وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَمَّا كَانَ يَوْمُ أُحُدٍ، اِنْهَزَمَ النَّاسُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، وَأَبُو طَلْحَةَ بَيْنَ يَدَيِ النَّبِيِّ ﷺ مُجَوِّبٌ بِهِ عَلَيْهِ بِحَجَفَةٍ لَهُ، وَكَانَ أَبُو طَلْحَةَ رَجُلًا رَامِيًا شَدِيدَ الْقِدِّ، يَكْسِرُ يَوْمَئِذٍ قَوْسَيْنِ أَوْ ثَلَاثًا، وَكَانَ الرَّجُلُ يَمُرُّ مَعَهُ الْجَعْبَةُ مِنَ النَّبْلِ، فَيَقُولُ: “اُنْشُرْهَا لِأَبِي طَلْحَةَ”. فَأَشْرَفَ النَّبِيُّ ﷺ يَنْظُرُ إِلَى الْقَوْمِ، فَيَقُولُ أَبُو طَلْحَةَ: “يَا نَبِيَّ اللَّهِ، بِأَبِي أَنْتَ وَأُمِّي، لَا تُشْرِفْ يُصِيبُكَ سَهْمٌ مِنْ سِهَامِ الْقَوْمِ، نَحْرِي دُونَ نَحْرِكَ”.
وَلَقَدْ رَأَيْتُ عَائِشَةَ بِنْتَ أَبِي بَكْرٍ وَأُمَّ سُلَيْمٍ، وَإِنَّهُمَا لَمُشَمِّرَتَانِ، أَرَى خَدَمَ سُوقِهِمَا، تُنْقِزَانِ الْقِرَبَ عَلَى مُتُونِهِمَا، تُفْرِغَانِهِ فِي أَفْوَاهِ الْقَوْمِ، ثُمَّ تَرْجِعَانِ، فَتَمْلَآنِهَا، ثُمَّ تَجِيئَانِ فَتُفْرِغَانِهِ فِي أَفْوَاهِ الْقَوْمِ، وَلَقَدْ وَقَعَ السَّيْفُ مِنْ يَدَيْ أَبِي طَلْحَةَ إِمَّا مَرَّتَيْنِ وَإِمَّا ثَلَاثًا».
Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Ұхұд күні адамдар Пайғамбардың (с.а.с.) маңынан шегініп кеткенде, Әбу Талха оның алдында тұрып, өз қалқанымен қорғады. Әбу Талха садақты өте қатты тартатын мерген еді. Сол күні ол екі немесе үш садақты сындырып жіберді. Қорамсағы жебеге толы бір адам өтіп бара жатса, Пайғамбар (с.а.с.): “Жебелерді Әбу Талханың алдына төк”, – дейтін. Пайғамбар (с.а.с.) басын көтеріп, жау жаққа қарамақ болғанда, Әбу Талха: “Уа, Алланың пайғамбары! Әкем де, анам да сізге құрбан болсын! Басыңызды көтермеңіз, олардың жебелерінің бірі сізге тиіп кетпесін. Сіздің мойныңызға менің мойным қалқан болсын”, – дейтін.
Мен Әбу Бәкірдің қызы Айша мен Үммі Сүләймді де көрдім. Екеуі де етектерін түріп алғандықтан, тобықтарына таққан білезіктері көрініп тұрды. Олар су толы торсықтарды арқалап әкеліп, адамдардың аузына су құятын. Содан кейін қайта барып, торсықтарды толтырып әкеліп, адамдардың аузына тағы да су құятын. Сол күні Әбу Талханың қылышы қолынан екі немесе үш рет түсіп кетті».