عَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قِيلَ لَهُ: «مَاذَا سَمِعْتَ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي الطَّاعُونِ؟» فَقَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الطَّاعُونُ رِجْسٌ أُرْسِلَ عَلَى طَائِفَةٍ مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ، أَوْ عَلَى مَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ، فَإِذَا سَمِعْتُمْ بِهِ بِأَرْضٍ فَلَا تَقْدَمُوا عَلَيْهِ، وَإِذَا وَقَعَ بِأَرْضٍ وَأَنْتُمْ بِهَا فَلَا تَخْرُجُوا فِرَارًا مِنْهُ».
Үсама ибн Зәйдтен (р.а.): «Алла Елшісінен (с.а.с.) оба туралы не естідің?» – деп сұрағанда, ол: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Оба – Исраил ұрпақтарының бір тобына немесе сендерден бұрын өмір сүргендерге жіберілген азап. Егер оның бір жерде шыққанын естісеңдер, ол жерге бармаңдар. Ал өздерің тұрған жерде шықса, одан қашып, ол жерден шықпаңдар”, – деген», – деп жауап берген.