Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1343

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
97. Өлтірілген жаудың жарақ-сайманынан хумус бөлмеу, оны өлтірген адамға сол жарақ-сайманның хумусы бөлінбестен тиесілі болуы және бұл жөніндегі имамның үкімі туралыبَابُ مَنْ لَمْ يُخَمِّسِ الْأَسْلَابَ وَمَنْ قَتَلَ قَتِيلًا فَلَهُ سَلَبُهُ مِنْ غَيْرِ أَنْ يُخَمِّسَ وَحُكْمِ الْإِمَامِ فِيهِ
Нөмірі
№ 1343 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3146
1343
Бұхари, № 1343 · Сахих: 3146Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِنِّي أُعْطِي قُرَيْشًا أَتَأَلَّفُهُمْ، لِأَنَّهُمْ حَدِيثُ عَهْدٍ بِجَاهِلِيَّةٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деп жеткізген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Мен Құрайышқа олардың көңілдерін исламға жақындату үшін беремін. Өйткені олардың жаһилия дәуірімен қоштасқанына көп болған жоқ”, – деді».