Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1284

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
51. Соғыста қашпауға серт беру туралыبَابُ الْبَيْعَةِ فِي الْحَرْبِ أَنْ لَا يَفِرُّوا
Нөмірі
№ 1284 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2959
1284
Бұхари, № 1284 · Сахих: 2959Риуаят етуші: Абдулла ибн Зәйд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَمَّا كَانَ زَمَنُ الْحَرَّةِ أَتَاهُ آتٍ فَقَالَ لَهُ: «إِنَّ ابْنَ حَنْظَلَةَ يُبَايِعُ النَّاسَ عَلَى الْمَوْتِ». فَقَالَ: «لَا أُبَايِعُ عَلَى هَذَا أَحَدًا بَعْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Харра оқиғасы кезінде Абдулла ибн Зәйдке (р.а.) бір адам келіп: «Ибн Ханзала адамдардан өлімге дейін шайқасуға серт алып жатыр», – деген. Ол: «Алла Елшісінен (с.а.с.) кейін ешкімге мұндай серт бермеймін», – деп жауап берген.