عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «اِشْتَرَى رَجُلٌ مِنْ رَجُلٍ عَقَارًا لَهُ، فَوَجَدَ الرَّجُلُ الَّذِي اِشْتَرَى الْعَقَارَ فِي عَقَارِهِ جَرَّةً فِيهَا ذَهَبٌ، فَقَالَ لَهُ الَّذِي اِشْتَرَى الْعَقَارَ: “خُذْ ذَهَبَكَ مِنِّي، إِنَّمَا اِشْتَرَيْتُ مِنْكَ الْأَرْضَ، وَلَمْ أَبْتَعْ مِنْكَ الذَّهَبَ”، وَقَالَ الَّذِي لَهُ الْأَرْضُ: “إِنَّمَا بِعْتُكَ الْأَرْضَ وَمَا فِيهَا”، فَتَحَاكَمَا إِلَى رَجُلٍ، فَقَالَ الَّذِي تَحَاكَمَا إِلَيْهِ: “أَلَكُمَا وَلَدٌ؟” قَالَ أَحَدُهُمَا: “لِي غُلَامٌ”، وَقَالَ الْآخَرُ: “لِي جَارِيَةٌ”. قَالَ: “أَنْكِحُوا الْغُلَامَ الْجَارِيَةَ وَأَنْفِقُوا عَلَى أَنْفُسِهِمَا مِنْهُ وَتَصَدَّقَا”».
Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Бір адам басқа біреуден жер сатып алды. Сатып алушы сол жерден ішінде алтын бар бір құмыра тауып алды. Сонда ол жерді сатқан адамға: “Алтыныңды алып кет. Мен сенен жерді ғана сатып алдым, алтынды сатып алған жоқпын”, – деді. Ал жердің бұрынғы иесі: “Мен саған жерді ішіндегі бар нәрсемен қоса саттым”, – деді. Сөйтіп, екеуі дауларын шешу үшін бір адамға жүгінді. Төрелік етуші: “Екеуіңнің балаларың бар ма?” – деп сұрады. Біреуі: “Менің ұлым бар”, – деді. Екіншісі: “Менің қызым бар”, – деді. Сонда ол: “Ұлды қызға үйлендіріңдер. Осы алтынды екеуіне жұмсап, одан садақа да беріңдер”, – деді».