Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1583

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
61. Сахабалардың артықшылықтары туралы кітапكِتَابُ فَضَائِلِ الصَّحَابَةِ
бап
30. Зәйд ибн Сәбиттің (р.а.) артықшылықтары туралыبَابُ مَنَاقِبِ زَيْدِ بْنِ ثَابِتٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ
Нөмірі
№ 1583 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3810
1583
Бұхари, № 1583 · Сахих: 3810Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «جَمَعَ الْقُرْآنَ عَلَى عَهْدِ النَّبِيِّ ﷺ أَرْبَعَةٌ كُلُّهُمْ مِنَ الْأَنْصَارِ: أُبَيٌّ وَمُعَاذُ بْنُ جَبَلٍ وَأَبُو زَيْدٍ وَزَيْدُ بْنُ ثَابِتٍ»، قُلْتُ لِأَنَسٍ: «مَنْ أَبُو زَيْدٍ؟» قَالَ: «أَحَدُ عُمُومَتِي».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда: «Пайғамбардың (с.а.с.) заманында Құранды толық жаттаған төрт адам бар еді. Олардың барлығы ансарлардан болатын: Үбәй, Муғаз ибн Жәбәл, Әбу Зәйд және Зәйд ибн Сәбит», – делінген. Мен Әнәстен: «Әбу Зәйд кім?» – деп сұрадым. Ол: «Менің көкелерімнің бірі», – деп жауап берді.