жұпар иісін Ұхұд жақтан сезіп тұрмын”, – деді. Сағд: “Уа, Расулалла! Оның істегенін істеуге менің шамам жетпеді”, – деді. Әнәс (р.а.): “Біз оның денесінен қылыштан, найзадан немесе жебеден түскен сексеннен астам жара таптық. Оның өлтірілгенін әрі мүшріктердің денесін кескілеп тастағанын көрдік. Оны ешкім тани алмады, тек әпкесі ғана саусақтарының ұшынан таныды”, – деді».

Әнәс (р.а.): «Біз “Мүміндердің арасында Аллаға берген сертінде тұрған нағыз ерлер бар” (“Ахзаб”, 23) дегеннен аяттың соңына дейінгі сөздер ол және сол секілді адамдар туралы түсті деп білетінбіз немесе солай деп ойлайтынбыз», – деді.

1225
Бұхари, № 1225 · Сахих: 2806

وَقَالَ: إِنَّ أُخْتَهُ – وَهِيَ تُسَمَّى الرُّبَيِّعَ – كَسَرَتْ ثَنِيَّةَ امْرَأَةٍ، فَأَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِالْقِصَاصِ، فَقَالَ أَنَسٌ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ لَا تُكْسَرُ ثَنِيَّتُهَا». فَرَضُوا بِالْأَرْشِ وَتَرَكُوا الْقِصَاصَ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مِنْ عِبَادِ اللَّهِ مَنْ لَوْ أَقْسَمَ عَلَى اللَّهِ لَأَبَرَّهُ».

Қазақша аудармасы

Ол сөзін жалғап: «Оның әр-Рубәйиғ деп аталатын әпкесі бір әйелдің күрек тісін сындырды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) қысас жасауды бұйырды. Әнәс ибн ән-Надр (р.а.): “Уа, Расулалла! Сізді ақиқатпен жіберген Заттың атымен ант етемін, оның күрек тісі сындырылмайды”, – деді. Жәбірленуші тарап өтемақыға келісіп, қысастан бас тартты. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, Алланың құлдарының арасында Алланың атымен ант етсе, Алла оның антын ақтайтын адамдар бар”, – деді», – деген.

1226
Бұхари, № 1226 · Сахих: 2807Риуаят етуші: Зәйд ибн Сәбит (р.а.)

عَنْ زَيْدِ بْنِ ثَابِتٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَسَخْتُ الصُّحُفَ فِي الْمَصَاحِفِ، فَفَقَدْتُ آيَةً مِنْ سُورَةِ الْأَحْزَابِ، كُنْتُ أَسْمَعُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقْرَأُ بِهَا، فَلَمْ أَجِدْهَا إِلَّا مَعَ خُزَيْمَةَ بْنِ ثَابِتٍ الْأَنْصَارِيِّ، الَّذِي جَعَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ شَهَادَتَهُ شَهَادَةَ رَجُلَيْنِ، وَهُوَ قَوْلُهُ: ﴿مِنَ الْمُؤْمِنِينَ رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللَّهَ عَلَيْهِ﴾ [الْأَحْزَابِ: 23]».

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Сәбит (р.а.) былай деген: «Парақтардағы мәтінді мұсхафтарға көшіріп жазғанымда, “Ахзаб” сүресіндегі бір аятты таба алмай қалдым. Алла Елшісінің (с.а.с.) сол аятты оқығанын еститінмін. Оны Алла Елшісі (с.а.с.) куәлігін екі ер адамның куәлігіне теңеген Хузайма ибн Сәбит әл-Ансариден ғана таптым. Ол – Алла Тағаланың: “Мүміндердің арасында Аллаға берген сертінде тұрған нағыз ерлер бар” (“Ахзаб”, 23) деген сөзі еді».

بَابُ عَمَلٍ صَالِحٍ قَبْلَ الْقِتَالِ

8-бапШайқас алдында ізгі амал жасау туралы

1227
Бұхари, № 1227 · Сахих: 2808Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَى النَّبِيَّ ﷺ رَجُلٌ مُقَنَّعٌ بِالْحَدِيدِ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أُقَاتِلُ أَوْ أُسْلِمُ؟» قَالَ: «أَسْلِمْ ثُمَّ قَاتِلْ». فَأَسْلَمَ ثُمَّ قَاتَلَ فَقُتِلَ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «عَمِلَ قَلِيلًا وَأُجِرَ كَثِيرًا».

Қазақша аудармасы

Әл-Бара (р.а.) былай деген: «Пайғамбарға (с.а.с.) темір сауыт киген бір кісі келіп: “Уа, Расулалла! Соғысайын ба, әлде исламды қабылдайын ба?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Әуелі исламды қабылда, содан кейін соғыс”, – деді. Әлгі кісі исламды қабылдап, содан соң шайқасып, қаза тапты. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Аз амал жасап, мол сауапқа кенелді”, – деді».

بَابُ مَنْ أَتَاهُ سَهْمُ غَرْبٍ فَقَتَلَهُ

9-бапҚайдан ұшып келгені белгісіз жебе тиіп қаза тапқан адам туралы

1228
Бұхари, № 1228 · Сахих: 2809Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ أُمَّ الرُّبَيِّعِ بِنْتَ الْبَرَاءِ – وَهِيَ أُمُّ حَارِثَةَ بْنِ سُرَاقَةَ – أَتَتِ النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَتْ: «يَا نَبِيَّ اللَّهِ، أَلَا تُحَدِّثُنِي عَنْ حَارِثَةَ؟» – وَكَانَ قُتِلَ يَوْمَ بَدْرٍ، أَصَابَهُ سَهْمُ غَرْبٍ – «فَإِنْ كَانَ فِي الْجَنَّةِ صَبَرْتُ، وَإِنْ كَانَ غَيْرَ ذَلِكَ اجْتَهَدْتُ عَلَيْهِ فِي الْبُكَاءِ». قَالَ: «يَا أُمَّ حَارِثَةَ، إِنَّهَا جِنَانٌ فِي الْجَنَّةِ، وَإِنَّ ابْنَكِ أَصَابَ الْفِرْدَوْسَ الْأَعْلَى».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Хариса ибн Сұрақаның анасы Үммі әр-Рубәйиғ бинт әл-Бара Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Алланың пайғамбары! Маған Харисаның жайын айтып бересіз бе?” – деп сұрады. Хариса Бәдір күні қайдан ұшып келгені белгісіз бір жебе тиіп, қаза тапқан еді. Әйел сөзін жалғап: “Егер ол жәннатта болса, сабыр етемін. Ал олай болмаса, оны жоқтап, барынша жылаймын”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Уа, Харисаның анасы! Расында, жәннатта көптеген бақ бар. Сенің ұлың ең биік Фирдаусқа жетті”, – деді».

بَابُ مَنْ قَاتَلَ لِتَكُونَ كَلِمَةُ اللَّهِ هِيَ الْعُلْيَا

10-бапАлланың сөзі үстем болуы үшін соғысқан адам туралы

1229
Бұхари, № 1229 · Сахих: 2810Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: «الرَّجُلُ يُقَاتِلُ لِلْمَغْنَمِ، وَالرَّجُلُ يُقَاتِلُ لِلذِّكْرِ، وَالرَّجُلُ يُقَاتِلُ لِيُرَى مَكَانُهُ، فَمَنْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ؟» قَالَ: «مَنْ قَاتَلَ لِتَكُونَ كَلِمَةُ اللَّهِ هِيَ الْعُلْيَا فَهُوَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деді: «Бір кісі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Бір адам олжа үшін, енді бірі атақ-даңқ үшін, ал тағы бірі көзге түсу үшін соғысады. Осылардың қайсысы Алла жолында?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Кім Алланың сөзі үстем болуы үшін соғысса, сол Алла жолында”, – деді».

بَابُ الْغُسْلِ بَعْدَ الْحَرْبِ وَالْقِتَالِ

11-бапСоғыс пен шайқастан кейін ғұсыл құйыну туралы

1230
Бұхари, № 1230 · Сахих: 2813Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَمَّا رَجَعَ يَوْمَ الْخَنْدَقِ وَوَضَعَ السِّلَاحَ وَاغْتَسَلَ، فَأَتَاهُ جِبْرِيلُ وَقَدْ عَصَبَ رَأْسَهُ الْغُبَارُ، فَقَالَ: «وَضَعْتَ السِّلَاحَ؟ فَوَاللَّهِ مَا وَضَعْتُهُ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «فَأَيْنَ؟» قَالَ: «هَاهُنَا»، وَأَوْمَأَ إِلَى بَنِي قُرَيْظَةَ. قَالَتْ: فَخَرَجَ إِلَيْهِمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Хандақ шайқасынан оралып, қаруын қойып, ғұсыл құйынған кезде, басын шаң басқан Жәбірейіл келіп: “Қаруыңызды қойдыңыз ба? Алланың атымен ант етемін, мен қаруымды әлі қойған жоқпын”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Ендеше, қай жаққа?” – деп сұрады. Ол: “Ана жаққа”, – деді де, Бәну Құрайзаны нұсқады. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) оларға қарай аттанды».

بَابُ الْكَافِرِ يَقْتُلُ الْمُسْلِمَ، ثُمَّ يُسْلِمُ فَيُسَدِّدُ بَعْدُ وَيُقْتَلُ

12-бапМұсылманды өлтірген кәпірдің кейін исламды қабылдап, дұрыс амал жасап, ақырында өзінің де өлтірілуі туралы

1231
Бұхари, № 1231 · Сахих: 2826Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَضْحَكُ اللَّهُ إِلَى رَجُلَيْنِ يَقْتُلُ أَحَدُهُمَا الْآخَرَ، يَدْخُلَانِ الْجَنَّةَ. يُقَاتِلُ هَذَا فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَيُقْتَلُ، ثُمَّ يَتُوبُ اللَّهُ عَلَى الْقَاتِلِ فَيُسْتَشْهَدُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Алла бірі екіншісін өлтірсе де, екеуі де жәннатқа кіретін екі адамға күледі. Олардың бірі Алла жолында шайқасып жүріп өлтіріледі. Кейін Алла оны өлтірген адамның тәубесін қабылдайды да, ол да шәһид болады», – деді.

1232
Бұхари, № 1232 · Сахих: 2827Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ بِخَيْبَرَ بَعْدَمَا افْتَتَحُوهَا، فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَسْهِمْ لِي». فَقَالَ بَعْضُ بَنِي سَعِيدِ بْنِ الْعَاصِ: «لَا تُسْهِمْ لَهُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ». فَقَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: «هَذَا قَاتِلُ ابْنِ قَوْقَلٍ».

فَقَالَ ابْنُ سَعِيدِ بْنِ الْعَاصِ: «وَاعَجَبًا لِوَبْرٍ تَدَلَّى عَلَيْنَا مِنْ قَدُومِ ضَأْنٍ، يَنْعَى عَلَيَّ قَتْلَ رَجُلٍ مُسْلِمٍ أَكْرَمَهُ اللَّهُ عَلَى يَدَيَّ وَلَمْ يُهِنِّي عَلَى يَدَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Хайбар жеңіп алынғаннан кейін, сол жерде болған Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Маған да олжадан үлес бөліңіз”, – дедім. Сонда Сағид ибн әл-Астың ұлдарының бірі: “Уа, Расулалла! Оған үлес бермеңіз”, – деді. Мен: “Бұл – Ибн Қауқалды өлтірген адам”, – дедім.

Сонда Сағид ибн әл-Астың ұлы: “Қадум Дәън тауынан бізге қарай түскен мына бір даманға таңғаламын! Ол маған Алла менің қолыммен құрметке бөлеген, ал мені оның қолымен қор етпеген бір мұсылманды өлтіргенімді мін етіп отыр”, – деді».

بَابُ مَنِ اِخْتَارَ الْغَزْوَ عَلَى الصَّوْمِ

13-бапОразадан гөрі жорыққа шығуды таңдаған адам туралы

1233
Бұхари, № 1233 · Сахих: 2828Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ أَبُو طَلْحَةَ لَا يَصُومُ عَلَى عَهْدِ النَّبِيِّ ﷺ مِنْ أَجْلِ الْغَزْوِ. فَلَمَّا قُبِضَ النَّبِيُّ ﷺ لَمْ أَرَهُ مُفْطِرًا إِلَّا يَوْمَ فِطْرٍ أَوْ أَضْحَى».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) дәуірінде Әбу Талха жорықтарға шығатындықтан ораза ұстамайтын. Пайғамбар (с.а.с.) дүниеден өткеннен кейін оның Ораза айт пен Құрбан айт күндерінен басқа уақытта ауыз ашқанын көрмедім».

بَابُ الشَّهَادَةُ سَبْعٌ سِوَى الْقَتْلِ

14-бапӨлтірілуден өзге шәһидтіктің жеті түрі туралы

1234
Бұхари, № 1234 · Сахих: 2830Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «الطَّاعُونُ شَهَادَةٌ لِكُلِّ مُسْلِمٍ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Обадан қайтыс болу – әрбір мұсылман үшін шәһидтік», – дегені жеткен.

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿لَا يَسْتَوِي الْقَاعِدُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ غَيْرُ أُولِي الضَّرَرِ﴾ [النِّسَاءِ: 95]

15-бапАлла Тағаланың: «Үзірі жоқ бола тұра жорыққа шықпай отырған мүміндер ... тең емес» («Ниса», 95) деген сөзі туралы

1235
Бұхари, № 1235 · Сахих: 2832Риуаят етуші: Зәйд ибн Сәбит (р.а.)

عَنْ زَيْدِ بْنِ ثَابِتٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَمْلَى عَلَيْهِ: ﴿لَا يَسْتَوِي الْقَاعِدُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ غَيْرُ أُولِي الضَّرَرِ وَالْمُجَاهِدُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ﴾.

قَالَ: فَجَاءَهُ ابْنُ أُمِّ مَكْتُومٍ وَهُوَ يُمْلِيهَا عَلَيَّ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَوْ أَسْتَطِيعُ الْجِهَادَ لَجَاهَدْتُ». وَكَانَ رَجُلًا أَعْمَى، فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَبَارَكَ وَتَعَالَى عَلَى رَسُولِهِ ﷺ وَفَخِذُهُ عَلَى فَخِذِي، فَثَقُلَتْ عَلَيَّ حَتَّى خِفْتُ أَنْ تَرُضَّ فَخِذِي، ثُمَّ سُرِّيَ عَنْهُ فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿غَيْرُ أُولِي الضَّرَرِ﴾.

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Сәбит (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) маған: “Үзірі жоқ бола тұра жорыққа шықпай отырған мүміндер мен Алла жолында жиһад етушілер тең емес” (“Ниса”, 95) деген аятты жаздырды.

Алла Елшісі (с.а.с.) осы аятты маған жаздырып жатқанда, Ибн Үмм Мактум келіп: “Уа, Расулалла! Жиһад етуге шамам жетсе, мен де міндетті түрде жиһад етер едім”, – деді. Ол көзі көрмейтін кісі болатын. Сол сәтте Аса игі әрі аса ұлы Алла Елшісіне (с.а.с.) уахи түсірді. Пайғамбардың (с.а.с.) саны менің санымның үстінде жатқан еді. Оның саны соншалық ауырлады, тіпті менің санымды жаншып жібере ме деп қорықтым. Біраздан кейін оның бойынан уахидің ауырлығы басылды. Аса үстем әрі ұлы Алла: “Үзірі барлардан басқалары” (“Ниса”, 95) деген сөздерді түсірді».

بَابُ التَّحْرِيضِ عَلَى الْقِتَالِ

16-бапШайқасқа жігерлендіру туралы

1236
Бұхари, № 1236 · Сахих: 2834Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى الْخَنْدَقِ، فَإِذَا الْمُهَاجِرُونَ وَالْأَنْصَارُ يَحْفِرُونَ فِي غَدَاةٍ بَارِدَةٍ، فَلَمْ يَكُنْ لَهُمْ عَبِيدٌ يَعْمَلُونَ ذَلِكَ لَهُمْ، فَلَمَّا رَأَى مَا بِهِمْ مِنَ النَّصَبِ وَالْجُوعِ قَالَ:

«اللَّهُمَّ إِنَّ الْعَيْشَ عَيْشُ الْآخِرَةِ،

فَاغْفِرْ لِلْأَنْصَارِ وَالْمُهَاجِرَةِ».

فَقَالُوا مُجِيبِينَ لَهُ:

«نَحْنُ الَّذِينَ بَايَعُوا مُحَمَّدَا،

عَلَى الْجِهَادِ مَا بَقِينَا أَبَدَا».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) ор қазылып жатқан жерге келді. Мұһажирлер мен ансарлар суық бір таңда ор қазып жатыр екен. Бұл жұмысты атқаратын құлдары да жоқ еді. Олардың қалжырап, ашыққанын көрген Пайғамбар (с.а.с.): “Уа, Алла! Нағыз өмір – ақырет өмірі. Ансарлар мен мұһажирлерді кешіре гөр!” – деді. Олар оған жауап беріп: “Біз Мұхаммедке жиһад етуге серт берген жандармыз, өмір бойы сол сертімізден таймаймыз”, – деді».

بَابُ حَفْرِ الْخَنْدَقِ

17-бапОр қазу туралы

1237
Бұхари, № 1237 · Сахих: 2835Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي رِوَايَةٍ أَنَّهُمْ كَانُوا يَقُولُونَ:

«نَحْنُ الَّذِينَ بَايَعُوا مُحَمَّدَا،

عَلَى الْجِهَادِ مَا بَقِينَا أَبَدَا».

وَالنَّبِيُّ ﷺ يُجِيبُهُمْ وَيَقُولُ:

«اللَّهُمَّ إِنَّهُ لَا خَيْرَ إِلَّا خَيْرُ الْآخِرَهْ،

فَبَارِكْ فِي الْأَنْصَارِ وَالْمُهَاجِرَهْ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен бір риуаятта олардың: «Біз Мұхаммедке серт берген жандармыз, тірі жүрген шағымызда жиһадтан таймаспыз», – дейтіні айтылған. Пайғамбар (с.а.с.) оларға жауап ретінде: «Уа, Алла! Расында, ақырет игілігінен өзге игілік жоқ. Ансарлар мен мұһажирлерге береке бере гөр!» – дейтін.

1238
Бұхари, № 1238 · Сахих: 2837Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ الْأَحْزَابِ يَنْقُلُ التُّرَابَ – وَقَدْ وَارَى التُّرَابُ بَيَاضَ بَطْنِهِ – وَهُوَ يَقُولُ:

«لَوْلَا أَنْتَ مَا اهْتَدَيْنَا،

وَلَا تَصَدَّقْنَا وَلَا صَلَّيْنَا،

فَأَنْزِلِ السَّكِينَةَ عَلَيْنَا،

وَثَبِّتِ الْأَقْدَامَ إِنْ لَاقَيْنَا،

إِنِ الْأُلَى قَدْ بَغَوْا عَلَيْنَا،

إِذَا أَرَادُوا فِتْنَةً أَبَيْنَا».

Қазақша аудармасы

Әл-Бара (р.а.) былай деді: «Ахзаб күні Алла Елшісінің (с.а.с.) топырақ тасып жүргенін көрдім. Ішінің ақ терісі топырақтан көрінбей қалған еді. Ол (с.а.с.): “Сен болмағанда, тура жолды таппас едік, садақа бермес, намаз да оқымас едік. Бізге тыныштық түсіре гөр, жаумен кездескенде табанымызды нық ете гөр. Расында, әлгілер бізге қарсы шектен шықты. Бізді бүлікке салмақ болса, көнбейміз”, – деп айтып жүрді».

بَابُ مَنْ حَبَسَهُ الْعُذْرُ عَنِ الْغَزْوِ

18-бапЖорыққа шығуына үзірі кедергі болған адам туралы

1239
Бұхари, № 1239 · Сахих: 2839Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ فِي غَزَاةٍ فَقَالَ: «إِنَّ أَقْوَامًا بِالْمَدِينَةِ خَلْفَنَا، مَا سَلَكْنَا شِعْبًا وَلَا وَادِيًا إِلَّا وَهُمْ مَعَنَا فِيهِ؛ حَبَسَهُمُ الْعُذْرُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) бір жорықта жүрген кезінде: “Артымызда Мәдинада қалып қойған бір топ адам бар. Біз қандай тау жолы мен аңғардан өтсек те, олар да сол жерде бізбен бірге болды. Оларды үзірлері ғана бөгеп қалды”, – деді».

بَابُ فَضْلِ الصَّوْمِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ

19-бапАлла жолында ораза ұстаудың артықшылығы туралы

1240
Бұхари, № 1240 · Сахих: 2840Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ صَامَ يَوْمًا فِي سَبِيلِ اللَّهِ بَعَّدَ اللَّهُ وَجْهَهُ عَنِ النَّارِ سَبْعِينَ خَرِيفًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Кім Алла жолында бір күн ораза ұстаса, Алла оның жүзін тозақтан жетпіс жылдық қашықтыққа алыстатады”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ فَضْلِ مَنْ جَهَّزَ غَازِيًا أَوْ خَلَفَهُ بِخَيْرٍ

20-бапЖорыққа аттанушыны жабдықтаған немесе оның артында қалған отбасына қамқор болған адамның артықшылығы туралы

1241
Бұхари, № 1241 · Сахих: 2843Риуаят етуші: Зәйд ибн Халид (р.а.)

عَنْ زَيْدِ بْنِ خَالِدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ جَهَّزَ غَازِيًا فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَقَدْ غَزَا، وَمَنْ خَلَفَ غَازِيًا فِي سَبِيلِ اللَّهِ بِخَيْرٍ فَقَدْ غَزَا».

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Халидтің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Кім Алла жолындағы жорыққа аттанушыны жабдықтаса, өзі де жорыққа шыққандай болады. Ал кім жорыққа аттанушының артында қалған отбасына жақсы қамқорлық жасаса, өзі де жорыққа шыққандай болады».

1242
Бұхари, № 1242 · Сахих: 2844Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ لَمْ يَكُنْ يَدْخُلُ بَيْتًا بِالْمَدِينَةِ غَيْرَ بَيْتِ أُمِّ سُلَيْمٍ إِلَّا عَلَى أَزْوَاجِهِ. فَقِيلَ لَهُ، فَقَالَ: «إِنِّي أَرْحَمُهَا؛ قُتِلَ أَخُوهَا مَعِي».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Мәдинада жұбайларының үйлерінен басқа ешбір әйелдің үйіне кірмейтін, тек Үммі Сүләймнің үйіне ғана кіріп тұратын. Мұның себебін сұрағанда, ол (с.а.с.): “Мен оны аяймын. Оның бауыры менімен бірге жорықта қаза тапты”, – деді».

بَابُ التَّحَنُّطِ عِنْدَ الْقِتَالِ

21-бапШайқас кезінде ханут жағу туралы

1243
Бұхари, № 1243 · Сахих: 2845Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ أَتَى يَوْمَ الْيَمَامَةِ إِلَى ثَابِتِ بْنِ قَيْسٍ، وَقَدْ حَسَرَ عَنْ فَخِذَيْهِ وَهُوَ يَتَحَنَّطُ، فَقَالَ: «يَا عَمِّ، مَا يَحْبِسُكَ أَنْ لَا تَجِيءَ؟» قَالَ: «الْآنَ، يَا ابْنَ أَخِي». وَجَعَلَ يَتَحَنَّطُ، يَعْنِي مِنَ الْحَنُوطِ، ثُمَّ جَاءَ فَجَلَسَ، فَذَكَرَ فِي الْحَدِيثِ انْكِشَافًا مِنَ النَّاسِ، فَقَالَ: «هَكَذَا عَنْ وُجُوهِنَا حَتَّى نُضَارِبَ الْقَوْمَ، مَا هَكَذَا كُنَّا نَفْعَلُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. بِئْسَ مَا عَوَّدْتُمْ أَقْرَانَكُمْ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Ол Ямама шайқасы күні Сәбит ибн Қайстың жанына келді. Сәбит екі санын ашып қойып, ханут жағып отыр екен. Әнәс: “Көке, келуіңізге не бөгет болып тұр?” – деп сұрады. Ол: “Қазір, бауырымның баласы”, – деді де, ханут жағуын жалғастыра берді. Содан кейін келіп отырды». Осы хадисте адамдардың шегінгені де айтылады. Сонда Сәбит: «Алдымыздан былай тұрыңдар, жаумен шайқасайық! Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге болғанымызда біз бұлай етпейтін едік. Қарсыластарыңды неткен жаман әдетке үйреткенсіңдер!» – деді.

بَابُ فَضْلِ الطَّلِيعَةِ

22-бапАлғы шолғыншының артықшылығы туралы

1244
Бұхари, № 1244 · Сахих: 2846Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَنْ يَأْتِينِي بِخَبَرِ الْقَوْمِ يَوْمَ الْأَحْزَابِ؟» فَقَالَ الزُّبَيْرُ: «أَنَا». ثُمَّ قَالَ: «مَنْ يَأْتِينِي بِخَبَرِ الْقَوْمِ؟» قَالَ الزُّبَيْرُ: «أَنَا». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِنَّ لِكُلِّ نَبِيٍّ حَوَارِيًّا، وَحَوَارِيَّ الزُّبَيْرُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Ахзаб күні: “Маған әлгі қауымның хабарын кім жеткізеді?” – деп сұрады. Зубәйр: “Мен”, – деді. Содан кейін ол (с.а.с.) тағы да: “Маған әлгі қауымның хабарын кім жеткізеді?” – деп сұрады. Зубәйр тағы да: “Мен”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Расында, әрбір пайғамбардың адал көмекшісі бар. Ал менің адал көмекшім – Зубәйр”, – деді».

بَابُ الْجِهَادِ مَاضٍ مَعَ الْبَرِّ وَالْفَاجِرِ

23-бапЖиһадтың ізгі кісімен де, күнәһар кісімен де жалғаса беретіні туралы

1245
Бұхари, № 1245 · Сахих: 2852

عَنْ عُرْوَةَ الْبَارِقِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «الْخَيْلُ مَعْقُودٌ فِي نَوَاصِيهَا الْخَيْرُ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ: الْأَجْرُ وَالْمَغْنَمُ».

Қазақша аудармасы

Уруа әл-Бариқи (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Жылқылардың кекіліне қиямет күніне дейін қайыр – сауап пен олжа – байланған».

1246
Бұхари, № 1246 · Сахих: 2851Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْبَرَكَةُ فِي نَوَاصِي الْخَيْلِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Береке жылқылардың кекілінде”, – деді», – деген.

بَابُ مَنِ اِحْتَبَسَ فَرَسًا لِقَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَمِنْ رِبَاطِ الْخَيْلِ﴾ [الْأَنْفَالِ: 60]

24-бапАлла Тағаланың: «Әрі соғысқа бапталған аттарды» («Әнфал», 60) деген сөзіне орай жылқы ұстаған адам туралы

1247
Бұхари, № 1247 · Сахих: 2853Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنِ اِحْتَبَسَ فَرَسًا فِي سَبِيلِ اللَّهِ إِيمَانًا بِاللَّهِ وَتَصْدِيقًا بِوَعْدِهِ فَإِنَّ شِبَعَهُ وَرِيَّهُ وَرَوْثَهُ وَبَوْلَهُ فِي مِيزَانِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Кім Аллаға иман келтіріп, Оның уәдесін растаған күйде Алла жолына арнап жылқы ұстаса, сол жылқының тойып жегені, шөлін қандырып ішкені, тезегі мен зәрінің бәрі қиямет күні оның амал таразысына қойылады», – дегенін жеткізген.

بَابُ اسْمِ الْفَرَسِ وَالْحِمَارِ

25-бапЖылқы мен есекке ат қою туралы

1248
Бұхари, № 1248 · Сахих: 2855Риуаят етуші: Сәһл (р.а.)

عَنْ سَهْلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ لِلنَّبِيِّ ﷺ فِي حَائِطِنَا فَرَسٌ يُقَالُ لَهُ: «اللُّخَيْفُ» أَوِ «اللَّحِيفُ».

Қазақша аудармасы

Сәһл (р.а.) былай деген: «Біздің қоршаулы бағымызда Пайғамбардың (с.а.с.) әл-Лухайф немесе әл-Лахиф деп аталатын аты болатын».

1249
Бұхари, № 1249 · Сахих: 2856Риуаят етуші: Мұғаз (р.а.)

عَنْ مُعَاذٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنْتُ رِدْفَ النَّبِيِّ ﷺ عَلَى حِمَارٍ يُقَالُ لَهُ: «عُفَيْرٌ»، فَقَالَ: «يَا مُعَاذُ، هَلْ تَدْرِي حَقَّ اللَّهِ عَلَى عِبَادِهِ؟» وَسَرَدَ الْحَدِيثَ، وَقَدْ تَقَدَّمَ.

Қазақша аудармасы

Мұғаз (р.а.) былай деген: «Мен Ұфайр деп аталатын есектің үстінде Пайғамбардың (с.а.с.) артына мінгесіп келе жаттым. Сонда ол (с.а.с.): “Уа, Мұғаз! Алланың құлдардан талап ететін хақысы не екенін білесің бе?” – деп сұрады». Ол хадистің қалған бөлігін баяндаған. Бұл хадис бұған дейін келтірілген.

1250
Бұхари, № 1250 · Сахих: 2857Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ فَزَعٌ بِالْمَدِينَةِ، فَاسْتَعَارَ النَّبِيُّ ﷺ فَرَسًا لَنَا يُقَالُ لَهُ: «مَنْدُوبٌ»، فَقَالَ: «مَا رَأَيْنَا مِنْ فَزَعٍ، وَإِنْ وَجَدْنَاهُ لَبَحْرًا».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Мәдинада бір қауіп төнгені туралы дабыл қағылды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) бізден Мәндуб деп аталатын атымызды сұрап алып, соған мініп кетті. Кейін қайтып келгенде: “Ешқандай қауіп көрмедік. Ал бұл аттың теңіздей арынды екенін көрдік”, – деді».

بَابُ مَا يُذْكَرُ مِنْ شُؤْمِ الْفَرَسِ

26-бапЖылқыдағы жамандық нышаны туралы

1251
Бұхари, № 1251 · Сахих: 2858Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّمَا الشُّؤْمُ فِي ثَلَاثَةٍ: فِي الْفَرَسِ، وَالْمَرْأَةِ، وَالدَّارِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Жамандық нышаны үш нәрседе ғана: жылқыда, әйелде және үйде”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ سِهَامِ الْفَرَسِ

27-бапЖылқыға бөлінетін үлес туралы

1252
Бұхари, № 1252 · Сахих: 2863Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ جَعَلَ لِلْفَرَسِ سَهْمَيْنِ، وَلِصَاحِبِهِ سَهْمًا.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) жылқыға екі үлес, ал оның иесіне бір үлес бөлген.

بَابُ مَنْ قَادَ دَابَّةَ غَيْرِهِ فِي الْحَرْبِ

28-бапСоғыста басқа біреудің мініс жануарын жетектеген адам туралы

1253
Бұхари, № 1253 · Сахих: 2864Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ لَهُ رَجُلٌ: «أَفَرَرْتُمْ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ حُنَيْنٍ؟» قَالَ: «لَكِنْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَمْ يَفِرَّ؛ إِنَّ هَوَازِنَ كَانُوا قَوْمًا رُمَاةً، وَإِنَّا لَمَّا لَقِينَاهُمْ حَمَلْنَا عَلَيْهِمْ فَانْهَزَمُوا، فَأَقْبَلَ الْمُسْلِمُونَ عَلَى الْغَنَائِمِ، فَاسْتَقْبَلُونَا بِالسِّهَامِ، فَأَمَّا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَلَمْ يَفِرَّ، فَلَقَدْ رَأَيْتُهُ وَإِنَّهُ لَعَلَى بَغْلَتِهِ الْبَيْضَاءِ، وَإِنَّ أَبَا سُفْيَانَ آخِذٌ بِلِجَامِهَا، وَالنَّبِيُّ ﷺ يَقُولُ:

“أَنَا النَّبِيُّ لَا كَذِبْ أَنَا ابْنُ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ”».

Қазақша аудармасы

Бара ибн Азибтен (р.а.) бір адам: «Хунайн күні Алла Елшісінің (с.а.с.) жанынан қаштыңдар ма?» – деп сұрады. Ол: «Алайда Алла Елшісі (с.а.с.) қашқан жоқ. Һауазин тайпасы мерген қауым еді. Біз олармен кездескенде шабуыл жасадық, сонда олар қаша жөнелді. Мұсылмандар олжа жинауға кіріскен кезде, олар бізді жебенің астына алды.

Ал Алла Елшісі (с.а.с.) қашқан жоқ. Мен оны ақ қашырының үстінде көрдім. Әбу Суфиян оның жүгенінен ұстап тұрды. Пайғамбар (с.а.с.): “Мен – пайғамбармын, бұл өтірік емес! Мен – Абдулмутталибтің ұлымын!” – деп айтып тұрды», – деді.

بَابُ نَاقَةِ النَّبِيِّ ﷺ

29-бапПайғамбардың (с.а.с.) түйесі туралы

1254
Бұхари, № 1254 · Сахих: 2872Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ لِلنَّبِيِّ ﷺ نَاقَةٌ تُسَمَّى الْعَضْبَاءَ لَا تُسْبَقُ، فَجَاءَ أَعْرَابِيٌّ عَلَى قَعُودٍ فَسَبَقَهَا، فَشَقَّ ذَلِكَ عَلَى الْمُسْلِمِينَ حَتَّى عَرَفَهُ، فَقَالَ: «حَقٌّ عَلَى اللَّهِ أَنْ لَا يَرْتَفِعَ شَيْءٌ مِنَ الدُّنْيَا إِلَّا وَضَعَهُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) әл-Адба деп аталатын түйесі бар еді. Оны ешбір түйе оза алмайтын. Бір күні бір бәдәуи жас түйеге мініп келіп, әл-Адбаны басып озды. Бұл мұсылмандарға қатты батты. Пайғамбар (с.а.с.) олардың қиналғанын аңғарып: “Бұл дүниеде биіктеген әрбір нәрсені Алланың төмендетуі – хақ”, – деді».

بَابُ حَمْلِ النِّسَاءِ الْقِرَبَ إِلَى النَّاسِ فِي الْغَزْوِ

30-бапӘйелдердің жорық кезінде адамдарға су торсықтарын тасуы туралы

1255
Бұхари, № 1255 · Сахих: 2881Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَسَمَ مُرُوطًا بَيْنَ نِسَاءٍ مِنْ نِسَاءِ الْمَدِينَةِ، فَبَقِيَ مِرْطٌ جَيِّدٌ، فَقَالَ لَهُ بَعْضُ مَنْ عِنْدَهُ: «يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ، أَعْطِ هَذَا ابْنَةَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ الَّتِي عِنْدَكَ».

يُرِيدُونَ أُمَّ كُلْثُومٍ بِنْتَ عَلِيٍّ. فَقَالَ عُمَرُ: «أُمُّ سُلَيْطٍ أَحَقُّ». وَأُمُّ سُلَيْطٍ مِنْ نِسَاءِ الْأَنْصَارِ مِمَّنْ بَايَعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ. قَالَ عُمَرُ: «فَإِنَّهَا كَانَتْ تَزْفِرُ لَنَا الْقِرَبَ يَوْمَ أُحُدٍ».

Қазақша аудармасы

Омар (р.а.) Мәдина әйелдеріне жамылғылар үлестірді. Сонда бір сапалы жамылғы артылып қалды. Қасындағылардың бірі: «Уа, мүміндердің әміршісі! Мына жамылғыны некеңіздегі Алла Елшісінің (с.а.с.) немере қызына беріңіз», – деді. Олар Әлидің қызы Үммі Күлсүмді меңзеген еді. Омар: «Үммі Сүләйт бұған лайығырақ», – деді. Үммі Сүләйт Алла Елшісіне (с.а.с.) серт берген ансар әйелдерінің бірі болатын. Омар: «Өйткені ол Ұхұд күні бізге су торсықтарын тасып беретін», – деді.

بَابُ مُدَاوَاةِ النِّسَاءِ الْجَرْحَى فِي الْغَزْوِ

31-бапӘйелдердің жорық кезінде жаралыларды емдеуі туралы

1256
Бұхари, № 1256 · Сахих: 2882

عَنِ الرُّبَيِّعِ بِنْتِ مُعَوِّذٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كُنَّا نَغْزُو مَعَ النَّبِيِّ ﷺ، نَسْقِي الْقَوْمَ وَنَخْدُمُهُمْ، وَنَرُدُّ الْجَرْحَى وَالْقَتْلَى إِلَى الْمَدِينَةِ.

Қазақша аудармасы

Рубәйиғ бинт Мұғаууиз (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге жорыққа шығып, адамдарға су беріп, қызмет ететінбіз әрі жаралылар мен қаза тапқандарды Мәдинаға алып қайтатынбыз».

بَابُ الْحِرَاسَةِ فِي الْغَزْوِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ

32-бапАлла жолындағы жорықта күзетте тұру туралы

1257
Бұхари, № 1257 · Сахих: 2885Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ سَهِرَ، فَلَمَّا قَدِمَ الْمَدِينَةَ قَالَ: «لَيْتَ رَجُلًا مِنْ أَصْحَابِي صَالِحًا يَحْرُسُنِي اللَّيْلَةَ». إِذْ سَمِعْنَا صَوْتَ سِلَاحٍ، فَقَالَ: «مَنْ هَذَا؟» فَقَالَ: «أَنَا سَعْدُ بْنُ أَبِي وَقَّاصٍ، جِئْتُ لِأَحْرُسَكَ». فَنَامَ النَّبِيُّ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Мәдинаға келгеннен кейін бір түні ұйқысы қашып: “Шіркін, сахабаларымның арасынан бір ізгі адам осы түні мені күзетсе ғой”, – деді. Сол сәтте қарудың сыңғырын естідік. Пайғамбар (с.а.с.): “Бұл кім?” – деп сұрады. Ол: “Мен Сағд ибн Әбу Уаққаспын. Сізді күзету үшін келдім”, – деді. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) ұйықтады».

1258
Бұхари, № 1258 · Сахих: 2887Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «تَعِسَ عَبْدُ الدِّينَارِ، وَعَبْدُ الدِّرْهَمِ، وَعَبْدُ الْخَمِيصَةِ؛ إِنْ أُعْطِيَ رَضِيَ، وَإِنْ لَمْ يُعْطَ سَخِطَ. تَعِسَ وَانْتَكَسَ، وَإِذَا شِيكَ فَلَا انْتَقَشَ.

طُوبَى لِعَبْدٍ آخِذٍ بِعِنَانِ فَرَسِهِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، أَشْعَثَ رَأْسُهُ، مُغْبَرَّةٍ قَدَمَاهُ، إِنْ كَانَ فِي الْحِرَاسَةِ كَانَ فِي الْحِرَاسَةِ، وَإِنْ كَانَ فِي السَّاقَةِ كَانَ فِي السَّاقَةِ. إِنِ اسْتَأْذَنَ لَمْ يُؤْذَنْ لَهُ، وَإِنْ شَفَعَ لَمْ يُشَفَّعْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Динардың құлы, дирхамның құлы және өрнекті жамылғының құлы оңбасын! Оған бір нәрсе берілсе, разы болады, ал берілмесе, наразы болады. Оңбасын әрі күйі кері кетсін! Денесіне тікен кірсе, оны суырып ала алмасын!

Алла жолында атының тізгінін ұстаған, шашы ұйпа-тұйпа, аяқтарын шаң басқан құлға нендей игілік! Егер күзетке қойылса, күзетте тұрады; әскердің соңғы шебіне қойылса, сол шепте қызмет етеді. Рұқсат сұраса, оған рұқсат берілмейді; біреу үшін араша түссе, арашасы қабыл етілмейді».

بَابُ فَضْلِ الْخِدْمَةِ فِي الْغَزْوِ

33-бапЖорықта қызмет етудің артықшылығы туралы

1259
Бұхари, № 1259 · Сахих: 2889Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: خَرَجْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِلَى خَيْبَرَ أَخْدُمُهُ، فَلَمَّا قَدِمَ النَّبِيُّ ﷺ رَاجِعًا، وَبَدَا لَهُ أُحُدٌ قَالَ: «هَذَا جَبَلٌ يُحِبُّنَا وَنُحِبُّهُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Хайбарға аттанып, оған қызмет еттім. Пайғамбар (с.а.с.) сапардан қайтып келе жатқанда, алдынан Ұхұд тауы көрінді. Сонда ол: “Бұл тау бізді жақсы көреді, біз де оны жақсы көреміз”, – деді».

1260
Бұхари, № 1260 · Сахих: 2890Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ، أَكْثَرُنَا ظِلًّا الَّذِي يَسْتَظِلُّ بِكِسَائِهِ. وَأَمَّا الَّذِينَ صَامُوا فَلَمْ يَعْمَلُوا شَيْئًا؛ وَأَمَّا الَّذِينَ أَفْطَرُوا فَبَعَثُوا الرِّكَابَ وَامْتَهَنُوا وَعَالَجُوا، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «ذَهَبَ الْمُفْطِرُونَ الْيَوْمَ بِالْأَجْرِ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге едік. Арамызда ең мол көлеңкеге ие болған адамның өзі жамылғысын ғана көлегейлеп тұрды. Ораза ұстағандар ешбір жұмыс істемеді. Ал ораза ұстамағандар мініс түйелерін қамдап, жұртқа қызмет етіп, қажетті жұмысты атқарды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Бүгін ораза ұстамағандар сауапты алып кетті”, – деді».

بَابُ فَضْلِ رِبَاطِ يَوْمٍ فِي سَبِيلِ اللَّهِ

34-бапАлла жолында бір күн шекара күзетудің артықшылығы туралы

1261
Бұхари, № 1261 · Сахих: 2892Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «رِبَاطُ يَوْمٍ فِي سَبِيلِ اللَّهِ خَيْرٌ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا عَلَيْهَا، وَمَوْضِعُ سَوْطِ أَحَدِكُمْ مِنَ الْجَنَّةِ خَيْرٌ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا عَلَيْهَا، وَالرَّوْحَةُ يَرُوحُهَا الْعَبْدُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَوِ الْغَدْوَةُ خَيْرٌ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا عَلَيْهَا».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд әс-Сағидидің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Алла жолында бір күн шекара күзету – дүние мен ондағының бәрінен қайырлы. Жәннаттағы біріңнің қамшысы сыятындай ғана орын – дүние мен ондағының бәрінен қайырлы. Құлдың Алла жолында таңертең немесе кешке бір мәрте жол жүруі – дүние мен ондағының бәрінен қайырлы».

بَابُ مَنِ اسْتَعَانَ بِالضُّعَفَاءِ وَالصَّالِحِينَ فِي الْحَرْبِ

35-бапСоғыста әлсіздер мен ізгі адамдардың жәрдеміне сүйенген адам туралы

1262
Бұхари, № 1262 · Сахих: 2896

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «هَلْ تُنْصَرُونَ وَتُرْزَقُونَ إِلَّا بِضُعَفَائِكُمْ؟»

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққастың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Сендерге әлсіздеріңнің арқасында ғана жеңіс беріліп, ризық нәсіп етіліп жүрген жоқ па?» – деген.

1263
Бұхари, № 1263 · Сахих: 2897Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «يَأْتِي زَمَانٌ يَغْزُو فِئَامٌ مِنَ النَّاسِ، فَيُقَالُ: “هَلْ فِيكُمْ مَنْ صَحِبَ النَّبِيَّ ﷺ؟” فَيُقَالُ: “نَعَمْ”، فَيُفْتَحُ عَلَيْهِ.

ثُمَّ يَأْتِي زَمَانٌ فَيُقَالُ: “هَلْ فِيكُمْ مَنْ صَحِبَ أَصْحَابَ النَّبِيِّ ﷺ؟” فَيُقَالُ: “نَعَمْ”، فَيُفْتَحُ.

ثُمَّ يَأْتِي زَمَانٌ فَيُقَالُ: “هَلْ فِيكُمْ مَنْ صَحِبَ صَاحِبَ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ؟” فَيُقَالُ: “نَعَمْ”، فَيُفْتَحُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағидтің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Бір заман келіп, адамдардың бір тобы жорыққа шығады. Сонда олардан: “Араларыңда Пайғамбардың (с.а.с.) сахабасы бар ма?” – деп сұралады. Олар: “Иә”, – дейді. Содан кейін оларға жеңіс нәсіп етіледі.

Кейін тағы бір заман келеді. Сонда олардан: “Араларыңда Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларымен бірге жүрген адам бар ма?” – деп сұралады. Олар: “Иә”, – дейді. Содан кейін оларға жеңіс нәсіп етіледі.

Одан соң тағы бір заман келеді. Сонда олардан: “Араларыңда Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларымен бірге жүрген кісінің серігі бар ма?” – деп сұралады. Олар: “Иә”, – дейді. Содан кейін оларға жеңіс нәсіп етіледі».

بَابُ التَّحْرِيضِ عَلَى الرَّمْيِ

36-бапСадақ атуға ынталандыру туралы

1264
Бұхари, № 1264 · Сахих: 2900

عَنْ أَبِي أُسَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ بَدْرٍ حِينَ صَفَفْنَا لِقُرَيْشٍ وَصَفُّوا لَنَا: «إِذَا أَكْثَبُوكُمْ فَعَلَيْكُمْ بِالنَّبْلِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Үсәйд (р.а.) былай деген: «Бәдір күні біз Құрайышқа қарсы сап түзеп, олар да бізге қарсы сап түзеген кезде Алла Елшісі (с.а.с.): “Олар сендерге жақындағанда, садақпен атыңдар”, – деді».

بَابُ الْمِجَنِّ وَمَنْ يَتَتَرَّسُ بِتُرْسِ صَاحِبِهِ

37-бапҚалқан және жолдасының қалқанын қалқа еткен адам туралы

1265
Бұхари, № 1265 · Сахих: 2904Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَتْ أَمْوَالُ بَنِي النَّضِيرِ مِمَّا أَفَاءَ اللَّهُ عَلَى رَسُولِهِ ﷺ، مِمَّا لَمْ يُوجِفِ الْمُسْلِمُونَ عَلَيْهِ بِخَيْلٍ وَلَا رِكَابٍ، فَكَانَتْ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ خَاصَّةً، وَكَانَ يُنْفِقُ عَلَى أَهْلِهِ نَفَقَةَ سَنَتِهِ، ثُمَّ يَجْعَلُ مَا بَقِيَ فِي السِّلَاحِ وَالْكُرَاعِ عُدَّةً فِي سَبِيلِ اللَّهِ.

Қазақша аудармасы

Омар (р.а.) былай деді: «Бәну Надирдің мал-мүлкі – мұсылмандар ат та, түйе де шаптырмастан, Алла Өз Елшісіне (с.а.с.) нәсіп еткен дүниелердің бірі еді. Сондықтан ол түгелдей Алла Елшісіне (с.а.с.) ғана тиесілі болатын. Ол одан отбасының бір жылдық нәпақасын бөліп беріп, қалғанын Алла жолына дайындық ретінде қару-жарақ пен мініс аттарына жұмсайтын».

1266
Бұхари, № 1266 · Сахих: 2905Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: مَا رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَفْدِي رَجُلًا بَعْدَ سَعْدٍ، سَمِعْتُهُ يَقُولُ: «اِرْمِ، فِدَاكَ أَبِي وَأُمِّي».

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) Сағдтан кейін өзге біреуге: “Әке-шешем саған пида болсын”, – деп айтқанын көрген емеспін. Оның: “Ат! Әке-шешем саған пида болсын!” – дегенін естідім».

بَابُ مَا جَاءَ فِي حِلْيَةِ السُّيُوفِ

38-бапҚылыштарды әшекейлеу жайында айтылғандар

1267
Бұхари, № 1267 · Сахих: 2909Риуаят етуші: Әбу Умама (р.а.)

عَنْ أَبِي أُمَامَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَقَدْ فَتَحَ الْفُتُوحَ قَوْمٌ، مَا كَانَتْ حِلْيَةُ سُيُوفِهِمُ الذَّهَبَ وَلَا الْفِضَّةَ، إِنَّمَا كَانَتْ حِلْيَتُهُمُ الْعَلَابِيَّ وَالْآنُكَ وَالْحَدِيدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Үмәмә (р.а.) былай деген: «Талай елді бағындырып, жеңіске жеткен адамдардың қылыштары алтынмен де, күміспен де әшекейленбеген еді. Олардың қылыштары шикі тері таспаларымен, қорғасынмен және темірмен ғана әшекейленген болатын».

بَابُ مَا قِيلَ فِي دِرْعِ النَّبِيِّ ﷺ وَالْقَمِيصِ فِي الْحَرْبِ

39-бапПайғамбардың (с.а.с.) сауыты мен соғыста киілетін жейде жайында айтылғандар туралы

1268
Бұхари, № 1268 · Сахих: 2915Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ وَهُوَ فِي قُبَّةٍ: «اللَّهُمَّ إِنِّي أَنْشُدُكَ عَهْدَكَ وَوَعْدَكَ، اللَّهُمَّ إِنْ شِئْتَ لَمْ تُعْبَدْ بَعْدَ الْيَوْمِ». فَأَخَذَ أَبُو بَكْرٍ بِيَدِهِ، فَقَالَ: «حَسْبُكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَقَدْ أَلْحَحْتَ عَلَى رَبِّكَ». وَهُوَ فِي الدِّرْعِ، فَخَرَجَ وَهُوَ يَقُولُ: ﴿سَيُهْزَمُ الْجَمْعُ وَيُوَلُّونَ الدُّبُرَ ۝ بَلِ السَّاعَةُ مَوْعِدُهُمْ وَالسَّاعَةُ أَدْهَى وَأَمَرُّ﴾ [الْقَمَرِ: 45–46]. وَفِي رِوَايَةٍ: وَذَلِكَ يَوْمَ بَدْرٍ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) шатырда болған кезінде: “Уа, Алла! Сенен сертің мен уәдеңнің орындалуын тілеймін. Уа, Алла! Егер қаласаң, бүгіннен кейін Саған құлшылық етілмейді”, – деді. Сонда Әбу Бәкір оның қолынан ұстап: “Уа, Расулалла! Жеткілікті. Раббыңа көп жалбарындың”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) бұл кезде сауыт киген еді. Содан кейін сыртқа шығып: “Жақында ол қауым жеңіліс тауып, ту сырттарын беріп қашатын болады. Алайда олардың уәделі мерзімі – қиямет сағаты! Қиямет сағаты әлдеқайда сұмдық әрі әлдеқайда ащы!” (“Қамар”, 45–46-аяттар) деген аяттарды оқыды». Бір риуаятта бұл оқиғаның Бәдір күні болғаны айтылған.

بَابُ الْحَرِيرِ فِي الْحَرْبِ

40-бапСоғыста жібек кию туралы

1269
Бұхари, № 1269 · Сахих: 2919Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: رَخَّصَ النَّبِيُّ ﷺ لِعَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ وَالزُّبَيْرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَمِيصٍ مِنْ حَرِيرٍ، مِنْ حِكَّةٍ كَانَتْ بِهِمَا.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Абдуррахман ибн Ауф пен Зубәйрге денелеріндегі қышынуға байланысты жібек көйлек киюге рұқсат берді».

1270
Бұхари, № 1270 · Сахих: 2921Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي رِوَايَةٍ أَنَّهُمَا شَكَوَا إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، يَعْنِي الْقَمْلَ، فَرَخَّصَ لَهُمَا فِي الْحَرِيرِ.

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен бір риуаятта екеуінің Пайғамбарға (с.а.с.) биттен қиналып жүргендерін айтып шағымданғаны, сонда оның екеуіне жібек киюге рұқсат бергені айтылған.

بَابُ مَا قِيلَ فِي قِتَالِ الرُّومِ

41-бапРумдықтармен соғысу жайында айтылғандар

1271
Бұхари, № 1271 · Сахих: 2924

عَنْ أُمِّ حَرَامٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا سَمِعَتِ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «أَوَّلُ جَيْشٍ مِنْ أُمَّتِي يَغْزُونَ الْبَحْرَ قَدْ أَوْجَبُوا». قَالَتْ: قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنَا فِيهِمْ؟» قَالَ: «أَنْتِ فِيهِمْ». ثُمَّ قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَوَّلُ جَيْشٍ مِنْ أُمَّتِي يَغْزُونَ مَدِينَةَ قَيْصَرَ مَغْفُورٌ لَهُمْ». فَقُلْتُ: «أَنَا فِيهِمْ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «لَا».

Қазақша аудармасы

Үммі Харам (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.): “Үмбетімнен теңіз жорығына алғаш аттанған әскерге жәннат уәжіп болды”, – дегенін естідім. Мен: “Уа, Расулалла! Мен де солардың қатарында боламын ба?” – деп сұрадым. Ол: “Сен солардың қатарындасың”, – деді. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.): “Үмбетімнен Қайсардың қаласына алғаш жорық жасаған әскердің күнәлары кешіріледі”, – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Мен де солардың қатарында боламын ба?” – деп сұрадым. Ол: “Жоқ”, – деді».

بَابُ قِتَالِ الْيَهُودِ

42-бапЯһудилермен соғысу туралы

1272
Бұхари, № 1272 · Сахих: 2925Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «تُقَاتِلُونَ الْيَهُودَ حَتَّى يَخْتَبِئَ أَحَدُهُمْ وَرَاءَ الْحَجَرِ، فَيَقُولُ: “يَا عَبْدَ اللَّهِ، هَذَا يَهُودِيٌّ وَرَائِي فَاقْتُلْهُ”». وَفِي رِوَايَةٍ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تُقَاتِلُوا الْيَهُودَ». وَذَكَرَ بَاقِيَ الْحَدِيثِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Сендер яһудилермен соғысасыңдар. Ақырында олардың бірі тастың артына жасырынғанда, тас: “Уа, Алланың құлы! Менің артымда бір яһуди тұр, оны өлтір”, – дейді». Бір риуаятта: «Сендер яһудилермен соғыспайынша қиямет болмайды», – делінген. Ол хадистің қалған бөлігін баяндаған.

بَابُ قِتَالِ التُّرْكِ

43-бапТүріктермен соғысу туралы

1273
Бұхари, № 1273 · Сахих: 2928Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تُقَاتِلُوا التُّرْكَ، صِغَارَ الْأَعْيُنِ، حُمْرَ الْوُجُوهِ، ذُلْفَ الْأُنُوفِ، كَأَنَّ وُجُوهَهُمُ الْمَجَانُّ الْمُطْرَقَةُ، وَلَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تُقَاتِلُوا قَوْمًا نِعَالُهُمُ الشَّعَرُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Көздері кішкентай, жүздері қызыл, мұрындары қысқа әрі жалпақ, беттері терімен қапталған қалқандардай түріктермен соғыспайынша, қиямет орнамайды. Сондай-ақ аяқкиімдері жүннен жасалған бір қауыммен соғыспайынша, қиямет орнамайды».

بَابُ الدُّعَاءِ عَلَى الْمُشْرِكِينَ بِالْهَزِيمَةِ وَالزَّلْزَلَةِ

44-бапМүшріктердің жеңіліске ұшырап, зәрелері ұшуын тілеп дұға ету туралы

1274
Бұхари, № 1274 · Сахих: 2933Риуаят етуші: Абдулла ибн Әбу Ауфа (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: دَعَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ الْأَحْزَابِ عَلَى الْمُشْرِكِينَ فَقَالَ: «اللَّهُمَّ مُنْزِلَ الْكِتَابِ، سَرِيعَ الْحِسَابِ، اللَّهُمَّ اهْزِمِ الْأَحْزَابَ، اللَّهُمَّ اهْزِمْهُمْ وَزَلْزِلْهُمْ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Әбу Ауфа (р.а.) былай деген: «Ахзаб күні Алла Елшісі (с.а.с.) мүшріктерге қарсы: “Уа, Кітапты түсіруші әрі есепті жылдам алушы Алла! Уа, Алла! Одақтас әскерлерді жеңіліске ұшырата гөр! Уа, Алла! Оларды жеңіліске ұшыратып, зәрелерін ұшыра гөр!” – деп дұға етті».

1275
Бұхари, № 1275 · Сахих: 2935Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: دَخَلَ الْيَهُودُ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالُوا: «السَّامُ عَلَيْكَ». فَلَعَنْتُهُمْ، فَقَالَ: «مَا لَكِ؟» قُلْتُ: «أَوَلَمْ تَسْمَعْ مَا قَالُوا؟» قَالَ: «فَلَمْ تَسْمَعِي مَا قُلْتُ: “وَعَلَيْكُمْ”؟»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Яһудилер Пайғамбардың (с.а.с.) алдына кіріп: “Саған өлім болсын!” – деді. Мен оларға лағынет айттым. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Саған не болды?” – деп сұрады. Мен: “Олардың не дегенін естімедіңіз бе?” – дедім. Ол (с.а.с.): “Ал менің оларға: ‘Сендерге де’, – дегенімді естімедің бе?” – деді».

بَابُ الدُّعَاءِ لِلْمُشْرِكِينَ بِالْهُدَى لِيَتَأَلَّفَهُمْ

45-бапМүшріктердің көңілін жібіту үшін оларға тура жол тілеу туралы

1276
Бұхари, № 1276 · Сахих: 2937Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَدِمَ طُفَيْلُ بْنُ عَمْرٍو الدَّوْسِيُّ وَأَصْحَابُهُ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ دَوْسًا عَصَتْ وَأَبَتْ، فَادْعُ اللَّهَ عَلَيْهَا». فَقِيلَ: «هَلَكَتْ دَوْسٌ». قَالَ: «اللَّهُمَّ اهْدِ دَوْسًا وَائْتِ بِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Туфайл ибн Амр әд-Дәуси серіктерімен бірге Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Дәус тайпасы бойсұнбай, дінді қабылдаудан бас тартты. Оларға қарсы Аллаға дұға етіңіз”, – деді. Жұрт: “Дәус құрыды”, – десті. Алайда Пайғамбар (с.а.с.): “Уа, Алла! Дәус тайпасын тура жолға бастай гөр әрі оларды осында алып келе гөр!” – деп дұға етті».

بَابُ دُعَاءِ النَّبِيِّ ﷺ إِلَى الْإِسْلَامِ وَالنُّبُوَّةِ، وَأَنْ لَا يَتَّخِذَ بَعْضُهُمْ بَعْضًا أَرْبَابًا مِنْ دُونِ اللَّهِ

46-бапПайғамбардың (с.а.с.) исламға, өзінің пайғамбарлығын мойындауға және Алладан өзге бірін-бірі тәңір тұтпауға шақыруы туралы

1277
Бұхари, № 1277 · Сахих: 2942Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ يَوْمَ خَيْبَرَ: «لَأُعْطِيَنَّ الرَّايَةَ رَجُلًا يَفْتَحُ اللَّهُ عَلَى يَدَيْهِ». فَقَامُوا يَرْجُونَ لِذَلِكَ أَيُّهُمْ يُعْطَى، فَغَدَوْا، وَكُلُّهُمْ يَرْجُو أَنْ يُعْطَى، فَقَالَ: «أَيْنَ عَلِيٌّ؟» فَقِيلَ: «يَشْتَكِي عَيْنَهُ»، فَأَمَرَ فَدُعِيَ لَهُ، فَبَصَقَ فِي عَيْنِهِ فَبَرَأَ مَكَانَهُ حَتَّى كَأَنَّهُ لَمْ يَكُنْ بِهِ شَيْءٌ، فَقَالَ: «نُقَاتِلُهُمْ حَتَّى يَكُونُوا مِثْلَنَا؟» فَقَالَ: «عَلَى رِسْلِكَ حَتَّى تَنْزِلَ بِسَاحَتِهِمْ، ثُمَّ ادْعُهُمْ إِلَى الْإِسْلَامِ، وَأَخْبِرْهُمْ بِمَا يَجِبُ عَلَيْهِمْ، فَوَاللَّهِ لَأَنْ يَهْدِيَ اللَّهُ بِكَ رَجُلًا وَاحِدًا خَيْرٌ لَكَ مِنْ حُمْرِ النَّعَمِ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) Хайбар күні: «Мен туды Алла оның қолымен жеңіс нәсіп ететін бір адамға беремін», – дегенін естіген. Сонда сахабалар орындарынан тұрып, тудың өздеріне берілуін үміт етті. Келесі күні таңертең олардың әрқайсысы тудың өзіне берілуін үміт етіп келді. Пайғамбар (с.а.с.): «Әли қайда?» – деп сұрады. Оған: «Көзі ауырып жатыр», – делінді. Сонда ол Әлиді шақыртты да, көзіне түкірігін жақты. Ол сол сәтте айығып, бұрын еш ауырмағандай болды. Әли: «Олар да біз секілді болғанға дейін соғысамыз», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Асықпа. Олардың мекеніне жеткенше байыппен жүр. Содан кейін оларды исламға шақырып, өздеріне не міндетті екенін хабарла. Алланың атымен ант етемін! Алланың сен арқылы бір ғана адамды тура жолға салуы сен үшін қызыл түйелерге ие болғаныңнан да қайырлы», – деді.

بَابُ مَنْ أَرَادَ غَزْوَةً فَوَرَّى بِغَيْرِهَا، وَمَنْ أَحَبَّ الْخُرُوجَ يَوْمَ الْخَمِيسِ

47-бапБір жорықты көздегенде, басқа жорықты меңзеп, мақсатын бүркемелеу және бейсенбі күні жолға шығуды ұнату туралы

1278
Бұхари, № 1278 · Сахих: 2949Риуаят етуші: Кағб ибн Мәлик (р.а.)

عَنْ كَعْبِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَقَلَّمَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَخْرُجُ إِذَا خَرَجَ فِي سَفَرٍ إِلَّا يَوْمَ الْخَمِيسِ.

Қазақша аудармасы

Кәғб ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) сапарға шыққанда, көбіне бейсенбі күні жолға аттанатын».

بَابُ التَّوْدِيعِ

48-бапҚоштасу туралы

1279
Бұхари, № 1279 · Сахих: 2954Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ: بَعَثَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي بَعْثٍ، وَقَالَ لَنَا: «إِنْ لَقِيتُمْ فُلَانًا وَفُلَانًا» – لِرَجُلَيْنِ مِنْ قُرَيْشٍ سَمَّاهُمَا – «فَحَرِّقُوهُمَا بِالنَّارِ». قَالَ: ثُمَّ أَتَيْنَاهُ نُوَدِّعُهُ حِينَ أَرَدْنَا الْخُرُوجَ، فَقَالَ: «إِنِّي كُنْتُ أَمَرْتُكُمْ أَنْ تُحَرِّقُوا فُلَانًا وَفُلَانًا بِالنَّارِ، وَإِنَّ النَّارَ لَا يُعَذِّبُ بِهَا إِلَّا اللَّهُ، فَإِنْ أَخَذْتُمُوهُمَا فَاقْتُلُوهُمَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) бізді бір жасақпен аттандырып жатып, Құрайыштан шыққан екі адамның атын атап: “Егер пәленше мен пәленшені кездестірсеңдер, екеуін де өртеп жіберіңдер”, – деді. Жолға шығар кезде Алла Елшісімен (с.а.с.) қоштасуға келгенімізде, ол: “Мен сендерге пәленше мен пәленшені отпен өртеуді бұйырған едім. Алайда отпен тек Алла ғана азаптайды. Сондықтан екеуін қолға түсірсеңдер, өлтіріңдер”, – деді».

بَابُ السَّمْعِ وَالطَّاعَةِ لِلْإِمَامِ

49-бапБасшыны тыңдап, оған бағыну туралы

1280
Бұхари, № 1280 · Сахих: 2955Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «السَّمْعُ وَالطَّاعَةُ حَقٌّ مَا لَمْ يُؤْمَرْ بِمَعْصِيَةٍ؛ فَإِذَا أُمِرَ بِمَعْصِيَةٍ فَلَا سَمْعَ وَلَا طَاعَةَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Күнә істеуге бұйырылмаса, тыңдау мен бағыну міндет. Ал күнә істеуге бұйырылса, тыңдау да, бағыну да жоқ».

بَابُ يُقَاتَلُ مِنْ وَرَاءِ الْإِمَامِ، وَيُتَّقَى بِهِ

50-бапИмамның басшылығымен соғысу және онымен қорғану туралы

1281
Бұхари, № 1281 · Сахих: 2956Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «نَحْنُ الْآخِرُونَ السَّابِقُونَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Біз – соңғылармыз, бірақ алға озғандармыз», – дегенін естіген.

1282
Бұхари, № 1282 · Сахих: 2957

وَيَقُولُ: «مَنْ أَطَاعَنِي فَقَدْ أَطَاعَ اللَّهَ، وَمَنْ عَصَانِي فَقَدْ عَصَى اللَّهَ، وَمَنْ يُطِعِ الْأَمِيرَ فَقَدْ أَطَاعَنِي، وَمَنْ يَعْصِ الْأَمِيرَ فَقَدْ عَصَانِي. وَإِنَّمَا الْإِمَامُ جُنَّةٌ يُقَاتَلُ مِنْ وَرَائِهِ وَيُتَّقَى بِهِ؛ فَإِنْ أَمَرَ بِتَقْوَى اللَّهِ وَعَدَلَ فَإِنَّ لَهُ بِذَلِكَ أَجْرًا، وَإِنْ قَالَ بِغَيْرِهِ فَإِنَّ عَلَيْهِ مِنْهُ».

Қазақша аудармасы

Ол сондай-ақ: «Кім маған бағынса, Аллаға бағынған болады. Кім маған бойсұнбаса, Аллаға бойсұнбаған болады. Кім әміршіге бағынса, маған бағынған болады. Кім әміршіге бойсұнбаса, маған бойсұнбаған болады. Расында, имам – қалқан: оның басшылығымен соғысады әрі онымен қорғанады. Егер ол Алладан қорқуға бұйырып, әділдік етсе, сол үшін оған сауап бар. Ал бұған қайшы нәрсеге бұйырса, оның күнәсін өзі көтереді», – деген.

بَابُ الْبَيْعَةِ فِي الْحَرْبِ أَنْ لَا يَفِرُّوا

51-бапСоғыста қашпауға серт беру туралы

1283
Бұхари, № 1283 · Сахих: 2958Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: رَجَعْنَا مِنَ الْعَامِ الْمُقْبِلِ، فَمَا اجْتَمَعَ مِنَّا اثْنَانِ عَلَى الشَّجَرَةِ الَّتِي بَايَعْنَا تَحْتَهَا؛ كَانَتْ رَحْمَةً مِنَ اللَّهِ. فَقِيلَ لَهُ: «عَلَى أَيِّ شَيْءٍ بَايَعَهُمْ؟ عَلَى الْمَوْتِ؟» قَالَ: «لَا، بَايَعَهُمْ عَلَى الصَّبْرِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Келесі жылы қайтып келгенімізде, арамыздан тіпті екі адам да біз серт берген ағаштың қайсысы екеніне бір пікірге келе алмады. Бұл Алланың рақымы еді». Одан: «Ол (с.а.с.) олардан не жөнінде серт алды? Өлімге дейін шайқасуға ма?» – деп сұралды. Ол: «Жоқ, олардан табандылық танытуға серт алды», – деді.

1284
Бұхари, № 1284 · Сахих: 2959Риуаят етуші: Абдулла ибн Зәйд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَمَّا كَانَ زَمَنُ الْحَرَّةِ أَتَاهُ آتٍ فَقَالَ لَهُ: «إِنَّ ابْنَ حَنْظَلَةَ يُبَايِعُ النَّاسَ عَلَى الْمَوْتِ». فَقَالَ: «لَا أُبَايِعُ عَلَى هَذَا أَحَدًا بَعْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Харра оқиғасы кезінде Абдулла ибн Зәйдке (р.а.) бір адам келіп: «Ибн Ханзала адамдардан өлімге дейін шайқасуға серт алып жатыр», – деген. Ол: «Алла Елшісінен (с.а.с.) кейін ешкімге мұндай серт бермеймін», – деп жауап берген.

1285
Бұхари, № 1285 · Сахих: 2960

عَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَمَّا بَايَعْتُ النَّبِيَّ ﷺ ثُمَّ عَدَلْتُ إِلَى ظِلِّ الشَّجَرَةِ، فَلَمَّا خَفَّ النَّاسُ قَالَ: «يَا ابْنَ الْأَكْوَعِ، أَلَا تُبَايِعُ؟» قَالَ: قُلْتُ: «قَدْ بَايَعْتُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «وَأَيْضًا». فَبَايَعْتُهُ الثَّانِيَةَ. فَقِيلَ لَهُ: «عَلَى أَيِّ شَيْءٍ كُنْتُمْ تُبَايِعُونَ؟» قَالَ: «عَلَى الْمَوْتِ».

Қазақша аудармасы

Сәләмә ибн әл-Акуағ (р.а.) былай деген: «Пайғамбарға (с.а.с.) серт бердім де, ағаштың көлеңкесіне барып отырдым. Адамдар сирей бастағанда, ол: “Уа, Ибн әл-Акуағ! Серт бермейсің бе?” – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Серт беріп қойдым ғой”, – дедім. Ол: “Тағы бір рет бер”, – деді. Сөйтіп, оған екінші рет серт бердім». Одан: «Не жөнінде серт бердіңдер?» – деп сұралды. Ол: «Өлімге дейін шайқасуға», – деп жауап берді.

1286
Бұхари, № 1286 · Сахих: 2962, 2963

عَنْ مُجَاشِعٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ أَنَا وَأَخِي، فَقُلْتُ: «بَايِعْنَا عَلَى الْهِجْرَةِ». فَقَالَ: «مَضَتِ الْهِجْرَةُ لِأَهْلِهَا». فَقُلْتُ: «عَلَامَ تُبَايِعُنَا؟» قَالَ: «عَلَى الْإِسْلَامِ وَالْجِهَادِ».

Қазақша аудармасы

Мужашиғ (р.а.) былай деген: «Бауырым екеуіміз Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Бізден һижретке серт ал”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Һижрет оны жасағандардың еншісінде қалды”, – деді. Мен: “Ендеше, бізден не жөнінде серт аласыз?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Ислам мен жиһадқа”, – деп жауап берді».

بَابُ عَزْمِ الْإِمَامِ عَلَى النَّاسِ فِيمَا يُطِيقُونَ

52-бапИмамның адамдарға шамалары жететін істі орындауды міндеттеуі туралы

1287
Бұхари, № 1287 · Сахих: 2964

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَقَدْ أَتَانِي الْيَوْمَ رَجُلٌ فَسَأَلَنِي عَنْ أَمْرٍ مَا دَرَيْتُ مَا أَرُدُّ عَلَيْهِ، فَقَالَ: «أَرَأَيْتَ رَجُلًا مُؤَدِّيًا نَشِيطًا يَخْرُجُ مَعَ أُمَرَائِنَا فِي الْمَغَازِي، فَيَعْزِمُ عَلَيْنَا فِي أَشْيَاءَ لَا نُحْصِيهَا؟» فَقُلْتُ لَهُ: «وَاللَّهِ لَا أَدْرِي مَا أَقُولُ لَكَ إِلَّا أَنَّا كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ، فَعَسَى أَنْ لَا يَعْزِمَ عَلَيْنَا فِي أَمْرٍ إِلَّا مَرَّةً حَتَّى نَفْعَلَهُ، وَإِنَّ أَحَدَكُمْ لَنْ يَزَالَ بِخَيْرٍ مَا اتَّقَى اللَّهَ. وَإِذَا شَكَّ فِي نَفْسِهِ شَيْءٌ سَأَلَ رَجُلًا فَشَفَاهُ مِنْهُ، وَأَوْشَكَ أَنْ لَا تَجِدُوهُ.

وَالَّذِي لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ، مَا أَذْكُرُ مَا غَبَرَ مِنَ الدُّنْيَا إِلَّا كَالثَّغَبِ شُرِبَ صَفْوُهُ، وَبَقِيَ كَدَرُهُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.) былай деген: «Бүгін маған бір адам келіп, бір мәселе жайында сұрады. Мен оған не деп жауап берерімді білмедім. Ол: “Айтыңызшы, міндетін адал атқаратын әрі ширақ бір адам әміршілерімізбен бірге жорықтарға шығады. Ал олар бізге шамамыз жетпейтін істерді қатаң міндеттейді. Бұған не дейсіз?” – деп сұрады.

Мен оған: “Алланың атымен ант етемін, саған не айтарымды білмеймін. Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге болғанымызда, ол бізге бір істі орындауды бұйырса, біз оны орындағанша, бір реттен артық қатаң бұйырмайтын. Әрқайсың Алладан қорқып, көңілдеріңе күмән түскенде, оны сейілтіп беретін кісіден сұрап жүргендеріңде игіліктен қол үзбейсіңдер. Алайда көп ұзамай ондай адамды таппай қалуларың да мүмкін. Одан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ Алланың атымен ант етемін! Бұл дүниенің өткенін есіме алсам, ол маған суының тұнығы ішіліп, лайы ғана қалған шағын суат сияқты көрінеді”, – дедім».

بَابُ كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا لَمْ يُقَاتِلْ أَوَّلَ النَّهَارِ أَخَّرَ الْقِتَالَ حَتَّى تَزُولَ الشَّمْسُ

53-бапПайғамбардың (с.а.с.) күннің алғашқы бөлігінде шайқаспаса, шайқасты күн төбеден ауғанға дейін кешіктіретіні туралы

1288
Бұхари, № 1288 · Сахих: 2965Риуаят етуші: Абдулла ибн Әбу Ауфа (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِي بَعْضِ أَيَّامِهِ الَّتِي لَقِيَ فِيهَا انْتَظَرَ حَتَّى مَالَتِ الشَّمْسُ، ثُمَّ قَامَ فِي النَّاسِ فَقَالَ: «أَيُّهَا النَّاسُ، لَا تَتَمَنَّوْا لِقَاءَ الْعَدُوِّ، وَسَلُوا اللَّهَ الْعَافِيَةَ، فَإِذَا لَقِيتُمُوهُمْ فَاصْبِرُوا، وَاعْلَمُوا أَنَّ الْجَنَّةَ تَحْتَ ظِلَالِ السُّيُوفِ». ثُمَّ قَالَ: «اللَّهُمَّ مُنْزِلَ الْكِتَابِ» إِلَى آخِرِهِ، وَقَدْ تَقَدَّمَ بَاقِي الدُّعَاءِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Әбу Ауфадан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Алла Елшісі (с.а.с.) дұшпанмен кездескен күндерінің бірінде күн ауғанға дейін күтті. Содан кейін адамдардың алдына тұрып: “Уа, адамдар! Дұшпанмен кездесуді тілемеңдер, Алладан амандық сұраңдар. Ал дұшпанмен кездессеңдер, сабыр танытыңдар. Жәннаттың қылыштар көлеңкесінің астында екенін біліңдер”, – деді. Содан кейін: “Уа, Кітапты түсіруші Алла!” – деп дұға етті». Дұғаның қалған бөлігі бұған дейін келтірілген.

بَابُ الْأَجِيرِ

54-бапЖалдамалы жұмысшы туралы

1289
Бұхари, № 1289 · Сахих: 2973Риуаят етуші: Яғла ибн Умәйя (р.а.)

عَنْ يَعْلَى بْنِ أُمَيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: اِسْتَأْجَرْتُ أَجِيرًا فَقَاتَلَ رَجُلًا، فَعَضَّ أَحَدُهُمَا الْآخَرَ، فَانْتَزَعَ يَدَهُ مِنْ فِيهِ وَنَزَعَ ثَنِيَّتَهُ، فَأَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَأَهْدَرَهَا، فَقَالَ: «أَيَدْفَعُ يَدَهُ إِلَيْكَ تَقْضَمُهَا كَمَا يَقْضَمُ الْفَحْلُ؟»

Қазақша аудармасы

Яғла ибн Үмәйя (р.а.) былай деген: «Бір жұмысшы жалдадым. Ол бір адаммен төбелесіп қалып, екеуінің бірі екіншісін тістеп алды. Тістелген адам қолын оның аузынан жұлып алғанда, тістеген адамның күрек тісі түсіп қалды. Ол Пайғамбарға (с.а.с.) келді. Пайғамбар (с.а.с.) әлгі тіс үшін құн төленбейді деп үкім шығарды да: “Сонда ол қолын аузыңа салып қойып, сен оны бура шайнағандай шайнап тұруың керек пе еді?” – деді».

بَابُ مَا قِيلَ فِي لِوَاءِ النَّبِيِّ ﷺ

55-бапПайғамбардың (с.а.с.) туы жайында айтылғандар туралы

1290
Бұхари, № 1290 · Сахих: 2976Риуаят етуші: Әзірет Аббас (р.а.)

عَنِ الْعَبَّاسِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ لِلزُّبَيْرِ: «هَاهُنَا أَمَرَكَ النَّبِيُّ ﷺ أَنْ تَرْكُزَ الرَّايَةَ».

Қазақша аудармасы

Аббас (р.а.) Зубәйрге: «Пайғамбар (с.а.с.) саған туды дәл осы жерге тігуді бұйырған еді», – деген.

بَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «نُصِرْتُ بِالرُّعْبِ مَسِيرَةَ شَهْرٍ»

56-бапПайғамбардың (с.а.с.): «Маған бір айлық жол қашықтығынан-ақ дұшпанның жүрегіне үрей салыну арқылы жеңіс берілді», – деген сөзі туралы

1291
Бұхари, № 1291 · Сахих: 2977Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بُعِثْتُ بِجَوَامِعِ الْكَلِمِ، وَنُصِرْتُ بِالرُّعْبِ، فَبَيْنَا أَنَا نَائِمٌ أُتِيتُ بِمَفَاتِيحِ خَزَائِنِ الْأَرْضِ فَوُضِعَتْ فِي يَدِي». قَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: «وَقَدْ ذَهَبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَأَنْتُمْ تَنْتَثِلُونَهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Мен мағынасы мол, қысқа да нұсқа сөздермен жіберілдім әрі дұшпанның жүрегіне үрей салыну арқылы жеңіске жеткізілдім. Ұйықтап жатқанымда, маған жер қазыналарының кілттері әкелініп, қолыма қойылды». Әбу Һурайра: «Алла Елшісі (с.а.с.) дүниеден өтті, ал сендер сол қазыналарды алып жатырсыңдар», – деді.

بَابُ حَمْلِ الزَّادِ فِي الْغَزْوِ وَقَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَتَزَوَّدُوا فَإِنَّ خَيْرَ الزَّادِ التَّقْوَى﴾ [الْبَقَرَةِ: ١٩٧]

57-бапЖорыққа жол азығын алып шығу және Аса үстем әрі ұлы Алланың: «Азық қамдап алыңдар. Расында, ең қайырлы азық – тақуалық» («Бақара», 197) деген сөзі туралы

1292
Бұхари, № 1292 · Сахих: 2979Риуаят етуші: Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.)

عَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَتْ: صَنَعْتُ سُفْرَةَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي بَيْتِ أَبِي بَكْرٍ حِينَ أَرَادَ أَنْ يُهَاجِرَ إِلَى الْمَدِينَةِ. قَالَتْ: فَلَمْ نَجِدْ لِسُفْرَتِهِ وَلَا لِسِقَائِهِ مَا نَرْبِطُهُمَا بِهِ، فَقُلْتُ لِأَبِي بَكْرٍ: «وَاللَّهِ مَا أَجِدُ شَيْئًا أَرْبِطُ بِهِ إِلَّا نِطَاقِي». قَالَ: «فَشُقِّيهِ بِاثْنَيْنِ، فَارْبِطِيهِ بِوَاحِدٍ السِّقَاءَ، وَبِالْآخَرِ السُّفْرَةَ». فَفَعَلْتُ، فَلِذَلِكَ سُمِّيَتْ ذَاتَ النِّطَاقَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Мәдинаға қоныс аудармақ болған кезде, Әбу Бәкірдің үйінде оған жол азығын дайындадым. Оның жол азығы салынған дорбасы мен су құятын торсығын байлайтын ешнәрсе таба алмадық. Сонда Әбу Бәкірге: “Алланың атымен ант етемін! Оларды байлауға белбеуімнен басқа ешнәрсе таба алмадым”, – дедім. Ол: “Белбеуіңді екіге бөл де, бір бөлігімен торсықты, ал екінші бөлігімен азық салынған дорбаны байла”, – деді. Мен оның айтқанын орындадым». Сондықтан ол «Қос белбеу иесі» деп аталды.

بَابُ الرِّدْفِ عَلَى الْحِمَارِ

58-бапЕсекке мінгесу туралы

1293
Бұхари, № 1293 · Сахих: 2987Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд (р.а.)

عَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رَكِبَ عَلَى حِمَارٍ عَلَى إِكَافٍ عَلَيْهِ قَطِيفَةٌ، وَأَرْدَفَ أُسَامَةَ وَرَاءَهُ.

Қазақша аудармасы

Үсама ибн Зәйд (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) тоқымына түкті жамылғы төселген есекке мініп, Үсаманы артына мінгестіргенін жеткізген.

1294
Бұхари, № 1294 · Сахих: 2988Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَقْبَلَ يَوْمَ الْفَتْحِ مِنْ أَعْلَى مَكَّةَ عَلَى رَاحِلَتِهِ، مُرْدِفًا أُسَامَةَ بْنَ زَيْدٍ، وَمَعَهُ بِلَالٌ، وَمَعَهُ عُثْمَانُ بْنُ طَلْحَةَ مِنَ الْحَجَبَةِ، حَتَّى أَنَاخَ فِي الْمَسْجِدِ، فَأَمَرَهُ أَنْ يَأْتِيَ بِمِفْتَاحِ الْبَيْتِ، فَفَتَحَ وَدَخَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَبَاقِي الْحَدِيثِ تَقَدَّمَ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Мекке азат етілген күні Алла Елшісі (с.а.с.) Меккенің жоғарғы жағынан мінісімен келе жатты. Артына Үсама ибн Зәйдті мінгестірген еді. Жанында Біләл және Қағба кілтін сақтаушылардың бірі Осман ибн Талха болды. Мешітке жеткенде мінісін шөктіріп, Османға Қағбаның кілтін әкелуді бұйырды. Ол есікті ашып, Алла Елшісі (с.а.с.) ішке кірді». Хадистің қалған бөлігі бұған дейін келтірілген.

بَابُ كَرَاهِيَةِ السَّفَرِ بِالْمَصَاحِفِ إِلَى أَرْضِ الْعَدُوِّ

59-бапҚұран нұсқаларын дұшпан жеріне алып барудың мәкруһтығы туралы

1295
Бұхари, № 1295 · Сахих: 2990Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى أَنْ يُسَافَرَ بِالْقُرْآنِ إِلَى أَرْضِ الْعَدُوِّ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) Құранды дұшпан жеріне алып баруға тыйым салғанын жеткізген.

بَابُ مَا يُكْرَهُ مِنْ رَفْعِ الصَّوْتِ فِي التَّكْبِيرِ

60-бапТәкбір айтқанда дауысты көтерудің мәкруһтығы туралы

1296
Бұхари, № 1296 · Сахих: 2992Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَكُنَّا إِذَا أَشْرَفْنَا عَلَى وَادٍ هَلَّلْنَا وَكَبَّرْنَا، ارْتَفَعَتْ أَصْوَاتُنَا، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «يَا أَيُّهَا النَّاسُ، اِرْبَعُوا عَلَى أَنْفُسِكُمْ، فَإِنَّكُمْ لَا تَدْعُونَ أَصَمَّ وَلَا غَائِبًا، إِنَّهُ مَعَكُمْ، إِنَّهُ سَمِيعٌ قَرِيبٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге едік. Бір аңғарға жоғарыдан көз салған сайын: “Лә иләһә иллаллаһ”, – деп тәһлил айтып, “Аллаһу әкбар”, – деп тәкбір айтатынбыз. Сонда дауыстарымыз қатты көтеріліп кетті. Пайғамбар (с.а.с.): “Уа, адамдар! Өздеріңді қинамаңдар. Сендер кереңге де, алыстағыға да жалбарынып жатқан жоқсыңдар. Расында, Ол сендермен бірге. Ол – бәрін Естуші әрі өте Жақын”, – деді».

بَابُ التَّسْبِيحِ إِذَا هَبَطَ وَادِيًا

61-бапАңғарға түскенде тәсбих айту туралы

1297
Бұхари, № 1297 · Сахих: 2993Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا إِذَا صَعِدْنَا كَبَّرْنَا، وَإِذَا نَزَلْنَا سَبَّحْنَا.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла әл-Ансари (р.а.) былай деген: «Біз биікке көтерілгенде тәкбір айтып, төмен түскенде тәсбих айтатынбыз».

بَابُ يُكْتَبُ لِلْمُسَافِرِ مِثْلُ مَا كَانَ يَعْمَلُ فِي الْإِقَامَةِ

62-бапСапардағы адамға тұрғылықты кезінде істеп жүрген амалдарының сауабы жазылуы туралы

1298
Бұхари, № 1298 · Сахих: 2996Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا مَرِضَ الْعَبْدُ أَوْ سَافَرَ، كُتِبَ لَهُ مِثْلُ مَا كَانَ يَعْمَلُ مُقِيمًا صَحِيحًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Құл ауырып қалса немесе сапарға шықса, оған тұрғылықты әрі дені сау кезінде істеп жүрген амалдарының сауабы жазылады», – дегенін жеткізген.

بَابُ السَّيْرِ وَحْدَهُ

63-бапЖалғыз жол жүру туралы

1299
Бұхари, № 1299 · Сахих: 2998Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «لَوْ يَعْلَمُ النَّاسُ مَا فِي الْوَحْدَةِ مَا أَعْلَمُ مَا سَارَ رَاكِبٌ بِلَيْلٍ وَحْدَهُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Жалғыз жол жүрудің қандай қатері барын адамдар мен білгендей білсе, ешбір салт атты жолаушы түнде жалғыз жүрмес еді».

بَابُ الْجِهَادِ بِإِذْنِ الْأَبَوَيْنِ

64-бапАта-ананың рұқсатымен жиһадқа шығу туралы

1300
Бұхари, № 1300 · Сахих: 3004Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَاسْتَأْذَنَهُ فِي الْجِهَادِ، فَقَالَ: «أَحَيٌّ وَالِدَاكَ؟» قَالَ: «نَعَمْ». قَالَ: «فَفِيهِمَا فَجَاهِدْ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.) былай деген: «Бір адам Пайғамбарға (с.а.с.) келіп, жиһадқа шығуға рұқсат сұрады. Пайғамбар (с.а.с.) одан: “Ата-анаң тірі ме?” – деп сұрады. Ол: “Иә”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Ендеше, ата-анаңа қызмет ету жолында күш-жігеріңді жұмса”, – деді».

بَابُ مَا قِيلَ فِي الْجَرَسِ وَنَحْوِهِ فِي أَعْنَاقِ الْإِبِلِ

65-бапТүйелердің мойнына тағылатын қоңырау және соған ұқсас нәрселер жайында айтылғандар туралы

1301
Бұхари, № 1301 · Сахих: 3005

عَنْ أَبِي بَشِيرٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ كَانَ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي بَعْضِ أَسْفَارِهِ وَالنَّاسُ فِي مَبِيتِهِمْ، فَأَرْسَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَسُولًا أَنْ لَا يَبْقَيَنَّ فِي رَقَبَةِ بَعِيرٍ قِلَادَةٌ مِنْ وَتَرٍ، أَوْ قِلَادَةٌ إِلَّا قُطِعَتْ.

Қазақша аудармасы

Әбу Бәшир әл-Ансари (р.а.) Пайғамбармен (с.а.с.) сапарларының бірінде бірге болған. Адамдар түнейтін орындарына жайғасқан еді. Алла Елшісі (с.а.с.) бір жаршы жіберіп: «Түйелердің мойнында садақтың керме жібінен жасалған алқа, яки қандай да бір алқа қалмай, түгел кесілсін!» – деп бұйырды.

بَابُ مَنِ اكْتَتَبَ فِي جَيْشٍ فَخَرَجَتِ امْرَأَتُهُ حَاجَّةً، أَوْ كَانَ لَهُ عُذْرٌ، هَلْ يُؤْذَنُ لَهُ؟

66-бапӘскерге жазылған адамның әйелі қажылыққа аттанса немесе оның өзге бір үзірі болса, жорықтан қалуына рұқсат беріле ме?

1302
Бұхари, № 1302 · Сахих: 3006Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «لَا يَخْلُوَنَّ رَجُلٌ بِامْرَأَةٍ، وَلَا تُسَافِرَنَّ امْرَأَةٌ إِلَّا وَمَعَهَا مَحْرَمٌ». فَقَامَ رَجُلٌ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، اُكْتُتِبْتُ فِي غَزْوَةِ كَذَا وَكَذَا، وَخَرَجَتِ امْرَأَتِي حَاجَّةً». قَالَ: «اِذْهَبْ فَحُجَّ مَعَ امْرَأَتِكَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Ешбір ер адам бөтен әйелмен оңаша қалмасын. Сондай-ақ ешбір әйел жанында махрамы болмаса, сапарға шықпасын». Сонда бір адам орнынан тұрып: «Уа, Расулалла! Мен пәленше жорыққа қатысатын әскер қатарына жазылып қойдым, ал әйелім қажылыққа аттанып кетті», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Бар да, әйеліңмен бірге қажылық жаса», – деді.

بَابُ الْأُسَارَى فِي السَّلَاسِلِ

67-бапШынжырға байланған тұтқындар туралы

1303
Бұхари, № 1303 · Сахих: 3010Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «عَجِبَ اللَّهُ مِنْ قَوْمٍ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ فِي السَّلَاسِلِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Алла шынжырланып әкелініп, кейін жәннатқа кіретін адамдарға таңданады», – деді.

بَابُ أَهْلِ الدَّارِ يُبَيَّتُونَ فَيُصَابُ الْوِلْدَانُ وَالذَّرَارِيُّ

68-бапҚоныс тұрғындарына түнде шабуыл жасалғанда балалардың зардап шегуі туралы

1304
Бұхари, № 1304 · Сахих: 3012Риуаят етуші: Сағб ибн Жәссама (р.а.)

عَنِ الصَّعْبِ بْنِ جَثَّامَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: مَرَّ بِيَ النَّبِيُّ ﷺ بِالْأَبْوَاءِ أَوْ بِوَدَّانَ وَسُئِلَ عَنْ أَهْلِ الدَّارِ يُبَيَّتُونَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ، فَيُصَابُ مِنْ نِسَائِهِمْ وَذَرَارِيِّهِمْ، قَالَ: «هُمْ مِنْهُمْ». وَسَمِعْتُهُ يَقُولُ: «لَا حِمَى إِلَّا لِلَّهِ وَلِرَسُولِهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Сағб ибн Жәссама (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) әл-Абуада немесе Уадданда менің жанымнан өтіп бара жатты. Одан мүшріктердің қонысына түнде тұтқиылдан шабуыл жасалғанда, олардың әйелдері мен бала-шағасының да зардап шегетіні туралы сұралды. Ол (с.а.с.): “Олар да солардан”, – деді. Сондай-ақ оның (с.а.с.): “Қорықты тек Алла мен Оның Елшісі (с.а.с.) үшін ғана белгілеуге болады”, – дегенін естідім».

بَابُ قَتْلِ الصِّبْيَانِ فِي الْحَرْبِ

69-бапСоғыста балаларды өлтіру туралы

1305
Бұхари, № 1305 · Сахих: 3014Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ امْرَأَةً وُجِدَتْ فِي بَعْضِ مَغَازِي النَّبِيِّ ﷺ مَقْتُولَةً، فَأَنْكَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَتْلَ النِّسَاءِ وَالصِّبْيَانِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) жорықтарының бірінде өлтірілген бір әйел табылды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) әйелдер мен балаларды өлтіруді айыптады».

بَابُ لَا يُعَذَّبُ بِعَذَابِ اللَّهِ

70-бапАлланың азабымен азаптауға болмайтыны туралы

1306
Бұхари, № 1306 · Сахих: 3017Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا لَمَّا بَلَغَهُ أَنَّ عَلِيًّا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ حَرَّقَ قَوْمًا بِالنَّارِ، فَقَالَ: «لَوْ كُنْتُ أَنَا لَمْ أُحَرِّقْهُمْ؛ لِأَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: “لَا تُعَذِّبُوا بِعَذَابِ اللَّهِ”، وَلَقَتَلْتُهُمْ كَمَا قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “مَنْ بَدَّلَ دِينَهُ فَاقْتُلُوهُ”».

Қазақша аудармасы

Әлидің (р.а.) бір топ адамды отпен өртегені туралы хабар Ибн Аббасқа (р.а.) жеткенде, ол: «Мен болсам, оларды отқа жақпас едім. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.): “Алланың азабымен азаптамаңдар”, – деген. Алайда оларды Пайғамбардың (с.а.с.): “Кім дінін өзгертсе, оны өлтіріңдер”, – деген сөзіне сәйкес өлтірер едім», – деген.

بَابٌ

71-бап

1307
Бұхари, № 1307 · Сахих: 3019Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «قَرَصَتْ نَمْلَةٌ نَبِيًّا مِنَ الْأَنْبِيَاءِ، فَأَمَرَ بِقَرْيَةِ النَّمْلِ فَأُحْرِقَتْ، فَأَوْحَى اللَّهُ إِلَيْهِ: “أَنْ قَرَصَتْكَ نَمْلَةٌ أَحْرَقْتَ أُمَّةً مِنَ الْأُمَمِ تُسَبِّحُ اللَّهَ؟”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Пайғамбарлардың бірін құмырсқа шағып алды. Сонда ол құмырсқалардың илеуін өртеуді бұйырып, илеу өртелді. Сол кезде Алла оған: “Сені бір құмырсқа шаққаны үшін Алланы дәріптеп жүрген тұтас бір қауымды өртеп жібердің бе?” – деп уахи етті», – дегенін естіген.

بَابُ حَرْقِ الدُّورِ وَالنَّخِيلِ

72-бапҮйлер мен құрма ағаштарын өртеу туралы

1308
Бұхари, № 1308 · Сахих: 3020Риуаят етуші: Жәрир (р.а.)

عَنْ جَرِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَلَا تُرِيحُنِي مِنْ ذِي الْخَلَصَةِ؟» وَكَانَ بَيْتًا فِي خَثْعَمَ يُسَمَّى كَعْبَةَ الْيَمَانِيَةِ. قَالَ: فَانْطَلَقْتُ فِي خَمْسِينَ وَمِائَةِ فَارِسٍ مِنْ أَحْمَسَ، وَهُمْ قَوْمُ جَرِيرٍ، وَكَانُوا أَصْحَابَ خَيْلٍ.

قَالَ: وَكُنْتُ لَا أَثْبُتُ عَلَى الْخَيْلِ، فَضَرَبَ فِي صَدْرِي حَتَّى رَأَيْتُ أَثَرَ أَصَابِعِهِ فِي صَدْرِي، وَقَالَ: «اللَّهُمَّ ثَبِّتْهُ وَاجْعَلْهُ هَادِيًا مَهْدِيًّا». فَانْطَلَقَ إِلَيْهَا فَكَسَرَهَا وَحَرَّقَهَا.

ثُمَّ بَعَثَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يُخْبِرُهُ، فَقَالَ رَسُولُ جَرِيرٍ: «وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ، مَا جِئْتُكَ حَتَّى تَرَكْتُهَا كَأَنَّهَا جَمَلٌ أَجْرَبُ». قَالَ: فَبَارَكَ فِي خَيْلِ أَحْمَسَ وَرِجَالِهَا خَمْسَ مِرَارٍ.

Қазақша аудармасы

Жәрир (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) маған: “Мені Зүл-Халасадан құтқармайсың ба?” – деді. Зүл-Халаса Хасғам тайпасына тиесілі, “Йәмән Қағбасы” деп аталатын бір ғимарат еді. Мен Ахмас тайпасынан шыққан жүз елу атты жауынгермен жолға шықтым». Ахмас – Жәрирдің тайпасы еді, олар ат үстінде шебер шайқасатын.

Жәрир сөзін жалғап: «Мен ат үстінде нық отыра алмайтынмын. Пайғамбар (с.а.с.) кеудемнен қағып жіберді. Саусақтарының ізі кеудемде қалғанын көрдім. Ол: “Уа, Алла! Оны нық ете гөр әрі тура жолға бастаушы және өзі де тура жол тапқан жан ете гөр”, – деп дұға етті. Содан кейін Зүл-Халасаға барып, оны қиратып, өртеп жібердім. Артынша болған жағдайды хабарлау үшін Алла Елшісіне (с.а.с.) адам жібердім».

Жәрирдің елшісі Пайғамбарға (с.а.с.): «Сізді ақиқатпен жіберген Алланың атымен ант етемін! Оны қотыр түйедей күйге түсіріп қана сізге келдім», – деді. Пайғамбар (с.а.с.) Ахмас тайпасының аттары мен ерлеріне бес рет береке тіледі.

بَابُ الْحَرْبِ خُدْعَةٌ

73-бапСоғыстың айла екені туралы

1309
Бұхари, № 1309 · Сахих: 3027Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «هَلَكَ كِسْرَى، ثُمَّ لَا يَكُونُ كِسْرَى بَعْدَهُ، وَقَيْصَرُ لَيَهْلِكَنَّ، ثُمَّ لَا يَكُونُ قَيْصَرُ بَعْدَهُ، وَلَتُقْسَمَنَّ كُنُوزُهُمَا فِي سَبِيلِ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Кисра дүниеден озды, енді одан кейін Кисра болмайды. Қайсар да сөзсіз дүниеден озады, одан кейін Қайсар болмайды. Екеуінің қазыналары да Алла жолында үлестіріледі».

1310
Бұхари, № 1310 · Сахих: 3029Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمَّى النَّبِيُّ ﷺ الْحَرْبَ خُدْعَةً.

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда: «Пайғамбар (с.а.с.) соғысты айла деп атаған», – делінген.

بَابُ مَا يُكْرَهُ مِنَ التَّنَازُعِ وَالِاخْتِلَافِ فِي الْحَرْبِ وَعُقُوبَةِ مَنْ عَصَى إِمَامَهُ

74-бапСоғыста тартысып, алауыздыққа түсудің құпталмауы және басшысына қарсы келген адамның жазасы туралы

1311
Бұхари, № 1311 · Сахих: 3039Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: جَعَلَ النَّبِيُّ ﷺ عَلَى الرَّجَّالَةِ يَوْمَ أُحُدٍ – وَكَانُوا خَمْسِينَ رَجُلًا – عَبْدَ اللَّهِ بْنَ جُبَيْرٍ، فَقَالَ: «إِنْ رَأَيْتُمُونَا تَخْطَفُنَا الطَّيْرُ فَلَا تَبْرَحُوا مَكَانَكُمْ هَذَا حَتَّى أُرْسِلَ إِلَيْكُمْ، وَإِنْ رَأَيْتُمُونَا هَزَمْنَا الْقَوْمَ وَأَوْطَأْنَاهُمْ فَلَا تَبْرَحُوا حَتَّى أُرْسِلَ إِلَيْكُمْ». فَهَزَمُوهُمْ. قَالَ: فَأَنَا وَاللَّهِ رَأَيْتُ النِّسَاءَ يَشْتَدِدْنَ، قَدْ بَدَتْ خَلَاخِلُهُنَّ وَأَسْوَاقُهُنَّ، رَافِعَاتٍ ثِيَابَهُنَّ.

فَقَالَ أَصْحَابُ ابْنِ جُبَيْرٍ: «الْغَنِيمَةَ، أَيْ قَوْمِ، الْغَنِيمَةَ! ظَهَرَ أَصْحَابُكُمْ، فَمَا تَنْتَظِرُونَ؟» فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ جُبَيْرٍ: «أَنَسِيتُمْ مَا قَالَ لَكُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ؟» قَالُوا: «وَاللَّهِ لَنَأْتِيَنَّ النَّاسَ فَلَنُصِيبَنَّ مِنَ الْغَنِيمَةِ».

فَلَمَّا أَتَوْهُمْ صُرِفَتْ وُجُوهُهُمْ، فَأَقْبَلُوا مُنْهَزِمِينَ، فَذَاكَ إِذْ يَدْعُوهُمُ الرَّسُولُ فِي أُخْرَاهُمْ، فَلَمْ يَبْقَ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ غَيْرُ اثْنَيْ عَشَرَ رَجُلًا، فَأَصَابُوا مِنَّا سَبْعِينَ. وَكَانَ النَّبِيُّ ﷺ وَأَصْحَابُهُ أَصَابُوا مِنَ الْمُشْرِكِينَ يَوْمَ بَدْرٍ أَرْبَعِينَ وَمِائَةً: سَبْعِينَ أَسِيرًا، وَسَبْعِينَ قَتِيلًا.

فَقَالَ أَبُو سُفْيَانَ: «أَفِي الْقَوْمِ مُحَمَّدٌ؟» ثَلَاثَ مَرَّاتٍ. فَنَهَاهُمُ النَّبِيُّ ﷺ أَنْ يُجِيبُوهُ. ثُمَّ قَالَ: «أَفِي الْقَوْمِ ابْنُ أَبِي قُحَافَةَ؟» ثَلَاثَ مَرَّاتٍ. ثُمَّ قَالَ: «أَفِي الْقَوْمِ ابْنُ الْخَطَّابِ؟» ثَلَاثَ مَرَّاتٍ.

ثُمَّ رَجَعَ إِلَى أَصْحَابِهِ فَقَالَ: «أَمَّا هَؤُلَاءِ فَقَدْ قُتِلُوا». فَمَا مَلَكَ عُمَرُ نَفْسَهُ، فَقَالَ: «كَذَبْتَ وَاللَّهِ، يَا عَدُوَّ اللَّهِ، إِنَّ الَّذِينَ عَدَدْتَ لَأَحْيَاءٌ كُلُّهُمْ، وَقَدْ بَقِيَ لَكَ مَا يَسُوءُكَ». قَالَ: «يَوْمٌ بِيَوْمِ بَدْرٍ، وَالْحَرْبُ سِجَالٌ. إِنَّكُمْ سَتَجِدُونَ فِي الْقَوْمِ مُثْلَةً لَمْ آمُرْ بِهَا وَلَمْ تَسُؤْنِي».

ثُمَّ أَخَذَ يَرْتَجِزُ: «اُعْلُ هُبَلْ، اُعْلُ هُبَلْ». قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَلَا تُجِيبُونَهُ؟» قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا نَقُولُ؟» قَالَ: «قُولُوا: “اللَّهُ أَعْلَى وَأَجَلُّ”». قَالَ: «إِنَّ لَنَا الْعُزَّى وَلَا عُزَّى لَكُمْ». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَلَا تُجِيبُونَهُ؟» قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا نَقُولُ؟» قَالَ: «قُولُوا: “اللَّهُ مَوْلَانَا وَلَا مَوْلَى لَكُمْ”».

Қазақша аудармасы

Бәра ибн Азиб (р.а.) былай деді: «Ұхұд күні Пайғамбар (с.а.с.) елу жаяу жауынгерге Абдулла ибн Жубәйрді басшы етіп тағайындады. Оларға: “Бізді құстар іліп әкетіп жатқанын көрсеңдер де, мен сендерге хабар жібермейінше, осы орындарыңнан қозғалмаңдар. Біз дұшпанды жеңіп, оларды табанымыздың астына салғанымызды көрсеңдер де, мен сендерге хабар жібермейінше, орындарыңнан кетпеңдер”, – деді. Мұсылмандар мүшріктерді жеңіліске ұшыратты. Алланың атымен ант етемін, сол кезде мүшрік әйелдерінің етектерін көтере ұстап, жүгіріп бара жатқанын көрдім. Олардың балтырлары мен аяқтарындағы білезіктері көрініп тұрды.

Сонда Ибн Жубәйрдің серіктері: “Олжа! Уа, ағайын, олжа! Серіктерің жеңіске жетті. Енді нені күтіп тұрсыңдар?” – десті. Абдулла ибн Жубәйр: “Алла Елшісінің (с.а.с.) сендерге не дегенін ұмыттыңдар ма?” – деді. Олар: “Алланың атымен ант етеміз! Біз адамдарға барып, олжадан өз үлесімізді аламыз”, – десті.

Олар мұсылмандарға қарай кеткен кезде, шайқастың беті кері айналып, өздері жеңіліске ұшырап қаша бастады. Сол сәтте Алла Елшісі (с.а.с.) олардың арт жағынан шақырып жатты. Пайғамбардың (с.а.с.) жанында он екі адам ғана қалды. Дұшпан бізден жетпіс адамды өлтірді. Ал Пайғамбар (с.а.с.) мен оның сахабалары Бәдір күні мүшріктерге жүз қырық адамдық шығын келтірген еді: олардың жетпісін тұтқынға алып, жетпісін өлтірген болатын.

Сонда Әбу Суфиян үш рет: “Араларыңда Мұхаммед бар ма?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларына жауап беруге тыйым салды. Содан кейін ол үш рет: “Араларыңда Әбу Құхафаның ұлы бар ма?” – деп сұрады. Бұдан соң үш рет: “Араларыңда Хаттабтың ұлы бар ма?” – деді.

Кейін серіктеріне қайтып барып: “Бұлардың бәрі өлтірілді”, – деді. Омар өзін ұстай алмай: “Алланың атымен ант етемін, өтірік айттың, уа, Алланың дұшпаны! Сен атаған адамдардың бәрі тірі. Сенің жаныңды қинайтындар әлі де тірі”, – деді. Әбу Суфиян: “Бұл күн – Бәдір күнінің қарымы. Соғыста жеңіс кезекпен келеді. Сендер қаза тапқан адамдарыңның мүрделерінің қорланғанын көресіңдер. Мен бұған бұйрық берген жоқпын, бірақ бұл мені ренжіткен де жоқ”, – деді.

Содан кейін: “Һұбал жоғары болсын! Һұбал жоғары болсын!” – деп ұрандай бастады. Пайғамбар (с.а.с.): “Оған жауап бермейсіңдер ме?” – деді. Сахабалар: “Уа, Расулалла! Не дейміз?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “‘Алла бәрінен де жоғары әрі ұлық’, – деп айтыңдар”, – деді. Әбу Суфиян: “Біздің Ұззамыз бар, ал сендердің Ұззаларың жоқ”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Оған жауап бермейсіңдер ме?” – деді. Сахабалар: “Уа, Расулалла! Не дейміз?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “‘Алла – біздің қамқоршымыз, ал сендердің қамқоршыларың жоқ’, – деп айтыңдар”, – деді».

بَابُ مَنْ رَأَى الْعَدُوَّ فَنَادَى بِأَعْلَى صَوْتِهِ: «يَا صَبَاحَاهْ»، حَتَّى يُسْمِعَ النَّاسَ

75-бапДұшпанды көрген адамның жұрт естісін деп: «Жау шапты!» – деп бар даусымен жар салуы туралы

1312
Бұхари, № 1312 · Сахих: 3041

عَنْ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ: خَرَجْتُ مِنَ الْمَدِينَةِ ذَاهِبًا نَحْوَ الْغَابَةِ، حَتَّى إِذَا كُنْتُ بِثَنِيَّةِ الْغَابَةِ لَقِيَنِي غُلَامٌ لِعَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ، قُلْتُ: «وَيْحَكَ، مَا بِكَ؟» قَالَ: «أُخِذَتْ لِقَاحُ النَّبِيِّ ﷺ». قُلْتُ: «مَنْ أَخَذَهَا؟» قَالَ: «غَطَفَانُ وَفَزَارَةُ». فَصَرَخْتُ ثَلَاثَ صَرَخَاتٍ أَسْمَعْتُ مَا بَيْنَ لَابَتَيْهَا: «يَا صَبَاحَاهْ، يَا صَبَاحَاهْ».

ثُمَّ انْدَفَعْتُ حَتَّى أَلْقَاهُمْ وَقَدْ أَخَذُوهَا، فَجَعَلْتُ أَرْمِيهِمْ وَأَقُولُ: «أَنَا ابْنُ الْأَكْوَعِ، وَالْيَوْمُ يَوْمُ الرُّضَّعِ». فَاسْتَنْقَذْتُهَا مِنْهُمْ قَبْلَ أَنْ يَشْرَبُوا.

فَأَقْبَلْتُ بِهَا أَسُوقُهَا، فَلَقِيَنِي النَّبِيُّ ﷺ، فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ الْقَوْمَ عِطَاشٌ، وَإِنِّي أَعْجَلْتُهُمْ أَنْ يَشْرَبُوا سَقْيَهُمْ، فَابْعَثْ فِي إِثْرِهِمْ». فَقَالَ: «يَا ابْنَ الْأَكْوَعِ، مَلَكْتَ فَأَسْجِحْ؛ إِنَّ الْقَوْمَ يُقْرَوْنَ فِي قَوْمِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Сәләмә (р.а.) былай деген: «Мәдинадан шығып, Ғабаға қарай бет алдым. Ғаба асуына жеткенімде, Абдуррахман ибн Ауфтың жас қызметшісі кездесті. Одан: “Сорлы-ау, саған не болды?” – деп сұрадым. Ол: “Пайғамбардың (с.а.с.) сауын түйелерін айдап әкетті”, – деді. Мен: “Оларды кім алып кетті?” – деп сұрадым. Ол: “Ғатафан мен Фазара тайпалары”, – деді. Сонда дауысым Мәдинаның екі қара тастақты алқабының арасына түгел естілердей, бар даусыммен үш рет: “Жау шапты! Жау шапты!” – деп жар салдым.

Содан кейін алға ұмтылып, түйелерді айдап әкеткен адамдарды қуып жеттім. Оларға жебе жаудырып: “Мен – әл-Акуағтың ұлымын! Бүгін – оңбағандардың күйрейтін күні!” – деп айқайладым. Олар су ішіп үлгермей тұрып, түйелерді тартып алдым да, кері айдап қайттым.

Жолда Пайғамбар (с.а.с.) кездесті. Мен: “Уа, Расулалла! Ол адамдар шөлдеп барады. Мен оларды суаттан су ішуге үлгертпей қуып жібердім. Соңдарынан адамдар жіберіңіз”, – дедім. Пайғамбар (с.а.с.): “Уа, Ибн әл-Акуағ! Оларды жеңдің, енді жұмсақтық таныт. Олар қазір өз қауымында қонақасы жеп жатыр”, – деді».

بَابُ فَكَاكِ الْأَسِيرِ

76-бапТұтқынды азат ету туралы

1313
Бұхари, № 1313 · Сахих: 3046Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «فُكُّوا الْعَانِيَ» – يَعْنِي الْأَسِيرَ – «وَأَطْعِمُوا الْجَائِعَ، وَعُودُوا الْمَرِيضَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Тұтқынды азат етіңдер, аш адамды тамақтандырыңдар әрі науқастың көңілін сұраңдар».

1314
Бұхари, № 1314 · Сахих: 3047Риуаят етуші: Әбу Жухайфа (р.а.)

عَنْ أَبِي جُحَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قُلْتُ لِعَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «هَلْ عِنْدَكُمْ شَيْءٌ مِنَ الْوَحْيِ إِلَّا مَا فِي كِتَابِ اللَّهِ؟» قَالَ: «لَا، وَالَّذِي فَلَقَ الْحَبَّةَ وَبَرَأَ النَّسَمَةَ، مَا أَعْلَمُهُ إِلَّا فَهْمًا يُعْطِيهِ اللَّهُ رَجُلًا فِي الْقُرْآنِ، وَمَا فِي هَذِهِ الصَّحِيفَةِ». قُلْتُ: «وَمَا فِي الصَّحِيفَةِ؟» قَالَ: «الْعَقْلُ، وَفَكَاكُ الْأَسِيرِ، وَأَنْ لَا يُقْتَلَ مُسْلِمٌ بِكَافِرٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Жухайфа (р.а.) былай деді: «Мен Әлиден (р.а.): “Сендерде Алланың Кітабындағыдан басқа уахи бар ма?” – деп сұрадым. Ол: “Жоқ! Дәнді жарып, жан иесін жаратқан Алланың атымен ант етемін! Мен Алланың адамға Құранды түсінуге беретін зердесі мен мына парақта жазылғандардан өзге ештеңе білмеймін”, – деді. Мен: “Ол парақта не жазылған?” – деп сұрадым. Ол: “Құн төлеу үкімі, тұтқынды азат ету және кәпір үшін мұсылманның өлтірілмейтіні жазылған”, – деді».

بَابُ فِدَاءِ الْمُشْرِكِينَ

77-бапМүшрік тұтқындарды құнмен босату туралы

1315
Бұхари, № 1315 · Сахих: 3048Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رِجَالًا مِنَ الْأَنْصَارِ اسْتَأْذَنُوا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، اِئْذَنْ فَلْنَتْرُكْ لِابْنِ أُخْتِنَا عَبَّاسٍ فِدَاءَهُ». فَقَالَ: «لَا تَدَعُونَ مِنْهَا دِرْهَمًا».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Ансарлардың бірнеше адамы Алла Елшісінен (с.а.с.) рұқсат сұрап: “Уа, Расулалла! Жиеніміз Аббастың азаттық құнын кешіруімізге рұқсат етіңіз”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Оның бір дирхамын да кешірмеңдер”, – деді».

بَابُ الْحَرْبِيِّ إِذَا دَخَلَ دَارَ الْإِسْلَامِ بِغَيْرِ أَمَانٍ

78-бапМұсылман еліне қауіпсіздік кепілдігінсіз кірген дұшпан туралы

1316
Бұхари, № 1316 · Сахих: 3051

عَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَى النَّبِيَّ ﷺ عَيْنٌ مِنَ الْمُشْرِكِينَ وَهُوَ فِي سَفَرٍ، فَجَلَسَ عِنْدَ أَصْحَابِهِ يَتَحَدَّثُ، ثُمَّ انْفَتَلَ. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «اُطْلُبُوهُ وَاقْتُلُوهُ». فَقَتَلَهُ فَنَفَّلَهُ سَلَبَهُ.

Қазақша аудармасы

Сәләмә ибн әл-Акуағ (р.а.) былай деген: «Пайғамбарға (с.а.с.) сапар үстінде мүшріктердің бір тыңшысы келді. Ол сахабалардың жанына отырып, әңгімелесті де, кейін кетіп қалды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Оны қуып жетіп, өлтіріңдер”, – деді. Мен оны өлтірдім. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оның үстіндегі жарақ-сайманын маған қосымша олжа етіп берді».

بَابُ جَوَائِزِ الْوَفْدِ

79-бапКелген елшіліктерге сый-сияпат беру туралы

بَابُ هَلْ يُسْتَشْفَعُ إِلَى أَهْلِ الذِّمَّةِ؟ وَمُعَامَلَتِهِمْ

80-бапЗиммилерден араша сұрауға бола ма? Олармен қарым-қатынас жасау туралы

1317
Бұхари, № 1317 · Сахих: 3053Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ قَالَ: «يَوْمُ الْخَمِيسِ، وَمَا يَوْمُ الْخَمِيسِ؟» ثُمَّ بَكَى حَتَّى خَضَبَ دَمْعُهُ الْحَصْبَاءَ، فَقَالَ: اِشْتَدَّ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَجَعُهُ يَوْمَ الْخَمِيسِ، فَقَالَ: «اِئْتُونِي بِكِتَابٍ أَكْتُبْ لَكُمْ كِتَابًا لَنْ تَضِلُّوا بَعْدَهُ أَبَدًا». فَتَنَازَعُوا، وَلَا يَنْبَغِي عِنْدَ نَبِيٍّ تَنَازُعٌ. فَقَالُوا: «هَجَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ». قَالَ: «دَعُونِي، فَالَّذِي أَنَا فِيهِ خَيْرٌ مِمَّا تَدْعُونِي إِلَيْهِ».

وَأَوْصَى عِنْدَ مَوْتِهِ بِثَلَاثٍ: «أَخْرِجُوا الْمُشْرِكِينَ مِنْ جَزِيرَةِ الْعَرَبِ، وَأَجِيزُوا الْوَفْدَ بِنَحْوِ مَا كُنْتُ أُجِيزُهُمْ». وَنَسِيتُ الثَّالِثَةَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Бейсенбі күні! Бейсенбі күні не болғанын білсеңдер ғой!» – деді де, көз жасы қиыршық тастарды сулағанша жылады. Содан кейін былай деді: «Бейсенбі күні Алла Елшісінің (с.а.с.) науқасы қатты күшейді. Сонда ол (с.а.с.): “Маған жазу құралын әкеліңдер. Сендерге содан кейін ешқашан адаспайтындай бір жазба жазып берейін”, – деді. Алайда олар өзара дауласып қалды. Пайғамбардың жанында дауласуға болмайды. Олар: “Алла Елшісінің (с.а.с.) дерті меңдеп, сөзі шатасып кетті”, – десті. Сонда ол (с.а.с.): “Мені жайыма қалдырыңдар. Менің қазіргі хәлім сендердің мені шақырып отырған нәрселеріңнен қайырлы”, – деді.

Қайтыс болар алдында үш нәрсені өсиет етті: “Мүшріктерді Араб түбегінен шығарыңдар. Келген елшіліктерге мен сыйлағандай сый-сияпат беріңдер”. Үшіншісін ұмытып қалдым».

بَابُ كَيْفَ يُعْرَضُ الْإِسْلَامُ عَلَى الصَّبِيِّ؟

81-бапБалаға исламды қалай ұсыну туралы

1318
Бұхари, № 1318 · Сахих: 3057Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَامَ النَّبِيُّ ﷺ فِي النَّاسِ، فَأَثْنَى عَلَى اللَّهِ بِمَا هُوَ أَهْلُهُ، ثُمَّ ذَكَرَ الدَّجَّالَ فَقَالَ: «إِنِّي أُنْذِرُكُمُوهُ، وَمَا مِنْ نَبِيٍّ إِلَّا قَدْ أَنْذَرَ قَوْمَهُ؛ لَقَدْ أَنْذَرَهُ نُوحٌ قَوْمَهُ، وَلَكِنْ سَأَقُولُ لَكُمْ فِيهِ قَوْلًا لَمْ يَقُلْهُ نَبِيٌّ لِقَوْمِهِ: تَعْلَمُونَ أَنَّهُ أَعْوَرُ، وَأَنَّ اللَّهَ لَيْسَ بِأَعْوَرَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) жұрт алдына шығып, Алланы Өзіне лайық түрде мадақтады. Содан соң Дәжжалды айтып: “Мен сендерді одан сақтандырамын. Өз қауымын одан сақтандырмаған бірде-бір пайғамбар болған жоқ. Нұх та өз қауымын одан сақтандырды. Алайда мен сендерге ол туралы ешбір пайғамбар өз қауымына айтпаған бір нәрсені айтамын: біліп қойыңдар, оның бір көзі соқыр, ал Алла бір көзі соқыр емес”, – деді».

بَابُ كِتَابَةِ الْإِمَامِ النَّاسَ

82-бапИмамның адамдарды тізімге алдыруы туралы

1319
Бұхари, № 1319 · Сахих: 3060Риуаят етуші: Хузайфа (р.а.)

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «اُكْتُبُوا لِي مَنْ تَلَفَّظَ بِالْإِسْلَامِ مِنَ النَّاسِ». فَكَتَبْنَا لَهُ أَلْفًا وَخَمْسَمِائَةِ رَجُلٍ، فَقُلْنَا: «نَخَافُ وَنَحْنُ أَلْفٌ وَخَمْسُمِائَةٍ؟» فَلَقَدْ رَأَيْتُنَا ابْتُلِينَا حَتَّى إِنَّ الرَّجُلَ لَيُصَلِّي وَحْدَهُ وَهُوَ خَائِفٌ.

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.): “Маған исламды қабылдағанын тілімен айтқан адамдарды тізіп жазыңдар”, – деді. Біз оған мың бес жүз адамды тізіп жаздық. Сонда: “Мың бес жүз адам бола тұра қорқамыз ба?” – дедік. Кейін сынаққа ұшырағанымыз соншалық, кейбір адамдар жалғыз өзі намаз оқып тұрып та қорқатын болды».

بَابُ مَنْ غَلَبَ الْعَدُوَّ فَأَقَامَ عَلَى عَرْصَتِهِمْ ثَلَاثًا

83-бапЖауды жеңгеннен кейін олардың қонысында үш күн аялдау туралы

1320
Бұхари, № 1320 · Сахих: 3065Риуаят етуші: Әбу Талха (р.а.)

عَنْ أَبِي طَلْحَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ كَانَ إِذَا ظَهَرَ عَلَى قَوْمٍ أَقَامَ بِالْعَرْصَةِ ثَلَاثَ لَيَالٍ.

Қазақша аудармасы

Әбу Талха (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) бір қауымды жеңгенде, олардың қонысында үш түн аялдайтынын жеткізген.

بَابُ إِذَا غَنِمَ الْمُشْرِكُونَ مَالَ الْمُسْلِمِ ثُمَّ وَجَدَهُ الْمُسْلِمُ

84-бапМүшріктер олжалап әкеткен малын мұсылманның кейін қайта табуы туралы

1321
Бұхари, № 1321 · Сахих: 3067Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: ذَهَبَ فَرَسٌ لَهُ فَأَخَذَهُ الْعَدُوُّ، فَظَهَرَ عَلَيْهِ الْمُسْلِمُونَ، فَرُدَّ عَلَيْهِ فِي زَمَنِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. وَأَبَقَ عَبْدٌ لَهُ فَلَحِقَ بِالرُّومِ، فَظَهَرَ عَلَيْهِمُ الْمُسْلِمُونَ، فَرَدَّهُ عَلَيْهِ خَالِدُ بْنُ الْوَلِيدِ بَعْدَ النَّبِيِّ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) бір аты жоғалып, дұшпанның қолына түскенін жеткізген. Кейін мұсылмандар оны қолға түсіріп, Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында ат өзіне қайтарылған. Сондай-ақ бір құлы қашып, румдықтарға қосылған. Мұсылмандар румдықтарды жеңген соң, Халид ибн әл-Уәлид Пайғамбар (с.а.с.) дүниеден өткеннен кейін әлгі құлды оған қайтарып берген.

بَابُ مَنْ تَكَلَّمَ بِالْفَارِسِيَّةِ وَالرَّطَانَةِ وَقَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَاخْتِلَافُ أَلْسِنَتِكُمْ وَأَلْوَانِكُمْ﴾ [الرُّومِ: ٢٢]، ﴿وَمَا أَرْسَلْنَا مِنْ رَسُولٍ إِلَّا بِلِسَانِ قَوْمِهِ﴾ [إِبْرَاهِيمَ: ٤]

85-бапПарсы және өзге тілдерде сөйлеу туралы. Алла Тағаланың: «Тілдерің мен реңдеріңнің әр алуан болуы» («Рум», 22) және «Біз әрбір елшіні өз қауымының тілінде ғана жібердік» («Ибраһим», 4) деген сөздері

1322
Бұхари, № 1322 · Сахих: 3070Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، ذَبَحْنَا بُهَيْمَةً لَنَا، وَطَحَنْتُ صَاعًا مِنْ شَعِيرٍ، فَتَعَالَ أَنْتَ وَنَفَرٌ». فَصَاحَ النَّبِيُّ ﷺ فَقَالَ: «يَا أَهْلَ الْخَنْدَقِ، إِنَّ جَابِرًا قَدْ صَنَعَ سُورًا، فَحَيَّ هَلًا بِكُمْ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Мен: “Уа, Расулалла! Біз бір ұсақ малымызды сойдық. Мен бір сағ арпа тарттым. Өзіңіз бірнеше адаммен бірге келіңіз”, – дедім. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) бар даусымен: “Уа, ор қазып жатқандар! Жәбир ас әзірледі. Қане, бәрің келіңдер!” – деп жар салды».

1323
Бұхари, № 1323 · Сахих: 3071

عَنْ أُمِّ خَالِدٍ بِنْتِ خَالِدِ بْنِ سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: أَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مَعَ أَبِي وَعَلَيَّ قَمِيصٌ أَصْفَرُ. قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «سَنَهْ، سَنَهْ»، وَهِيَ بِالْحَبَشِيَّةِ: حَسَنَةٌ. قَالَتْ: فَذَهَبْتُ أَلْعَبُ بِخَاتَمِ النُّبُوَّةِ، فَزَبَرَنِي أَبِي، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «دَعْهَا». ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَبْلِي وَأَخْلِقِي، ثُمَّ أَبْلِي وَأَخْلِقِي، ثُمَّ أَبْلِي وَأَخْلِقِي».

Қазақша аудармасы

Үммі Халид бинт Халид ибн Сағид (р.а.) былай деген: «Әкеммен бірге Алла Елшісіне (с.а.с.) келдім. Үстімде сары жейде бар еді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Сәнә, сәнә!” – деді». Бұл хабаш тілінде «жақсы» деген сөз. Үммі Халид сөзін жалғастырып: «Мен пайғамбарлық мөрімен ойнай бастадым. Сонда әкем маған тыйым салды. Алла Елшісі (с.а.с.): “Оны қоя бер”, – деді. Содан кейін: “Киіп ескіртіп, тоздырғанша ұзақ жаса! Киіп ескіртіп, тоздырғанша ұзақ жаса! Киіп ескіртіп, тоздырғанша ұзақ жаса!” – деді».

بَابُ الْغُلُولِ وَقَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿وَمَنْ يَغْلُلْ يَأْتِ بِمَا غَلَّ يَوْمَ الْقِيَامَةِ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 161]

86-бапОлжадан жымқыру және Алла Тағаланың: «Кім олжадан жымқырса, қиямет күні жымқырғанын алып келеді» («Әли Имран», 161) деген сөзі туралы

1324
Бұхари, № 1324 · Сахих: 3073Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَامَ فِينَا النَّبِيُّ ﷺ فَذَكَرَ الْغُلُولَ، فَعَظَّمَهُ وَعَظَّمَ أَمْرَهُ، قَالَ: «لَا أُلْفِيَنَّ أَحَدَكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَى رَقَبَتِهِ شَاةٌ لَهَا ثُغَاءٌ، عَلَى رَقَبَتِهِ فَرَسٌ لَهُ حَمْحَمَةٌ، يَقُولُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَغِثْنِي”، فَأَقُولُ: “لَا أَمْلِكُ لَكَ شَيْئًا؛ قَدْ أَبْلَغْتُكَ”.

وَعَلَى رَقَبَتِهِ بَعِيرٌ لَهُ رُغَاءٌ، يَقُولُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَغِثْنِي”، فَأَقُولُ: “لَا أَمْلِكُ لَكَ شَيْئًا؛ قَدْ أَبْلَغْتُكَ”.

وَعَلَى رَقَبَتِهِ صَامِتٌ، فَيَقُولُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَغِثْنِي”، فَأَقُولُ: “لَا أَمْلِكُ لَكَ شَيْئًا؛ قَدْ أَبْلَغْتُكَ”.

أَوْ عَلَى رَقَبَتِهِ رِقَاعٌ تَخْفِقُ، فَيَقُولُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَغِثْنِي”، فَأَقُولُ: “لَا أَمْلِكُ لَكَ شَيْئًا؛ قَدْ أَبْلَغْتُكَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) арамызда тұрып, олжаға қиянат жасау туралы сөз қозғады. Оның ауыр күнә әрі аса қатерлі іс екенін айтты. Содан кейін: “Қиямет күні сендердің біріңді мойнына маңыраған қой не кісінеген ат артқан күйде көріп қалмайын. Ол: ‘Уа, Расулалла! Маған жәрдем ет!’ – дейді. Сонда мен: ‘Саған ешқандай жәрдем бере алмаймын. Мен саған ескерткенмін’, – деймін.

Сондай-ақ мойнына боздаған түйе артқан біреу: ‘Уа, Расулалла! Маған жәрдем ет!’ – дейді. Мен: ‘Саған ешқандай жәрдем бере алмаймын. Мен саған ескерткенмін’, – деймін.

Мойнына алтын-күміс артқан біреу: ‘Уа, Расулалла! Маған жәрдем ет!’ – дейді. Мен: ‘Саған ешқандай жәрдем бере алмаймын. Мен саған ескерткенмін’, – деймін.

Немесе мойнына желбіреген мата-кездемелер артқан біреу: ‘Уа, Расулалла! Маған жәрдем ет!’ – дейді. Мен: ‘Саған ешқандай жәрдем бере алмаймын. Мен саған ескерткенмін’, – деймін”, – деді».

بَابُ الْقَلِيلِ مِنَ الْغُلُولِ

87-бапОлжадан аз мөлшерде болса да жымқыру туралы

1325
Бұхари, № 1325 · Сахих: 3074Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ عَلَى ثَقَلِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ رَجُلٌ يُقَالُ لَهُ كِرْكِرَةُ، فَمَاتَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «هُوَ فِي النَّارِ». فَذَهَبُوا يَنْظُرُونَ إِلَيْهِ، فَوَجَدُوا عَبَاءَةً قَدْ غَلَّهَا.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) жүгін қарайтын Кіркіра есімді бір адам бар еді. Ол қайтыс болғанда, Алла Елшісі (с.а.с.): “Ол – тозақта”, – деді. Адамдар барып, оның заттарын қарап еді, олжадан жасырын алып қойған бір жамылғыны тапты».

بَابُ اسْتِقْبَالِ الْغُزَاةِ

88-бапЖорықтан оралғандарды қарсы алу туралы

1326
Бұхари, № 1326 · Сахих: 3082

عَنِ ابْنِ الزُّبَيْرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ قَالَ لِابْنِ جَعْفَرٍ: «أَتَذْكُرُ إِذْ تَلَقَّيْنَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَنَا وَأَنْتَ وَابْنُ عَبَّاسٍ؟» قَالَ: «نَعَمْ، فَحَمَلَنَا وَتَرَكَكَ».

Қазақша аудармасы

Ибн әз-Зубәйр (р.а.) Ибн Жағфардан: «Мен, сен және Ибн Аббас үшеуіміздің Алла Елшісін (с.а.с.) қарсы алғанымыз есіңде ме?» – деп сұрады. Ол: «Иә. Ол екеуімізді мінісіне мінгізіп, сені қалдырып кетті», – деді.

1327
Бұхари, № 1327 · Сахих: 3083Риуаят етуші: Саиб ибн Язид (р.а.)

عَنِ السَّائِبِ بْنِ يَزِيدَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: ذَهَبْنَا نَتَلَقَّى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مَعَ الصِّبْيَانِ إِلَى ثَنِيَّةِ الْوَدَاعِ.

Қазақша аудармасы

Саиб ибн Язид (р.а.) былай деген: «Біз балалармен бірге Алла Елшісін (с.а.с.) қарсы алу үшін Сәният әл-Уадағ асуына бардық».

بَابُ مَا يَقُولُ إِذَا رَجَعَ مِنَ الْغَزْوِ

89-бапЖорықтан оралғанда айтылатын сөздер туралы

1328
Бұхари, № 1328 · Сахих: 3085Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ مَقْفَلَهُ مِنْ عُسْفَانَ، وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى رَاحِلَتِهِ، وَقَدْ أَرْدَفَ صَفِيَّةَ بِنْتَ حُيَيٍّ، فَعَثَرَتْ نَاقَتُهُ فَصُرِعَا جَمِيعًا، فَاقْتَحَمَ أَبُو طَلْحَةَ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، جَعَلَنِي اللَّهُ فِدَاكَ». قَالَ: «عَلَيْكَ الْمَرْأَةَ». فَقَلَبَ ثَوْبًا عَلَى وَجْهِهِ وَأَتَاهَا فَأَلْقَاهُ عَلَيْهَا، وَأَصْلَحَ لَهُمَا مَرْكَبَهُمَا فَرَكِبَا، وَاكْتَنَفْنَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَلَمَّا أَشْرَفْنَا عَلَى الْمَدِينَةِ قَالَ: «آيِبُونَ، تَائِبُونَ، عَابِدُونَ، لِرَبِّنَا حَامِدُونَ». فَلَمْ يَزَلْ يَقُولُ ذَلِكَ حَتَّى دَخَلْنَا الْمَدِينَةَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге Ұсфаннан қайтып келе жатқан едік. Алла Елшісі (с.а.с.) мінісіне отырып, артына Сафия бинт Хұяйды мінгестіріп алған еді. Бір кезде түйесі сүрініп, екеуі де жерге құлап түсті. Әбу Талха дереу жүгіріп келіп: “Уа, Расулалла! Алла мені сізге пида етсін!” – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Әйелге көмектес”, – деді. Сонда Әбу Талха бір киімін бетіне жауып, Сафияның жанына барды да, әлгі киімді оның үстіне жапты. Содан кейін екеуінің мінісін ретке келтірді. Олар қайта мінген соң, біз Алла Елшісінің (с.а.с.) екі жағынан қоршай жүрдік. Мәдинаға биіктен көз салғанымызда, ол (с.а.с.): “Біз – оралушылармыз, тәубе етушілерміз, құлшылық етушілерміз әрі Раббымызды мадақтаушылармыз”, – деді. Мәдинаға кіргенге дейін осы сөздерді қайталай берді».

بَابُ الصَّلَاةِ إِذَا قَدِمَ مِنْ سَفَرٍ

90-бапСапардан оралғанда намаз оқу туралы

1329
Бұхари, № 1329 · Сахих: 3088

عَنْ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ إِذَا قَدِمَ مِنْ سَفَرٍ ضُحًى دَخَلَ الْمَسْجِدَ، فَصَلَّى رَكْعَتَيْنِ قَبْلَ أَنْ يَجْلِسَ.

Қазақша аудармасы

Кәғб (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) сапардан сәске кезінде оралса, мешітке кіріп, отырмастан бұрын екі рәкәғат намаз оқитынын жеткізген.

بَابُ فَرْضِ الْخُمُسِ

91-бапХумустың парыз етілуі туралы

1330
Бұхари, № 1330 · Сахих: 3094Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ: «لَا نُورَثُ، مَا تَرَكْنَا صَدَقَةٌ». وَكَانَ يُنْفِقُ مِنَ الْمَالِ الَّذِي أَفَاءَ اللَّهُ عَلَيْهِ عَلَى أَهْلِهِ نَفَقَةَ سَنَتِهِمْ، ثُمَّ يَأْخُذُ مَا بَقِيَ فَيَجْعَلُهُ مَجْعَلَ مَالِ اللَّهِ، ثُمَّ قَالَ لِمَنْ حَضَرَهُ مِنَ الصَّحَابَةِ: «أَنْشُدُكُمْ بِاللَّهِ الَّذِي بِإِذْنِهِ تَقُومُ السَّمَاءُ وَالْأَرْضُ، هَلْ تَعْلَمُونَ ذَلِكَ؟» قَالُوا: «نَعَمْ». وَكَانَ فِي الْمَجْلِسِ عَلِيٌّ وَعَبَّاسٌ وَعُثْمَانُ وَعَبْدُ الرَّحْمَنِ بْنُ عَوْفٍ وَالزُّبَيْرُ وَسَعْدُ بْنُ أَبِي وَقَّاصٍ. وَذَكَرَ حَدِيثَ عَلِيٍّ وَالْعَبَّاسِ وَمُنَازَعَتَهُمَا. وَلَيْسَ الْإِتْيَانُ بِهِ مِنْ شَرْطِنَا.

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттабтың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Бізден қалған дүние мұраға берілмейді. Қалдырғанымыз – садақа», – деген. Алла оған фәй ретінде нәсіп еткен мал-мүліктен ол отбасына бір жылдық нәпақасын беріп, қалғанын Алланың мал-мүлкі жұмсалатын орындарға жұмсайтын. Содан кейін Омар қасындағы сахабаларға: «Көк пен жер Өзінің рұқсатымен тұрған Алланың атымен сұраймын: осыны білесіңдер ме?» – деді. Олар: «Иә», – деді. Мәжілісте Әли, Аббас, Осман, Абдуррахман ибн Ауф, Зубәйр және Сағд ибн Әбу Уаққас бар еді. Ол Әли мен Аббас және екеуінің дауы туралы хадисті де баяндаған. Оны толық келтіру бұл еңбектің ұстанымына кірмейді.

بَابُ مَا ذُكِرَ مِنْ دِرْعِ النَّبِيِّ ﷺ وَعَصَاهُ وَسَيْفِهِ وَقَدَحِهِ وَخَاتَمِهِ وَمَا اسْتَعْمَلَ الْخُلَفَاءُ بَعْدَهُ مِنْ ذَلِكَ مِمَّا لَمْ يُذْكَرْ قِسْمَتُهُ، وَمِنْ شَعَرِهِ وَنَعْلِهِ وَآنِيَتِهِ مِمَّا يَتَبَرَّكُ أَصْحَابُهُ وَغَيْرُهُمْ بَعْدَ وَفَاتِهِ

92-бапПайғамбардың (с.а.с.) сауыты, таяғы, қылышы, тостағаны мен жүзігі және олардың мұра ретінде бөлінгені айтылмай, кейінгі халифалар пайдаланғандары; сондай-ақ ол дүниеден өткеннен кейін сахабалары мен өзгелер береке іздеген шашы, сандалы және ыдыстары туралы

1331
Бұхари, № 1331 · Сахих: 3107Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ أَخْرَجَ إِلَى الصَّحَابَةِ نَعْلَيْنِ جَرْدَاوَيْنِ لَهُمَا قِبَالَانِ، فَحَدَّثَ أَنَّهُمَا نَعْلَا النَّبِيِّ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) сахабаларға түгі жоқ былғарыдан жасалған, екі бауы бар бір жұп сандалды алып шығып, бұлардың Пайғамбардың (с.а.с.) сандалдары екенін айтқан.

1332
Бұхари, № 1332 · Сахих: 3108Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا أَخْرَجَتْ كِسَاءً مُلَبَّدًا، وَقَالَتْ: «فِي هَذَا نُزِعَ رُوحُ النَّبِيِّ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) жамалған бір жамылғыны шығарып көрсетіп: «Пайғамбар (с.а.с.) осы жамылғыны жамылып жатқан кезде жаны алынды», – деген.

1333
Бұхари, № 1333 · Сахих: 3108

وَفِي رِوَايَةٍ أَنَّهَا أَخْرَجَتْ إِزَارًا غَلِيظًا مِمَّا يُصْنَعُ بِالْيَمَنِ، وَكِسَاءً مِنْ هَذِهِ الَّتِي يَدْعُونَهَا الْمُلَبَّدَةَ.

Қазақша аудармасы

Бір риуаятта оның Йәмәнде жасалатын қалың изарды және «жамалған жамылғы» деп аталатын жамылғылардың бірін шығарып көрсеткені айтылған.

1334
Бұхари, № 1334 · Сахих: 3109Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ قَدَحَ النَّبِيِّ ﷺ انْكَسَرَ، فَاتَّخَذَ مَكَانَ الشَّعْبِ سِلْسِلَةً مِنْ فِضَّةٍ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) айтуынша, Пайғамбардың (с.а.с.) тостағаны сынып қалған. Сонда оның сынған жері күміс шынжырмен бекітілген.

بَابُ قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿فَأَنَّ لِلَّهِ خُمُسَهُ﴾ [الْأَنْفَالِ: 41]

93-бапАлла Тағаланың: «Соның бестен бірі сөзсіз Аллаға тиесілі» («Әнфәл», 41-аят) деген сөзі туралы

1335
Бұхари, № 1335 · Сахих: 3115Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: وُلِدَ لِرَجُلٍ مِنَّا غُلَامٌ فَسَمَّاهُ الْقَاسِمَ، فَقَالَتِ الْأَنْصَارُ: «لَا نَكْنِيكَ أَبَا الْقَاسِمِ، وَلَا نُنْعِمُكَ عَيْنًا». فَأَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وُلِدَ لِي غُلَامٌ فَسَمَّيْتُهُ الْقَاسِمَ، فَقَالَتِ الْأَنْصَارُ: “لَا نَكْنِيكَ أَبَا الْقَاسِمِ، وَلَا نُنْعِمُكَ عَيْنًا”». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَحْسَنَتِ الْأَنْصَارُ. سَمُّوا بِاسْمِي وَلَا تَكَنَّوْا بِكُنْيَتِي، فَإِنَّمَا أَنَا قَاسِمٌ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла әл-Ансари (р.а.) былай деген: «Арамыздағы бір адамның ұлы дүниеге келіп, ол баласына Қасым деп ат қойды. Сонда ансарлар: “Біз сені Әбул-Қасым деп атамаймыз әрі сені мұнымен қуантпаймыз”, – деді. Әлгі адам Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Менің ұлым дүниеге келіп, оған Қасым деп ат қойдым. Сонда ансарлар: ‘Біз сені Әбул-Қасым деп атамаймыз әрі сені мұнымен қуантпаймыз’, – деді”, – деп айтты. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Ансарлар дұрыс істеген. Менің есімімді қойыңдар, бірақ менің күнияммен атанбаңдар. Өйткені мен – бөліп берушімін”, – деді».

1336
Бұхари, № 1336 · Сахих: 3117Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَا أُعْطِيكُمْ وَلَا أَمْنَعُكُمْ؛ إِنَّمَا أَنَا قَاسِمٌ أَضَعُ حَيْثُ أُمِرْتُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Сендерге беру-бермеуді өзім шешпеймін. Мен бар болғаны бөліп берушімін, маған бұйырылған орындарға үлестіремін», – деген.

1337
Бұхари, № 1337 · Сахих: 3118

عَنْ خَوْلَةَ الْأَنْصَارِيَّةِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ رِجَالًا يَتَخَوَّضُونَ فِي مَالِ اللَّهِ بِغَيْرِ حَقٍّ، فَلَهُمُ النَّارُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Хаула әл-Ансария (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Расында, кейбір адамдар Алланың мал-мүлкіне заңсыз қол сұғады. Қиямет күні олардың еншісі – тозақ оты”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «أُحِلَّتْ لَكُمُ الْغَنَائِمُ»

94-бапПайғамбардың (с.а.с.): «Сендерге олжалар халал етілді» деген сөзі туралы

1338
Бұхари, № 1338 · Сахих: 3124Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «غَزَا نَبِيٌّ مِنَ الْأَنْبِيَاءِ، فَقَالَ لِقَوْمِهِ: “لَا يَتْبَعْنِي رَجُلٌ مَلَكَ بُضْعَ امْرَأَةٍ، وَهُوَ يُرِيدُ أَنْ يَبْنِيَ بِهَا وَلَمَّا يَبْنِ بِهَا، وَلَا أَحَدٌ بَنَى بُيُوتًا وَلَمْ يَرْفَعْ سُقُوفَهَا، وَلَا أَحَدٌ اشْتَرَى غَنَمًا أَوْ خَلِفَاتٍ وَهُوَ يَنْتَظِرُ وِلَادَهَا”.

فَغَزَا فَدَنَا مِنَ الْقَرْيَةِ صَلَاةَ الْعَصْرِ أَوْ قَرِيبًا مِنْ ذَلِكَ، فَقَالَ لِلشَّمْسِ: “إِنَّكِ مَأْمُورَةٌ وَأَنَا مَأْمُورٌ. اللَّهُمَّ احْبِسْهَا عَلَيْنَا”، فَحُبِسَتْ حَتَّى فَتَحَ اللَّهُ عَلَيْهِ.

فَجَمَعَ الْغَنَائِمَ، فَجَاءَتْ – يَعْنِي النَّارَ – لِتَأْكُلَهَا، فَلَمْ تَطْعَمْهَا، فَقَالَ: “إِنَّ فِيكُمْ غُلُولًا، فَلْيُبَايِعْنِي مِنْ كُلِّ قَبِيلَةٍ رَجُلٌ”، فَلَزِقَتْ يَدُ رَجُلٍ بِيَدِهِ، فَقَالَ: “فِيكُمُ الْغُلُولُ، فَلْيُبَايِعْنِي قَبِيلَتُكَ”، فَلَزِقَتْ يَدُ رَجُلَيْنِ أَوْ ثَلَاثَةٍ بِيَدِهِ، فَقَالَ: “فِيكُمُ الْغُلُولُ”، فَجَاءُوا بِرَأْسٍ مِثْلِ رَأْسِ بَقَرَةٍ مِنَ الذَّهَبِ، فَوَضَعُوهَا، فَجَاءَتِ النَّارُ فَأَكَلَتْهَا.

ثُمَّ أَحَلَّ اللَّهُ لَنَا الْغَنَائِمَ؛ رَأَى ضَعْفَنَا وَعَجْزَنَا فَأَحَلَّهَا لَنَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Пайғамбарлардың бірі жорыққа шықты. Ол қауымына: ‘Бір әйелге үйленіп, онымен отбасылық өмір бастауға ниеттенген, бірақ әлі бастамаған адам менің соңымнан ермесін. Үй салып, бірақ төбесін әлі жаппаған адам да ермесін. Сондай-ақ қойлар немесе буаз інгендер сатып алып, олардың төлдеуін күтіп жүрген адам да ермесін’, – деді.

Сөйтіп, ол жорыққа шықты. Екінті намазы кезінде немесе соған жуық уақытта бір елді мекенге жақындады. Сонда күнге: ‘Саған да бұйрық берілген, маған да бұйрық берілген. Уа, Алла! Оны біз үшін тоқтата тұр’, – деді. Сөйтіп, Алла оған жеңіс нәсіп еткенге дейін күн тоқтатылды.

Кейін ол олжаларды жинады. Оларды жалмау үшін от келді, бірақ от оларды жалмамады. Сонда ол: ‘Араларыңда олжадан жасырын алған адам бар. Әр тайпадан бір адам келіп, маған серт берсін’, – деді. Бір адамның қолы оның қолына жабысып қалды. Сонда ол: ‘Олжадан жасырын алғандар сендердің араларыңда. Тайпаңның адамдары түгел келіп, маған серт берсін’, – деді. Сөйтіп, екі немесе үш адамның қолы оның қолына жабысып қалды. Ол: ‘Олжадан жасырын алғандар сендердің араларыңда’, – деді. Сонда олар сиырдың басындай алтын бас әкеліп, олжалардың арасына қойды. От келіп, олжаларды жалмап кетті.

Кейін Алла олжаларды бізге халал етті. Алла біздің әлсіздігіміз бен дәрменсіздігімізді көріп, оларды бізге халал етті”, – деді».

بَابٌ

95-бап

1339
Бұхари, № 1339 · Сахих: 3134Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعَثَ سَرِيَّةً قِبَلَ نَجْدٍ، وَهُوَ فِيهَا، فَغَنِمُوا إِبِلًا كَثِيرًا، فَكَانَتْ سِهَامُهُمْ اثْنَيْ عَشَرَ بَعِيرًا أَوْ أَحَدَ عَشَرَ بَعِيرًا، وَنُفِّلُوا بَعِيرًا بَعِيرًا.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Нәжд бағытына бір жасақ жіберді. Мен де сол жасақтың құрамында едім. Олар көп түйені олжаға түсірді. Әрқайсысына он екі немесе он бір түйеден үлес тиіп, бұған қоса бір-бір түйеден қосымша үлес берілді».

1340
Бұхари, № 1340 · Сахих: 3138Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَيْنَمَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقْسِمُ غَنِيمَةً بِالْجِعْرَانَةِ، إِذْ قَالَ لَهُ رَجُلٌ: «اِعْدِلْ». فَقَالَ لَهُ: «شَقِيتَ إِنْ لَمْ أَعْدِلْ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Жиғранада олжаны бөліп жатқан кезде, бір адам оған: “Әділ бол!” – деді. Сонда ол: “Егер мен әділдік етпесем, сен сорлайсың”, – деді».

بَابُ مَا كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُعْطِي الْمُؤَلَّفَةَ قُلُوبُهُمْ وَغَيْرَهُمْ مِنَ الْخُمُسِ وَغَيْرِهِ

96-бапПайғамбардың (с.а.с.) жүректері исламға жібітілетін адамдарға және өзгелерге хумустан әрі басқа мал-мүліктен бергені туралы

1341
Бұхари, № 1341 · Сахих: 3144Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ عُمَرَ أَصَابَ جَارِيَتَيْنِ مِنْ سَبْيِ حُنَيْنٍ، فَوَضَعَهُمَا فِي بَعْضِ بُيُوتِ مَكَّةَ، قَالَ: فَمَنَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى سَبْيِ حُنَيْنٍ، فَجَعَلُوا يَسْعَوْنَ فِي السِّكَكِ، فَقَالَ عُمَرُ: «يَا عَبْدَ اللَّهِ، اُنْظُرْ مَا هَذَا؟» فَقَالَ: «مَنَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى السَّبْيِ». قَالَ: «اِذْهَبْ فَأَرْسِلِ الْجَارِيَتَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Омарға Хунайн тұтқындарының арасынан екі күң тиген. Ол екеуін Меккедегі үйлердің біріне орналастырған. Кейін Алла Елшісі (с.а.с.) Хунайн тұтқындарын босатып жіберді. Олар көшелермен жүгіріп тарай бастады. Сонда Омар: «Уа, Абдулла! Мұның не екенін біліп кел», – деді. Абдулла: «Алла Елшісі (с.а.с.) тұтқындарды босатып жіберді», – деді. Омар: «Бар да, әлгі екі күңді босатып жібер», – деді.

بَابُ مَنْ لَمْ يُخَمِّسِ الْأَسْلَابَ وَمَنْ قَتَلَ قَتِيلًا فَلَهُ سَلَبُهُ مِنْ غَيْرِ أَنْ يُخَمِّسَ وَحُكْمِ الْإِمَامِ فِيهِ

97-бапӨлтірілген жаудың жарақ-сайманынан хумус бөлмеу, оны өлтірген адамға сол жарақ-сайманның хумусы бөлінбестен тиесілі болуы және бұл жөніндегі имамның үкімі туралы

1342
Бұхари, № 1342 · Сахих: 3141Риуаят етуші: Абдуррахман ибн Ауф (р.а.)

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَيْنَا أَنَا وَاقِفٌ فِي الصَّفِّ يَوْمَ بَدْرٍ، فَنَظَرْتُ عَنْ يَمِينِي وَعَنْ شِمَالِي، فَإِذَا أَنَا بِغُلَامَيْنِ مِنَ الْأَنْصَارِ – حَدِيثَةٍ أَسْنَانُهُمَا، تَمَنَّيْتُ أَنْ أَكُونَ بَيْنَ أَضْلَعَ مِنْهُمَا – فَغَمَزَنِي أَحَدُهُمَا فَقَالَ: «يَا عَمِّ، هَلْ تَعْرِفُ أَبَا جَهْلٍ؟» قُلْتُ: «نَعَمْ، مَا حَاجَتُكَ إِلَيْهِ، يَا ابْنَ أَخِي؟» قَالَ: «أُخْبِرْتُ أَنَّهُ يَسُبُّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَئِنْ رَأَيْتُهُ لَا يُفَارِقُ سَوَادِي سَوَادَهُ حَتَّى يَمُوتَ الْأَعْجَلُ مِنَّا». فَتَعَجَّبْتُ لِذَلِكَ.

فَغَمَزَنِي الْآخَرُ، فَقَالَ لِي مِثْلَهَا، فَلَمْ أَنْشَبْ أَنْ نَظَرْتُ إِلَى أَبِي جَهْلٍ يَجُولُ فِي النَّاسِ، قُلْتُ: «أَلَا إِنَّ هَذَا صَاحِبُكُمَا الَّذِي سَأَلْتُمَانِي»، فَابْتَدَرَاهُ بِسَيْفَيْهِمَا، فَضَرَبَاهُ حَتَّى قَتَلَاهُ.

ثُمَّ انْصَرَفَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَخْبَرَاهُ فَقَالَ: «أَيُّكُمَا قَتَلَهُ؟» قَالَ كُلُّ وَاحِدٍ مِنْهُمَا: «أَنَا قَتَلْتُهُ». فَقَالَ: «هَلْ مَسَحْتُمَا سَيْفَيْكُمَا؟» قَالَا: «لَا»، فَنَظَرَ فِي السَّيْفَيْنِ، فَقَالَ: «كِلَاكُمَا قَتَلَهُ». سَلَبُهُ لِمُعَاذِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْجَمُوحِ. وَكَانَا مُعَاذَ ابْنَ عَفْرَاءَ، وَمُعَاذَ بْنَ عَمْرِو بْنِ الْجَمُوحِ.

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Ауф (р.а.): «Бәдір күні сапта тұрған едім. Оң жағыма да, сол жағыма да қарасам, екі жағымда ансарлық жас екі бозбала тұр екен. Мен бұлардан мығымырақ адамдардың арасында тұрсам ғой деп тіледім. Сол кезде екеуінің бірі мені түртіп: “Уа, көке! Әбу Жәһілді танисыз ба?” – деп сұрады. Мен: “Иә. Оны неге сұрадың, бауырымның баласы?” – дедім. Ол: “Маған оның Алла Елшісін (с.а.с.) балағаттайтыны туралы хабар жетті. Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін, егер оны көрсем, екеуіміздің біріміз өлгенге дейін одан ажырамаймын”, – деді. Мен оның бұл сөзіне таңғалдым.

Содан кейін екінші бозбала да мені түртіп, дәл сол сөзді айтты. Көп ұзамай адамдардың арасында жүрген Әбу Жәһілді көріп: “Міне, екеуің менен сұраған адам – осы”, – дедім. Екеуі қылыштарын суырып, оған қарай жарыса ұмтылды да, соққылап, ақыры өлтірді.

Содан кейін Алла Елшісіне (с.а.с.) барып, болған жайды хабарлады. Ол (с.а.с.): “Оны екеуіңнің қайсың өлтірдіңдер?” – деп сұрады. Екеуінің әрқайсысы: “Мен өлтірдім”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Қылыштарыңды сүртіп алдыңдар ма?” – деп сұрады. Екеуі: “Жоқ”, – деді. Ол екі қылышқа қарап: “Оны екеуің де өлтірдіңдер”, – деді. Оның жеке олжасы Мұғаз ибн Амр ибн әл-Жамухқа тиесілі болды. Ол екі бозбала Мұғаз ибн Афра мен Мұғаз ибн Амр ибн әл-Жамух еді».

1343
Бұхари, № 1343 · Сахих: 3146Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِنِّي أُعْطِي قُرَيْشًا أَتَأَلَّفُهُمْ، لِأَنَّهُمْ حَدِيثُ عَهْدٍ بِجَاهِلِيَّةٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деп жеткізген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Мен Құрайышқа олардың көңілдерін исламға жақындату үшін беремін. Өйткені олардың жаһилия дәуірімен қоштасқанына көп болған жоқ”, – деді».

1344
Бұхари, № 1344 · Сахих: 3147Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ نَاسًا مِنَ الْأَنْصَارِ قَالُوا لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ حِينَ أَفَاءَ اللَّهُ عَلَى رَسُولِهِ ﷺ مِنْ أَمْوَالِ هَوَازِنَ مَا أَفَاءَ، فَطَفِقَ يُعْطِي رِجَالًا مِنْ قُرَيْشٍ الْمِائَةَ مِنَ الْإِبِلِ، فَقَالُوا: «يَغْفِرُ اللَّهُ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، يُعْطِي قُرَيْشًا وَيَدَعُنَا، وَسُيُوفُنَا تَقْطُرُ مِنْ دِمَائِهِمْ».

قَالَ أَنَسٌ: فَحُدِّثَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِمَقَالَتِهِمْ، فَأَرْسَلَ إِلَى الْأَنْصَارِ فَجَمَعَهُمْ فِي قُبَّةٍ مِنْ أَدَمٍ، وَلَمْ يَدْعُ مَعَهُمْ أَحَدًا غَيْرَهُمْ. فَلَمَّا اجْتَمَعُوا جَاءَهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: «مَا كَانَ حَدِيثٌ بَلَغَنِي عَنْكُمْ؟» قَالَ لَهُ فُقَهَاؤُهُمْ: «أَمَّا ذَوُو آرَائِنَا، يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَلَمْ يَقُولُوا شَيْئًا». وَقَدْ تَقَدَّمَ الْحَدِيثُ بِطُولِهِ.

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Алла Хауазиннің мал-мүлкінен Өз Елшісіне (с.а.с.) олжа нәсіп еткен кезде, ол Құрайыштың кейбір адамдарына жүз-жүз түйеден бере бастады. Сонда ансарлардың бір тобы: “Алла Өз Елшісін (с.а.с.) кешірсін! Ол Құрайышқа үлес беріп, бізге бермей отыр. Ал біздің қылыштарымыздан олардың қаны тамшылап тұр”, – деді».

Әнәс сөзін жалғастырып: «Олардың бұл сөзі Алла Елшісіне (с.а.с.) жеткізілді. Сонда ол ансарларға адам жіберіп, оларды теріден тігілген шатырға жинады да, олармен бірге басқа ешкімді шақырмады. Олар жиналған кезде Алла Елшісі (с.а.с.) келіп: “Сендер туралы маған жеткен мына сөз не?” – деп сұрады. Олардың арасындағы парасатты кісілер: “Уа, Расулалла! Арамыздағы парасатты кісілер ештеңе айтқан жоқ”, – деді». Хадис толық нұсқасында бұған дейін келтірілген.

1345
Бұхари, № 1345 · Сахих: 3148Риуаят етуші: Жубәйр ибн Мутғим (р.а.)

عَنْ جُبَيْرِ بْنِ مُطْعِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ بَيْنَا هُوَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَمَعَهُ النَّاسُ، مُقْبِلًا مِنْ حُنَيْنٍ، عَلِقَتْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ الْأَعْرَابُ يَسْأَلُونَهُ حَتَّى اضْطَرُّوهُ إِلَى سَمُرَةٍ، فَخَطِفَتْ رِدَاءَهُ، فَوَقَفَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «أَعْطُونِي رِدَائِي، فَلَوْ كَانَ عَدَدُ هَذِهِ الْعِضَاهِ نَعَمًا لَقَسَمْتُهُ بَيْنَكُمْ، ثُمَّ لَا تَجِدُونِي بَخِيلًا وَلَا كَذُوبًا وَلَا جَبَانًا».

Қазақша аудармасы

Жубәйр ибн Мутғим (р.а.): «Мен Алла Елшісімен (с.а.с.) және басқа адамдармен бірге Хунайннан қайтып келе жатқанда, бәдәуилер одан бір нәрсе сұрап, соңынан қалмай қойды. Ақыры оны бір самура ағашына қарай тықсырып апарды. Ағаштың тікені оның жамылғысына ілініп, үстінен жұлып түсірді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) тоқтап: “Жамылғымды қайтарыңдар! Егер мына тікенді ағаштардың санындай малым болғанда, оның бәрін сендердің араларыңа бөліп берер едім. Сонда мені сараң да, өтірікші де, қорқақ та деп таппас едіңдер”, – деді», – деген.

1346
Бұхари, № 1346 · Сахих: 3149Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنْتُ أَمْشِي مَعَ النَّبِيِّ ﷺ وَعَلَيْهِ بُرْدٌ نَجْرَانِيٌّ غَلِيظُ الْحَاشِيَةِ، فَأَدْرَكَهُ أَعْرَابِيٌّ فَجَذَبَهُ جَذْبَةً شَدِيدَةً، حَتَّى نَظَرْتُ إِلَى صَفْحَةِ عَاتِقِ النَّبِيِّ ﷺ قَدْ أَثَّرَتْ بِهِ حَاشِيَةُ الرِّدَاءِ مِنْ شِدَّةِ جَذْبَتِهِ، ثُمَّ قَالَ: «مُرْ لِي مِنْ مَالِ اللَّهِ الَّذِي عِنْدَكَ». فَالْتَفَتَ إِلَيْهِ فَضَحِكَ، ثُمَّ أَمَرَ لَهُ بِعَطَاءٍ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Мен Пайғамбармен (с.а.с.) бірге келе жатқан едім. Оның үстінде Нәжранда тоқылған, жиегі қалың жамылғы бар еді. Бір бәдәуи оған жетіп келіп, жамылғысынан қатты тартып қалды. Оның қатты тартқанынан жамылғының жиегі Пайғамбардың (с.а.с.) иығына із түсіргенін көрдім. Содан кейін әлгі бәдәуи: “Қолыңдағы Алланың малынан маған да беруді бұйыр”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) оған бұрылып қарап, күлді де, оған бір нәрсе беруді бұйырды», – деп жеткізді.

1347
Бұхари, № 1347 · Сахих: 3150

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَمَّا كَانَ يَوْمُ حُنَيْنٍ آثَرَ النَّبِيُّ ﷺ أُنَاسًا فِي الْقِسْمَةِ، فَأَعْطَى الْأَقْرَعَ بْنَ حَابِسٍ مِائَةً مِنَ الْإِبِلِ، وَأَعْطَى عُيَيْنَةَ مِثْلَ ذَلِكَ، وَأَعْطَى أُنَاسًا مِنْ أَشْرَافِ الْعَرَبِ فَآثَرَهُمْ يَوْمَئِذٍ فِي الْقِسْمَةِ، قَالَ رَجُلٌ: «وَاللَّهِ إِنَّ هَذِهِ الْقِسْمَةَ مَا عُدِلَ فِيهَا وَمَا أُرِيدَ بِهَا وَجْهُ اللَّهِ»، فَقُلْتُ: «وَاللَّهِ لَأُخْبِرَنَّ النَّبِيَّ ﷺ». فَأَتَيْتُهُ فَأَخْبَرْتُهُ، فَقَالَ: «فَمَنْ يَعْدِلُ إِذَا لَمْ يَعْدِلِ اللَّهُ وَرَسُولُهُ؟ رَحِمَ اللَّهُ مُوسَى؛ قَدْ أُوذِيَ بِأَكْثَرَ مِنْ هَذَا فَصَبَرَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.): «Хунайн күні Пайғамбар (с.а.с.) олжаны бөліп бергенде, кейбір адамдарға өзгелерден көбірек үлес берді. Ақрағ ибн Хабиске жүз түйе, Уяйнаға да сонша түйе берді. Сондай-ақ арабтың беделді адамдарының кейбіріне де беріп, сол күнгі бөлісте оларға өзгелерден көбірек үлес бөлді. Сонда бір адам: “Алланың атымен ант етемін, бұл бөлісте әділдік жасалмады әрі мұнымен Алланың разылығы көзделген жоқ”, – деді. Мен: “Алланың атымен ант етемін, мұны міндетті түрде Пайғамбарға (с.а.с.) жеткіземін”, – дедім. Содан кейін Алла Елшісіне (с.а.с.) барып, әлгі сөзді хабарладым. Сонда ол: “Егер Алла мен Оның Елшісі әділдік етпесе, онда кім әділдік етеді? Алла Мұсаға рақым етсін! Ол бұдан да ауыр жәбір көрді, бірақ сабыр етті”, – деді», – деп жеткізді.

بَابُ مَا يُصِيبُ مِنَ الطَّعَامِ فِي أَرْضِ الْحَرْبِ

98-бапСоғыс аумағында қолға түскен азық-түлікті жеу туралы

1348
Бұхари, № 1348 · Сахих: 3154Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كُنَّا نُصِيبُ فِي مَغَازِينَا الْعَسَلَ وَالْعِنَبَ، فَنَأْكُلُهُ وَلَا نَرْفَعُهُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Жорықтарымызда бал мен жүзімді олжалайтынбыз. Оларды жеуге рұқсат сұрамай-ақ жейтінбіз», – деп жеткізген.